Разделы презентаций


Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті

Содержание

ЖоспарКіріспе бөлімНегізгі бөлімБалқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себептеріБалқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары:Фауна мен флораның зардаптары, ауызсу тапшылығы, қураған кұбырларҚорытындыЛастанудың алдын алу шараларыПайдаланылған әдебиеттерГлоссари

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті
Кафедра:

педагогика және психология
(экология және тұрақты даму)
Тақырыбы:
Қ.Р-ның техногенезді даму проблемалары
Тапсырма:
Техногенезді дамудан

тұрақты даму типіне көшудегі негізгі қажеттілікті Балқаш көлінің ластаушы концерогенді заттары

Орындаған:ПФИЯ, 107 топ,Сағат Ж.Қ
Тексерген:Кенжебаева Ш.К



Алматы 2013


Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар  және Әлем Тілдері УниверситетіКафедра: педагогика және психология(экология және тұрақты даму)Тақырыбы:Қ.Р-ның

Слайд 2Жоспар
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себептері
Балқаш экожүйесінің бұзылуының

зардаптары:
Фауна мен флораның зардаптары, ауызсу тапшылығы, қураған кұбырлар
Қорытынды
Ластанудың алдын алу

шаралары
Пайдаланылған әдебиеттер
Глоссари

ЖоспарКіріспе бөлімНегізгі бөлімБалқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себептеріБалқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары:Фауна мен флораның зардаптары, ауызсу тапшылығы, қураған

Слайд 3Батыс бөлігі ерекше тұщы сулы болса, шығыстағы айдыны айрықша ащы

болып келеді. Балқаштың тағдыры –жарты ғаламның тағдыры деп айтуға болады.

Көл тіршілігі оның картада көрсетілген көк сызықты кемерімен шектелмейді. Оған əсер ететін фактор көп. Балқаштың тағдыры - Алатаудың басынан, Қытайдың далсынан басталады. Себебі көл қанасына су жинайтын алабы сонау Іленің арнасына құйылатын бастау бұлақтардан, Алатаудың мұзарт шыңдарынан, Арқаның апайтөс даласынан құралады
Батыс бөлігі ерекше тұщы сулы болса, шығыстағы айдыны айрықша ащы болып келеді. Балқаштың тағдыры –жарты ғаламның тағдыры

Слайд 4Бүгінгі таңда саналы тіршілік иелерін ғаламдық деңгейде алаңдататын өзекті жəйттің

бірі - қоршаған ортаны қорғау мəселесі. адамдардың салғырттығы мен бейқамдығынан

бастау алған экологиялық күрделі ахуалды табиғи қалпына қайыра түсіру осы саладағы ғалымдар мен мамандары соңғы жылдары терең толғандырып келеді. Өндірістің дамуы мен өнеркəсіп орындарының ұлғаюы, техниканы пайдаланушылар санының өсуі секілді өркениет үрдісімен үндес шаруалар екінші жағынан табиғатты тамылжыған күйде қалдыруға кері əсерін тигізуде.
Экологиялық апат мəселесі қазір бар əлемді толғандырып отыр. Балқаш тағдыры алаңдатқалы да жылыстап жылдар ауысты. 2000 жылы Алматыда өткен үлкен форум да, одан кейін Балқашта өткен Парламент мəжілісінің бір топ депутаттары мен табиғат қорғау мамандарынан құралған көшпелі мəжіліс те, жалпы қаладағы табиғат жанашырларының бірлестік ұйымдары да бұл мəселені жан-жақты терең талқылап, саралап келеді. Уақыт алмасқан сайын адам қолымен “екінші табиғат” (өндірістік өркениет деген мағынада) жасалып, алға қарыштап қадам басқан сайын жаңа қиындықтар мен шешімі түйткілді мəселелер көбейе береді.


