Слайд 1Дәріс 8
Еще не известно, что было бы с возом, если
бы не принципиальность Лебедя, Рака и Щуки.
Н. Левицкий
Биологиялық материалдан экстракция және сорбция әдісітерімен оқшауланатын заттар тобы.
Слайд 2.
Анықтау кезеңдері
1 кезең
Конц күкірт қышқылымен өңдеу
2 кезең
Сумен өңдеу
3
кезең
УК аймақта зерттеу
4 кезең
Драгендорф реактивімен өңдеу
1а амфетамин стандарты
2а
кодеин стандарты
1 зерттелетін үлгідегі амфетамин
2 зерттелетін үлгідегі кодеин
1
1а
2а
2
Слайд 4Хроматографиялық әдістердің ішінде ЖҚХ әдісі өзінің қолжетімділігіне ,
орындалу қарапайымдылығына, жоғары эффективтілігіне, сезімталдығына, экспресстілігіне және жеткілікті арнайылылығына байланысты
кең таралған.
Слайд 5Ионалмасу хроматографиясы
Ионалмасу хроматографиясы – нәтижесінде ионногенді топтардың диссоциацисын шақыратын ,
сорбенттің фиксацияланған иондарының бөлінетін иондармен ионалмасу қасиеттеріне негізделген сұйықтық хроматография.
Слайд 6Катиондарды бөлу үшін катиониттер қолданылады. (элюент қышқыл ерітіндісі);
Аниондарды бөлу
үшін аниониттер қолданылады. (элюент – сілті ерітіндісі).
Иондардың бөлінуін элюенттің
рН- ның оптимальді белгілерін таңдау арқылы реттейді.
Элюент рН –ын ескеріп, бөлінетін қоспаның компоненттерінің иондалу дәрежесін күрт өзгертуге және бөлінудің керекті селективтілігіне қол жеткізу үшін ұсталу уақытын өзгертуге болады.
Слайд 7Детектірлеуді сұйықтық хроматографияда қолданылатын кез келген детектрмен жүргізіледі. Ионды қосылыстарға
кондуктометрлік детектор әмбебап детектор болып саналады.
Слайд 8 Жоғарыэффективті ионды хроматография аурулар мен улануларды диагностикалау үшін қолданылады.Ол
үшін биологиялық сұйықтықтар (қан плазмасы, зәр, лимфа), нуклеотидтер қоспасы ,
нуклеозидтер, пуриндік және пиримидиндік негіздер мен метаболиттер зерттеледі.
Препаративті мақсатта жеке алкалоидтарды, антибиотиктерді, ферменттерді бөліп алуда қолданылады және т.б.
Слайд 9Ионит
Ионитті молекулалары ионалмасуға бейім каркас немесе матрицадан тұрады деп елестетуге
болды.
Ионит бейтарап, себебі теріс және оң зарядталған матрица қарама қарсы
зарядталған иондармен бейтараптанады.
Слайд 10.
Матрицаға зарядты белгілі топ атомдары береді, оларға қышқылдық немесе негіздік
қасиеттері бар молекула қалдықтары жатады,мысалы:
│
–SO3- немесе -N+-
│
Матрица зарядын бейтараптайтын иондар сол иондарға қарама - қарсы атаулар алды. Қарама- қарсы иондардың матрица жанында белгілі бір қозғалғыштығы болғандықтан, ионалмасу процесі жүреді.
Слайд 11Егер А қарама – қарсы иондары бар ионитті В иондары
бар ерітіндігі салатын болсақ , онда А иондары ионитті тастап,
ерітіндіге көшеді, ал В иондары ерітіндіден эквивалентті мөлшерде ионитке өтеді.
Бұл үлгі ионалмасу қарама – қарсы иондардың ионит пен ерітінді арасында статистикалық таралуына негізделгенін көрсетеді.
Слайд 12RAn-H+ + Na+ + Cl- ←→ RAn-Na+ + H+ +Cl-
катионды алмасу
RKt+OH- + Na+ + Cl- ←→ RKt+Cl- + OH- +Na+
анионды алмасу
R- ионит матрицасы;
An-, Kt+ - матрицаның тіркелген иондары.
