Слайд 1Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық
қазақ – түрік университеті
Тақырып: Оперативті хирургияның
заманауи түрлері. Хирургиядағы нанотехнологиялар.
Тобы:Жм-304
Қабылдаған:м.ғ.м доцент; Тулежанов Н.
Орындаған:Жарылқап Ә.Т.
Слайд 2I. Кіріспе:
II. Негізгі бөлім:
1.Жалпы хирургиялық инструменттер.
2. Дренаждау
3.Лапароскопияның құрылысы және қолданылуы.
4.Лазерлі
хирургияның қасиеттері мен коагуляциясы
5.Эндоскопия әдісінің медицинада қолданылуы.
6.Эндаскопиялық зерттеу әдісі.
7.Осы әдістің
анатомия-физиологиялық ерекшеліктері мен артықшылықтары.
8.Радиоизотопты зерттеу тәсілдері.
9.Компьютерлік томографиялық тексеру.
III. Қорытынды:
Слайд 3ЖАЛПЫ ХИРУРГИЯЛЫҚ ИНСТРУМЕНТТЕР
Хирургиялық инструменттер- хирургиялық манипуляция кезінде
операциялық, байлап-таңу, сонымен қатар диагностикалық зерттеу мақсатында қолданылатын инструменттер.
Жалпы хирургиялық және арнайы инструменттерді ажыратады: акушерлі-гинекологиялық, нейрохирургиялық, оториноларингологиялық, офтальмологиялық, стоматологиялық, травматологиялық, ортопедиялық, урологиялық және т.б. Радиоманипуляция, емдік жүрек-тамырлы, лазерлі хирургия және т.б. арналған арнайы инструменттер де жасалған. Инструменттер функционалдық топтарына қарай келесілерге бөлінеді:
Слайд 41. Тіндерді ажыратуға арналған инструменттер:
а) Кесетін- бір немесе бірнеше кескіш
жезі бар жұмсақ тіндерді айыруға (жару және кесу ) арналған
инструмент - ағзалар резекциясы, полиптерді алып тастау, тістеуік және т.б. Оларға пышақтар және медициналық қайшылар, скальпельдер, кюреткалар, медициналық ілмек, қасықтар, тістеуіктер, аденотомдар, конхотомдар және т.б. жатады. Сүйек тінін өңдеу үшін (патологиялық ошақтарды және өсінділерді жаншу) медициналық қашау, стамескалар, сүйек қысқыштар мен тістеуіктер және т.б. қолданылады.
Слайд 5Әрбір хирургиялық пышақтың кескіш элементі, оның ішінде кеңінен таралған скальпельдің,
арнайы үшкірленген бұрышы бар саға тәріздес болып келген жезі болып
табылады. Бұл жағдайда β бұрышы соғұрлым кем болған сайын, скальпель соғұрлым өткір және соғұрлым жылдам мұқалып қалады. Жұмсақ тіндерді кесуге арналған β бұрышы 15-тен 35ОС (көз скальпелі 20ОС , жалпы хирургиялық 25ОС), шеміршектерді кесуге арналған - 30-дан 35ОС , сүйек тіндерін жаруға арналған- 40-50ОС. Скальпельдің кесу қасиеті жездің микрогеометриясы мен кесілетін объектінің көлбеуіне байланысты (кесілетін материалға жез көлбеуі неғұрлым аз болған сайын тіндерді кесу оңайырақ болады).
Слайд 6Скальпельдің кесу қасиетін оның тағайындалуына байланысты арнайы барабанға керілген қағаз,
замша немесе теріні тілу жолы арқылы сынақ жүргізіледі. Сынақ нәтижесі
бойынша тілім шеттері тегіс болу қажет, ал жезі мұқалып қалмау керек. Хирургиялық қайшылардың екі жезі болады, кездесу нүктесі деп аталатын кездесу бағыты кезінде тіндерді жарып жібереді. Жездер арасында саңылау болмау қажет, әйтпесе материал қырмыждалып және тіндерді қосымша жарақаттауы мүмкін. Көптеген қайшылардың кесу қасиетін бір немесе бірнеше (5 дейін) дәке, мақта немесе дымқыл қағаз қабаттарын үш реттік кесу жолы арқылы тексереді.
