Слайд 1Қазақстан Ресей Медицина Университеті
Тақырыбы: Туа біткен және жүре пайда болған
таңдай ақаулары. Клиникасы, диагностикасы,ортопедиялық емдеу
Слайд 2Таңдайдың туа біткен жырығы
Таңдайдың туа біткен жырығы әлемдегі адам
баласының ең көп тараған кемістіктері арасында 2-ші орында және беттің
даму кемістігінің ауыр түрлеріне жатады.Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, бұл кемістік дүниеге келген 1000 нәрестенің 1-2інде кездеседі.
Слайд 3 Таңдайдың түзілуі жатырішілік дамудың 6-шы аптасында пайда болады, 11
аптада ерін және қатты таңдай түзіледі, ал 12 аптада жұмсақ
таңдай фрагменттері бір-бірімен жалғасады. Ерін және таңдайдың туа пайда болған ақаулары ұрықтың алғашқы 3 айында дұрыс қалыптаспауынан пайда болады
Слайд 4Бұл ауытқулардың себебі әр түрлі, көбіне әйел адамның жүкті кезінде
жұқпалы немесе созылмалы аурулардың ауыр түрлеріне ұшырауы, гипоксия, ішімдік, темекі
секілді жағымсыз әдеттерге әуес болуы, рационалды тамақтанбауы, ерлі-зайыптылардың генетикалық тексеруден өтпеуі, экология
Слайд 5Ерін мен таңдайы іштен жетілмеген бала емшекті өте үлкен қиындықпен
сорады. Баланың тамақтануының қиындығы оның өсуін нашарлатады және ауруға шалдыққыш
келеді. Мұндай балалардың көпшілігінде жоғарғы тыныс жолының қабынуы, бронхит, қан азаю, өкпенің қабынуы, мұрын шеміршегінің қисаюы, мұрын желбезегінің өзгеруі, тамақ-көмей бездерінің өзгеруі сияқты патологиялық өзгерістер байқалады.
Слайд 6Ерін мен таңдай құрылысының анатомиялық ауытқуы, үстіңгі жақ сүйектің дұрыс
дамымауынан және қисық, тығыз орналасқан тістердің дұрыс тістеспеуінен болады. Жырық
ерін мен жырық таңдайда барлық дыбыстар мұрыннан айтылып, сөйлеу тілін түсніксіз етеді. Осының барлығы баланың дамуын тежеумен қатар, психикалық жағдайына әсер етеді. Сондықтан мұндай балалар дүниеге келісімен-ақ диспансерлік есепке алынып, олармен акушер-гинеколог, неонатолог, педиатр, хирург-стоматолог, ортодонт, терапевт-стоматолог, невропотолог, логопед, оториноларинголог мамандар жұмыс істейді.
Слайд 7Жүре пайда болған таңдай ақаулары
Жарақаттар,мерез ауруы, оқтан болған жарақаттар,егер
жарақат жұмсақ таңдайды жараласа онда тілдің жоқтығы байқалады.
Слайд 8Жырықтар жартылай және толық болуы мүмкін
Жартылай жұмсақ таңдайда орналасады,ал толық
қатты таңдайдың дистальды бөлігіне дейін барады. Кейбір кезде күрек
тістер тұсына дейін барады. Жырықтар таңдайдың орталық сызығына дейін барады.
Слайд 9Туа біткен қатты және жұмсақ таңдай жырықтары бар балаларға ураностафилопластика
отасы 4-7 жасынан бастап жасалады, дегенмен мамандар пікірі әр түрлі.
Көбінесе, ерін мен таңдайдың жырығы сәбидің сүт тістерінің шығуы мен орналасуына көп ауытқушылық әкеледі.Таңдайдың жырығына стоматолог-ортодонт әр түрлі аппараттарды, соның ішінде хирургиялық емдеуге дейінгі тамақтануын жеңілдететін және сөйлеу тілінің дамуына жағдай жасайтын пластинкаларды қолданады,Пластинкалар оңай алынып-салынады, қолдануға және тазалауға ыңғайлы. операцияға дайындықтың мерзімдерін төрт айға дейін қысқартуға мүмкіндік береді
Слайд 10 таңдайдың жырығы тіс түбірі орналасқан жақ сүйегінің жырығымен қатар
келгенде, сол орынға шығатын тіс кешеуілдеп шығуы немесе мүлде шықпауы
мүмкін. Мұндай жағдайда пластинкаға қосымша уақытша немесе тұрақты пластмассалық тістер салынады. Мұндай балаларда жоғарғы жақ сүйегінің және тіс қатарының тарылуы, прогениялық тістесу секілді ауытқулар көп байқалады. Осының салдарынан алмасу және тұрақты тістесудің қалыптасуы мезгілінде тістердің орнынан ауытқып орналасуы жиі кездеседі. Сондай-ақ, сүт тістері тұрақты тіске ауысқан кезде, қажет болған жағдайда, пластинканың орнына брекет-жүйесі секілді алынбайтын ортодонтиялық аппараттарды қолдануға болады.
Слайд 11Ортопедиялық емі,протездер
Обтуратор (лат. obturo - жабамын) — таңдай ақауын (жарығын)
жабатын каучук, металл, пластмассадан жасалған протез бөлігі. Обтуратор арқасында тыныс
түзеліп, сору, жұту, шайнау және дұрыс сөйлесу қалпына келеді.[.Обтуратор- тығын тәрізді аппарат. 2 бөлігі бар:1.обтурациялық 2. ретенциялық. Обтурациялық бөлігі- жырықты жауып тұрады. Ретенциялық бөлігі ұстап тұрады. Егер жоғарғы жақта тістер болса, қатты таңдайдың ортаңғы жырығында доғалы протездер қолданады. Егер тістер аз болса және жырық үлкен болса алмалы пластиналы протез қолданады.