Слайд 13Биологиялық материалдан экстракция және сорбция әдісімен оқшауланатын заттар тобы.
Учение
без размышления бесполезно,
но и размышление без учения опасно.
/Конфуций/
Слайд 14Бұл заттардың тобына химиялық құрылысы бойынша ерекшеленетін қышқылдық, негіздік, бейтарап
қасиеттері бар қосылыстар жатады.
Кәзіргі кезде токсикалық мәні жоғарыларға жататындар:
Слайд 15Қышқылдық қасиеті бар заттар:
1. Органикалық қышқылдар: бензол, салицил, ацетилсалицил, пикрин
қышқылдары.
2. Барбитураттар: барбитал, барбамил, фенобарбитал, этаминал натрий және т.б.
Слайд 16Бейтарап қасиетті заттар:
1. Барбитураттарға жатпайтын ұйықтатқыштар: ноксирон, тетридин.
2. Жүрек гликозидтері.
3.
Көпатомды фенолдар:
гидрохинон, пирогаллол.
4. Полинитротуындылар:
м-динитробензол, динитротолуолы, тринитротолуол.
Слайд 17Негіздік қасиетті заттар:
Алкалоидтар: пиридин және пиперидин туындылары (сұйық алкалоидтар);
Тропан
(атропин, кокаин және т.б.);
хинолин (хинин);
изохинолин (опийайтты);
индол (стрихнин,
бруцин, резерпин);
пурин (кофеин, теобромин, теофиллин);
ациклды (эфедрин) және т.б. туындылары
Слайд 18Негіздік қасиет көрсететін синтетикалық заттар
Пиразол туындылары (антипирин, анальгин);
Пиперидин туындылары
(промедол);
Ароматты топтың аминқышқылдарының туындылары (новокаин, новокаин-амид);
Фенотиазин туындылары ;
Бензодиазепина туындылары
және т.б.
Слайд 19 Ұшпайтын уларды биологиялық материалдан оқшаулау органикалық фазаға енгізгенде олардың
ерігіштігі , иондалған және молекулалық қалпына және молекулалық қалпының сулы
және органикалық фазада таралу коэффицентіне байланысты.
СО
КР = -------
СВ
КР – молекулалық қалыптың таралу коэффиценті;
С – сулы және органиклық фазалардағы заттың концентрациясы
Слайд 20Тіндік материалды зерттегенде оқшаулау 2 сатыдан тұрады (мәйіттің ішкі органдары)
Уды қатты фазадан сулы фазаға ауыстыру (объект) ,
Уды сулы
фазадан органикалық еріткішке ауыстыру .
Биологиялық сұйықтықтарды зерттегенде (қан, зәр, сулар ) оқшаулаудың 1-ші сатысы қажет емес , бірден органикалық еріткішке экстракцияны жүргіземіз.
Слайд 21Бірінші сатыда заттың оқшулану эффективтілігіне әсер ететін факторлр:
1. Қолданылатын экстрагенттегі
удың ерігіштігі. Себеі бірінші сатыда полярлы еріткіштер (су) қолданылады, у
суда еритін қалыпта болу керек (иондалған) .
2. Экстрагенттің табиғаты әсер етеді, оның саны, уақыты және экстракция тездігі.
Слайд 22Экстрагентке келесі негізгі талаптар қойылады :
- Тіндердің жасушаларына оңай енуі;
-
Жоғары еріткіштік қасиет (уға байланысты);
селективтілік (зерттетлетін заттарға байланысты), балластты заттармен
ластануды болдырмау үшін – майлар, ақуыздар, пигменттер және т.б.
Слайд 233. Нысанның майдалану көрсеткіші үлкен роль атқарады, еріткіштің зерттелетін
затқа қол жетілімділігі максимальды болуы қажет.
Оқшаулаудың екінші сатысы сулы
ерітіндіден әр түрлі рН ортада сумен араласпайтын органикалық еріткішпен экстракция әдісі арқылы оқшаулауға негізделген.
Слайд 24Заттарды 2 топқа бөлуге болады:
1. Қышқылды ерітіндіден органикалық еріткіштермен экстрагирленетін
заттар ( қышқылдық, бейтарап және әлсіз негіздік қасиеті бар заттар).
