Слайд 1Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Гистология кафедрасы
Тақырыбы: Қан. Адамның жасына байланысты гистологиясы
және қалпына келуі.»
Орындаған: Жақсылықова А.М.
2-015 топ ЖМФ
Тексерген: Нұрсейітова К.Т
Қарағанды
2013 ж.
СӨЖ
Слайд 2Жоспар:
Қан туралы түсінік
Эмбриональдық қан түзілу
Қан қызметтері
Қан жасушалары
Қан жасушаларының жасқа байланысты
өзгеруі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Слайд 3Қан
Қан- қан тамырлар ішінде болатын ағзадағы сұйық тін, құрамында қан
плазмасымен қанның формальды элементтері эритроциттер, лейкоциттер мен қан пластинкалары болады.
Қан
плазмасының жалпы мөлшері 55-60% болса,ал қан жасушалары қанда 40-45%. Адам ағзасының 5-9%. Орта есеппен 70 кг салмақтағы адам денесінде 5-5,5 л қан бар.
Слайд 4Эмбриональдық қан түзу үлгісі
Ұрық
Ұрықтан тыс мезенхима
Эмбриобласт
Эктодерма
Мезодерма
Эндодерма
Сары уыз қапшығы,
хорион және
сабақ-
шасының мезенхима-
сы гемопоэз
9- тәуліктен 9 аптаға
дейін жүреді.
Бағаналық клеткалар \БК\ 1-
генерациясы
Бауыр
Гемопоэз
6-аптадан
Басталады.
БК 2- генерациясы
Слайд 5Бағаналық жасушалардың нәрестенің тамыры арқылы орын ауыстыруы
КӨКБАУЫР
Гемопоэз
12-аптадан
басталады
ЛИМФА ТҮЙІНІ
Гемопоэз
10-аптадан
басталады
ТИМУС
Гемопоэз
10-
аптадан
басталады
СҮЙЕК КЕМІГІ
Гемопоэз
10-аптадан
басталады
БК 3-
генерациясы
Слайд 6Сүйек кемігіндегі қан жасушаларының пайда болуы:
Слайд 7Қан қызметтері:
Тыныс алуға қатысу- оттегіні өкпеден бүкіл мүшелерге, ал көмірқышқыл
газын мүшелерден өкпеге тасмалдайды.
Трофикалық қызмет- мүшелерді қоректік затпен қамтамасыз етеді.
Қорғаныш-гуморальды
қызмет- жасушалық иммунитетке қатысып, жарақаттану кезінде қанның ұюына қатысу.
Ішкі гомеостазды сақтау- ішкі ортаның тұрақтылығын сақтау.
Слайд 8Қан плазмасы
Қан плазмасы- немесе қанның сары суы, құрамында 90-93% су,
7-10% құрғақ заты бар. Құрғақ затының 6,6-8,5%, ал 1,5-3,5% органикалық
және минералды тұздар болып келеді.Қан плазмасының белоктарына жататын белоктар: альбумин,глобулин мен фибриноген. Глобулиннің фракциясынан антидене бөлінеді.
Слайд 9 Қан жасушалары
Эритроциттер
Лейкоциттер
Тромбоциттер
-дискоциттер
-планоциттер
-эхиноциттер
-стоматоциттер
-сфероциттер
т.б.
Түйіршікті:
-нейтрофильдер
-эозинофильдер
-базофильдер
Түйіршіксіз:
-лимфоциттер
-моноциттер
Эритроциттер немесе қанның қызыл түйіршіктері
сүтқоректілерде ядролары мен органеллаларын даму барысында жоғалтқан,сондықтан жоғары дифференцияланған, бөлінбейтін постжасушалық құрылым. Қызметі тыныс алуға қатысып, оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдайды. Эритроциттердің құрамында күрделі белок гемоглобин болады. Эритроциттер амин қышқылдарын, антиденелерді, токсиндерді, дәрі-дәрмектерді плазмолеммасы арқылы адсорбциялап, тасымалдау қызметін атқарады.
Слайд 11 Ересек адамдарда эритроциттер саны 3,9-5,5*10 л, әйелдерде 3,7-4,9*10 л болады.
Эритроциттер құрылысы: Сау адам қанында 80-90% екі бүйірі қысыңқы дискоциттер
кездеседі.Бұлардан жалпақ түрі-жалпақ планоциттер мен эритроциттердің ескірген түрі эхиноциттер , күмбез тәрізді – стоматоциттер (1-3%), шар тәрізді- сфероциттер (1%) кездеседі. Эритроциттердің мөлшері-қалыпты жағдайда құбылмалы, 76% эритроциттердің d=7,5мкм, бұларды нормациттер дейді. Қалған эритроциттердің 12,5% микроциттер болса, 12,5%макроциттерге жатады.Эритроциттердің өзгеруі анизоцитоз ауруларында кездеседі.
Слайд 12Тромбоциттер:
Тромбоциттер көбінесе пішінсіз, түссіз келген d=2-4мкм,топтасып орналасқан жасуша. Қанның ең
ірі жасушасы мегакариоциттерінен дамыған ядросыз фрагменттер. Қанда мөлшері: 200-400 мың.
Тромбоциттердің бес түрлі папуляциясын ажыратамыз: 1)жас түрі- 1-5%, 2)пісіп жетілген-88%, 3)ескірген-4%, 4)дегенеративті -2%, 5)ең ірі қоздырғыш- d=4-6-2%.
Слайд 13 Тромбоциттердің плазмолеммасы қалың гликокаликс (15-20нм) қабатпен қоршалып, рецепторлық және адгезиялық
процестерге қатысады. Тромбоцит қан ұюға қатысады. Тромбоциттердің цитосклетінде жақсы дамыған,
актин микрофиломенттері мен микротүтікшелер болады. Актин филоменттері тромбоциттің көлемін өзгертіп отыратын жиырылғыш қызмет атқарады. Тромбоциттердің грануломер бөлігінде органеллалар мен арнайы түтікшелер болады. Жасушалар қосындыларынан
Слайд 14 Гликоген мен феритиннің майда түйіршіктері де кездеседі. Арнайы органеллалар саны
60-120 дейін болатын екі түрі кездеседі. Бірінші б- грануларлы бұл
ең ірісі (300-500) сырты мембранамен қоршалған. Мұндай түйіршіктердің құрамында белоктар мен гликопротеидтер болады да, қанның ұюына маңызды қызмет атқарады. Екіншісі: д- гранулалары (дельта-гранула) d=250-300нм болатын тығыз денешіктер. Бұлардың құрамында қан плазмасынан келіп жиналған серотонин мен биогенді аминдер бар екені анықталған.
Слайд 15 Үшінші: л- гранулалары, лизосомалар түрінде кездеседі. Құрамында лизосомальды
ферменттер бар гранулалар, және микропериоксисомалар бар екені анықталған.
Қорыта келе, тромбоциттердің қызметі қанды ұйытуға қатысып, қорғаныс қызметін атқарады. Тромбоциттердің өмір тіршілігі шамамен 9-10 тәуліктей. Ескірген тромбоциттерді көкбауырдағы макрофагтар жояды.
Слайд 16Лейкоциттер
Лейкоциттер –адам қанындағы орташа саны 4-9*10/9 л, эритроциттерден
1000 есе аз. Марфологиялық ерекшеліктеріне қарай лейкоциттер екі топқа бөлінеді:
Түйіршікті немесе гранулоциттер және түйіршіксіз немесе агранулоциттер. Гранулоциттер: нейтрофильдер, эозинофильдер,базофильді болып бөлінеді. Агранулоциттер: лимфоциттер мен моноциттерге жіктеледі.
Слайд 18Лейкоциттер қызметтері:
Микробтарды фагоцитоз әдісімен жою (гранулоциттер мен макрофагтар)
Бөтен текті
заттар мен жасуша қалдықтарын жою (моноциттер мен макрофагтар)
Иммунды реакцияларға қатысу
(лимфоциттер мен макрфагтар)
Слайд 19Базофильді гранулоциттер:
Жалпы лейкоциттердің 0-1% құрайды, d=11-12мкм. Сегменттелген ядросы бар (2-3)
бар, цитоплазмасында органеллалардың бәрі де кездеседі. Базофильді түйіршіктердің құрамында гепарин,
вазоактивті гистамин, бейтарап протеазалар мен энзимдер болады. Базофильдердің астма, анафилакция, бөртпе тері ауруларында дегрануляциясы байқалады. Базофильдер сүйек кемігінде түзіледі де, қан ағымында шамамен 1-2 тәуліктей болып, тіндерге өтеді. Олар иммунды және аллергиялық реакцияға қатысады. Сонымен бірге базофильдер қанның ұйюы мен қан тамыр қабырғасының өткізгіштігін реттейді.
Слайд 20Эозинофильді гранулоциттер:
Жалпы лейкоциттердің 0,5-5%d=12-14мкм ядросы көбінесе екі сегменттен
тұрады, цитоплазмасында Гольджи комплексі және митохондриялар болады. Цитоплазмасындағы түйіршіктері азурофильді
және эозинофильді болып бөлінеді. Бұл түйіршіктердің негізін лизосомалар түзеді де, құрамында электронды тығыз гидролитикалық фермент болады. Ал арнайы эозинофильді түйіршіктерінің d=0,6-1мкм, кристолоидты құрамында негізгі белоктар, оның ішінде аргинин және лизосомальды гидролитикалық ферменттер мен пероксидаза болады. Олар антипаразиттік қызмет атқарады, аллергиялық реакцияға қатысады.
Слайд 21Нейтрофильді гранулоциттер:
Қанды 2,0-5,5*10/л барлық лейкоциттердің 48-78%, d=10-12 мкм,
ал қан ағымындағы мөлшері 7-9мкм. Ядросыда 3-5-тей сегменттері болады. Әйелдердің
қанында Х- хромасомасы бар, пішіні барабан таяқша тәрізді, “Барр деншігі” болады. Нейтрофильдер: жас, таяқша, ядролы және сегментті ядролы түрлері болады. Нейтрофильдердің арнайы және азофильді түйіршіктері болады. Арнайы түйіршіктер құрамында бактериостатикалық және бактериоцидті заттары лиоцим, сілтілі фосфатаза мен лактоферрині бар. Азурофильді түйіршіктер құрамында лизосомальды ферменттері бар-лейкоциттер.
Слайд 22Агранулоциттер немесе түйіршіксіз лейкоциттер:
Лимфоциттер- адам қанында 20-30% құрайды. Лимфоциттер Т-лимфоциттер
(65%), В-лимфоциттер (30%), дифференцияланбаған (5%). Т-лимфоциттері: Т-хелперлер, Т-супрессор, Т-киллер.
Моноциттер-
лейкоциттерге қарағанда ірілеу. Жалпы лейкоциттердің 6-8% құрайды. Ағзаға моноциттер марофагтық немесе монокулеарлы фагоцитарлы жүйеге қатысады. Тіндерде қоныстанған моноциттер макрофагтарға айналады. Макрфагтардың құрамында лизосомалар, фагосомалар, фагоизосомалар бар.
Слайд 24Қан жасушаларының жасушаларының жасқа байланысты өзгеруі
Жаңа туған нәрестенің
алғашқы сағаттарындағы қанында эритроциттердің саны 6,0-7,0*10/12л, демек ересектердің эритроциттерінен көп.
Кейін 10-14 тәуліктерінде көрсеткіш ересектердің эритроциттерінің санына теңеседі. Ал 3-6 айлық нәрестеде эритроциттердің саны қайтадан азаяды. Нәрестелер қанында лейкоциттер 10,0-30,0х9/л болса , ал екі аптадан кейін саны азаяды, 9,0-15,0х10/9л. Баланың 14-15 жасында лейкоциттердің саны ересектердікіне тең.
Слайд 25Қорытынды
Медицинада қанның жасушаларын санау өте маңызды роль атқарады.
Клиникада қан анализін анықтау барысында қанның химиялық құрамын, эритроциттер мен
лейкоциттердің санын, гемоглобинді және эритроциттердің тұну жылдамдығын, эритроциттердің резистенттілігін анықтаудың ауруларға диагноз қоюдағы маңызы зор.
Слайд 26Пайдаланылған әдебиеттер:
Гистология Ю.И. Афанасьев, Н.А. Юрин, М 1999г
Цитология и общая
гистология. В.Л. Быков 2000г
Жалпы гистология негіздері. Қ.А. Сапаров 1994ж
Жеке гистология
курсы. Р.И. Юй, М.С. Калинина 2003ж