Слайд 1Қант диабеті
Қабылдаған: Халмуратова С.Е.
Орындаған: Еркінқызы Д.
6-075 топ, ЖДТ
Қарағанды Мемлекеттік
Медицина Универститеті
Медициналық психология және коммуникативті дағдылар кафедрасы
Слайд 2Жоспары
Кіріспе
Негізгі
Қант диабеті этиология патогенезі
Қант диабеті емдеу принциптері
Қант диабеті асқынулары
Қорытынды
Пайдаланылған
әдебиеттер
Слайд 3Қант диабеті
Инсулин секрециясының бұзылуы мен әсерінің төмендеуі нәтижесінде дамып,
гипергликемиямен сипатталатын зат алмасу ауруларының тобы.
Слайд 4Инсулин - бұл ұйқы безінің лангерханс аралшасының бетта клеткасынан өндіріліп
тікелей қанға сорылатын қалыпты жағдайда қандағы қант денгейін жоғарылатпай бір
деңгейде ұстап тұратын гормон болып табылады.
Ұйқы безі зақымдалып инсулинді бөліп шығару қызметі төмендеуінен қандағы инсулин мөлшері азайып қандағы қант денгейінің қалыпты мөлшерінен жоғарлауына алып келеді
Слайд 5Этиологиялық факторлар
Аутоиммундық өзгерістер
Вирусты аурулар
Тұқымқуалаушылық
Экзогенді және эндогенді аурулар
Слайд 7Қант диабеті І тип
Диабетке бейімділігі жоғары адамдарда вирусты инфекция
Лангерганс аралшалары клеткаларына қарсы антиденелер түзілуін туғызады. Бұл антиденелер инсулинтүзуші
клеткаларды бұза бастайды, бета клеткалардың зақымдап, нәтижесінде проинсулин синтезінің жеткіліксіздігіне әкеп соқтырады. Осыған байланысты антиделер түзілуі, аурудың басталуымен диабеттің айқын белгілері пайда болуы арасында айлар кейде жылдар өтуі мүмкін. Қант диабетінің 1 типінде инсулин түзілуі төмендейді, абсолютті инсулин жетіспеушілігі дамиды, сондықтан аурудың басынан бастап науқастарды инсулинмен емдеу керек.
Слайд 91 типті қант диабеттің клиникасы
Бастапқы мерзімдегі көріністері инсулин тапшылығына
қатысты;
Айқын шөлдеу (полидипсия)
Полиурия
Арықтау
Тамақ құрғауы
Шаршау
Тәбеттің жоғарылауы
Слайд 10 Ағымын 3 кезеңге бөлеміз:
Потенциалды диабет
Жасырын диабет
Анық қант диабеті
кезеңі
Балада қанда глюкоза мөлшері
өседі. Гипергликемия
глюкозурияға әкеледі. Зәрдегі
глюкозурия оның
Тығыздығын жоғарылатады,
полиурия байқалады. Қан
көлемі азайып, полидипсия
дамиды. Ағзада кетонды
денелер жиналып, сілтілік – қышқылдық орта ацидозға ығысады.
Слайд 111 типті ҚД кезіндегі көмірсу алмасуының компенсация дәрежесін анықтау
Слайд 12Емі
Инсулин препараттарын қолдану, диета сақтау және
физикалық күш түспеуін қадағалау. Стол №9 диета тағайындалады: кәмпит, қант,
бидай ұны, құрма алынып тасталады. Беруге болмайды: қара нан,қарақұмық,арпа,сұлы,картоп,капуста,сәбіз,қызылша. Майлар,әсіресе жануар майлары. Күніне 6 рет тамақтандыру қажет: үшеуі негізгі тамақ (таңертеңгілік,түскі,кешкі ас әрқайсысы 25% күндік калориядан) және үш рет қосымша тамақтандыру. Тамақтану уақыты мен тамақ мөлшері үнемі тұрақты болуы керек. Науқастарға диетотерапия принциптерін,күндік калорияны,тамақтануды реттеу және жоспарлауды үйрету қажет. Негізгі ем – инсулинмен емдеу. Инсулин дозасы аурудың ағымына,ауырлығына байланысты. Орташа күндік қажеттілігі 0,25 – 0,5 – 1Б/кг дене салмағына. Күніне зәрмен бөлінген қантты анықтап, 4 – 5гр қантқа – 1Б инсулин тағайындайды. Инсулиннің дозасы дәл болу үшін арнайы инсулин шприцтері болады. Инсулин теріастына салынады. Инсулин салатын жерлерді ауыстырып тұру қажет.