2.
Сілтілі ерітіндіден экстрагирленетін заттар (негіздік және әлсізнегіздік қасиеті бар заттар ).
Слайд 25 Бейтарап, иондалмайтын заттар белгілі бір рН ортасын қалыптастыруды талап
етпейді, олар органикалық еріткіш көмегімен молекулалық күйде кез келген ортадан
экстрагирленеді.
Слайд 26Оқшаулаудың жалпы және жеке әдістері
Жеке зерттеу – белгілі бір заттар
тобына немесе белгілі бір затқа зерттеу жүргізу.
Мысалы: алкалоидтарға, барбитураттарға
немесе белгілі бір нақты затқа.
Жеке зерттеу жүргізгенде зерттелетін заттың физико- химиялық қасиеттерін ескере отырып оқшулау жүргізіледі
Слайд 27 Міндетті Сот – химиялық зерттеуге жататын бірнеше топтарға жалпы
зерттеу жүргізіледі. (3 топқа)
Бұл жағдайда барлық заттар тобына сай жалпы
оқшаулау әдістерін қолданамыз.
Жалпы әдістерге жататындар:
1. Қышқылданған этанолмен оқшаулау.
2. Қымыз қышқылымен қышқылданған сумен оқшаулау.
Слайд 28 Стас –Отто әдісі.
Майдаланған нысанды рН 2-3 ге дейін
қымыз қышқылымен қышқылданған этанолмен 1 тәулік бойы тұндыру.
Спиртті зерттелетін
нысанның бетін толық жабатындай етіп аламыз. Спиртті бөлінділерді төгеміз, осыны 3 рет қайталаймыз.
Слайд 29Біріктірілген спиртті бөлінділерді 40-50 0С та қою тұнба түзілгенше буландырамыз
, үстінен абсолютті этанолды ақуыздардар коагуляцияға ұшырағанша тамызамыз.
Тұнбаны фильтірлейміз. Осы
әдісті ақуызды қосылыстар түгелімен жойылғанша қайталаймыз.
Слайд 30 Фильтратты сол t да қою тұнба түзілгенше буландырып
және құрамындағы майларды, пигменттерді және шайырды жою үшін ыстық сумен
араластырады. Тұнбаны фильтірлейді .
- Қышқылдық, бейтрап және әлсіз негіздік қасиеті бар заттарды сулы фильтраттан рН=2 болғанда хлороформоммен экстрагирлеу. (экстракцияны 3 рет жүргізу), органикалық фазаны бөліп алып ,буланумен алынған бөліндіні концентірлеу ( А фракциясы, «қышқыл» бөлінді).
Слайд 31 Фазаларды бөлгеннен кейінгі сулы қабаттың рН 9-10 келтіріп , күштінегіздік
қасиеті бар заттарды хлороформмен экстрагирлейміз. (экстракцияны 3 рет жүргізу), органикалық
фазаны бөліп алу және буланумен концентірлеу (Б фракциясы, «сілтілі» бөлінді).
Слайд 32Әдіс артықшылықтары:
1. Әдіс әмбебап, осы топтың заттарына этанол жақсы еріткіш
болып саналады.
2. Әдіс бөлінділерді бластты заттардан тазартуға мүмкіндік береді, сондықтан
заттарды сулы фазадан хлороформмен экстрагирлегенде таза , эмульсия түзбейтін хлороформды бөлінділер береді.
Әдіс 30 % дейінгі барбитураттар мен 20-25 % дейін алкалоидтарды оқшаулауға мүмкіндік береді.
Слайд 33Әдіс кемшіліктері:
Ұзақ (8-10 күн) және көпсатылы. Көптеген жұмысты және материалды
талап етеді.
2. Әдіс қымбаттылығы. 1 зерттеуге 500 мл этанол жұмсалады.
Слайд 34 Васильева әдісі бойынша оқшаулау
Майдаланған нысанды қымыз қышқылымен қышқылдандырылған рН=2-3
болатын суда 2 сағат бойы тұндыру.
Суды зерттелетін затпен 1:2 қатынасында
аламыз.