Слайд 7Дәке, мақта, қағаз ауалануға және жездер арасынан өтіп кетпеуі қажет.
Пышақ және қайшылардың кесу жездері никель немесе хроммен қапталмаған, сондықтан
олар көбінесе коррозияға ұшырайды.
б) Аралау және бұрғылау инструменттері- медициналық ара (тістері бар көпжезді инструмент, жан-жаққа айырылысқан- тақтары бір жаққа, жұптары қарама-қарсы жаққа), медициналық рашпила- тегіс жұмыс бөлігіне орналасқан тістері бар инструмент- айналмалы қозғалыс кезінде сүйектерді өңдеуге арналған көпжезді инструмент.
в) Тіссіз бөлгіш инструменттер (табиғи каналдарды кеңейту, тар жолдарды зерттеу, жараларды зондтау және тампондау, тіндерді тіссіз бөлу). Оларға бужалар, зондтар, катетерлер, трахеотомиялық, интубациялық түтікшелер және т.б., распаторлар- ось бойына перпендикулярлы орналасқан бір жезді инструмент.
Слайд 82) Тескіш инструменттер- тері асты, тері ішіне, бұлшық етке, күре
тамырға жә-не т.б. дәрілік ерітінділерді енгізу мақсатында тесуге, пункциялар және
басқа да манипуляциялар: инъекциялық инелер, қан алу үшін, қанды құю үшін, перфора-торлар, троакарлар, троакар-катетерлер және т.б., тігіс салуға арналған инелер- (хирургиялық травматикалық) арналған іші қуыс (түтікшелі) инструмент.
Слайд 93) Қысқыш, ілгіш және жаншу инструменттері (қанды тоқтату үшін, түтікщелер
мен қуыс ағзаларды резекциялау кезінде қысу, ағза, сүйек және жұмсақ
тіндерді немесе хирургиялық инелерді, эластикалық түтікшелерді фиксациялау және қысып ұстап қалу). Оларға фиксационды, қуыс ағзаларға арналған және қан тоқтататын қысқыштар, ине, сүйек, тіл ұстағыштар, пинцеттер, ілмектер, корнцангтар, ағзаларды және кескіш инструменттерді ұстағыштар және т.б. жатады. Қысқыш және ілгіш инструменттердің ағза, тін, материал немесе заттарды қысып қалатын екі жұмысшы браншы бар және олардың қосарлануын біріктіретін құлыптар- анық емес (штифтті, қорпашалы) және анық. Кейбір қысқыштар бранштарды қысу жағдайында ұстап тұратын кремальермен жабдықталған.
Слайд 10Тіндер құрылымының өзгерісін тудырмайтын жаншу қысқыш инструменттері икемді деп аталады,
ал тіндердің кейбір қайтымды өзгерістерін тудыратын жаншу қысқыш инструменттері
икемсіз қатты деп аталады.
4) Алып тастау инструменттері- тастарды, спиральды және бөтен денелерді алып тастауға, тістерді жұлуға және т.б. арналған- ілмектер, экстракторлар, тіс қысқыштары және т.б.
5) Кеңейткіш және сығыстыратын инструменттер- жараларды, табиғи қуыстарды, каналдар мен жолдарды кеңейтуге, ағзаларды сығыстыруға, оперативтік араласуда немесе жұмсақ тіндерді тексеру кезінде созуға (ретракция) және де тіндерді кездейсоқ бұзылыстардан қорғауға арналған инструменттер. Мұндай инструменттерге шпательдер, пластинкалар, имектер, көтергіштер, айналар, ретракторлар, жара-, қабақ-, ауыз кеңейткіштер, гинекологиялық кеңейткіштер, дилататорлар және т.б. жатады.
Слайд 116) Сүйектерді біріктіруге арналған травматологиялық бұйымдар (пластинкалар, бұрандалар (винт), бұрандалы
шеге (шуруп), өзекшелер (стержень), шегелер, кронштейндер), сүйекке әсер етуге арналған
(қапсырма (скоба), манжеталар).
7) Қосымша инструменттер (балғалар, бұрауыш (отвертка), кілттер, коловороттар, бұрғылар (дрель) және т.б.).
Хирургиялық инструменттердің тағайындалуы және қолданылуына байланысты олардың икемділігі, нәзіктілігі және әртүрлі өлшемдері болады. Мысалы, офтальмалогиялық микрохирургиялық инструменттер өлшемі бойынша кішкентай және әлдеқайда жеңіл, ал акушерлік-гинекологиялық, керісінше, ұзартылған және массивті сабымен жабдықталған, ал жүрек-тамырлы инструменттер әлдеқайда жіңішке және нәзік.
Слайд 12Инструменттерге қойылатын негізгі талаптар
Адам ағзасы мен дәрілік заттармен ұзақ
(үздіксіз 6 сағаттан аса) уақыт әрекеттесетін инструменттер қорытпа жабындысыз және
тек қана коррозияға төзімді металдардан жасалу қажет.
Инструменттердің үстіңгі бетінде ұрылған, соғылған, ойылған сызат іздер, жарықшақ, қабаттасу, қабыршықтану болмауы керек.
Көміртекті болаттан жасалған бұйымдар, никельді және хромды жабындысы бар түсті қорытпалар және тот баспайтын болаттар пайдаланғанда, сақтағанда және тасымалдау жағдайларында коррозиялы- төзімді болу керек.
Инструменттер стерилдеу және стерилдеу алды тазалау, дезинфекциядан тұратын өндеу циклдеріне берік қасиетке ие болу қажет.
Слайд 13Инструменттердің сапасын бағалау
Инструменттердің сапалық бағасын қабылдау кезінде жүргізіледі (көбінесе партиямен).
Партия деп бір құжат бойынша қабылданатын бір типті пішінді инструменттерді
атайды.
Медициналық инстурменттерді қабылдау барысында келесі көрсеткіштерді тексереді: негізгі геометриялық өлшемдері, сыртқы көрінісі, ақауының болуы (визуалды анықтау), декоративті қорғау жабындысы, беткі бетінің бұжырлығы, беріктігі (егер ол бұйымның техникалық жағдайында көрсетілсе), жарқырау түрі, бұйымның жинақтаулығы, маркировкасы. Аталған шараларды қабылдау кезінде қалыпты климаттық жағдайда өткізу қажет (тек климаттық факторға әсер ету сынағынан басқа).
Слайд 14 Инструменттердің тасымалдануы
Инструменттерді тақтайшалы жәшіктерде тасымалдау қажет. Тақтайшалы
жәшіктердің ішіне су өткізбейтін материалмен қапталу қажет.
Контейнерлерде тасымалдау кезінде тасымалдау
тарасы ретінде гофрирлі қатты қағаздан жасалған жәшіктер, сонымен қатар қаптауыш пергамент немесе орама қағазынан жасалған пакеттер рұқсат етіледі.
Бір мекен-жайға бағытталған аса көп емес инструменттердің әртүрлі түрлерін тасымалдау тарасына салуға болады.
Слайд 15Әр тасымалдау тара жәшігіне дайындаушы-өндірісі немесе оның тауарлық белгісі, саны
және орамдалған инструменттер атауы, бақылаушы және орамдаушының шартты номері, орамдау
күні жазылған орамдау қағазы салыну керек.
Тасымалдау маркировкасын тасымалдау тарасының сыртқы бетіне сәйкес түрдегі манипуляциялық белгіні жазу арқылы белгілейді, мысалы «Дымқылдан қорқады». Жөнелту кезінде брутто массасы 50 кг аспау керек, ал пошталық посылкамен жіберу кезінде – 20 кг аспау қажет.
Слайд 16Ғасырлар бойы хирургияның дамуы ретінде іріңді жараны емдеу кезінде жараның
қуыстарына жиналған іріңді сыртқа шығару үшін салынған жолмен жара қуыстарына
жиналған ірің, тіндердің іріуінен пайда болған зиянды сұйықтық заттар, микробтар, сүйектің ұнтақтары сыртқа қарай шығып жатады.Жара қуыстарынадағы бөтен зат сыртқа шығкына байланысты қабыну процесі аяқталып, регенерациялық процесс басталады да, жара жазылу кезнңіне ауысады.Соңғы жылдары іріңді жараға жол салу ғана емес, сол жол арқылы әртүрлі дәрілердің және сұйықтықтардың көмегімен жаралы қуыстарды мұқият жууға мүмкіндік туады.
Слайд 17Жараның әртүрлі қуыстарына жиналған сұйықтықтарды сыртқа шығару үшін резеңке түтік
қолданылады.Осы түтікті дренаж деп атайды.
Дренаждар әртүрлі болады.Дренаждың бір ұшы іріңді
қуыстың төменгі бөлімене тіреліп тұрса, ұшы едендегі сауытқа енгізілсе, сұйықтықтың ауыр салмағына байланысты ірің аралас сұйық жара қуысынан енгендегі сауыққа ағып жатады.Дәкенің керосин щамасында болатын білте сияқты соратын қабілеті болғандықтан, іріңді жараның қуысына енгізілген дәке іріңді өзіне сорып, жараның сыртына шығарады.Мұндай дренажды-пассивтік дренаж дейді.
Слайд 18Қазіргі кезде жара қуысына енгізілген түтік арқылы жара қуысын үздіксіз
жуып отыруға болады.Осы әдіс активтік дренаж деп аталады.Жара қуысына енгізілген
дәрілер тек жуып қана қоймай, дәрінің қасиетіне байланысты жараның жазылуына әсер етеді.Осындай активтік дренаждың бір түрін аспирациялық дренажы деп атайды да, вакумм аспабы арқылы жарадағы сұйықтықты белсенді түрде сыртқа сорып шығарады.Дренаж үшін резеңке, полихлорвинил түтіктері, сонымен бірге резеңке қолғап, дәке қолданылады.
Слайд 19 Лапароскопияның құрылысы.
Лапароскопиялық хирургияның негізгі
құралы – лапароскоп. Ол телескопиялық түтіктен құралған, яғни линза жүйесімен
және әдетте, видеокамерамен байланысқан болады. Заманауи лапароскоптар сандық матрицамен және жоғары айқын көрініспен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар түтікшеге оптикалық кабель және жарық көзі ретінде галогенді немесе ксенонды лампа арқылы жалғасады. Әдетте, оперативті орын жасау үшін құрсақ қуысы көмірқышқыл газымен толтырылады. Деректерге сәйкес, іш ауа шары сияқты ісінеді, құрсақ қабырғасы ішкі мүшелерден күмбез сияқты жоғары көтеріледі. Лапароскопиялық хирургияның спектрі холецистэктомия және герниопластикадан басталып, гастроэктомияға, панкреатодуоденальді резекциясына және тоқ ішек пен тік ішек операциясына дейін жалғасады.
Слайд 21 Лапароскопияның қолданылуы
Лапароскопиялық операциялар, әсіресе, қиын жағдайларда: жедел хирургия кезінде, құрсақ
қуысының қатерлі және қатерсіз ісіктерінде, семіздіктің соңғы сатыларында жасалынады. Осыған хирургтардың күшті дайындығын және қатынасын талап етеді. Сондай сәттерде лапароскопиялық кірісуінде науқастардың құрсақ аймағында азғана травмалар ғана сақталады. Жазылып кету өте тез кешеді.