Бүгінгі таңда саналы тіршілік иелерін ғаламдық деңгейде алаңдататын өзекті жəйттің бірі - қоршаған ортаны қорғау мəселесі. адамдардың

Слайд 5 Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себептері:
Каратал, Лепсі, Ақсу өзеңдерінің мол

суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан.
Оның үстіне бұрынғы

кездерде Аягөз, Биен, Саркаңд және Баскан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бұл өзендер Балқашқа кұймайды.
1970 жылы Қапшағай су қоймасындағы Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған қосымша Іле өзенін қоректендіріп отырган Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда көлемі 300 мың м3 су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы (БАК) салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты.
Іле-Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25 %-га азайды.
Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды.
Балқаш көлінің экологиялық

Слайд 6 Балқаш көлі алабында да қүрделі экологиялық жағдай

қалыптасып отыр.
1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде Қапшағай бөгені мен

су электр станциясының (СЭС) салынуы Іле-Балқаш су шаруашылығы кешенінде бетбұрыс кезең болды. Іле өзенінің гидрологиялық режимі өзгеріп, жалпы '''Іле-Балқаш''' алабындағы экологиялық жағдай өзгере бастады. Қапшағай су торабын жобалау кезінде Іле өзенінің атырауындағы табиғат кешенінің жағдайы ескерілмеді. Соның нәтижесінде онда тіршілік ететін жануар дүниесіне (ондатр, балық, т.б.) және ауыл шаруашылығына көп зиян келеді. Ақдала алқабын суландырып, күріш егу жобасы да толық жүзеге аспай қалды. Қыруар қаржы текке жұмсалды. Іле өзенінің атырауы кеуіп, оның кері әсері Балқаш көліне тиді. Суармалы алқаптардың көлемінің есепсіз кеңейтілуі, төменгі Іле қоңыр көмір кен орнын игеруді бастау көлдің болашағы үшін қауіпті. Болжау бойынша, XXI ғасырдың басында, көлдің батыс бөлігінің мүлде кеуіп, шығысының тұзды шалшыққа айналуы мүмкін. Бұл өз кезегінде Балқаш маңындағы ландшафтылар мен экологиялық жағдайларды түбірімен өзгертіп, тіршіліксіз шөлге айналдырады. Көл деңгейінің төмендеуі оның суының шамадан тыс минералдануына әкеп соғуда. Бұл, бір жағынан, егістік далалардан көлге қайта келіп құятын су құрамында әр түрлі тұздардың көп болуына байланысты. Сонымен қатар алаптағы өзгерістер Балқаш маңы аймағының климат жағдайларына да әсерін тигізеді. Су айдынының тәуліктік температураны, ауа ылғалдылығын реттеуші ретіндегі әсері өз күшін жояды. Ғалымдардың болжауынша, Балқаштың тартылуы Батыс Сібір мен Қазақстандағы географиялық зоналардың шекараларын өзгертуі мүмкін.


Балқаш көлі алабында да қүрделі экологиялық жағдай қалыптасып отыр.1970 жылы Балқашқа құятын Іле өзенінде

Слайд 7БАЛҚАШ ЭКОЖҮЙЕСІНІҢ БҰЗЫЛУЫНЫҢ ЗАРДАПТАРЫ:
Іле - Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан

төменгі бөлігі) өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы

жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді.
Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда.
Балқашқа құйылатын судың 80 пайыздайын Іле өзені берсе, қалған 20 пайызын басқа өзендер береді. Егер Қытай жағы Іле суының 15 пайызын ғана алса, Балқашқа Арал теңізінің кейпін кию қауіпі бар. Қытай қазір Шыңжаң-Ұйғыр ауданына орталықтан көптеп адамдар көшіріп, онда керемет ауыл шаруашылығын дамытып, өнеркәсіп орындарын салып жатыр. Оның бәріне су керек.
БАЛҚАШ ЭКОЖҮЙЕСІНІҢ БҰЗЫЛУЫНЫҢ ЗАРДАПТАРЫ: Іле - Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан төменгі бөлігі) өте сирек кездесетін Іле

Слайд 8Фауна мен флораның зардаптары:

Іле - Балқаш экожүйесіннің фаунасы мен флорасы

зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе. уылдырық

шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды. Сонымен қатар балыктардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алкаптарына пайдаланылған пестицидтер, гербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байкалуда.
Іле—Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі I дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған. Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. «Қызыл кітапқа» енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі.

Фауна мен флораның зардаптары:Іле - Балқаш экожүйесіннің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5

Слайд 9Ауызсу тапшылығы
Ауызсу қоры ретінде көл айдыны жарамсыз болғандықтан ,балқаштықтар көлге

жер асты арналары арқылы құятын Тоқырауын өзенінің суын тұтынады.2008 жылы

республикалық бюджеттің қаржыландыруымен құны 1328,0 миллион теңге тұратын Тоқырауын –Балқаш су жүйесі салынып қолданысқа берілді.Тоқырауынның құмға сіңіп,көлге жер асты жылғалары арқылы құятын суын сору үшін Төменгі Тоқырауын алабына жеті бұрғы орнатылған.Мамандардың айтуынша ,қала тұрғындарын сумен толық қамтамасыз ету үшін 7 бұрғы емес ,46 бұрғы керек екен.Ал Балқаш пен қала маңындағы Қоңырат,Шығыс Қоңырат, Шашубай кенті тұрғындары ауызсу тапшылығын ілгеріден сезініп келеді.Атауының өзі тоқырап ағар момақан жайын меңзеген Тоқырауын Балқаштың 46 бұрғысы бірақ қосылса ,тамыры құрғап,талықсып қалады.
Ауызсу тапшылығыАуызсу қоры ретінде көл айдыны жарамсыз болғандықтан ,балқаштықтар көлге жер асты арналары арқылы құятын Тоқырауын өзенінің

Слайд 10Қураған кұбырлар
Тұрғындар тұтынатын ауызсудың мәселесәмен бірге мұнда тұрмыста пайдаланылған су

шайындылары шығарылатын құбырлар жайы да қалыпты емес.Мысшылар шаһарының барша шайынды

суы арнайы құрылғылармен тазартылмаған күйде Көкдомбақ ойпатына құйылады. Қаланы сумен қамтып отырған 165шақырымдық су жүйесі құбырлары мен 157 шақырымға созылып шарбақталған канализациялық құбырлар сонау 1934 жылы салынған.Қазір бұл құбырлардың 80% жарамсыз десек те болады.Сондықтан да Балқашта бір үйдің құбыры жарылса ,тұтас тұрғын орамы сусыз қалатын оқиға өте жиі болады.Осынау орайсыз шаруаның бір ұшы Балқашта құбырларды тазартумен айналысатын мекеменің жоқтығына барып тіреледі.
Қураған кұбырларТұрғындар тұтынатын ауызсудың мәселесәмен бірге мұнда тұрмыста пайдаланылған су шайындылары шығарылатын құбырлар жайы да қалыпты емес.Мысшылар

Слайд 11Мамандардың есебі бойынша, Қазақстандағы 100 текше километр жер беті су

қорының тек 55 пайыздан асатын бөлігі Қазақстан территориясында пайда болып,

қалған суды Қазақстан көршілес республикалардан алады екен. Тағы бір көрсеткіш - ТМД елдерінің ішіндегі суға ең тапшы мемлекет те осы Қазақстан екен. Сонда да, су мәселесін реттеуде Қазақстанның көрші елдермен келісімі айтарлықтай келіспей отыруының салдарынан жылда Сырдария арнасынан асып, талай елді мекен су астында қалып, қыруар шығын көріп келе жатыр. 
Мамандардың есебі бойынша, Қазақстандағы 100 текше километр жер беті су қорының тек 55 пайыздан асатын бөлігі Қазақстан

Слайд 12Жаркент экологиялық мәселелері:
Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер катарына Балқаш көлі

бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Аксүйек кен рудаларын байыту кешендері, Сарышаған

полигоны және Текелі қорғасын-мырыш комбинатары осы аймақта тұратын тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр.
Есепті мерзімде оның аумағына 74,1 мың тонна зиянды қалдық тараған, бұл алдыңғы жылдың 1 жарты жылдығына қарағанда 2,3%-ға артық.
Балқаш пен Теміртау қаласы ең ластанған қалаларға жатады. Барлық ластаушы заттардың 73%-і осылардың үлесінде немесе тиісінше 204,2 жəне 178,5 мың тоннаны құрайды.