Сулы бөліндіні фильтірлейміз;
Слайд 35 Қышқылдық, бейтрап және әлсіз негіздік қасиеті бар заттарды сулы
фильтраттан рН=2 болатын хлороформоммен экстрагирлеу. (экстракцияны 3 рет жүргізу), органикалық
фазаны бөліп алып ,буланумен алынған бөліндіні концентірлеу ( А фракциясы, «қышқыл» бөлінді).
Слайд 36 Фазаларды бөлгеннен кейінгі сулы қабаттың рН 9-10 келетіндей аммиак ерітіндісін
қосып , күштінегіздік қасиеті бар заттарды хлороформмен экстрагирлейміз. (экстракцияны 3
рет жүргізу), органикалық фазаны бөліп алу және буланумен концентірлеу (Б фракциясы, «сілтілі» бөлінді).
Слайд 37Артықшылықтары:
1. Аз уақытты қажет ететіндігі (зерттеуді 1 күн ішінде өткізуге
болады).
2. Аздаған жұмысты қажет етеді , керекті материалды аз
қажет етеді ( 30-40 % алкалоидтар бөлінеді).
3. Тиімді және арзан, қымбат спирт сумен алмастырылған
Слайд 38Кемшіліктері:
Сулы фазадан хлороформмен экстрагирлегенде тұрақты эмульсиялардың пайда болуы әдіс кемшілігіне
жатады, әсіресе шіріген биоматериалды зерттегенде байқлады, себебі әдісте бөлінділерді тазарту
қарастырылмаған.
Слайд 39 Барбитураттарды сілтіленген сумен оқшаулау ( П. Валов әдісі)
Майдаланған нысанды
20 % натрий гироксидімен сілтілендірілген рН=12 болатын суда 30 минут
бойы тұндыру.
Натрия вольфроматымен қанықтыру арқылы сулы бөліндіні ақуыздардан тазарту, ерітіндіні фильтірлейді.
Күкірт қышқылымен рН =2 дейін қышқылдандырып оны диэтил эфирімен экстрагирлейді , эфирлі бөліндіні буландыру арқылы концентрлейміз.
Слайд 40Барбитураттың түріне байланысты, шығым 50 % бен 90 % дың
арасын құрайды. Ақуыздардан тазартатындықтан , әдіс таза бөлінділер береді, сол
себепті келесі зерттеулердің сапасын арттырады.
Кемшілігі – ақуыздармен бірге барбитураттарда тұнады,сондықтан соңғы модификацияда күкірт қышқылын натрий гидросульфатына ауыстырамыз.
Слайд 41 Крамаренко әдісі – алкалоидтарды күкірт қышқылымен қышқылданған сумен оқшаулау
әдісі.
Майдаланған нысанды 20 % күкір қышқылымен қышқылдандырылған рН=2-3 болатын суда
2 сағат бойы тұндыру.
Суды зерттелетін затпен 1:2 қатынасында аламыз.
Сулы бөліндіні фильтрлейміз.
Операцияны 2 рет қайталаймыз .
Слайд 42 Сулы бөліндіні аммоний сульфатымен қанықтырып, 1 сағатқа қалдырып қалған
тұнбаны фильтрциядан өткізу арқылы ақуызды қосылыстардан тазартамыз.
Фильтраттарды майлардан,
шайырдан, пигменттерден тазарту үшін эфирмен экстракция жүргіземіз.
Эфирлі бөліндіні тастайды.
Слайд 43Сулы бөліндіні 20 % натрий гидроксидімен сілтілеп және негіздік қасиеті
бар заттарды рН=9-10 болатын хлороформмен экстрагирлеп (үш рет ), органикалық
фазаны бөліп алып буландыру арқылы концентірленген бөлінді бөліп алу.
Әдіс тез жүреді. Артықшылығы бөлінділерді экстрактивті заттардан жақсы тазартатындығында.
Слайд 44Аспирин. Салицил қышқылы
Аспирин. Асқазан мен тік ішекте жақсы сіңіріледі;
деацетилденеді
қан плазмасында, 24-48 сағат ішінде зәрмен 80 % шығарылады;
биожеткіліктігі ішке
қабылдағанда 68 %, плазма ақуыздарымен байланысу дәрежесі - 49 %;
Өлімге алып келетін доза 30-40 г, балаларға 10 г;
Қандағы токсикалық концентрациясы 150-300 мг/л, өлімге алып келетін – 500 мг/л.
Слайд 45Таңдамалы токсикалық әсер: психотропты, гемотоксикалық.
Клиникалық белгілері мен диагностикасы: қозу,
эйфория. Басайналу, құлақтағы дыбыс, есітудің төмендеуі, көрудің нашарлауы, перифериялық ісінулердің
дамуы .
Слайд 46 Салицил қышқылының биотрансформация өнімдері:
2,5-дигидроксибензой қышқылы;
2, 3-дигидроксибензой қышқылы;
2,3,5-тригидроксибензой қышқылы;
салицил қышқылының глюкуронидтері;
салицил қышқылының глицинмен бірігуі.
Аспирин организмде дәл осындай
метаболиттер береді.
Слайд 47Биологиялық сұйықтықтардағы салицил қышқылына алдын-ала сынама
Триндлер реактивін қолдану арқылы жүргізеді:
зәрдің 1 мл-не 2-3 тамшы Триндлер реактивін қосады, пурпур түсінің
пайда болуы зәрдің құрамында салицил қышқылы немесе аспириннің бар екендігін көрсетеді.
Триндлер реактиві : сынап (ІІ) хлоридінің 4 г-ын қыздыра отырып 85 мл суда ерітеді. Ерітіндіні суытады, 12 мл 1 н НСl ерітіндісін және 4 г темір (ІІІ) нитратын қосады. Темір нитраты еріген соң сұйықтық көлемін сумен 100 мл-ге дейін жеткізеді.
Слайд 48Сапалық анықтау
Трибромфенолдың түзілу реакциясы (ақ тұнба). Реакцияның сезімталдығы жоғары, бірақ
спецификалық емес және теріс сот-химиялық мәні бар.
Темір (ІІІ) хлоридімен реакция
(2-3 тамшы этанол қосқанда жойылмайтын көк-күлгін түсті бояу);
Метилсалицилатының түзілу реакциясы (салицил қышқылының метил эфирінің өзіне тән йісі);
Аурин бояуының түзілу реакциясы (қызыл түстің пайда болуы).
Слайд 50Сандық анықтау
Титриметриялық әдіс – алкалиметрия (спиртті ортада фенолфталеин қатысында натрий
гидроксиді ерітіндісімен титрлеу) немесе броматометриялық анықтау.
0,5 моль/л натрий гидроксидінің ерітіндісінде
салицил қышқылының жұтылу максимумы 300 нм толқын ұзындығында.
Слайд 52Барбитураттар
"Потребитель барбитуратов производит отталкивающее впечатление. У него отсутствует координация, он
шатается и падает со стульев в баре, засыпает в середине
беседы, пища вываливается у него изо рта. Он застенчив, ворчлив и глуп."
Вильям Бароуз, "Naked Lunch"
Слайд 53Жалпы сот-химиялық талдау жасағанда бұл топ заттарына міндетті түрде сот-химиялық
зерттеу жасау керек (Приказ МЗ СССР № 1021 от 25.12.73
г.).
Қазіргі таңда осы топқа жататын 2500-ге жуық әр түрлі заттар синтезделген, олардың 60-тан астамы медицинада қолданылған. Біздің елде осы топқа жататын 11 препарат қолданылады.
Улануларды емдейтін мамандандырылған (специализированный) орталықтардың науқастарының 10-15 %-ы барбитураттармен уланған науқастар болып табылады. Коматозды күйдің дамуымен жүретін ауыр уланулар кезінде летальді жағдай 10-15 %-ды құрайды.
Слайд 54Барбитур қышқылының туындыларының токсикологиялық мәні
Барбитураттар жоғары фармакологиялық активтілікке ие, сол
үшін олардың артық дозасы әр түрлі асқынулар тудыруы мүмкін және
өлімге де әкелуі мүмкін.
