Разделы презентаций


"Автомобильді? генераторы ж?не оны? ??рылысы" та?ырыбында?ы ашы? саба? презентациясы

Содержание

Автомобиль генераторының құрылысы және жұмысы Кез-келген автомобильдің электр жүйесінің құрамына генератор кіреді.Генератор-қозғалтқыштан алынған механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын құрылғы.Кернеуді реттегішпен бірге ол генератор құрылғысы деп аталады.Қазіргі таңда айнымалы токтың генераторы қолданылады.Олар

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Сабақтың тақырыбы: Автомобильдің генераторы, құрылысы және пайдаланылуы



Құрастырған:арнайы пән мұғалімі
С.К.Кубиев

Сабақтың тақырыбы:    Автомобильдің генераторы, құрылысы және пайдаланылуы  Құрастырған:арнайы пән мұғаліміС.К.Кубиев

Слайд 2Автомобиль генераторының құрылысы және жұмысы
Кез-келген автомобильдің электр жүйесінің құрамына

генератор кіреді.Генератор-қозғалтқыштан алынған механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын құрылғы.Кернеуді реттегішпен

бірге ол генератор құрылғысы деп аталады.Қазіргі таңда айнымалы токтың генераторы қолданылады.Олар кейбір қойылатын талаптарға сәйкес келуі керек.
Генераторға қойылатын талаптар мыналар: 1. генератордан шығатын өлшемдер мынадай болуы шарт,автомобильдің кез-келген қозғалысында аккумулятор батареясы қуатын азайтпау керек; 2. айналу күшінің өзгергеніне және салмақтың өсуіне байланысты автомобильдің борттық жүйесіне генератормен берілетін кернеу бірқалыпты болуы керек. Соңғы талаптың туындауы,кернеудің бірқалыпты болмауы аккумулятор батареясына қатты әсерін тигізеді.Өте төмен кернеу батареяға жеткілікті қуат бере алмайды,сондықтан қозғалтқыштың оталуы қиындайды,ал өте жоғары кернеуден батареяның қуаты шамадан тыс көбейеді, бұл оның жылдам істен шыуына әкеліп соқтырады. Барлық автомобильдер үшін генератордың жұмыс істеуі,құрылысы бірдей болады,тек айырмашылығы оның дайындалудағы сапасы,сыртқы өлшемі,жалғану бөліктерінің орналасуы.

Автомобиль генераторының құрылысы және жұмысы Кез-келген автомобильдің электр жүйесінің құрамына генератор кіреді.Генератор-қозғалтқыштан алынған механикалық энергияны электр энергиясына

Слайд 3 Генератор

1-шкив 2- алдыңғы және артқы қақпақтар 3- ротор 4-статор 5- түзеткіш диодтардың жиынтығы 6- кернеуді реттегіш 7- щеткалы құрылым 8- қақпақша
Генератор

Слайд 4Генератордың басты бөлшектері:
1.Шкив – қозғалтқыштың механикалық энергиясын генератордың валына ремень

арқылы жеткізуге арналған ; 2.Генератордың сыртқы қаңқасы екі қақпақтан тұрады: алдыңғы

(шкив жағынан) және артқы (түйісу сақиналары жағынан), статорды бекіту үшін, генераторды қозғалтқышқа орнату үшін және ротордың подшипниктерін орнату үшін арналған.Артқы қақпағында токты түзеткіш,щетка құрылымы,кернеуді реттегіш (егер ол орналастырылған болса) және электрқұрылғыларының жүйесіне сырттан қосу жалғағыштары орналастырылады; 3.Ротор - үшкіртұмсықты болаттан жасалған екі төлке орналастырылған болат вал.Олардың арасында шеттері түйісу сақинасымен жалғасқан қоздырғыш орам орналасқан.Генераторлар цилиндрлік мыстан жасалған түйісу сақиналарымен жарақталған ; 4.Статор – тұрба тәріздес болат табақшалардың жиынтығы.Оың ойығына генератордың қуатын туғызатын үштілді орам орнатылған ; 5.Түзеткіш диодтардың жиынтығы – тығыздалған үш үштен оң және теріс жылу өткізгіштерден тұратын,алты күшті диодтарды біріктіреді; 6.Кернеуді реттегіш – генератордың роторының айналу жиілігінде және қоршаған ортаның температурасының,автомобильдің борттық жүйесінде электр тогының күшін белгілі бір шегінде ұстап тұратын құрылғы ; 7.Щеткалы құрылым – алынбалы пластмассалы қондырғы.Мұнда серіппемен орналастырылған,ротордың түйіспелі сақиналары орналастырылған;
Генератордың басты бөлшектері:1.Шкив – қозғалтқыштың механикалық энергиясын генератордың валына ремень арқылы жеткізуге арналған ; 2.Генератордың сыртқы қаңқасы

Слайд 5Генератордың роторы
1. Ротордың валы; 2. ротордың шеткі нүктелері; 3. Қоздырғыш орамы; 4. түйіспелі

сақиналары.

Генератордың роторы1. Ротордың валы; 2. ротордың шеткі нүктелері; 3. Қоздырғыш орамы; 4. түйіспелі сақиналары.