Осындай біршама қиын лапароскопиялық операциялардың бірі ұйқы безінің басына жасалған гастропанкреатодуоденальді резекциясы болып табылады. Ресейде дәл осы операцияны лапароскопиялық жол арқылы алғаш орыс профессоры Хатьков Игорь Евгеньевич өткізді.
Слайд 22 1977 жылы Де Кокк алғаш рет лапароскопия әдісімен
аппендэктомияны жасады. Ол өсіндіні алдын ала лапароскопиялы көргеннен кейін алып
тастады. 1983 жылы К. Семм жедел қабыну белгілері жоқ аппендицитті тек лапароскопиялық техниканы қолдана отырып жасады. Бұл операцияны жасай отырып, ол өсіндінің тұқылын кисетті тігіспен енгізе алды. 1985 жылы Флемминг қабынған аппендиксті лапароскопиялық әдіспен ала алды. 1987 неміс хирургі Гетц және оның әріптестері аппендэктомияны лапароскопиялық әдіспен алуды белсенді қолдана бастайды. Олар Семм ұсынған әдісті модификациялайды. Бұл түрінде ол көптеген елдердің клиникасында қолданылады.
Слайд 23Лапароскопия.Құрсақ қуысы мен оның ағзаларының іріңді қабыну ауруларын (жедел аппендицт,екіншілік
пенритонит,пельвиоперитоит,асқазан ішек жолдарының жарақаттары, құрсақ қуысы немесе ішкі жыныс ағзаларының
басқа да іріңді қабыну аурулры) арнаулы эндаскопиялық құрал арқылы көзбен көріп тексеру және емдеу тәсілін лапароскопия деп атайды.Лапароскоптардың жаңа түрлері (ені 2-3 мм) кейінгі жылдардағы тексеруді тіпті нәрестелерге де жасауға мүмкіншілік туғызды.
Слайд 24 Лазерлі хирургияның қасиеттері
Сәулелік лазерлі хирургияның мақсаты өте жеткілікті болуы тиіс, себебі
50-70 °С дан жоғары жиілікте биотіндерді күйдіріп, оның коагуляциясына, кесуіне және буға айналуына әкеледі.
Сондықтан сәулелік лазерлі хирургия сол немесе басқа да аппаратдағы лазерлік нұрымен, сандармен, белгіленген бірліктермен, ондаған және жүздеген Вт.мен жасалады.
Слайд 25Лапароскопия жасау алдында асқазанды, тоқ ішекті жуып тазалау және қуықты
зәрден босату сияқты дайындық қажет.Тексеруді жалпы жансыздандыру жне жасанды тыныс
беру әдісі арқылы жасайды.
Лапароскопияның жауапты және асқыну жағынан қауіпті кезеңі құрсақ қуысына алғашқы трокарды кіргізу.Құрсақ қуысына ені 3-5,5 мм доғал пішінді бірінші трокарды кіндіктің үстінен кіргізеді.Трокардың дұрыс тұрғанын, трокардың ішіне өтізілген апороскоп арқылы анықтайды.содан кейін құрсақ қуысына арнаулы аспап арқылы СО2 жібереді.Үлкен жастағы балаларда құрсақ қуысындағы қысым мөлшерін 12-14 мм.с.б. Дейін котереді.
Слайд 26 Лапароскопияның кезеңдері
Лапароскопиялық
аппендэктомия операциясы бірнеше этаптардан тұрады:
1.Лапароцентез.
2.Іш қуысында жұмысқа қажетті кеңістікті дайындау.
3.Іш
қуысы мүшелерінің ревизиясы.
4.Аппендэктомия.
5.Іш қуысының санациясы.
6.Операциның аяқталуы.
Слайд 28Аурларды анықтау үшін құрсақ қуысына эндобейне құралы бақылауымен тағы бір
немесе екі, үш трокар кіргізеді.
Лапороскопияны әртүрлі естен тану (кома), жүрек
және тыныс жетіспеушілігінің соңғы сатысында, қан ұю үрдісінің бұзылыуының ауыр дәрежесінде қайталанба ішек жабысқақтары немесе ішектердің салдануының үшінші сатысында қолданбаған дұрыс.Лапароскопиялық тексеру кезінде ағзалардың жарақаттануы сияқты асқынулар сирек те болса кездеседі.
Қазіргі заманда нәрестелер мен балардың бұрвн дәстүрлі оталық әдіспен мдеген көптеген іріңді хирургиялық аурулары лапароскопиялық тәсілмен емделеді және оның тиімділігі күнделікті тәжрибелік жұмыстармен дәлелденген.
Қолданылуы
Ол лапароскоп құралымен іш қуысын зерттеу кезінде көзделген биопсия, суретке түсіру, холангиографияны қатар өткізуге болады. Ол үшін науқасты операциялық үстелге жатқызады. Тесетін жерді (әдетте кіндіктен 3-4см төмен немесе құрсақтың тік бұлшық еттерінің латералды жағынан) белгілейді.
Слайд 31 Эндоскопия (грекше endos – ішінде, scopio –
көремін) – арнайы құралымен (эндоскоп) іші қуыс немесе түтік тәрізді
ағзаларды зерттейді.
Қарапайым эндоскоп оптикалық жүйемен жабдықталған метал түтікшеден және жарықтандыру жүйесінен тұрады. Соңғы кездегі эндоскоптарда көрініс пен жарық шоғы әйнек талшықтың жіптерімен беріледі, оларды фиброскоп деп атайды.
Слайд 33 Талшықтық оптика медицинада көзбен тікелей көруге болмайтын ішкі органдардың
(өт жолы, мұрын қуысы және т.б.) ішкі бетін көруге қолданылады.
Осы әдісті эндоскопия дейді. Түтіктің жарықталған ұшына түрліше хирургиялық құралдар орналастырып операциялар жасауға болады. Осы мақсатта қолданылатын әдісті хирургиялық эндоскопия дейді.
Слайд 34Эндоскоптар – оптик. және жарық жүйелерімен жабдықталған, иілгіш металл немесе
пластмасса түтікшелер. Эндоскопия хирургияда, гастроэнтерологияда, урологияда, гинекологияда, пульмонологияда жиі қолданылады.
20 ғ-дың 60 – 70-жылдарында клиник. тәжірибеге оптик. талшықтардан тұратын (фибро) құрастырылмалы аспаптар (фиброскоптар) енгізіле бастады. Тексерілетін органға байланысты Эндоскопияның бірнеше түрі ажыратылады: фибробронхоскопия (бронх Эндоскопиясы), фиброэзофагоскопия (өңеш Эндоскопиясы), фиброгастроскопия (асқазан Эндоскопиясы)
Слайд 36Фиброколоноскопия (тоқ ішек Эндоскопия сы), т.б. Сондай-ақ Эндоскопия биопсияда, денеге
енген бөгде заттарды немесе шырышты қабықтардағы аса үлкен емес ісіктерді
алып тастауда да қолданылады. Қазіргі кезде Эндоскопия тек ауруды тексеру үшін ғана емес, оларды емдеу тәсіліне (эндоскоп. хирургия) айналып отыр. Эндоскоп. жолмен жасалатын операциялардың дәстүрлі жолмен жасалатын операциялардан ерекшелігі, олардың жарақаты аз, науқас адамдардың ондай операциядан кейін тез жазылып кетуге мүмкіндігі мол.
Слайд 37Эндаскопиялық зерттеулердің іріңді қабыну ауруларын анықтау мен емдеуде маңызы қте
зор.Бүгінгі күні нәрестелерден бастап өңеш, асқазан, ұлтабар,ащы ішектіңбастапқы бөлігін, тоқ
ішек және құрсақ қуысы іріңді қабыну ауруларын анықтау мен емдеуде ең бір тиімді тәсіл болып есептеледі.
