Слайд 1Ас қорыту жүйесі
Ас қорыту мүшелерінің патологиясы бар науқастарды зерттеу әдістері,
пальпация
Слайд 2Тәбеттің бұзылуы, кекіру, жүрек қыжылы, оның айнуы, құсу, құрсақ аймағының
ауруы, қан кету. Қан кетуден басқа аталған барлық симптомдар түгелдей
дерлік диспепсиялық шағымдар тобына жатады (диспепсия - ас қорытылуының бұзылуы).
Шағымдары
Слайд 4Асқазан ішек
жолдары аурулары
Слайд 5Байлық байлық емес, денсаулық- байлық
Денсаулық- зор байлық.
Денсаулық кепілі- тазалық.
Жаның
сау болса, сорлымын деме,
Тәнің сау болса , жарлымын деме.
Тазалық – денсуалық негізі,
Денсаулық – байлық негізі.
Тәні саудың - жаны сау
Ауру батпандап кіреді, мысқылдап шығады.
Ауру қалса да әдет қалмайды.
Ауырып ем іздегенше
Ауырмаудың жолын ізде.
Ас – адамның арқауы.
Денсуалық ауадан аумайды,
Барында кім оны ойлайды.
Тәбеттің бұзылуы (жоғарылауы немесе төмендеуі) көбінесе жұқпалы ауруларда, зат алмасу үдерістерінің патологиясыңда кездеседі. Асқазан ауруларында тәбетгің төмендеуі және тәбеттің толық жоғалуы (анорексия) көбінесе жедел гастритте және асқазанның қатерлі ісігінде кездеседі (обыр).
Ойық жара ауруларында, әсіресе он екі елі ішек жарасында науқастың асқа тәбеті көбінесе арта түседі. Науқастың кейде жеуге жарамсыз заттарға деген құмарлығы артады (керосин, көмір, бор).Кекіру деп екі түрлі құбылысты түсінеміз: ауамен кекіру асқазанда немесе өңеште жиналып қалған ауаның ауыздан күтпеген жағдайда және дыбыспен шығуы; аспен кекіру— ауамен кекірген кезде ауызға асқазан сұйықтығының келуі. Кекіру асқазанның кардиалды бөлігіңдегі тесік ашық кезінде, асқазан бұлшық еттерінің жиырылуынан пайда болады. Жүректің қыжылдауы дегеніміз төстің астында және эпигастралды аймақта пайда болатын қыжыл. Жүректің қыжылдауы асқазан-өңештік рефлюкске байланысты болады. Бұл белгінің пайда болуында өңештің төменгі бөлімінің, асқазанның кардиалды бөлігінің функциясы бұзылуы, сол сияқты өңештің кілегей қабатының сезімталдығы артуының маңызы зор.
Слайд 6Жүректің айнуы- асқазан аймағында қиын анықталатын, ауыр қысым сезімімен байқалатын,
кезбе нервтің қозуымен байланысты рефлекторлы акт. Жүрек айнуы көбінесе құсу,
лоқсуға әкеліп соғады, кейде өздігінен де болады. Жүрек айнуының механизмі әлі күнге дейін анықталмаған. Көбінесе оны құсу орталығының қозуының алғашқы белгісі деп түсінуге болады.
Құсу арқылы қабылданған, яғни ішкен ас, не сұйықтық өңеш, жұтқыншақ, ауыз, кейде мұрын арқылы сыртқа шығарылады. Ол құсу орталығының қозуынан болатын күрделі рефлекторлы акт. Қүсу рефлексінің пайда болуына әсер ететін себеп-шарттар өте көп. Бұл себеп-шарттар былай бөлінеді: нерв жүйесіне байланысты құсу; висцералды (перифериялық, рефлекторлық) құсу; уланып құсу. Құсқан кезде аурудан оның уақытын, ас қабылдауымен байланысьш, ауыру сезімін анықтап сұраған жөн. Сол сияқты оның көлемін, құсық ерекшелігін, қоспаларын көзбен көріп, анықтау керек. Таңертеңгі аш қарында көп мөлшерде сілекей араласқан кілегейлі құсық созылмалы гастритте байқалады, әсіресе ол маскүнемдерде жиі кездеседі; таңертеңгі қышқыл құсық түнде асқазан сөлінің көп бөлінуінен болады.
Слайд 7Ауыру— бұл асқазан ауруларының көп симлтомдарының ішінде ең маңызды белгісі.
Іш-асқазан аймағында аурудың пайда болуы, асқазан ауруларына байланысты бола бермейді.
Аурудың дәл орналасқан орнын анықтау үшін науқастан мына жағдайларды нақтылап сұрау қажет:аурудың орналасқан жерін, орнын (науқастан ауыру сезімі
пайда болған жерін саусақпен көрсетуін өтіну керек);аурудың сипатын, ұстамалы, оқтын-оқтын, белгілібір уақыттарда, тұрақты болатындығын немесе мерзімдік — көктемде,
не күзде екендігін;ауыру сезімінің тағам қабылдаумен және оның сапасымен,тығыздығымен (консистенциясьш) байланыстылығын;аурудың жайылуын арқаға, жауырынға, төс маңына, сол жаққабырға астына берілуін, таралуын;ауыру сезімінің азаюын, сипатын (азайғаны, көбейгені, өзгеріс-
сіз екендігі) құсқаннан кейінгі, ас қабылдағаннан кейінгі, жылулық
қолданғаннан кейінгі, спазмолитикалық дәрілерді және ас содасын
қолданғаннан кейінгі жағдайларын;
Слайд 8аурудың физикалық кернеуге, күшке (сілку, ауыр зат көтеру,
қозғалу), толқуға байланыстылығы;
сонымен қатар аурудың сипаты
(шаншу, сыздау т. б.);іш аймағында ауыруды сезіну,
қабыну үдерісі асқазаннан іш пердеге өткенде де байқалуы мүмкін.Мезгіл-мезгіл болатын, яғни ұстамалы ауыру сезімінің тағамды қабылдағаннан кейін пайда болу уақытына байланысты: 30—40 минуттан кейін — ерте болатын ауру, 1,5—2 сағаттан кейін - кеш болатьш ауру деп, түнгі және аш қарынға, ас ішкеннен кейін қалыпқа түсетін деп бөліп ажыратады. Егер ауыру сезімі сөлін көбейтетін тағамдардан кейін болса (экстрактивті заттар, қышқыл, тұзды, қақталған тағамдар), онда бұл аурудың дамуында асқазан қышқылының әсері болғанын көрсетеді. Бұндай жағдайда ауыру эпигастральды аймаққа орналасып, арқаға беріледі, ол үдемелі сипатта болады; құсқаннан кейін, тамақты, антиспастикалық дәрілерді қабылдағаннан кейін және жылылық қолданғаннан кейін ауырғаны басылады. Аурудың мерзімділігі, яғни асқынуы күзде немесе көктемде байқалады, ол әсіресе ойық жараның пилористің маңындағы аймаққа орналасуына байланысты болады. Тұрақты қатты аурулар асқазанның кілегей қабығындағы және кілегей асты негізіндегі орналасқан нерв элементтерінің тітіркенуінен болады. Бұл аурулар ас қабылдағаннан кейін күшейеді.
Слайд 9
Асқазан пальпациясын вертикалды жағдайда (кіші доғасын), горизонталды жағдайда
да (үлкен доғасын) өткізеді. Алдын-ала үлкен доғасын перкуссия әдісімен кіндік
тұсынан бастап іштің ақ сызық бойымен төменнен жоғары қарай анықтайды. Қалыпты жағдайда үлкен доғасы кіндіктен екі-үш см жоғары орналасқан. Асқазанның үлкен доғасын пальпациялауда теріні жоғары ығыстырып, оң қолдың саусақтарын іштің артқы іргесіне дейін енгізеді де жоғарыдан төмен қарай бағытта асқазан бетінде сырғиды. Сау адамдарда асқазанның үлкен доғасы 50-60% жағдайда анықталады. 20-25% жағдайда привратник пальпацияланады.
Слайд 10
Асқазанның үлкен доғасын анықтау үшін мынадай әдістер қолданылады:
шалпыл шуы бойынша стетоакустикалық пальпация, яғни пальпаторлы-перкуторлық әдіс. Стетоакустикалық пальпация
асқазан үстінен (стетоскоп көмегімен), теріге асқазан аймағында сызықтар жасау арқылы сыбдыр естілуіне негізделген. Асқазаннан тысқарыда сыбдыр естілмейді. Шалпыл шуы - асқазан үстінде оң қолдың 4 саусағын бүгіп соққы жасағанда анықталады. Осы кезде сол қолмен іштің бұлшық етін төстің тұсында басып тұрады, соққы жасағанда асқазандағы ауа шығып кетпеуі үшін. Шалпыл шуы асқазанда сұйықтың және ауаның болуынан пайда болады. Бұл жағдайда алдын ала екі стақан су ішкізеді. Бұл әдісті іштің жоғарғы бөлігінде ауру сезімі болған жағдайда қолданбайды. Егер де шалпыл шуы тамақтан соң 7-8 сағаттан кейін анықталса бұл гиперсекреция бар екенін білдіреді, немесе асқазанның эвакуациялық қызметі бұзылғанын байқатады (привратник стенозы), қалыпты жағдайда ол тек тамақтан соң анықталады (қосымша сұйық іпшей-ақ).
Слайд 11
Асқорыту жүйесі патологиясындағы негізгі клиникалық синдромдар. Дисфагия синдромы.
Себептері, симптомдары, даму механизмдері, зертханалық және инструменттік зерттеу әдістері.
Асқазандық және
ішектік диспепсия синдромы: себептері, симптомдары, даму механизмдері, зертханалық және инструменттік зерттеу әдістері.