Слайд 13Қант диабеті ІІ тип
Ұйқы безінің лангерганс аралшағындағы ветта жасушаларының
секреторлы дисфункциясының инсулинрезистенттілікпен ұштасуы нәтижесінде инсулин жасушалар мен тіндерге қантты
жеткізе алмай, глюкозаның дұрыс өндірілмеуінен болады. Нәтижесінде инсулин бөлген глюкоза мөлшерінің барлығы дерлік жасушалармен тіндерге сінбей қанға өтеді. Салыстырмалы инсулин жеткіліксіздігі негізінен инсулинге резистенттіліктен секреторлық ақауға дейін, инсулинге резистенттілікпен немесе онсыз жүреді. Бауырдан глюкозаның артық өндірілуі болады.
Слайд 14 Қант диабеті II типі инсулинге
резистенттілік нәтижесінде дамиды. Ағзаның тіндерінде (май, бұлшықет, бауыр) инсулин әсер
ететін инсулинді рецепторлар бар. Рецепторлар инсулинмен әрекеттескен соң, глюкозаның тіндерге енуі күрт артады. Инсулин рецепторлары патологиясында олардың инсулинмен әрекеттесуі бұзылады да тіндердің инсулинге резистенттілігі дамиды. Бұл жағдайда инсулин бөлінуі төмендемегендіктен, ол салыстырмалы инсулин жетіспеушілігі деп аталады. Көп жағдайда инсулин рецепторларының қызметі семіздік кезінде байқалады.
Екінші жағынан артық тамақ жеу қандағы глюкоза мөлшері артуына әкеледі. Тіндердің инсулинге сезімталдығы болмағандықтан глюкоза клетка ішіне кіре алмайды. Ол үшін инсулиннің көп мөлшері қажет, сондықтан ұйқы безі инсулиннің артық мөлшерін өндіре бастайды, нәтижесінде бета-клеткалар гипертрофияланып, қант диабеті дамиды. Қант диабетінің ІІ типі тұқымқуалау қаупі 40%. Кейде қант диабетінің ІІ типі жеткіншектерде және жастарда дамиды, ол 50-80 % тұқым қуалайды.
Слайд 15Шағымдары
- жалпы жəне бұлшықеттік əлсіздік (энергия түзілу тапшылығына, бұлшықеттердегі гликоген жəне
белок тапшылығына байланысты);
- шөл;
- ауыздың құрғауы;
- түнде де, күндіз де
жиі жəне көлемді зəр шығару;
- тəбеттің ашылуы.
Слайд 16Негізгі диагностикалық шаралар
1. Қанның жалпы анализі (лейкоцитарлық формуламен).
2. Зəрдің жалпы
анализі.
3. Глюкоза деңгейін анықтау:
- гликемиялық профильді жүргізу (аш қарынға, таңертеңгілік
астан соң 2 сағаттан кейін, түскі ас алдында, түскі астан соң 2 сағаттан кейін, кешкі тамақ алдында, кешкі тамақтан соң 2 сағаттан кейін, ұйықтар алдында – 22.00 де, түнгі 3.00 де) – 3 рет;
- қажет кезде гликемияны жағдай тұрақтанғанша сағат бойынша бақылау (10 – 15 анықтаулар).
4. Жалпы холестерин деңгейін анықтау.
5. Триглицеридтер деңгейін анықтау.
6. Микроальбуминурияны анықтау.
7. Креатининді анықтау.
Слайд 19Профилактика
Біріншілік профилактика:
1.Диета.