Жаркент экологиялық мәселелері: Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер катарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Аксүйек кен

Слайд 13Ластанудың алдын алу шаралары
1999 жылы «Балқаш келін кұтқару, оның бүгінгісі

мен болашагы» атты халыкаралық деңгейде экологиялык форум өтті. Онда Балқаш

көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешім қабылданды. Оның негізгілері: 1. Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды реттеу.
2. Қапшағай суқоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру.
3. Ақдала және Шарын массивтеріндегі күріш алқаптарын азайту.
4. Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру.
5. Суармалы жерлердің көлемін шектеу.

Балқаш көлін құтқару бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сиякты су экожүйелерінен айырылу Қазақстанды ғана емес, Еуразияны да бұрын-соңды болмаған экологиялық апаттың ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау адамзат баласының парызы.

Ластанудың алдын алу шаралары1999 жылы «Балқаш келін кұтқару, оның бүгінгісі мен болашагы» атты халыкаралық деңгейде экологиялык форум

Слайд 14Балқаш қаласындағы жасыл желектерді күту және қорғау Ережесі

1. Жалпы ережелер
 
1. Осы

Балқаш қаласындағы жасыл желектерді күту және қорғау  Ережелері (бұдан әрі -

Ережелер) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес әзірленді және меншік нысандарына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғаларға Балқаш қаласындағы жасыл желектерді күту және қорғау тәртібін анықтайды.
2. Балқаш қаласының аумағында жасыл желектер сұрақтары бойынша табиғатты пайдалануды басқару және реттеу уәкілетті орган «Балқаш қаласы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Әкімдігіктің уәкілетті органы) жүктеледі.
Жасыл желектерді күту және қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне, иеліктерінде жасыл желектері бар жеке және заңды тұлғаларға жүктеледі.
Балқаш қаласындағы жасыл желектерді күту және қорғау Ережесі 1. Жалпы ережелер 1. Осы Балқаш қаласындағы жасыл желектерді күту және

Слайд 15Пайдаланылған әдебиеттер

Г.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева «Экология». Алматы-2002,б.
Ж.Ақбасова, Г.Ә.Саинова «Экология», А.,

2003.
Ж.Жатқанбаева «Экология негіздері», А., 2004.
Jump up↑ Қазақстанньң физикалық географиясы, Алматы:

Атамұра, 2008. ISBN 9965-34-809-Х
http://stud24.ru/ecology/araandy-nerksp-torabyny-jekologiyaly-mseleler/172084-501519-page1.htm
http://visitkazakhstan.kz/kk/guide/places/view/381
http://kk.wikipedia.org/wiki/

Пайдаланылған әдебиеттер Г.Оспанова, Г.Т.Бозшатаева «Экология». Алматы-2002,б. Ж.Ақбасова, Г.Ә.Саинова «Экология», А., 2003. Ж.Жатқанбаева «Экология негіздері», А., 2004.Jump up↑ Қазақстанньң

Слайд 16Глоссари
Концерогенді (латын тілінен cancir-рак,генезис-шығу тегі )қатерлі ісіктер туғызады.Қазіргі уақытта шамамен

500 осындай заттар белгілі.Олардың ішіндегі ең күштілеріне бензо(а)пирен және басқа

да полициклді ароматтық көмірсулар,ультра күлгін сәулелері,радиоактивті изотоптар,ниттиттер,нитрозаминдер,асбест және т.б жатады
 экожүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқанжүйесі.
Фауна –латын тілінен fauna – орман, дала, жануарлардың қамқоршысы немесе бір жерде не теңіз аумағында тіршілік ететін жануарлар тобы. 
Флора (латынша flora — Рим мифологиясындағы көктем құдайы; латынша florіs — гүл) — нақты бір жер аумағында өсетін немесе өткен геологиялық дәуірлерде өскен өсімдік таксондарының тарихи-эволюциялық қалыптасқан жиынтығы.
Табиғаттың ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың консентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық) артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды консентрациядан артық болуы да жатады.

ГлоссариКонцерогенді (латын тілінен cancir-рак,генезис-шығу тегі )қатерлі ісіктер туғызады.Қазіргі уақытта шамамен 500 осындай заттар белгілі.Олардың ішіндегі ең күштілеріне

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика