Разделы презентаций


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты Тақырыбы : БЖА травмалық

Содержание

Жақ-бет аймағының жарақаттануы мен зақымдануының жіктелуі:I. Бет аймағының жоғарғы, орталық, төменгі бөліктерінің жарақаттары:1. Орналасуы бойынша;А. Жүмсақ тіндердің жақ-бет аймағындағы мүшелермен бірге жарақаттануы: а) тілдің; б) сілекей бездерінің; в) ірі нервтердің; г)

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты


Тақырыбы: БЖА травмалық

жарақаттары
Орындаған: Жанұзақова А.
Қабылдаған : Аргинова Қ.
СК - 606

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты Тақырыбы: БЖА травмалық жарақаттарыОрындаған: Жанұзақова А.Қабылдаған : Аргинова Қ.СК -

Слайд 2Жақ-бет аймағының жарақаттануы мен зақымдануының жіктелуі:
I. Бет аймағының жоғарғы, орталық,

төменгі бөліктерінің жарақаттары:
1. Орналасуы бойынша;
А. Жүмсақ тіндердің жақ-бет аймағындағы мүшелермен

бірге жарақаттануы: а) тілдің; б) сілекей бездерінің; в) ірі нервтердің; г) қан тамырларының.
Б. Сүйек зақымдары: а) төменгі жақ; б) жоғарғы жақ; в) бет ( сүйегі) мұрын сүйектері; д) екі және онан көп сүйектер.
2. Жарақаттар түрі бойынша: тесіп өткен, соқыр, жанай тиген, ауыз қуысына енген және енбеген, жоғарғы жақ және мұрын қуыстарына енген.
3. Зақымданудың механизмі бойынша: оқпен, жалғыз оқпен, жарқыншақпен, бытырамен, ине тәріздес заттармен.
II. Аралас зақым.
III. Күйіктер.
IV. Ісіктер.
Ескерту. Зақымдану келесі түрде кездесуі мүмкін: жеке, жеке көптеген, жеке қосымша (бастысы және қатар жүретін), қосымша көптеген (қатар жүретін және бастысы).
Халықаралық статистикалық жіктелуі.
Себебі бойынша:
I. Өндірістік:
А. өнеркәсіптік: а) химиялық; б) металлургиялық т. б.
Б. Ауыл шаруашылық: а) техникалық; б) мал шаруашылық.
II. Өндірістен тыс: а) түрмыста; б) көшеде; в) көлікте; г) спортта; д) басқа жағдайда
Егер зақым өндірістен болса, онда жүмыстан босату қағазы (бірінші күннен бастап беріледі. Өндірістен тыс жағдайда зақымданса, алтыншы күннен (алдыңғы 5 күнге Ф-095-І/У формалы анықтама беріледі. Мас болған жағдайда барлық емделген күндерге Ф-094- /У формасын береді.

Жақ-бет аймағының жарақаттануы мен зақымдануының жіктелуі:I. Бет аймағының жоғарғы, орталық, төменгі бөліктерінің жарақаттары:1. Орналасуы бойынша;А. Жүмсақ тіндердің

Слайд 3
Сынық түрі бойынша:
а) сынық санына байланысты, жалғыз, екі және көп

жерден;
б) сынық бағытына байланысты: қисық, үзына бойы, көлденең, иректелген, доға

тәріздес т. б.;
в) күш түскен жерге байланысты: тура, тура емес, жұп (тура сынық күш түсірген жерде пайда болады, ал одан қарама-қарсы жақта болса оны тура емес сынық) деп атайды. Жұп сынық күш түсірген жерде және қарсы жағында болады;
г) механизміне байланысты (А. Э. Рауэр): шектен тыс майысудан, қысымнан, ығысудан, жұлынудан;
д) жарқыншақтың ауытқуына байланысты: алғашқы, кейінгі, қайта ауытқу деп бөлінеді.