Тұрғындарға қол жетімді, себебі медицина тәжірибесінде ОЖЖ-не тежегіш әсер ету арқылы ұйықтатқыш, седативті, тырысуларға (судорога) қарсы, наркозға арналған заттар ретінде кеңінен қолданылады.
Ұзақ қолданғанда препараттар әуестік (пристрастие) және үйреніп кетуді шақырады (барбитурлік токсикоманияны).
Слайд 55Барбитуроманияның негізгі симптомдары:
терапевтикалық дозалардың ұйықтатқыш әсер көрсетпеуі, ұйықтатқыш дозаны көбейту
қажеттілігі; ұйқының бұзылуы;
барбитураттарды қабылдамаған кезінде психикалық жайсыздық (дискомфорт);
әрдайым қабылдау қажеттілігі:
барбитураттарды таңғы, күндізгі қабылдау;
бір реттік дозаны 0,4-0,6 г-ға дейін көбейткенде байқалатын барбитураттардың тонизирлейтін немесе эйфориялық әсерімен танысу.
Слайд 56Барбитураттар АІЖ-нан тез сіңіріледі.
Өлім дозасы – әр препараттың шамамен 10
терапевтикалық бір реттік дозасы.
Барбитураттарды жйі қолдану кезінде кумуляция байқалады, ол
улану қаупін тудырады. Ең көп концентрациялар бауырда, бүйректерде, көк бауырда, ми тіндерінде анықталады.
Слайд 57Барбитур қышқылының туындылары фармакологиялық әсері бойынша былай бөлінеді: ұзақ әсерлі
препараттар (8-12 сағ) – фенобарбитал, барбитал, барбитал-натрий; әсер ету ұзақтығы
орташа барбитураттар (6-8 сағ) – барбамил, этаминал-натрий; әсер ету ұзақтығы қысқа барбитураттар (4-6 сағ) – гексобарбитал.
Слайд 582-орындағы күкірт атомының оттекпен ауысуы және 1-орындағы күкірт атомының метил
тобымен ауысуы әсер ұзақтығын қысқартуға мүмкіндік берді, бірақ тырысу белсенділігін
және қозу жиілігін арттырды.
Бүйірлік тізбектегі 5-орында көміртек атомдарының санының артуы агент күшін арттырады.
Фенил тобын тікелей алмастыру тырысуға қарсы әсердің пайда болуына септігін тигізеді.
Барбитураттар
Барбитур сақынасының құрылысы
Слайд 60Ең көп концентрация бауырда, бүйректерде, көкбауырда, қанда, мида байқалады.
Қазіргі кезде
осы топ препараттарына әуестік туындайтыны және ішімдікпен, опиаттармен, беладонна алкалоидтарымен,
психотропты заттармен бірге қабылдағанда синергизм туындайтыны белгілі.
Слайд 61Метаболизмнің негізгі жолдары:
С5 көміртек атомының орынбасушыларының ары қарай аз мөлшерде
глюкуронидтерге түрленіп, спирттер, фенолдар, кетондар және карбон қышқылдарын түзе тотығуы;
N-алкильді
топтардың деалкилденуі;
Тиобарбитураттардың S2-тобының десульфирленуі;
N1- және С6-атомдар арасында барбитур сақинасының ашылуы.
Слайд 62Оқшаулау
Тотықтырғыш қасиеті бар заттар үшін ойлап табылған жалпы және жеке
әдістермен жүргізеді.
Тазалау үшін сублимация, экстракция және реэкстракция, хроматография әдістерін қолданады.
Барбитураттар
сілекей, шаш және тері арқылы бөлінеді.
Слайд 63Барбитураттардың таутомериясы
Орта рН-ына байланысты барбитураттар бірнеше таутомерлі формаларда болу мүмкін:
рН=2
– лактамды (имидті);
рН=10 – лактимді (моноимидольді);
рН=13 – дилактимді (диимидольді).
Слайд 64Химиялық әдістер
Барбитураттар ауыр металл тұздарымен боялған қосылыстар түзе алады:
кобальт тұздарымен
аммиакты ортада (Пари реакциясы) құрамы Со(NH3)6OHBarb2 комплексі түзіледі, қызыл-күлгін түсті;
мыс
тұздарымен сілтілік ортада пиридин қатысында қызыл-күлгін түсті комплекс түзіледі (тиобарбитураттар жасыл түсті тұнба түзеді) – Цвиккер реакциясы;
Слайд 65сынап тұздарымен қышқылды ортада комплексті тұздың ақ тұнбасы түзіледі.
