Слайд 1АЖ және АТ-ны жолдарды қардың басуын болдырмауда қолдану
Орындаған:Қуатбек А. Т.
Тексерген:Тукенова
К.Т.
Слайд 2КІРІСПЕ
Сұрапыл апаттар дегеніміз-адамдармен жануарлардың өліміне,халықтың өмірінің күрт бұзылуына,материалдық құндылықтардың жойылуына
әкелетін құбылыстар.Сұрапыл апаттар көбінесе адамның қолынан келмейтін табиғат күштерінің әсерінен
болады.Мысалы;су басу,жер сілкінісі,ормандағы өрттер,көшкін т.б жатады.
Төтенше жағдай дегеніміз — табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жағдай.
Слайд 31 Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары
Төтенше жағдай – белгілі бір
аумақтағы апаттан адамдардың өлімі, олардың денсаулығына тигізген әсері қоршаған ортаға
және халық шаруашылығы объектісі мен материалдық шығын және елді-мекен жағдайының нашарлауы
Төтенше жағдайлар себеп-салдарына байланысты мынадай классификацияға бөлінеді:
Табиғи (жер сілкіну, сел, көшкін, су тасқыны, табиғи өрт, эпидемия, ауылшаруашылық өсімдіктер мен орманның зиянкестермен аурумен бүлінуі).
Техногендік (өнеркәсіптік, транспорттық т.,б. апаттар, өрт, жарылыс, СДЯВ, РВ,БОВ тастандылары, ғымаратта мен құрылыстардың бүлінуі, өмірді қамтамасыз етіп отырған объектілердегі апаттар, плотиналардың бүлінуі).
Слайд 41.1 Қардың астында қалу. Қар басып каупі бар аймақтар
Табиғаттың
тосын күштерің көріністерінің бірі- қардың астында қалу. Бұрқасынмен, қарлы боранмен
тығыз байланысты. Ол бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін жауған қалың қар нәтижесінде пайда болып, қалыпты тіршілікті бұзады ,ал кейде адам мен малдың өлім – жітіміне, материалдық құндылықтардың жойылуына алып келеді.
Қазақстанда қар көшкіні қалың қар көп жауатын және қолайлы геоморфологиялық және топырақтық – ботаникалық жағдайлары бар Батыс Тянь –Шянь, Алтай, Іле Алатауы мен Жоңғар Алатауының жоталарында. Қазақстанның бүкіл таулы аудандарында қар көшкіні болып тұрады. Ол негізінен қардың түсуі мен күннің жылынуына байланысты. Қар көшкіні болатын ең қауіпті кезең қараша-сәуір, биік тауда қазан-мамыр.
Слайд 5дауыл кезінде соққан желдің жылдамдығы 22 м/сек. Бұрқасындар мен қарлы
борандар. Қазақ даласының долы желдері қыста асақауіпті. Олар бұл уақытта
ұзаққа созылатын бұрқасынды немесе боранды тудырады. Бұрқасындар қарды бір жерден екінші жерге көшіріп, оны нығыздайды,
. Қатты боран телеграф және телефон байланысының бұзылуына себеп болады. Кей уақытта қысқы жайылымдағы малдың жаппай қырылуына әкеп соғады.
. Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қыста орташа 50-60 күн бұрқасын болды. Шығыс Қазақстан облысының Жалғыз төбе ауданында бұрқасын күндер саны айына 27- ге дейін жетеді
Слайд 61.2 Қар басқандағы әрекеттер ережелері
Көлікпен жүргенде қардың басуын жеңуге тырыспаңыз,
көлікті тоқтатып, көлік жалюзиді толық жауып, радиатор жағынан қозғалтқышты жабу
керек. Егер мүмкіндік бас болса, автомобильді қозғалтқышмен желді жаққа қарай орналастырыңыз. Қар астында қалмау үшін, автокөліктен мерзімділікпен шығып, қарды жинау қажет. Осыдан басқа, қар баспаған көлік – іздеу тобы үшін жақты бағдар. Сонымен қоса автокөлік қозғалтқышының жібуіне жол бермеу үшін, онымерзімділікпен қосып тұру қажет.
Слайд 7Жолда бірнеше адам (бірнеше автокөлікте) болса, барлықтарына бірге жиналып, паналау
мақсатында бір көлікті пайдалану қажет, ал қалған көліктің қозғалтқыштарынан суды
төгу керек. Еш уақытта панадан-көліктен шығып кетпеу қажет.
Ауылды жерлерде дауылды ескертуді алғаннан кейін тездетіп жануарлар үшін су мен азықты дайындаған жөн. Жайлауға айдатылған малды жақын орналасқан панаға, алдын-ала дайындалған қоймаларға немесе фермаларға айдау қажет. Жануарларды бекітілген орынға жеткізу үшін техникалық жарамды жыланбауыр техниканы пайдалану қажет.
Слайд 91.3 Қар басу барысында ГАТЖ қолдану
Геоақпараттық жүйелердің векторлы және
растрлы дерек модельдерімен жұмыс істеу тәсілі мен мүмкіндігі – кеңістіктік
ақпараттарға қатысты кез келген міндеттерді шешуде өте тиімді. Геоақпараттық жүйелер басқа ақпараттық жүйелермен тығыз байланысты, әрі олардың деректерін, объектілерді талдау үшін қолданады
Слайд 10Аэроғарыштық экологиялық мониторнг бойынша маусымдық мұрағатта сақталады. Мониторинг таулы аймақтарда
көп қарастырылады. Ол бойынша ауданы , диаметрі, координатасы белгіленеді. Метерологтар
мен бірлесе отырып алдын ала хабарламалар беріледі .болу каупі бар аймақтраға адамдарды жибрілмейді.
Слайд 112 Қолданылатын Ақпараттық бағдарламалар
CREDO кешенінің бағдарламалары:
1 CREDO DAT –
инженерлік-геодезиялық деректерді камералдық өңдеу
2 CREDO ТER–Жергілікті жердің сандық моделі
3 TRAHSFORM
– трансформация, растрлы карт-
материалдарды біріктіру, кесіп алу және басып шығару
4 СREDO_MIX – Жобаның сандық моделі
5 MapInfo Professional және ArcGIS бағдарламалары
6 ArcGIS
7 ArcSDE
8 Autodesk Land Desktop, IMAGINE Professional, Панорама, Нева бағдарламалары
Слайд 12 Маусымдық қызмет көрсету
Авиация техникасына маусымдық ТҚК-нің алдында немесе
онымен бір мезгілде мыналар жүргізіледі:
1) пайдаланушының және ТҚКЖ жөніндегі ұйымның
туатын маусымдағы жұмысқа дайындық жоспарын әзірлеу;
2) маусымдық дайындау объектілерін қабылдау жөнінде комиссиялар құру;
3) ӘК-ні пайдалану ерекшеліктерін және АТ-ны алдағы кезеңде пайдалануға дайындау жөніндегі жұмыстардың мазмұнын зерделеу жөнінде ИТҚ-мен сабақтар өткізу;
Слайд 13Алдын-алу шаралары
Көшкін түсу қауіпті жағдайында көшкін қаупі бар жерлерде қардың
жиналуына бақылау ұйымдастырылады, түзіліп келе жатқан қар көшкінін жасанды құлатады,
көшкін түсу қаупі бар жерлерде қорғаныс имараттары салынады, құтқару құралдары дайындалып, құтқару жұмыстары жоспарланады.
Есіңізде болсын, көшкін түсу ең қауіпті мерзімдер көктем мен жаз, таңертеңгі сағат 10-нан күн батқанға дейін.
Ернеудің үстінде жүргенде, олардан алшақ жүріңіз. Суретте ернеулердің құлауы мүмкін сызықтары көрсетілген. Беткейдің қырынан көрінісі. Томпақ беткейлер түзу немесе ойыс беткейлерден қауіптірек. Ең жоғарғы томпақ жері – көшкіннің жиі құлайтын жері.
Слайд 14Көшкін түскеннен кейін не істеу керек ?
Көшкін түскеннен кейін не
істеу керек ?
Егер сіз көшкіннің түскен орнынан тыс жерде болсаңыз,
болған оқиға туралы қалай да болсын жақын жердегі елді мекеннің әкімшілігіне хабарлаңыз да, адамдарды іздеуге, құтқаруға кірісіңіз. Қардың астынан шыққан соң өзіңіз немесе құтқарушылардың көмегімен денеңізді қарап шығыңыз және қажет болса өзіңізге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз. Жақын елді мекенге жеткеннен кейін, жергілікті әкімшілікке болған жағдай туралы хабарлаңыз. Деніңіз сау деп ойлап тұрсаңыз да медпунктке немесе дәрігерге барыңыз. Ары қарай дәрігердің немесе құтқару жасағының нұсқауы бойынша жасаңыз. Туған туысқандарыңызға жағдайыңыз бен қайда екеніңізді хабарлаңыз.
Слайд 15Қорытынды
Төтенше жағдай — адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп
соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге
нүқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығьшдарға үшыратып, тіршілік жағдайык бүзған немесе бұзуы мумкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Бірінші кезекте жасалатын іс-қимыл кезінде халықты ТЖ аймағынан уақытша көшіру, ұйымдардың қажетті материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру ісі жүргізілуі мүмкін, авария, зілзала немесе апат болған объектінің жұмысы тоқтатылады немесе тоқтатыла тұрады, ұйымдарда жұмыс режимі өзгертіледі, адамдардың жүріп-тұруы мен жүктердің тасымалдауына шектеу (карантин) енгізіледі, мүмкін болатын құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады, қоғамдық тәртіп пен объектілерді қорғау қамтамасыз етіледі.
Слайд 16Пайданылған әдебиеттер тізімі
1 Ж.Жатқанбаев. Экология негіздері. Оқулық – Алматы: “Зият”,
2003ж.-212б.»
2 Оспанова. Экология негіздері. Алматы: 2002ж
3 Өмір – тіршілік қіуіпсізгі:
С.Арпабеков. – Алматы, 2004.