Жарқыншақтың алғашқы ауытқуына, тиген күштің орнына, бағытына және күшіне байланысты болғандықтан, оның дәрежесін нақтылы білу қиын. Өйткені күштің тиген жерін ғана байқауға болады, ал бағыты мен күші, белгісіз. Сондықтан дәрігер алғашқы ауытқуды тек болжамдайды.
Кейінгі ауытқу жарқыншақтағы бүлшықеттердің жиырылуына және өз салмақтарының жылжуына байланысты. Бұл ауытқуды дәрігер нақты білуі қажет. Өйткені бұлшықеттердің басталып, аяқталатын жерлерін білумен қатар, олардың жұмыстарын толық білу қажет.
Қайта ауытқу сынықты орнына салып, бекітіп емдеу барысында пайда болады. Оның себептері: науқастардың ем тәртібін бұзуы, дәрігерлердің ем әдісін дұрыс қолданбауы.
ж) Жарқыншақтар ауытқуы мен қозғалуына байланысты (С. С. Тигерштед): қозғалатын, майысып қозғалатын, қиын қозғалатын, бір-біріне кірген, салынбайтын болып бөлінеді.
е) Ашық және жабық сынықтар.
Ашық сынықтар егер сүйек жарасының сыртпен қатынасы болса, ал жабық — қатынасы болмаған жағдайда болады.

Сынық түрі бойынша:а) сынық санына байланысты, жалғыз, екі және көп жерден;б) сынық бағытына байланысты: қисық, үзына бойы,

Слайд 4Сынық — сүйек бүтіңдігінің бұзылуы. Ол жарақаттық (зақымдану) және патологиялық

болып бөлінеді. Сынық сүйекке өзінің пластикалық мүмкіншілігінен артық күш түсуі

әсерінен пайда болады. Осы жағдайда сүйекпен қосыла жұмсақ тіндер де жарақаттанады.
Барлық адам қаңқасының ішінде бет-жақ аймағы сүйектерінің сынықтары 3,2%-тен 8%-ке дейін кездеседі.
Оның ішінде орташа есеппен 80% төменгі жақ сүйегінің үлесіне тиеді. Себептері: 1) Төменгі жақ сүйегі қозғалмалы сүйек. 2) Құрылысы шеңбер тәріздес тұйық болғандықтан жаққа тиген күш шеңбер бойымен тарала отырып ең осал жерінде сынады. 3) Бұл сүйек ашық жерде орналасқан, сондықтан барлық зақым осы сүйекке келеді. Жоғарғы жақ сынығы мұрын, шықшыт, сүйектерімен қосылып 12% болады. Себебі: 1) Жоғарғы жақ сүйегі ми-бассүйек тереңінде (артында) және басқа сүйектерінің қоршауында орналасқан. Мысалы, жоғарыда маңдай, екі жағында шықшыт, алдында мұрын, астында төменгі жақ сүйектері.
Жоғарғы жақ сүйегін сындыру үшін күш алдынан артқа қарай бағытталып үлкен пәрменмен берілуі қажет (балтаның шүйдесімен т. б.)
Жоғарғы және төменгі жақтың қосылып сынуы 8% көлемінде. Бұл орташа статистикалық есеп студенттер үшін беріліп отыр. Мысалы Ж. Б. Оразалиннің (1981) ғылыми деректері бойынша, Қазақстан Республикасында бір жыл ішінде 3,5 мың адамдардың төменгі жағы сынған. Оның ішінде 1-2-ші орынды Алматы, Қарағанды, Павлодар қалалары бөліседі.

Сынық — сүйек бүтіңдігінің бұзылуы. Ол жарақаттық (зақымдану) және патологиялық болып бөлінеді. Сынық сүйекке өзінің пластикалық мүмкіншілігінен

Слайд 5Жоғарғы жақ сүйегі бір-бірімен орталық сызық арқылы байланысып, ауыз, мұрын,

көз қуыстарын жасауға қатынасады. Ол сүйектің ішінде гаймор қуысы орналасқан,

оның қабырғалары кілегей қабықпен қапталған. Жоғарғы жақ сүйегінде бірнеше осал жерлер бар. Зақымдалған уақытта осы жерлерде сынық пайда болады. Оны зерттеген француз ғалымы Ле Фор (1901 ж.) Со-ндықтан бұл сынықтарды автордың есімімен атайды. Ле-Фор жоғарғы жақ сынығын 4 түрге бөледі.

Жоғарғы жақ сүйегі бір-бірімен орталық сызық арқылы байланысып, ауыз, мұрын, көз қуыстарын жасауға қатынасады. Ол сүйектің ішінде

Слайд 6I. (Ле-Фор I). Сынық бағыты жоғарғы жақ альвеолды өсіндінің негізінен

көлбеу жазықтықта, алмұрт тәріздес тесіктің астымен, гаймор қуысының төменгі қабырғасымен,

жоғарғы жақ төмпешігімен, негізгі сүйектің қанатша өсіндісі арқылы өтеді. Сынық екіжақты. Мұнда жоғарғы жақтың альвеолды өсіндісі екі жағынан , жоғарғы жақ сүйегінің денесінен ажырайды

I. (Ле-Фор I). Сынық бағыты жоғарғы жақ альвеолды өсіндінің негізінен көлбеу жазықтықта, алмұрт тәріздес тесіктің астымен, гаймор

Слайд 7II. (Ле-Фор II). Сынық маңдай сүйегінің мүрын өсіндісімен мүрын сүйегінің

қосылған жерінен (жігінен) басталып көз қуысының ішкі қабырғасы арқылы көзасты

астаушысына келеді. Осы жерден алға қарай жоғарғы жақ сүйегімен шықшыт сүйегінің қосындысы және негізгі сүйектің қанатша өсіндісі сынады. Бұл жағдайда жоғарғы жақ, мұрын сүйектерімен қоса шықшыт және бас сүйектерінен ажырайды. Торлы сүйек сынып оның клеткалық өсінділеріне жабысқан ми қабығы жыртылады, яғни бас қаңқасының негізі сынуы мүмкін .

II. (Ле-Фор II). Сынық маңдай сүйегінің мүрын өсіндісімен мүрын сүйегінің қосылған жерінен (жігінен) басталып көз қуысының ішкі

Слайд 8III. (Ле-Фор III). Сынық жолы маңдай сүйегімен мұрын сүйегінің жігінен

бастальш көз қуысының ішкі, төменгі сыртқы қабырғалары арқылы өтіп шықшыт-маңдай

сүйектерінің жігімен сынады.
Артқы жағынан негізгі сүйектің қанатша өсінді мен шықшыт сүйектің доғасы арқылы өтеді. Сөйтіп жоғарғы жақ, мұрын, шықшыт сүйектері бас қаңқасынан ажырасуы немесе суббазальды (А. Э. Рауэр) сынық деп атайды.

Осындай сынықтар кезінде бас қаңқасының негізі сынады.
IV. (Ле-Фор-Герен). Жоғарғы жақтың альвеолды өсіндісінің бір жақты сынығы.

III. (Ле-Фор III). Сынық жолы маңдай сүйегімен мұрын сүйегінің жігінен бастальш көз қуысының ішкі, төменгі сыртқы қабырғалары

Слайд 9ТӨМЕНГІ ЖАҚ СҮЙЕК СЫНЫҚТАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Бейбітшілік уақытта (оқсыз зақымданғанда) төменгі жақ

тұйық доға тәріздес болғандықтан, сырттан тиген күш сол тұйық шеңбер

арқылы тарап оның белгілі бір жерлері сынады. Осындай кер әдеттегі сынатын немесе сүйектің осал жері не болмаса доғаның ең көп иілген бұрышы деп аталады. Олар орталық жік, 3[3 тіс ұялары, төменгі жақ бұрышы және төменгі жақ буын өсіндісі.

Орталық сызықта жақтың екі бөлігі қосылады. Ол жік өте қатты болғандықтан сынық оның оң немесе сол жағынан 1—2 мм ауытқиды. 3[3 тіс түбірі жуан және ұзын, маңындағы жақ сүйегі жұқа, сондықтан көбіне осы жер сынады. Сынықтың төменгі жақ бұрышында болу себебін екі түрлі теориялармен дәлелдейді: 1) Төменгі жақ доғасының ең үлкен иіні осы жерде орналасады. 2) Осы жерде өсу аймағы орналасқандықтан сүйекте кальций, фосфор қышқылдарының түздары аз.

ТӨМЕНГІ ЖАҚ СҮЙЕК СЫНЫҚТАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІБейбітшілік уақытта (оқсыз зақымданғанда) төменгі жақ тұйық доға тәріздес болғандықтан, сырттан тиген күш

Слайд 10Төменгі жақ сүйегі сынығының клиникасы және диагнозы.
Төменгі жақ сүйегі доға

тәріздес қозғалмалы тығыз сүйек. Екі симметриялы бөліктен тұрады. Сүйек тығыз

тінінен құралып, аралығында аздаған кемік тіндері болады. Денесі жоғары қарай альвеолды өсіндіге ұласып, тіс ұясының қабырғаларын құрайды. Альвеолды өсіндінің қабығы сүйек қабығымен тығыз байланысып, қозғалмайды. Төменгі жақ сүйегінің ішінде қан тамыры және төменгі альвеолды нерв жүретін өзегі бар. Ми сауытымен бұл сүйек самай-төменгі жақ буыны арқылы байланысады.
Сынықтың қай жерде болуына және оның түріне байланысты аурулардың шағымдары әртүрлі болады. Барлық жағдайда да олар төменгі жақтың анық бір жерінде пайда болатын ауыру сезіміне шағым жасайды. Бұл жақ қозғалысында, тамақты тістегенде және шайнағанда ұлғая түседі. Кейде төменгі еріннің сезімталдығы жойылады (бұл нерв қан тамырларының қысылуына немесе үзілуіне байланысты). Тістеу бұзылып және ауыздан қан ағуы ықтимал. Осылармен қатар бас айналып, ауырып, құсқысы келеді, кейде құсуы мүмкін.

Төменгі жақ сүйегі сынығының клиникасы және диагнозы.Төменгі жақ сүйегі доға тәріздес қозғалмалы тығыз сүйек. Екі симметриялы бөліктен

Слайд 11Төменгі жақты пальпация жасағанда жоғарыдан ортаға немесе орталықтан жоғары қарай

саусақтарды төменгі жақ сүйегінің төменгі жиегімен жүргізу керек. Пальпацияны жақтың

сау жағынан бастаған жөн. Бұл кезде ауыратын нүктесін, сүйек жарқыншағы жоқ жерін, ісік немесе гематоманы анықтауға болады.
Дәрігер саусақ ұшын құлақ қусына енгізіп төменгі жақты төмен және оңға, солға бұру арқылы буын басының қозғалуын байқауы керек. Немесе буын басының қозғалуын құлақ алдынан сипап байқауға болады.
Осыдан кейін ауыратын нүктені анықтау үшін ауыру белгісін тексеру керек. Ол үшін: 1) Оң алақанды иекке қойып алдынан артқа қарай төменгі жақты итереді. 2) Екі алақанды жақ сүйегінің екі жағына тіреп бір-біріне қарай қысады. 3) Бас бармақтарды төменгі жақ бүрышының екі жағына қойып, төменнен жоғары қарай («буын өсіндісіне" қарай) ептеп басады.
Егер төменгі жақ сынған болса дәрігердің салған күшінен сынған жер ауырады, оны науқас бір саусағымен дәл көрсетеді. Әдетте, бұл жердің нүктесі бұрынғы пальпация жасаған кезде анықталған сүйек жарқыншағының жылжыған жері мен жұмсақ тіннің гематомасына сәйкес келеді.

Төменгі жақты пальпация жасағанда жоғарыдан ортаға немесе орталықтан жоғары қарай саусақтарды төменгі жақ сүйегінің төменгі жиегімен жүргізу

Слайд 12Жақ-бет аймағы жарақаттанған науқастарға көмек көрсету.
Жақ сүйегі сынған науқастардың еміне

барынша тез арада олардың жоғалтқан пішіні мен қызметін қалпына келтіру

жатады. Бұл мақсатқа жету үшін травматологияның келесі жалпы қағидаларын орындау қажет: а) репозиция (сынықты өз орнына салу); б) фиксация (бекіту); в) ауру ағзаға тыныштық жасау немесе физиологиялық ем; г) асқынулардың алдын алу.
Көрсетілген көмектің көлемі, түрі жарақат алған жердегі жағдайға, медициналық пункттер мен мекемелердің дислокациясына (орналасқан жеріне) байланысты өзгеруі мүмкін.
Көмек көрсетудің бірнеше түрін ажыратады:
1) Алғашқы көмекті науқастарға жарақат алған жерде, санитарлық посттарда санитар, санинструкторлар болмаса озіне-өзі немесе біріне-бірі көмек көрсетеді.
2)Дәрігерлік көмекке дейінгі жәрдемді фельдшер немесе мейіркеш көрсетеді, оның мақсаты алғашқы көрсетілген көмекті толықтыру.
3) Бірінші дәрігерлік көмек, жарақат алғаннан бастап 4 сағатқа дейін көрсетілу керек (бұл көмекті ауылдық ауруханаларда, дәрігерлік денсаулық пункттерінде, жедел көмек операцияларында маман емес дәрігерлер көрсетеді).
4) . Жетілдірілген хирургиялық көмек медициналық мекемелерде жарақат алғаннан бастап 12—18 сағаттың ішінде көрсетілуі тиіс.
5) . Мамандандырылған көмек жарақат алғаннан соң бір тәуліктің ішінде арнайы мекемелерде көрсетілу керек.


Жақ-бет аймағы жарақаттанған науқастарға көмек көрсету.Жақ сүйегі сынған науқастардың еміне барынша тез арада олардың жоғалтқан пішіні мен

Слайд 13Жақ сынақтарын уақытша бекіту тәсілдері.
Төбе-иектік таңғыш салу. Науқасты тасымалдаған

кезде сынықтардың жылжуына мүмкіндік бермейді. Бұл мақсатта торлы эластикалық дәкені

пайдалануға болады. Стандартты траспорттық таңғыш сынықтардың мықты бекуін қамтамасыз етеді. Ол иек сақпаны ме тірек қалпақтан тұрады. Оның 3 жүп ілмегі болады, ол резина сақинаны бекітеді. Ілмек астында дәке салатын қалта болады. Сондықтан резина сақина ісінген жұмсақ тіндерге күш түсірмейді және жарақаттамайды. Қалпақ шүйде бұдырын жауып тұруы қажет. Сақпан жиегін жабу үшін қосымша мақталы дәке салады. Бұл ісінген жұмсақ тіндердің таңғышпен тікелей жанасуынан, иек маңындағы тері жабындыларының зақымдануынан қорғайды. Резина сақинаның санына байланысты, сақпан сыныққа күш түсіруі немесе түсірмеуі мүмкін. Төменгі жақ тіс қатарларынан тыс сынғанда және жоғарғы жақ сынғанда стандартты таңғышты 3 жұп резина сақина қолдану арқылы салады. Төменгі жақ тіс қатары деңгейінде сынса тек сынықты ұстату үшін салады. Біріккен сынықтарға шектен тыс күш түсірілсе одан әрі бітісіп асфиксияның даму қаупін туғызады. Сондықтан маман еместерге ұстатушы ретінде стандартты транспорттық таңба салу нұсқасы беріледі.
Померанцев-Урбанскаяның жумсақ иек сақпаны. Мұның иек-тіл бөлігі бірнеше қабат дәкеден немесе бязден дайындалған. Аралық бөлігі екі кең резинадан тұрады, ол таңғыштың шеткі бөлігіне өтеді. Мұның бауы, сақпанның резиналы жолақтарының тартылу дәрежесін реттейді. Бұл таңғыш науқастар үшін тиімді, қолдануға қарапайым және сынықтардың жақсы бекітілуін қамтамасыз етеді.
Ауыздан тыс желісі бар (стерженъ) металл шина-қасық. Төменгі жақта тіс болмаса немесе жеткіліксіз болса жоғарғы жақ сынығы кезінде қолданылады. Дәкеден жасалған қасықты ауызға енгізіп жоғары жақ тістеріне қысып, оның желісін науқастың басына дәке немесе стандартты қалпақтың көмегімен бекітеді. Ауыздан тыс желі науқастарға көптеген ыңғайсыздық тудырады, қасық тістерде керегінше тығыз жатпайды. Қазіргі кезде бұл әдіс өте сирек қолданылады.
Жақаралық лигатуралық бекіту—төменгі жақ сынықтарының орнынан жылжып кетуінен сақтайды. Оны жүзеге асыру үшін әр сынықта екіден мықты және антогонист тістер болуы қажет. Таңып байлағанда сынық тұсында тұрған жарақатты пульпит немесе периодонтит белгісі бар тістерді қоспайды.

Жақ сынақтарын уақытша бекіту тәсілдері. Төбе-иектік таңғыш салу. Науқасты тасымалдаған кезде сынықтардың жылжуына мүмкіндік бермейді. Бұл мақсатта

Слайд 14Мамандандырылған хирургиялық көмек. Мамандандырылған хирургиялық көмек емханаларда, травматологиялық пункттерде, аудандық

және қалалық хирургиялық, травматологиялық бөлімдерде дәрігер хирургтар мен травматологтар арқылы

жүзеге асырылады. Ең бірінпгі кезекте көмек шок, қан кету, жедел қан жоғалту, асфиксия белгілері бар науқастарға көрсетіледі. Мысалы, егер бет-жақ аймағының ірі қан тамырларынан қан кетуді тоқтату мүмкін болмаса, сыртқы ұйқы артериясын байлап таңады. Мамандандырылған хирургиялық көмек көрсету кезеңін 3 топқа бөледі. 1 — тек хирургиялық көмекті қажет ететіндер (жұмсақ тіндер жарақаты, I—II дәрежелі күйіктер, бет үсігі); 2 — арнайы көмекті қажет ететіндер (жүмсақ тіндер мен сүйек жарақаты, III—IV дәрежелі күйіктер, бет үсуі) көмек көрсетілгеннен кейін стоматологиялық стационар бөлімдерге жіберіледі. 3 — тасымалдауға келмейтін және дененің басқа аймағы, зақымдануы кезінде (әсіресе ми жарақаты).

Мамандандырылған хирургиялық көмек. Мамандандырылған хирургиялық көмек емханаларда, травматологиялық пункттерде, аудандық және қалалық хирургиялық, травматологиялық бөлімдерде дәрігер хирургтар

Слайд 15Жақ сүйектері сынықтарын емдеу тәсілдері.
Жақ сынықтарының емдеу тәсілдері жергілікті және

жалпы деп бөлінеді. Жергілікті емнің өзі уақытша (транспорттық) және тұрақты

(емдік) емге бөлінеді. Тұрақты емнің ортопедиялық және хирургиялық түрлері бар.
Шеңдеуіштердің көмегімен көрсететін ортопедиялық ем үш топқа бөлінеді: тістік, тіс-қызыл иектік және қызыл иек үстілік.
Шендеуіштерге қойылатын талаптар: 1. Шендеуіш сынықтарды мықтап ұстап түруы; 2. Құрылысы қарапайым болуы; 3. Қолда бар заттардан оңай дайындалуы; 4. Ағза қызметіне кедергі келтірмеуі керек.

Жақ сүйектері сынықтарын емдеу тәсілдері.Жақ сынықтарының емдеу тәсілдері жергілікті және жалпы деп бөлінеді. Жергілікті емнің өзі уақытша

Слайд 16Сынықтарды хирургиялық әдістермен емдеу
Сынықтарды хирургиялық әдістермен емдеудің көрсеткіштері:
1. Тістері жоқ

жақтардың сынықтары немесе тістер санының аздығы.
2. Дұрыс бітпеген сынықтар немесе

жалған буын.
3. Жұмсақ тіндер сынықтардың ортасында тістеліп қалса.
4. Қан тамыр-нерв шоғырының зақымдана сынуы.
5. Тіс қатарынан тыс сынықтың жылжуы.
6. Көптеген сынықтар.
7. Көп жарқыншақты сынықтар.
8. Жұмсақ тіндер қоса зақымданған сынықтар.
9. Тіс сауыттары конус тәрізді болса.
10. Психикалық науқастар.
11. Жоғарғы, төменгі жақтардың бірлескен сынықтары.
12. Сынық сызығы кисталық қуыспен өткен кезде.
Сүйектік тігіс. Төменгі жақ денесінің, бұрышының, бұтағының, буын өсіндісі негізінің сызықты және алшақ орналасқан сынықтары кезінде сүйектік тігіс салынады. Тігіс материалы ретінде болаттың арнайы магнитті, тотықпайтын түрінен жасалған, IX 1 8М9Т, ЭП—400, ЭК-1 нихром, виталиум, тантол, титан 0,6—0,8 мм және полиамидті жіптер мен диаметрі 0,7—1,0 мм литиланловсан, хромдалған кетгут кең қолданылады. Сүйектік тігіс салу вдістерін ауызішілік және ауыздан тыс деп бөлуге болады.
Ауыз іші арқылы тігу альвеолдық өсінді аймағына салынады, ол үшін диаметрі кішкене (0,1—0,3 мм) материал қолданылады. Оперативті әдіс жергілікті жансыздандыру арқылы жүргізіледі. Жеткілікті мөлшерде альвеолды қырдың ұшы арқылы трапеция тәрізді тілік жүргізіледі. Шырышты-сүйек қабығы қиындысын сындырады да сынықтарды орнына қойып сүйекті тігеді. Тәжірибеде бұл операция жиі жасалынады. Бұл зақымданған аймақтың бойына ревизия жүргізуге мүмкіндік береді және репозицияны жсцілдетеді. Үлкен диаметрлі тігіс материалын (0,6—1,0 мм) салу сынықтардың мықты бекуін қамтамасыз етеді. Сүйекті тіккенде сынықтардың орнына қарамастан мына жағдайларды сақтауға ұмтылу керек.

Сынықтарды хирургиялық әдістермен емдеуСынықтарды хирургиялық әдістермен емдеудің көрсеткіштері:1. Тістері жоқ жақтардың сынықтары немесе тістер санының аздығы.2. Дұрыс

Слайд 17Ж. Б. Оразалиннің жоғары қысымды полиэтиленнен жасалынған сүйектік төсеніш тұтқасы


Сүйек остеонсинтезі
В. И. Лукьяненко бойынша операция техникасы.
Ж. С. Сағатбаевтың

өздігінен таралатын темір сыммен жасалатын остеосинтезі.
Гомопластикалық остеосинтез
Рудько аппараты
АОЧ апаратымен М. А Макиенко бойынша Киршнер сымдарымен жасалатын остеосинтез
Фальтин-Адамс тәсілі және оның модификациялары.
Збарж аппараты
Ж. Б. Оразалиннің жоғары қысымды полиэтиленнен жасалынған сүйектік төсеніш тұтқасы Сүйек остеонсинтезіВ. И. Лукьяненко бойынша операция техникасы.

Слайд 18Пайдаланған әдебиеттер
www.google.kz
“ Хирургиялық стоматология “ - Оразалин Ж.Б.
Төлеуов Қ.Т.
.

Пайдаланған әдебиеттерwww.google.kz“ Хирургиялық стоматология “ - Оразалин Ж.Б.Төлеуов Қ.Т..

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика