Разделы презентаций


Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті

Содержание

Өзектілігі: Зат алмасуы тірі табиғаттың ерекше маңызды және организмнің негізгі қызметі. Жаңадан қабылданған заттардан организмдегі ұлпалардың клеткаларының өздеріне бейімделген заттар жасалады. Зат алмасуы баланың өсіп, дамуы кезінде күшті

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті


Кафедра: Педагогика және Психология




Тақырыбы: Балалардағы май алмасуының ерекшеліктері



Орындаған: Болатбекова Ж.Б.,
102-группа, ПФИЯ

Тексерген: Кенжебаева Ш.К.


Алматы 2014
Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті

Слайд 2Өзектілігі:
Зат алмасуы тірі табиғаттың ерекше маңызды

және организмнің негізгі қызметі. Жаңадан қабылданған заттардан организмдегі ұлпалардың клеткаларының

өздеріне бейімделген заттар жасалады. Зат алмасуы баланың өсіп, дамуы кезінде күшті болады. Бұл адамның жас ерекшелігінің ауқымды бір көрсеткіші. Балаларда ассимиляция диссимиляциядан басым болады, олар тек ересек адамда ғана теңеседі. Бала кезінде ассимимляция басым болса, қартайғанда, керісінше диссимиляция басым болады. Бұл заңдылық түрлі ауруларға, сыртқы ортаның қауырт жағдайларының әсеріне байланысты бұзылады. Адам организміндегі клеткалардың құрамында көптеген химиялық заттар бар. Олар органикалық және бейорганыкалық болып екі топқа бөлінеді. Органикалық заттарға: белок, май, көмірсу, гормондар мен ферменттер, ал бейорганикалық заттарға: су, түрлі минерал тұздары жатады. Балалардың майға мұқтаждылығы ересек адамдардан көбірек болады.


Мақсаты: Ересектер мен балалардағы май алмасудың ерекшеліктерімен анықтап,материалдар іздестіру.

Міндеті: Ересектер мен балалардағы май алмасудың ерекшеліктерімен танысу

Өзектілігі:    Зат алмасуы тірі табиғаттың ерекше маңызды және организмнің негізгі қызметі. Жаңадан қабылданған заттардан

Слайд 3Жоспар:
Кіріспе
Зат алмасуы
Негізгі бөлім
Майлар, көмірсулар жайлы түсінік
Олардың атқаратын функциялары
Балалардың

организміндегі майлардың маңызы
Қорытынды
Глоссарий
Қолданылған әдебиеттер

Жоспар:Кіріспе Зат алмасуыНегізгі бөлім Майлар, көмірсулар жайлы түсінікОлардың атқаратын функцияларыБалалардың организміндегі майлардың маңызыҚорытындыГлоссарий Қолданылған әдебиеттер

Слайд 4Зат алмасуы тірі табиғаттың ерекше маңызды және организмнің негізгі қызметі.

Жаңадан қабылданған заттардан организмдегі ұлпалардың клеткаларының өздеріне бейімделген заттар жасалады.

Бұл ассимиляция, яғни организмге енген заттарды оздеріне бейімдеп өзгерту. Мұнымен бірге организмде клеткалар мен олардың бөлшектері ескіреді, олар ыдырайды, яғни диссимиляция байқалады. Ассимиляция мен диссимиляцияның нәтижесінде организм ескіріп тозған қажетсіз заттарды сыртқа шығарады және қызметіне қажетті қуат алады. Адам организміндегі клеткалардың құрамында көптеген химиялық заттар бар. Олар органикалық және бейорганыкалық болып екі топқа бөлінеді. Органикалық заттарға: белок, май, көмірсу, гормондар мен ферменттер, ал бейорганикалық заттарға: су, түрлі минерал тұздары жатады. Дені сау 70 кг салмағы бар ересек адамның организмінде шамамен 40-45 л су, 15-17 кг белок, 7-10 кг май, 2,5-3 кг тұздар , 0,5-0,8 кг көмірсу болады. Бірақ дененің химиялық құрамы біркелкі тұрақты болмайды. Организмдегі үнемі болып жататын синтездеу мен ыдырау қажетті заттармен ұдайы дұрыс және жеткілікті шамада қамтамасыздандыруды талап етеді. Организмге қажетті «құрылыс материалдары» денеге тамақтану арқылы жеткізіледі.