Слайд 6Генератордың роторы
Қоздыру орамында ток болмаған күнде де ротордың шеткі нүктелерінде

қалған магниттік ағымдар болады.Алайда оның күші аз болады,генератордың өздігінен ток

беруіне күші жетпейді,тек айналу күші өте жоғары болғанда болмаса. Сондықтан,роторда алғашқы магнит өрісі пайда болуы үшін,аккумулятор батареясынан ,генератордың жұмысын бақылайтын шамы арқылы ток береді. Токтың күші өте көп болмауы керек,аккумулятордың қуатын жоймау үшін,және қозғалтқыштың жәй айналымында генераторды қоздыру үшін өте аз болмау керек.Бұдан ойымызды жинақтасақ,бақылау шамының күші 2…3 Вт құрайды.Бұдан кейін, статордың орамдарындағы кернеу жұмыс қалпына жеткенде шам өшеді,қоздыру орамы генератордың тікелей өзінен алады.Бұл уақытта генератор өздігінен ток бере бастайды.
Генератордың роторыҚоздыру орамында ток болмаған күнде де ротордың шеткі нүктелерінде қалған магниттік ағымдар болады.Алайда оның күші аз

Слайд 7Генератордың статоры
1. статордың орамы; 2. Орамның шеттері; 3. Магниттік сымдар.

Генератордың статоры1. статордың орамы; 2. Орамның шеттері; 3. Магниттік сымдар.

Слайд 8Генератордың статоры
Статордың орамындағы шығатын кернеу жойылады.Ротор айналғанда қарама қарсы статордың

катушкасының орамында кезекпен ротордың"солтүстік" және «оңтүстік" шеткі нүктелерінде, яғни статордың

катушкасына енетін,магнит өрісінің бағыты өзгереді де,онда айнымалы кернеудің пайда болуына себеп болады.Бұл кернеудің жиілігі генератордың айналу жиілігіне және оның шеткі нүктелерінің жұбына байланысты болады.

Генератордың статорыСтатордың орамындағы шығатын кернеу жойылады.Ротор айналғанда қарама қарсы статордың катушкасының орамында кезекпен ротордың

Слайд 9Түзеткіш диодтары
Автомобильдің борттық жүйесінде тұрақты кернеудің болуы шарт.Сондықтан, статордың орамы

ток күшін автомобильдің борттық жүйесіне генераторда орналастырылған түзеткіш арқылы береді.

Түзеткіш үш тінді жүйеде алты күшті жартылай өткізгіш диодтардан тұрады, олардың үшеуі генератордың "+" шығырына,ал басқа үшеуі "—« шығырына ("массаға")қосылған. Жартылай өткізгіш диодтар ашық түрде тура бағыттағы кернеуді өткізуге кедергі келтірмейді және кері бағыттағы токтың кернеуін өткізбейді.Түзеткіш диод дегеніміз,жылу өткізгіште тығыздалып оралған,кремнийден жасалған жалғағыштан тұратын, қарапайым жартылай өткізгіш .
Түзеткіш диодтарыАвтомобильдің борттық жүйесінде тұрақты кернеудің болуы шарт.Сондықтан, статордың орамы ток күшін автомобильдің борттық жүйесіне генераторда орналастырылған

Слайд 10Түзеткіш диодтары
1. Күштік диодтары; 2. Қосымша диодтар; 3. Жылу өткізгіш.

Түзеткіш диодтары1. Күштік диодтары; 2. Қосымша диодтар; 3. Жылу өткізгіш.

Слайд 11Кернеу реттегіш
Реттегішсіз генератордың кернеуі, генератордың роторының айналу жиілігіне ,қоздырғыш орамындағы

магнит өрісіне,сонымен қатар генератордың тұтынушыларына беретін осы орамдағы ток күшіне

және токтың өлшеміне байланысты.Неғұрлым айналу жиілігі көп болса және қоздыру күші көп болса, соғұрлым генератордың кернеуі көп болады,оның салмағының ток күші көп болса,кернеуі де аз болады. Реттегіштің қызметі айналу жиілігі өзгергенде және салмақ түскенде токтың құбылуынан туындайтын кернеуді бірқалыптандыру.Осыған дейін дірілдетіп реттегіш, түйіспелі транзисторлар қолданылған.Қазіргі кезде бұл реттегіштің екі түрінің орнына электрондық реттегіштермен ауыстырылған.
Электронды жартылай өткізгішті реттегіштерді әр түрлі қылып дайындайды,бірақ барлық реттегіштердің жұмысы ұқсас болып келеді. Әрине,қосымша резистордың көмегімен қоздыру тізбегіндегі токты өзгертуге болады,мысалы кернеуді дірілдетіп реттегіштермен,бірақ бұл әдіс резисторларда қуатты жоғалтады,электрондық реттегіштерде қолданылмайды.Электрондық қоздыру орамдарына реттегіштермен жүйеден берілетін токты қосу және айыру арқылы өзгертеді,мұнымен қоздыру орамдарын қосу ұзақтығы біршама өзгереді. Егер, кернеуді реттеу үшін,қоздырудың ток күшін азайту керек болса, қоздыру орамын қосу ұзақтығы азаяды,егер көбейту керек болса,көбейтеді.

Кернеу реттегішРеттегішсіз генератордың кернеуі, генератордың роторының айналу жиілігіне ,қоздырғыш орамындағы магнит өрісіне,сонымен қатар генератордың тұтынушыларына беретін осы

Слайд 12Кернеуді реттегіш

Кернеуді реттегіш

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика