Слайд 1БОР ШИКІЗАТЫН ҚЫШҚЫЛДЫҚ ЫДЫРАТУ
Орындаған: Есжан А.Н.
Слайд 2ӨЗЕКТІЛІГІ
Өндіріс нәтижесінде алынған элементтік бор мен оның қосылыстары халық шаруашылығының
көптеген салаларында, соның ішінде химия, жеңіл, ағаш, металл өңдеу, машина
жасау, құрылыс материалдары өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Бірақ бүгінгі күнде бор кен орындарының көпшілігі жабылған және құрамындағы бордың мөлшері азайған. Сондықтан құрамында бор оксиді аз бор шикізаттарын өңдеудің тиімді әдістерін табу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.
Слайд 3Борқұрамды шикізат - данбуритті күкірт, тұз, сірке қышқылдарымен өңдеу арқылы
құрамынан пайдалы компоненттерді бөліп алу, ыдырау үдерісінің оптимальды параметрлерін таңдау
және кен өңдеудің технологиялық негіздерін орнату.
МАҚСАТЫ
МІНДЕТІ
1) Данбуритті кеннің химиялық және минералогиялық құрамын талдау;
2) Данбуритті күкірт, тұз және сірке қышқылдарымен өңдеу нәтижесінде алынған негізгі өнім бор қышқылының шығымын және кальций, магний, сульфат иондарының және бор оксидінің мөлшерлерін анықтау;
3) Данбуритті күкірт, тұз, сірке қышқылдармен өңдеу үдерісіне күйдіргенге дейін және одан кейін жағдайда ыдырату факторларының әсерлерін құрамынан пайдалы компоненттерді таңдамалы бөліп алу мақсатында рентгенфазалық талдау нәтижелерінің негізінде зерттеу;
4) Данбуритті күкірт, тұз және сірке қышқылдармен өңдеудің принципиалды сызбанұсқасын талдау.
ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ
Данбуритқұрамды шикізат.
Слайд 4 Шалқар кен орны бор-калийлі кендерінің минералогиялық құрамы
Слайд 5Шалқар кен орны бор-калий кендері үлгілерінің химиялық құрамы
Слайд 6Шалқар кен орны бор-калийлі кендерін байытудың принципиалды сызбанұсқасы
Слайд 8
Күкірт қышқылымен данбуритті ыдырату кезінде келесі реакциялар жүреді:
2FeOOH +3H2SO4 =
Fe2(SО4)3 +4H2O
CaO·B2O3·2SiO2 + H2SO4 + 2H2O → 2H3BO3 +CaSO4 +
2SiO2
FeO·TiO2 + 2H2SO4 → FeSO4 + TiOSO4 + 2H2O
Тұз қышқылымен данбуритті ыдырату әдісінің басқа әдістерден ерекшелігі үдеріс нәтижесінде түзілетін қалдықтар өте аз болады. Кальций хлориді ерітіндіде қалып, кремний екіоксиді тұнбаға бөлініп, таза ортобор қышқылы мен бор хлориді алынады. Оны келесі химиялық реакциялардан көруге болады:
CaO * B2O3 * 2SiO2 + 8HCl → CaCl2 + 2BCl3 + 2SiO2 + 4H2O
3CaO * B2O3 * SiO2 + 6HCl → CaCl2 + 2H3BO3 + SiO2
СaO·B2O3·2SiO2 + 2HCl + 2H2O → CaCl2 + 2H3BO3 + 2SiO2
СaO + 2HCl → CaCl2 + H2O
СaO·Fe2O3·2SiO2 + 8HCl → CaCl2 + 2FeCl3 + 2SiO2 + 4H2O
CaO·MgO·3B2O3 + 4HCl + 7H2O → 6H3BO3 + CaCl2 + MgCl2
Данбуритті сірке қышқылымен ыдыратудың ерекшелігі – пайдалы компоненттерді бөліп алудың таңдамалығы. Сірке қышқылы кремний екіоксидімен әрекеттеспей, кальциймен ацетат түзе ерітіндіге өтеді де, кристалгидрат түзеді. Бор қышқылының тұнбасы таза күйінде бөлінеді:
CaOB2O3 2SiO2 + 2CH3COOH + 2H2O Ca(CH3COO)2 + 2H3BO3 + 2SiO2
Слайд 9Данбуритті ыдыратуға арналған зертханалық қондырғы
1 – колба;
2 – құйғы;
3 –
кері тоңазытқыш;
4 – электрмотор;
5 – араластырғыш;
6 – қыздырғыш;
7 – байланыстырушы
термометр;
8 – реле;
Слайд 10Сүзу құрылғысы
1 – Бунзен колбасы;
2 – вакуумметр;
3 – шүмектер;
4 –
Бюхнер құйғысы;
5 – буферлі кеңістік.
