Уық, кереге, сандық, жүкаяқ, түндік, бақан, күлдіреуіш, әбдіре,
Кілем, ши, маңдайша, босаға, жабу киіз, үзік бау,домбыра,
шашақбау, табалдырық, ағаш төсек, басқұр, сырмақ т.б.
Мына сөздерді топтарға бөліп дұрыс орналастыр
Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады. Шаңырақ бірнеше бөлшектерден тұрады:
ОТБАСЫ – ОШАҚ ҚАСЫ.
Үйдің ортасында ошақ, ошақта қазан тұрады. Бұл – киелі орын. Қазақтың «отбасы», «отағасы» атаулары да осыдан шыққан. От жанған жерде тіршілік, тірлік бар.
ТӨР. Киіз үйдің қонақ отыратын жері – төр ең құрметті орын саналады. Қазақтар келген мейманды төрге отырғызады, қазақстың кеңдігі мен қонақжайлығының белгісі, қонағын дәм ауыз тигізбей жібермеген. Бұл тамаша ғұрып күні бүгінге дейін сол күйінде сақталған.
ӘЙЕЛДЕР ЖАҚ:
Дәстүр бойынша үйдің сол жағы әйелдерге арналады. Есікке таяу асадал мен кебеже қойылып, олардың тұсына қоржын, дорба, аяққап, кесеқап ілінеді. Сондай-ақ, сол қанатта өзіндік шешімі бар ағаш төсек тұрады.
ЕРЛЕР ЖАҚ
Ер адам жағында (оң жақ) босағаға қарай қару-жарақ, ат әбзелдері ілінген. Ерлер жағы аталатын оң жақ киіз үйдің едәуір қасиетті бөлігіне саналып, оң жаққа келін түсіру немесе мәйітті оң жаққа салу сияқты мәнге ие екен.
Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:
Email: Нажмите что бы посмотреть