– пәндік әрекеттерді жетілдіріп, бірлесіп жұмыс жасай білуге дағдыландырады. Ал
еңбек — қолдың қозғалысын жақсартып, практикалық, кеңестік және көрнекі ойлауын жетілдіреді. Балалардың бұндай әрекеттерге белсене қатысуы олардың психикалық дамуын арттырады деп түсіндірген.
Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін аса зор ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруге көмектеседі. Өйткені оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты олар ойынға өте ынталы келеді. Ойын барысында балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дәл орындауға тырысады.
Ойынның негізгі мақсаты — баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту болса, мұғалімнің міндеті–сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу.
Ойындарды таңдауда оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарына жетуге бағытталған мазмұндық-мотивациялық аспектіге сүйену қажет.
оқушының жас ерекшеліктері, білім, іскерлік және дағдының көлемі, оқушының даму деңгейі мен психикалық жай күйі;
оқып- үйренетін материалдың сипаты мен мазмұны, сол сабақтың мақсаты;
нақты ойын жағдайындағы ерекшеліктер.
Қандай да болсын ойын түрлері баланың пәнге деген қызығушылық қабілетін оятатындай деңгейде болуы тиіс.