Зат алмасуы

Зат алмасуы тірі табиғаттың ерекше маңызды және организмнің негізгі қызметі. Жаңадан қабылданған заттардан организмдегі ұлпалардың клеткаларының өздеріне

Слайд 5Организмдегі органикалық заттардың құрамын нәруыздар(белоктар), майлар және көмірсулар құрайды. Май

мен көмірсудың құрамдары белоктан гөрі қарапайым, Бұлар химиялық үш заттан

түзіледі: көмірсутегі, оттегі және сутегі. Бұл екеуінің құрылысының бірдей болуы организмге бірі жеткіліксіз болғанда оның орынына екіншісін пайдалануға мүмкіндік береді. Қажет болғанда майдан көмірсу, ал көмірсуден май оңай түзіледі. Орта есеппен алғанда денедегі майдың мөлшері 10-20 %, ал көмірсудың мөлшері 1% шамасында. Майдың көбі май ұлпасындағы организмнің қуат қоры. Аздаған мөлшері жаңа клетканың мембранасының құрылысына және соларды ауыстыруға пайдаланылады. Дененің кейбір клеткалары өз құрамында майды өте көп мөлшерде жинайды да, организмнің жылу және механикалық изоляторы ретінде пайдаланылады, яғни ол қорғану қызметін атқарады.
Организмдегі органикалық заттардың құрамын нәруыздар(белоктар), майлар және көмірсулар құрайды. Май мен көмірсудың құрамдары белоктан гөрі қарапайым, Бұлар

Слайд 7Дені сау ересек адамның тамағында 30 %-дай май болуы тиіс.

Олай болса, адам күніне 80-100 г май жейді. Тамақтың құрамында

жануар майы да, өсімдік майы да болуы тиіс. Олардың ара қатынасы шамамен 2:1 қатынасындай болуы керек. Балалардың майға мұқтаждылығы ересек адамдардан көбірек болады. Жарты жастағы нәрестелерге қажетті қуаттың 50 % майдың алмасуынан алынады. Бұл кезде дененің массасының әрбір килограмына 6-7 г, 2-4 жаста — 3,5 г, мектепке барар алдында 2,5 г май қажет. 6 айдан 4 жасқа дейіші балаларға қажетгі қуаттың 30-40 %, ал одан үлкенірек балаларға – 25-30 % майдан алынады. Май қышқылдары баланың жүйке жүйесінің дамуына аса қажет, әсіресе нәрестелердің жүйке жүйесінің қалыптасуында, дамуында май қышқылдары маңызды орын алады, сондықтан баланы емізетін аналардың азығында май жеткілікті болуы тиіс.
Дені сау ересек адамның тамағында 30 %-дай май болуы тиіс. Олай болса, адам күніне 80-100 г май

Слайд 9Тамақтану мөлшері астың қуаттылығына негізделеді. Бірақ тіршілік үшін бұл жеткіліксіз.

Организмнің қажеттілігін толық қамтамасыз етуге белок, май, көмірсу, су, витаминдер

және минерал тұздары міндетті түрде жеткілікті мөлшерде болу керек. Олардың қатынас мөлшері де есте болуы керек, әсіресе бұл балалардың тәулік мәзірінде ескеріледі . Бастауыш сынып оқушылары үшін органикалық заттардың қатынас мөлшері мынадай: белок – 1, май – 1, көмірсу – 6 есе. Ал мектепке дейінгі балаларда Бұл көрсеткіштер 1:2:3. Органикалық заттардың тәулік мөлшері, гЖасы Белок Май Көмірсу 2-3 ай 8-10 25-30 55-55 5-6 ай 12-15 30-40 60-75 1-1,5 жас 34-38 40-50 90-120 3-4 жас 42-46 60-70 180-230 5-7 жас 45-48 75-80 250-300 8-11 жас 55-57 80-95 350-380 12-14 жас 61-63 90-110 380-400 15-16 жас 66-70 90-110 420-450
Тамақтану мөлшері астың қуаттылығына негізделеді. Бірақ тіршілік үшін бұл жеткіліксіз. Организмнің қажеттілігін толық қамтамасыз етуге белок, май,

Слайд 10Балалардың тәулік азығында витаминдер мен амин қышқылдары мол болғаны жақсы.