Слайд 11
ӨНІМ ШЫҒЫМЫН АНЫҚТАУ
1) Күйдірілмеген данбуритті күкірт қышқылымен ыдырату нәтижесінде:
m (данбурит)
= 5 г; m (H3BO3) = 1,96г
w = (1,96 /
5) * 100 % = 39, 2 %
2) Алдын ала күйдірілген данбуритті күкірт қышқылымен ыдырату нәтижесінде:
m (данбурит) = 5,43 г; m (H3BO3) = 3,61 г
w = (3,85 / 5,43) * 100 % = 70,90 %
3) Күйдірілмеген данбуритті тұз қышқылымен ыдырату нәтижесінде:
m (данбурит) = 5 г; m (H3BO3) = 2,6 г
w = (2,6 / 5) * 100 % = 52 %
4) Алдын ала күйдірілген данбуритті тұз қышқылымен ыдырату нәтижесінде:
m (данбурит) = 5,25 г; m(H3BO3) = 4,58 г
w = (4,58 / 5,25) * 100 % = 87,24 %
5) Күйдірілмеген данбуритті сірке қышқылымен ыдырату нәтижесінде:
m (данбурит) = 5 г; m (H3BO3) = 2,91 г
w = (2,91 / 5) * 100 % = 58,2 %
6) Алдын ала күйдірілген данбуритті сірке қышқылымен ыдырату нәтижесінде:
m (данбурит) = 5,14 г; m (H3BO3) = 4,7 г
w = (4,7 / 5,14) * 100 % = 91,44 %
Слайд 12 Бор, кальций, магний, сульфат-иондарын анықтау
Слайд 133.1-сурет. Күйдірілмеген данбуритті күкірт қышқылымен ыдырату нәтижесінде оксидтердің бөліну дәрежелерінің
ыдырау температураларына тәуелділігі
3.1-сурет. Күйдірілген данбуритті күкірт қышқылымен ыдырату нәтижесінде
оксидтердің бөліну дәрежелерінің ыдырау температураларына тәуелділігі
Слайд 143.2-сурет. Күйдірілмеген данбуритті күкірт қышқылымен ыдырату нәтижесінде оксидтердің бөліну дәрежелерінің
ыдырау үдерісінің ұзақтығына тәуелділігі
3.2-сурет. Күйдірілген данбуритті күкірт қышқылымен ыдырату нәтижесінде
оксидтердің бөліну дәрежелерінің ыдырау үдерісінің ұзақтығына тәуелділігі
Слайд 153.3-сурет. Күйдірілмеген данбуриттің ыдырау дәрежелерінің күкірт қышқылының концентрациясына тәуелділігі
3.3-сурет. Күйдірілген
данбуриттің ыдырау дәрежелерінің күкірт қышқылының концентрациясына тәуелділігі
Слайд 16Данбуритті тұз қышқылымен ыдырату нәтижесінде оксидтердің бөліну дәрежелерінің ыдырау температураларына
тәуелділігі
а) күйдірілмеген данбурит;
б) күйдірілген данбурит
б)
а)
Слайд 17Данбуритті тұз қышқылымен ыдырату нәтижесінде оксидтердің бөліну дәрежелерінің ыдырау үдерісінің
ұзақтығына тәуелділігі
а) күйдірілмеген данбурит;
б) күйдірілген данбурит
б)
а)
Слайд 18б)
а)
Данбуритті тұз қышқылымен ыдырату нәтижесінде оксидтердің бөліну дәрежелерінің ыдырау үдерісінің
ұзақтығына тәуелділігі
а) күйдірілмеген данбурит;
б) күйдірілген данбурит
Слайд 19Данбуритті сірке қышқылымен ыдырату нәтижесінде оксидтердің бөліну дәрежелерінің СН3СООН концентрациясына
тәуелділігі
Слайд 20Данбуритті қышқылдық өңдеудің принципиалды сызбанұсқасы
Слайд 21ҚОРЫТЫНДЫ
Дүниежүзінде, оның ішінде Қазақстанда сирек және басқа қоспа кен минералдарымен
бірге кездесетін борқұрамды шикізат – данбуритті органикалық және минералды қышқылдармен
термиялық өңдеу арқылы ыдыратып, жаңа бор шикізатын өңдіру, өңдеу Шалқар кен орнындағы бор-калийлі кендердің табиғатына, құрылымдық, физика-химиялық, кен өндіру және өңдеудің технологиялық ерекшеліктеріне байланысты тұжырымдалды.
1) Алдын ала күйдірілмеген және күйдірілген данбуритті қышқылдық өңдеу нәтижесінде шыққан негізгі өнім – бор қышқылының шығымы есептелді:
Күкірт қышқылымен өңдеу нәтижесінде: w = 39,2 %; w = 70,90 %.
Тұз қышқылымен өңдеу нәтижесінде: w = 52 %; w = 87,24 %.
Сірке қышқылымен өңдеу нәтижесінде: w = 58,2 %; w = 91,44 %.
2) Алынған өнімдер құрамындағы бор, кальций, магний, сульфат иондары мөлшерлері анықталды:
ω (В2О3) = 1,17 %; ССа2+ = 2 моль/л; С Mg2+ = 0,0144 моль/л; С SO42-= 1,16 г/мл
3) Күйдірілген және күйдірілмеген данбуритті қышқылдық өңдеу нәтижесінде шыққан пайдалы компоненттердің үлесі және ыдырату ұзақтығы, температурасы мен қышқыл концентрациясының қышқылдық өңдеу үдересіне әсері рентгенфазалық талдау нәтижелерінен анықталды. Данбуритті алдын-ала күйдіру мен минералды (күкірт, тұз) және органикалық (сірке) қышқылдармен ыдырату үдерістерінің оптимальды параметрлері орнатылды:
- ыдырау ұзақтығы – 60; 60; 45 минут.
- ыдырату температурасы – 95 оС; 95 оС; 60 оC.
- қышқыл концентрациясы – 40 (30); 20 %; 20 %.
- қышқыл мөлшері – стехиометриялық қатынастан 140–150 %;
- термиялық өңдеу ұзақтығы – 50–60 минут;
- термиялық өңдеу температурасы – 950–980 оС.
4) Шалқар кен орны бор-калийлі кендерін және борқұрамды шикізат – данбуритті қышқылдық өңдеудің принципиалды сызбанұсқасы жасалды.