Сарғаю синдромы: себептері, симптомдары, даму механизмдері, зертханалық және инструменттік зерттеу әтістері
Бауыр жетіспеушілік синдромы: себептері, симптомдары, даму механизмдері, зертханалық және инструменттік зерттеу әдістері.
Ұйқыбезінің сыртқы секреторлық жетіспеушілік синдромы: себептері, симптомдары, даму механизмдері, зертханалық және инструменттік зерттеу әдістері.
Слайд 12
Іштің пальпациясы. Құрсақ бұлшық еттерінің кернеулігін, жарықтарды, іштің
тік бұлшық еттерінің ажырауын анықтау. Кезектілігі және пальпация нәтижелері (орналасуы,
қозғалысы, ауырсынуы, консистенциясы, көлемі, ағза беткейінің сипаты, құрылдың болуы). Бауыр және талақ пальпациясының әдістері (беткейі, аурсынуы, шегі).
Ұйқыбезі басы, денесі, ұшы орналасқан аймақтардың пальпациясы.
Іштің перкуссиясы. Перкуторлы дыбыстың сипаты. Асцитті анықтау. Бауыр және көкбауырдың Курлов бойынша өлшемдері.
Аускультация. Асқазан және ішектің перистальтикасын есту.
Зертханалық және аспапты зерртеу әдістері. Асқазанды рН метриялық зерттеу туралы түсінік. Helicobacter pіlory зерттеу әдістері. Копрологиялық зерттеу және оның диагностикалық маңызы. Пигментті, май, көмірсу, ақуыз алмасуының көрсеткіштерін анықтау. Бауырдың бөлу қызметін және ферменттерін зерттеу. Қан және зәрде амилаза активтілігін анықтау.
Дуоденумдік зондтау, диагностикалық зерттеу. Өңеш, асқазан, 12-елі ішек, тоқ ішекті рентгенологиялық зерттеудің диагностикалық маңызы. Асқорыту жолдары ағзалары ауруларының диагностикасындағы эндоскопиялық зерттеу әдістерінің маңызы. Асқазан, 12-елі ішек, тоқ ішек, бауыр, талақ биопсиясының диагностикалық маңызы.
.
Слайд 14Тест сұрақтары
Науқас ішінің ұстама тәрізді ауыруына, іш кебуге, күніне 1-2
рет аз мөлшерде, шырыш араласқан, қатты нәжіс бөлінуіне шағымданады. Синдромды
көрсетіңіз
35 жасар науқастың шағымдары: қыжыл, кекіру, тағам қабылдағаннан кейін жарты сағаттансоң іші ауырады, құсқаннан кейін басылады. Іш пальпациясында ауыру сезімі қайда орналасуы мүмкін
17 жасар науқастың тәбеті тұрақсыз, аз тағамнан кейін тез тояды, кекіру, қыжыл, «кеш шолпыл шуылы» симптомы бар. Себебін көрсетіңіз:
Науқас жүдеуге, сары түсті, жиі, көбікті, сұйық нәжіс болуына, сүтті тағамдарды көтереалмауына шағымданады. Пальпацияда – эпигастрий аймағында ауыру сезімі анықталады. Осы синдромға тән қарап тексергенде алынатын мәлімет:
Науқас ішінің ұстама тәрізді ауыруына, іш кебуге, күніне 1-2 рет аз мөлшерде, шырыш араласқан, қатты нәжіс бөлінуіне шағымданады. Синдромды көрсетіңіз:
Слайд 19Денім сау болсын десеңіз
Көп Жасағыңыз келсе
Қазір ғалымдар жануарларға тәжірибе жасаудың нәтижесінде адамның ғұмыр жасын ұзарта алатындай ондыған тамақтық заттарды анықтап отыр. Бұлардың арасында кәдімгі қызыл бұрышта бар. Ол линидтік алмасуды қалыпқа келтіріп дұрыстайды, актериялық қысымды төмендетеді, ішек жолдарының микрофлорасын сауықтырады, жастың ұлғаюына байланысты болатын өзгерістерді тежейді.
Ұзақ жасағысы келетіндерге бірер кеңес.
Ең алдымен ішетін тамағыңыздың түрі – түрін көбейту керек. Холестерині көп майы қышқылдары мол деп кейбір тамақтарды мүлдем жемей қоюға болмайды, олардың мөлшерін ғана азайтыңыз. Әдетте, іс жүзінде ке келген тамақта организмге қарама- қарсы әсер ететін тамақтық заттар болады.
Өсімдік өнімдері мен мал өнімдерінен, әсіресе сүт өнімдерінен мөлшерлестіріп жасалған құрама тамақ түрлері пайдалы. Кешкі тамақты кейін айран ішуге дағдыланып,күніне төрт рет тамақтану керек. Өйткені егде тартқан организм тамақпен келген нәр – қуаттың шағын мөлшерін ғана қажетке жаратып,қалғаны қорға жинала беретін болады.