Тәуліктік азықтың барлық мөлшері жасына қарай 2000-2600 г шамасында болуы

шарт. Піскен ас буы шығып, иісі аңқып, дәмді және көрер көзге жағымды болса, сілекей шұбырып, қарын сөлі көбірек бөлініп, тағам жағымды болып, бойға жақсы сіңеді. Тәуліктік азықта минерал тұздары, әсіресе кальций мен фосфор тұздары ның мөлшері жеткілікті болуы тиіс, себебі балалардың сүйегінің өсіп жетілуіне Бұл минералдар аса қажетті. Егер кальций, фосфор және Д витамині жеткіліксіз болса, сүйек ұлпасы ның өсіп, жетілуі нашарлайды да, баланың бойы еркін өспейді, нәрестелер ауруға шалдығады. Кальций мен фосфордың өзара қатынасы мектеп жасына дейінгі балаларда 1:1,5, бастауыш сыныптағыларға 1:1,7 жоғары сынып оқушыларына 1:1,4 болуы керек. Тамақтану тәртібі сақталмай, қалыпты жағдайдан бұзылса, гастрит, қарын мен ішектің жаралы науқасы, атеросклероз, дененің мөлшерден тыс толуы және т. б. сырқаттар пайда болуы мүмкін. Мұндай сәтсіздік ересектерде де, балаларда да байқалады, әсіресе жұмыс істемей, қозғалмай бір жерде отыратын адамдарда сырқат өршіп кетеді.
Балалардың тәулік азығында витаминдер мен амин қышқылдары мол болғаны жақсы. Тәуліктік азықтың барлық мөлшері жасына қарай 2000-2600

Слайд 11Өсіп, дамуына байланысты балалардың тамақтану тәртібі ерекше. Олардың тамағының тәуліктік

мөлшерінің құрамында белоктың үлесі жасына лайық болуы тиіс: 1-3 жаста

– 55 г, 4-6 жаста – 72 г, 7-9 жаста – 89 г, 10-15 жаста -100-106 г. Балалар бақшасында тамақтану әрбір 3-3,5 сағаттан кейін, ал мектеп жасындағыларда 3,5-4 сағатта, жас өспірімдерде тәулігіне 4 рет болады. Тәулік тәртібі мен тамақтану үлесі балалардың жасына байланысты.
Өсіп, дамуына байланысты балалардың тамақтану тәртібі ерекше. Олардың тамағының тәуліктік мөлшерінің құрамында белоктың үлесі жасына лайық болуы

Слайд 14Қорытынды

Органикалық заттар біздің күнделікті тұрмысымыздың құрамдас бөліктері. Адам дайын органикалық

заттармен қоректенетіндіктен органикалық заттардың біздің өміріміздегі рөлі ерекше. Әсірес өсі

келе жатқан жас ағза органикалық заттарды өте қажет етеді. Мысалы, балаларды алатын болсақ, ересектерге қарағанда,олар өте ширақ және көп қимыл-қозалыс жасайды,сол себептен де оларда қуат өте көп мөлшерде өндіріліп, майлар мен көмірсулардан энергия бөлінеді. Оларды күнделікті қажеттіліктерін өтеу үшін олар құрамында органикалық заттары, әсіресе, көмірсу мен май бар тағамдарды пайдалану керек. Майларсыз қоршаған ортаға төзу оңай емес. Майлардың көмегімен жас организмде қор жиналып, қоршаған ортадағы жағымсыз әрекеттерге төзуге көмектесетін иммунитет қалыптасады.

ҚорытындыОрганикалық заттар біздің күнделікті тұрмысымыздың құрамдас бөліктері. Адам дайын органикалық заттармен қоректенетіндіктен органикалық заттардың біздің өміріміздегі рөлі

Слайд 15Глоссарий
Зат алмасу - организмде жүріп жататын барлық химиялық

процестердің жиынтығы.

Көмірсулар - химиялық құрамы

Сm(H2O)n яғни көмірсутек+су, аты осыдан шыққын) формуласымен өрнектелетін табиғи органикалық қосылыстар класы

Майлар, триглицеридтер — органикалық қосылыстар; негізінен глицерин мен бір негізді май қышқылдарының (триглицеридтердің) күрделі эфирлері; глицерин мен жоғарғы карбон қышқылдарының күрделі эфирлері.

Глюкоза (жүзім қанты) — Денеге тез және жеңіл сіңетін қанттың қарапайым түрі.

Глоссарий  Зат алмасу - организмде жүріп жататын барлық химиялық процестердің жиынтығы.     Көмірсулар

Слайд 16Қолданылған әдебиеттер:
Интернет желісі:
http://referaty.do.am/load/biologija_valeologija_zoologija_anatomija_medicina/zat_zh_ne_ehnergija_almasu_tama_tanu_gigienasy/
http://kk.m.wikipedia.org/wiki/ Зат алмасу
http://www.medical-enc.ru/detskie-bolezni/zhirovoj-obmen.shtml




Қолданылған әдебиеттер: Интернет желісі:http://referaty.do.am/load/biologija_valeologija_zoologija_anatomija_medicina/zat_zh_ne_ehnergija_almasu_tama_tanu_gigienasy/ http://kk.m.wikipedia.org/wiki/ Зат алмасуhttp://www.medical-enc.ru/detskie-bolezni/zhirovoj-obmen.shtml

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика