Слайд 1Банктің қаржылық қызметтері
Тексерген: Кукиев А.Ж
Орындаған: Жумабекова Г.Ж
Тұлғабай М.Н
Эк11к1
Слайд 2Банктің қаржылық операциялары
банктердің лизингтік операциялары
банктердің факторинтік операциялар
банктердің форфейтингтік опрациялары
Слайд 3Лизинг — бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды,
ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг
алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.
Слайд 4Факторинг (ағылш. factor — фактор, сауда делдалы, маклер, комиссияшы, агент) — банкілердің тапсырыскерге көрсететін қызметтерінің түрі; жеткізуші-клиенттің мамандандырылған
мекемеге (факторингілік компанияға, банкінің факторингілік бөліміне) жеткізілген тауарлар немесе көрсетілген
қызметтер үшін төленбеген төлем құжаттарын (шот-фактураларды) ұсынуына байланысты сауда-комиссиялық операциялардың бір түрі, яки жеткізуші-кәсіпорынның айналым капиталын несиелендіруі.
Слайд 5Форфейтинг (ағылшын тілінде forfeіtіng — құқықтан бас тарта отырып бүтіндей) — импортшы ризалық
берген вексельдерді экспортшылардан сатып алу нысанында сыртқы экономикалық операцияларды несиелендіру. Коммерция банкілердің
вексельдерді жай есепке алуынан өзгеше түрде Фофейтинг борышқорлық міндеттемелер бойынша барлық тәуекелдің сатып алушыға — форфейторға көшуін көздейді (“айналымсыз” есеп) Фофейтинг орташа мерзімді сипатта болады — жеті жылға дейін беріледі
Слайд 6«Альянс Банк» бүгінде еліміздің қаржы саласындағы ірі де сенімді банктердің
біріне жатады. «Альянс Банк» АҚ елдегі қаржы саласын тұрақтандырудағы мемлекеттің
табысты жұмысының мысалы болып табылады. «Альянс Банк» АҚ-тың үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығын 5 миллиард 306 миллион теңге таза пайдамен аяқтағаны толық дәлел болады.
Слайд 7Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына сәйкес соңғы кезде біздің банк
есепті кезеңдерді тұрақты түрде оң жетістіктермен қорытындылауды дәстүрге айналдырып келеді.
Егер өткен жылы қайта құрылымдау үрдістерінің белгіленген жоспарларына сәйкес банк қызметі шынайы табыспен қорытындыланса, биыл біз капитал мен активтердің тұрақты өсу үрдісіне қол жеткізе отырып, дамудың сенімді белесіне көтерілдік.
Слайд 8Банк активі биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 2011 жылғы 31 желтоқсандағы
межеден 22 млрд. 767 млн. теңгеге өсіп, 552 млрд. 655
млн. теңгені құрады. Біз қазір банкті өмір сүруге толық қабілетті қаржылық институт ретінде бәсекелестік ортаға қайтару жөніндегі стратегиялық мақсатқа жетудің жолы мен әдістерін дұрыс таңдай білгенімізді ерекше атап көрсеткіміз келеді, – дейді «Альянс Банк» АҚ басқармасының төрағасы Мақсат Қабашев.
Слайд 9Алматы, 11 қаңтар 2012 ж. – «Альянс Банкі» АҚ өткен
2011 жылдың алдын ала қорытындысын шығарды. Банк ҚҚК-іне беретін шоғырландырылмаған,
аудиттелмеген есебінің негізінде құрастырылатын қаржылық есебіне сәйкес (2011 жылдың 12 айындағы ақырғы айналымдарды есепке алмағанда), Альянс Банкінің таза кірісі 13 387 млн. теңгені құрады.
Слайд 102011 жылдың басымен салыстырғанда, осы кезеңде Банк активтері 5,9%-ға (28
633 млн. теңгеге) өсіп, 518 075 млн теңгеге теңелді. Тамыз
айында банктің мәселелі бөлшек портфельдің айтарлықтай үлесі сатылып және бұл активтердің өсу қарқынына әсер етті.
Банк міндеттемелері, 2011 жылдың басымен салыстарғанда, 66 072 млн. теңгеге немесе 14,5%-ға ұлғайып, 521 674 млн. теңгені құрады. Депозиттік портфель 84 911 млн. теңгеге немесе 40,8 пайызға өсті және жалпы сомасы 292 798 млн. теңге болды. Жеке тұлғалардың салымдары 47,7% артса (35 874 млн. теңге), заңды тұлғалардың салымдары 37 пайызға (49 037 млн. теңге) өсті. Бұл банк атағының тұрақты түрде жақсарып келуін айқын дәлелдейді.
Слайд 11Банктің меншік капиталының жетіспеушілігі ҚР Ұлттық Банкінің 2011 жылғы шілдеде
жаңа «3300 – Резервтерді (провизияларды) түзету шотын» енгізу салдарынан қалыптасып
және 3 599 млн теңгені құрады. Аталған жаңа шот ҚҚН және ХЕҚС талаптарына сәйкес қалыптасқан провизия сомаларының арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Ал Банктің реттеуші капиталы (пруденциалды нормативтерді есептеуге қолданылады) бұрынғыдай оң болып және 2011 жылдың қорытындысы бойынша 68 млрд. теңгеден асады. ҚР Ұлттық Банкінің ҚҚК қойған барлық пруденциалды нормативтерін Банк қосымша қормен сақтап келеді.
Слайд 12Банктің несие портфелі 9 928 млн. теңгеге немесе 1,8%-ға қысқарды.
Бұл негізінен мәселелі бөлшек заемдар пулын (өтеу мерзімі екі жылдан
астам кешіктірілген қарыздар) сату есебінен, сондай-ақ Банк алынған пайда есебінен балансты тазарту үшін «жаман банк» заемдарын жою арқылы қол жеткізілді.
Слайд 13Жеке тұлғаларға несие беру өсімі, 2010 жылдың қорытындысымен салыстырғанда, 327%
болса, шағын және орта бизнес субъектілеріне несие беру 119 пайызға
артты.
Слайд 14Банктің мәселелі несиелер портфелімен белсенді жұмысы арқасында несие портфелінің құрылымы
айтарлықтай өзгерді. Мәселен, жалпы алғанда, «жақсы банктің» заемдар көлемі 1,5
есеге дерлік ұлғайып, ал «жаман банк» көлемі 23 пайызға қысқарды. Бөлшек бизнесі «жақсы банкінің» өсімі 74% болса, ШОБ сегментінде - 23%, корпоративті бизнес бойынша - 16%. Бөлшек бизнес бойынша «жаман банк» заемдары көлемі 40%-ға қысқарса, ШОБ бойынша - 16%, корпоративтік бизнес бойынша - 12%.
Слайд 15Банктің сыртқы міндеттемелерін атқару мақсатында, кестеге сәйкес, 2011 жылы жалпы
сомасы 76,4 млн. теңгеге (2010-2011 жж. төлемдердің жалпы сомасы 119,6
млн. АҚШ долларын құрады) еурооблигациялар бойынша купонды сыйақының екі төлемін, және жалпы сомасы 24,1 млн. АҚШ долларына өндіріп алынған сомалар есебінен төленетін Облигациялар бойынша төрт төлемін (2010-2011 жж. жалпы сомасы 59,9 млн. АҚШ долларына жеті төлем болды) жасады.
Слайд 16«Альянс Банкі» АҚ Басқарма Төрағасы 2011 жылдың алдын ала қорытындысы
туралы былай деді: «Өткен жылғы жоспарларымыздың барлығы дерлік 100 пайызға
орындалды. Және аталған көрсеткіштер ақырғы айналымдар есебімен әрі шамалы түзелсе де, жалпы алғанда барлығы түсінікті: Альянс Банкі 2008-2010 жылдардың дағдарысын табысты өткеріп, 2011 жылы тұрақты және қарқынды өсіп келе жатқан, өз жоспарларымен қатар сыртқы міндеттемелерін табысты іске асыратын қаржы институты болып қызметін атқарды.
Слайд 17Банктің қаржылық жағдайын жақсарту бойынша 2012 жылға жасаған жоспарымыз бұдан
да серпінді. Банктің Директорлар Кеңесі 2012-2014 жылдарға мақұлдаған қаржылық моделіне
сәйкес, 2012 жылы активтер мен міндеттемелер өсімі 19 пайызға, депозиттік портфель - 20 пайыздан астам және несие портфелі - 17 пайыз құрайды деп жоспарлануда».
Слайд 18Назар аударғандарыңызға рахмет!!!