күні қараңды.
«Жұлдызға» өзін балайды,
«Жарқырап, тіптен,жанады.»
Шынында, өмір көгінен,
Ақырын ағып барады.
Ақыл айтса
менсінбей,Көкірек көзбен қарады.
Опасыз достың аздырған,
Көңілінен шықса жарады.
Есіртке билеп сананы,
Есірткен мына заманда.
Тілек айтқым келеді,
Адасқан апа-ағаға.
Екі айналып келмейтін,
Ғұмырды қымбат бағала.
Мен қалаған өмірді,
Инеде деп санама.
Қор қылма жастық жалынды,
Тілеймін қанат талмайтын.
Саған ғана, бауырым,
Бақытты өмір қалаймын.