өнеркәсiп еліміз экономикасының жетекшi секторы болып табылады. 2001 жылы өнеркәсiп
өндiрiсiнiң 44,3 пайызы осы саланың үлесiне тидi. Барланған шикізат қоры бойынша елiмiз әлемде 13-ші орындамыз. Дәл қазір 250-ден астам мұнай-газ кенiштерi жұмыс істеп тұр. Көбi республиканың батыс өңірінде орналасқан. Мұнда 1 млрд. тоннадан астам мұнай қоры бар. Республикада мұнай-газ саласын “Қазақойл” ұлттық мұнай компаниясы мен “Мұнай және газ тасымалы” ұлттық компаниясының бiрiгуi нәтижесінде пайда болған “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы басқарады.Қазақстанда мұнай мен газ өндiру iсi шетел инвесторларының қатысуымен жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Теңiзшевройл» бiрлескен кәсiпорны, “Қазақойл-Ембi” АҚ, “Атырау мұнай компаниясы”, “Қазақстанкаспийшельф”, “Каспиймұнайгаз”, “Қазгермұнай” ЖАҚ-дары, т.б.