Слайд 1Қанды алу және сақтау технологиялары. Универсалды қан О(І) резус-теріс жасау
проблемасы
Орындаған: Садуақас Н.Т.
Шәріпбаева Ж. Е.
ЖМ, 5-курс, 09-57-1 топ
Тексерген: Амантаева К.К.
№3
хирургиялық аурулар кафедрасы
Слайд 2Жоспар
Кім донор бола алады?
Қан алу технологиясы
Қан және
оның компоненттерін сақтау технологиясы
Универсалды донор
Слайд 3Кіріспе
Трансфузиология – бұл қан құю және оны сақтау, клиникада пайдалану,
қан және оның компоненттерін құюдан кейін дамыған асқынуларды емдеу туралы
кешенді дисциплина.
Трансфузиологияның қазіргі кезеңдегі медицинада орны үлкен. Әсіресе хирургия, акушерия мен гинекология, күйік жағдайлары және онкогематологияда кеңінен қолданылады.
Қазақстандағы донорлық белсенділік дүние жүзілік стандарттарға сәйкес келмейді. ДДҰ-ның мәліметі бойынша донорлық белсенділік 1000 адамға шаққанда 40-60 болу керек. Біздің елімізде бұл көрсеткіш – 18, АҚШ-та – 109, Данияда – 67, Германияда – 52, Ресейде – 25.
Слайд 4Кім донор бола алады?
ҚР №64-3 бұйрығы бойынша
18-ден асқан, 60-жасқа дейінгі,
сәйкес медициналық қараудан өткен, қан және оның компоненнтерін тапсыруға қарсы
көрсеткіштері жоқ, өз еркімен келген Қазақстан Республикасының азаматтары.
Слайд 5Донор болуға қарсы көрсеткіштер:
1) Абсолютті қарсы көрсеткіштер: Гемотрансмиссивті аурулар (АИТВ,
ЖИТС, ВГ, мерез, сарып, туберкулез, туляремия, эхинококкоз, т.б.); соматикалық аурулар
(қатерлі ісік ауруы, қан аурулары, алкоголизм, наркомания, бронхиалды астма, ЖҚЖ-ң аурулары, психикалық аурулар, ойық жара ауруы, остеомиелит, т.б.).
2) Уақытша қарсы көрсеткіштер: Гемотрансмиссивті ауру жұқтыру қаупі бар адамдар (операциялар, стоматологиялық көмек, ине салдыру және татуировка жасату, шет елде іс-сапарда болғандар, т.б.); бастан кешкен аурулар (малярия, баспа, ЖРВИ, аллергия, т.б.); жүктілік және лактация; етеккір күндері; екпелер; ДЗ қабылдау; алкоголь қабылдау.
Слайд 6Қан алу технологиясы
1-қадам
Донор қан тапсыру үшін алдымен тіркеу бөлімінде тіркеліп,
анкета толтырады. Міндетті түрде өзімен бірге жеке куәлігі болу керек.
Слайд 72-қадам
Тіркеу бөлімінен кейін донор лабораторияға жіберіледі. Бұл жерде қан тобын,
резус-факторын және жалпы қан анализін анықтау үшін саусақтан қан алады.
Слайд 83-қадам
Келесі қадам – терапевт қарауы. Бұл кезеңде дәрігер анкета мен
анализ қорытындысы бойынша донордың қан және оның компоненттерін тапсыруға болу-болмайтынын
шешеді.
Слайд 94-қадам
Донор қан тапсырар алдында жоғалтатын сұйықтық көлемін толықтыру үшін міндетті
түрде қантпен шай ішу керек.
Слайд 105-қадам
Қанды бірінші рет тапсырушылардан 250 мл, плазма 400 мл ,
ал қайта тапсырушылардан 450 мл алады.
Слайд 116-қадам
Донациядан кейін донор қолына таңғыш салынады (2 сағат) және сол
күні физикалық жүктемелер түсіруге болмайды.
Слайд 127-қадам
Қан тапсырып болғаннан кейін донорға сол күнгі жұмыстан босатылу жайлы
анықтама және 0,25 МРП көлемінде сыйақы беріледі.
Слайд 13Қан және оның компоненттерін сақтау технологиясы
Іріктеу және уақытша сақтау
блогының (бөлімшесінің) орта буын медицина қызметкері қан дайындау блогынан дайындалған
қан компоненттерін тауар құжаты бойынша қабылдап алады.
Слайд 15 Қан және оның компоненттері тоңазытқыштарда немесе мұздатқыш камераларда қан
тобына және резусына байланысты бөлек сақталады. Әрбір қан тобының сақталатын
тоңазытқыштарының немесе мұздатқыш камераларның сөрелеріндегі таңбаларға тиісті белгілері болады.
Қан және ЭМ барлық түрлері +20С+60С температурада сақталады. Сақтау мерзімі консерватқа тәуелді болады (мысалы, CPD - 21 күн, CPDA - 35 күн).
ЛТҚ алынған эритроциттер +20С+60С температурада сақталады. Сақтау мерзімі консерватқа тәуелді болады (мысалы СРD – 21 күн, CPDA - 35 күн).
ЛТҚ алынған эритроциттер +20С +60С температурада жуудан кейін 24 сағаттан аспайтын уақыт сақталады.
ЭЖ барлық түрлері +20С+60С температурада сақталады. Сақтау мерзімі - 42 тәулікке дейін.
Слайд 16Ресуспендиялық ерітіндідегі аферездік эритроциттердің барлық түрі +20С+60С температурада сақталады. Сақтау
мерзімі 42 тәулікке дейін. Егер фильтрлеу немесе басқа әдістермен өңдеу
жұмысы ашық жүйеде орындалса, онда сақтау мерзімі шектеулі +20С+60С температурада 24 сағаттан аспайтын уақытта болады.
Фильтрлеу әдісімен лейкоциттері азайтылған эритроциттер асептикалық коннекторы жоқ контейнерлерді қосқан кезде шектеулі мерзімге +20С+60С температурада 24 сағаттан аспайтын уақытта сақталады.
Криоконсервіленген эритроциттер -600С-800С температурада 5 жыл, сұйық азотта -1500С-1960С температурада он жылға дейін сақталады.
Ерітілген криоконсервіленген эритроциттер ерітілгеннен және жуылғаннан кейін +20С+60С температурада 24 сағаттан аспайтын уақытта сақталады.
Слайд 17Тромбоциттерді +200С+240С температурасын бір қалыпта ұстап тұратын валидациялық жағдайда 24
сағатқа дейін сақталған жаңа алынған қанның стандартты дозасынан алуға болады.
Тромбоциттердің барлық түрін сақтау барысында +220С±20С температурада үнемі араластыру режимі қамтамасыз етіледі.
Тромбомиксері бар термостат болған кезде, тромбоциттерді сақтау мерзімі дайындау сәтінен бастап 72 сағатты құрайды.
Термостат болмаған кезде, тромбоциттерді сақтау мерзімі дайындау сәтінен бастап +220С±20С температурада 24 сағатты құрайды.
Криоконсервіленген тромбоциттер төмен температуралы мұздатқышта -800С температурада 1 жылға дейін, - 1500С сұйық азот буында температурада бір жылдан артық сақталады.
Гранулоциттерді және ЛТҚ +220С+240С температурада 24 сағатқа дейін сақталады.
Слайд 18ЖМП дайындауға арналған қан тапсыру (донациядан) кейін +220С+240С температурада 6
сағаттан аспайтын уақытта немесе тапсырудан (донациядан) кейін (қан немесе плазма)
дозасын температураны бір қалыпта ұстай алатын арнайы валидациялық жабдық арқылы +220С+240С температураға дейін жылдам мұздатылған кезде 18 сағаттан аспайтын уақытта сақталады.
-250С және одан төмен температурада барлық түрдегі ЖМП 36 ай сақталады, -180С-250С температурада 3 ай сақталады.
ЖМП криопреципитатты сақтау тәрізді осы Қағидаларға 153-тармаққа сәйкес жүзеге асырылады, бірақ ЖМП осы дозасына белгіленген бастапқы мерзімнен аспауы тиіс. Сақтау үшін -250С және одан төмен температура оңтайлы болып табылады.
Слайд 19Универсалды донор
1900 жылы Карл Ландштейнер қан топтарын ашқаннан кейін, О(І)
қан тобы универсалды болып есептелді. Алайда медицинаның, қанды компоненттерге бөлу
технологиясының жетілуіне және эритроцит бетіндегі басқа да антигендердің (Келл, Даффи, Кидд, т.б.) ашылуына байланысты 1988 жылдан бастап толық құрамды қан құюдан бас тартты. Сол уақыттан бастап әр адамға өз тобындағы ғана қан құйылады.
Қазіргі таңда универсалды донор проблемасы бар. Бірақ бұл мәселенің де шешімі іздестірілуде.