Слайд 38Иілмелі шыны талшықты жарық тасымалдаушы түтіктің кескіні
Сигмоидофиброскоптың кескіні
Слайд 39 Эндаскопиялық зерттеудің 2 әдісі бар
Бронхоскопия
Торакоскопия
Слайд 40Бронхокопия- бронхоскоп деп атайтын арнайы спап арқылы кеңірдек пен бронхтардың
(I,II,III-реттілі) шырыш қабатын зерттейтін әдіс
Бронхоскопты ішке енгізбес бұрын 1-3% дикаин
ерітіндісімен тыныс жолдарының шырыш қабатына анестезия жасайды.Содан кейін барып ауыз және көмекей арқылы кеңірдекке енгізеді.Тексеруші кеңірдек пен бронхылардың шырыш қабатын қарап зерттейді.Ұзын тұтқасы бар арнайы қысқыш арқылы гистологиялық жіне цитологиялық зеттеу жасау үшін күдікті орындардың тінімен кішкентай бөліктер алуға және оның фотосуретін түсіруге де болады.
Слайд 41Бронхоскопияны эррозияларға, бронхтардың шырыш қабаының жараларына, бронх қабатының ісіктеріне диагностика
жасау,бөгде заттарды сыртқа шығару, бронхтардың полиптерін алып тастау үшін де
жасайды, сонымен қатар бұл әдісті бронхоэктатикалық ауру мен орталықта орналасқан өкпе абсцесін емеу үшін де қолданылады.Бұл жағдайларда бронхоскоп арқылы алдымен іріңді, қақырықты сорып тастайды.
Слайд 42Торакоскопия арнайы құрал-торакоскоп арқылы жасалынады.Торакоскоп металдан жасалған түтіктен және электр
шамы бар арнайы оптикалық аспаптан құрастырылған.Торакоскопия өкпе қабының висцералды және
париеталды жапрақшаларын көруге, биопсия алуға, өкпе қабының жабысқанын ажырату үшін және тағы басқа әр түрлі емдеу шараларын жасау үшін қолданылады.
Слайд 45 Хирургиялық лазерлер белсенді орта типіне тәуелді
үздіксіз және импулсьті болады.
Шартты түрде күшінің
дәрежесіне байланысты оларды 3 топқа бөлу мүмкін:
Коагуляциялаушы: 1 - 5 Вт;
Буға айналдыруға және беткей кесуге: 5 - 20 Вт;
Терең кесуге: 20 - 100 Вт.
Лазердің орташа күші оптимальді тәжірибеде 15 ден 60 Вт ке дейінгі диапазонда болады, себебі ол толқын ұзындығына және қолдану аймағына байланысты.
Коагуляция
Қанайналымдағы биотіндерді коагуляциялау қабілеті лазер сәулесінің қасиеті хирургтар үшін өте маңызды.
Негізінен коагуляция лазер сәлесінің қанды сіңіру есебінен, оның күшті күюінен кесуге және тромбтардың дәрежесіне дейін жүреді.
Слайд 47 Коагуляция (лат. "ұйып қалу" ) - Коллоидты
ерітінділердің золь не гель күйіне көшуі, тканьдердің "ұюы". Бұл олардың
некрозын тудырады.
Жоғары молекулалы заттардың коллойдты ерітінді жағдайынан гелдерге айналуы. Еріген затты коагуляциялауға жеткілікті электролиттің ең аз мөлшері сол заттың дисперсиялық өлшемін анықтайды, бұл өлшем "коагуляциялану табалдырығы" деп аталады.
Слайд 48 Радиоизотопты зерттеу тәсілдері.
Радиоизотопты немесе гамма
сцинтиграфиялық зерттеу адам организміне енгізілген радиоактивті изатоптар мен белгіленген қосындылырдың
жеке ағзалар мен тіндердің сіңіру қабілетін гамма сцинтиграфиялқ құралы арқылы бақылауға негізделген.Радиоактивті изатоптар мен белгіленген қосындылар зат алмасу үрдісіне сәйкес жналатын болғандықтан, бұл зерттеу тәсілі іріңді қабыну, әсіресе жүріп қозғалатын сүйектер мен жұмсақ тіндердегі аууларды анықтауға өте тиімді.
Слайд 49Қабыну үрдісі дамыған сүйектердің айналымының күшейтетіні белгілі, сондықтан рдиотиктивті изотоптар
сүйектің сау жеріне қарағанда іріңді қабынған жерінде көптеп жиналған.Сол сүйектің
сау және қабынған жерінде жиналған радиоктивті изотоптардың салыстырмалы жиналу коэфицентін арнаулы құралдармен есептеп шығарады.
Радиоизотопты зерттеу жұмсақ тіндер мен сүйекте дамыған қаьыну үрдісін ажыратуға да мүмкіншілік жасайды.Өйткені қабынған сүйекте радиоактивті изотоптар көп жиналатын болса, жұмсақ тіндер қабынған жерінде изотоптар мүлдем анықталмайды.
Слайд 50 Компьтерлік томографиялық тексеру.
Ең алғаш компьютерлі томографилық
зерртеу әдісін ХХ ғасырдың 70 жылдары Генрі Хаунсфильд ойлап тапты.Компьтерлік
томографияның ауруларды анықтау мүмкіншілігі әртүрлі тіндердің ренгендік сәулені сіңіру қабілетінің ерекшеліктеріне негізделген.Ренген сәулесі адам ағзалардындағы сүйектер мен қатқан тіндердің,жұмсақ тіндер мен дың, майлы және ауалы тіндердің айырмашылықтарын нақты анықтайды.Компьютерлік томаграфия тек тығыздығы бірдей жұмсақ тіндердің немесе жұмсақ тін мен сұйықтықтардың өзгерістерін толық дәрежеде ажырата алмайды.
Слайд 51 Компьютерлік көшіру томографиясы немесе шырышты ядролық магнитті резонанты
томография тәсілі іріңді қабынғанағзалардың өте жоғары үш жақты көрінісін анықтауға,
соның нәтижесінде қандайда болмасын ауруларды нақты дәлелдеуге мүмкіншілік жасалады.
Сонымен қатар жоғарыда кқрсетілген тексерулерден басқа іріңді қабыну ауруларын анықтау үшін әртүрлі (ангиографиялық, лапароскопия фиброэзофагогастроденоскопия фиброколоноскопия және т.б.) зерттеу тәсілдерін қолданады.
Слайд 52 Ренгенологиялық тексеру.
Кейінгі
жылдары ауруды анықтауға жаңа технология жетістіктері (УДТ, компьютерлі томография, эноскопия
және т.б.) Кеңінен қолданғанмен, ренгонологиялық тексерулердің өзіндік орны бөлек.
Ренгонологиялық зерттеулер өзінің қарапайымдылығы мен мағлұматтылығына байланысты іріңді қабыну ауруларын анықтауға кеңінен (жедел және созылмалы остеомиолит, медиастинит, өкпенің деструкциялық қабыну және т.б.) қолданылады.
Слайд 53 Ренген сәулесін ұстамайтындықтан жұмсақ тіндердің іріңді қабыну ауруларында
қолданысы шектеулі болғанмен, ол әсіресе сүйектің іріңді қабыну ауруларында өте
көп мағлұмат береді.Дегенмен R-сурет жұмсақ тіндердің кернелгенін, оның көлеңкесінің бір келкі еместігі сияқты жанама белгілер көрінеді.Іріңді хирургияның әртүрлі салаларында жалпы ренгенологиялық зерттеумен өатар, ренгенконтрасты (фистулография, остеомедулогрфия) тексерулердің маңызы осы күнге дейін зор.
Слайд 54 Пайдаланылған әдебиеттер:
1) "Патологиялық физиология"
Нұрмұхамбетұлы Ә.
Алматы 2007ж
2) "Ішкі аурулар пропедевтикасы"
Айтбембет Б.Н. Алматы 2009;
3) Қапан Тұрсынов, Абай Құсайынов. Алматы.2011ж
4).Қ.Ғ.Сапарова Алматы. 2010ж