2.Күшпен физикалық жүктеме.
3.Психо-эмоционалдық жағдайды қалпына келтіру.
4. Салауатты өмір салтын
ұстану
Екіншілік профилактикалық шаралар
Гликемия, глюкозурия, АҚ деңгейін, ЭКГ тұрақты бақылау;
гликолизирленген гемоглобинді
3 айда 1 рет анықтау,
аяқ қантамырларының УДДГ – 6 айда 1 рет
жылына 1 рет окулист, невропатолог, қантамырлық хирург тексерулері.
Слайд 20Қант диабетінің асқынулары
Диабеттік кетоацидоз
Гиперосмолярлы кома
Гипогликемиялық кома
Гиперлактациялық кома
Слайд 21Қант диабеті кезіндегі комалардың дифференциалды диагнозы
ҚД кезіндегі комалардың патогенезі
Слайд 22ҚД кезіндегі комалардың диф.диагнозы
Слайд 23ҚД кезіндегі комалардың диф.диагнозы
Слайд 24ҚД кезіндегі комалардың диф.диагнозы
Слайд 25Кетоацидозды кома кезіндегі жедел көмек
1.Инсулиннің орнын толтыру:
Алғашқыда 8-10 ХБте инсулинді куре тамырға енгізу,кейіннен сағатына инсулинді
6-10 ХБ тамшылатып енгізіледі.
Глюкоза денгейі сағатына 5-6 ммоль\ль ге дейін томендеуін бақылау керек
2.Инфузионды терапия
Гиперосмолярлы кома кезінде жедел көмек
1.Дегидратациамен куресу.
Алғашқы сағатта 1,5-2литр натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі куре тамырға тамшылатып енгізіледі.
Әрі қарай 2ші-3ші сағаттарда 500-750мл ден енгізіп отыру қажет.
Жүрек шамасыздығы,ми ісінуі дамыуының алдын алу,бақылау.
Слайд 26Гиперлактациалық кома кезіндегі жедел көмек
Емнің мақсаты ацидозды
коррекциялау. Ол реанимацияда интенсивті терапия турінде жургізіледі.
-Натрий гидрокарбонат 151мл- 2,5%
ерітіндісі куре тамырға
-Метилен көгі 1% 1-5мг\кг
-Оксигенотерапия
-Кокарбоксилаза100мг нан куре тамырға енгізу
-Инсулиотерапия(8ЕД инсулинді 500мл глюкоза ерітіндісінде араластырып)
Гипогликемиялық кома кезіндегі жедел көмек
Глюкозамен емдеу
60% 40мл глюкоза ерітіндісін куре тамырға енгізу, оны әр минут сайын қайталап отыру қажет
Егер естен тану ұзаққа созылса ми ісінуіне қарсы шаралар жургізу
-Маннитол 15-20% 0,5-1,0г/кг куре тамырға
Слайд 27Емі
Диета стол №9.
Егер науқаста дене салмағы артық болса, гикпокалориялық диета
тағайындалады (1200 – 1500 ккал/тəу) жəне физикалық белсенділік режимі кеңейтіледі, қалыпты
дене салмағында – изокалориялы диета.
Физикалық жүктемелердің қолайлы əсер етуін шарттайтын факторлар:
- жұмыс істейтін бұлшықеттердің инсулинсіз глюкозаны жартылай сіңіруі;
- эритроциттердің инсулинді байланыстыруының артуы;
- гликемия деңгейінің төмендеуі;
- инсулинге қажеттіліктің азаюы;
- жұмыс істейтін бұлшықеттерде май қышқылдары мен кетондық денелердің ыдырауы; көмірсуларға толеранттылықтың артуы.
Дəрі-дəрмектік ем: қант төмендететін терапия.
Слайд 28Пайдаланылған әдебиеттер
И.И.Дедов, Г.А.Мельниченко, В.В.Фадеев “Эндокринология”, 2013ж
Досмағанбектова Р.С. «Эндокринология» модулі
www.rcrz.kz