Бұл реакция
барбитураттарды пластинкада ЖҚХ әдісімен анықтау үшін қолданылады – жартылай мөлдір
фонда ақ дақтар пайда болады. Дифенилкарбазон қатысында (ДФК) барбитураттар көк-күлгін түске боялған комплексті қосылыстар түзеді.
Реакция барбитураттарды хроматограммада анықтау үшін кең қолданылады.
Оның сезімталдығы 0,5 мкг-ға дейін жетеді.
Слайд 66Мурексидті сынама
Қышқылды ортада тотықтырғыштармен барбитур қышқылының туындылары аллоксанның және диалур
қышқылының туындыларының қоспасын түзеді. Осы қоспаға аммиактық қосқанда мурексид (күлгін
бояу) түзіледі.
Слайд 676Ж родаминімен реакция
6Ж родамині барбитуратар тұздарымен (барбамил, этаминал-натрий) әрекеттескенде төртхлорлы
көміртегімен экстракцияланатын боялған ионды ассоциаттар түзеді.
Барбитураттардың тұздары бар болса, онда
төртхлорлы көміртек қабаты ашық қызыл-сары немесе қызыл-қызыл сары түске боялады.
Слайд 68Микрокристаллоскопиялық талдау
Барбитураттардың қышқылды формасының түзілуі. Құрғақ қалдыққа конц. күкірт қышқылы
қосылады, азот атомдарының протондалуының арқасында барбитураттардың күкірт қышқылында еритін формасы
түзіледі.
Қышқылды сумен сұйылтқаннан кейін әр барбитуратқа тән қышқылды формадағы кристалды тұнбалар түзіледі
Слайд 69Хлорцинкиодпен реакция. Боялған тән тұнбаларды береді: барбитал, этаминал и барбамил.
Теміриодидті
комплексті тұзбен реакция, спецификалық пішінді боялған кристалдарды түзеді: фенобарбитал, барбамил
және этаминал.
Мысиодидті комплексті тұзбен реакция. Барбамил және этаминал өздеріне тән кристалдар береді.
Слайд 71Жұқа қабаттағы хроматография
Барбитураттарды бөлу және идентификациялау үшін хлороформ-н-бутанол-25 % аммиак
(70:40:5) еріткіштер қоспасы жеке хроматографиялық жүйе болып табылады. Хроматограммада заттарды
детектрлеу үшін сынап сульфаты және дифенилкарбазон ерітінділерін қолданады. Барбитураттарды көк-күлгін түсті дақтардың пайда болуының арқасында анықтайды.
Слайд 72УК-аймақтағы спектрофотометрия
Имидті қалыптағы барбитураттар (рН=2) спектрдің УК-аймағында жұтпайды, себебі түйіндес
(сопряженный) қосарланған байланыс жүйесі жоқ.
Имидольді қалыптағы барбитураттарда (рН=10) түйіндесу (сопряжение)
жүйесі бар және λмах = 240 нм-де өздеріне тән жұтылуы бар.
Барбитураттардың диимидольді қалпында да λмах = 255-260 нм-де өзіне тән жұтылуы бар.
Слайд 73Барбитураттарды сандық анықтау
С.а-ды спектрофотометриялық әдіспен, УК-аймақта жұтылу жолағы (полоса поглащения)
λmax = 260 нм-де анықтауға болады. Сонымен қоса, ГСХ және
ЖЭСХ әдістерімен де анықтайды.
Слайд 74Пиразол туындылары (антипирин, анальгин)
Бұл қатарға жататын препараттар есірткі емес анальгетиктер
тобына жатады.
Терапевтикалық дозаларда анальгетикалық, қабынуға қарсы және қызуды басатын әсерлер
көрсетеді.
Осы препараттардың әсерінен токсикалық дозаларда мидың қыртысты және қыртыс асты орталықтары қозады, миелотоксикалық әсер көрсетеді (кейбір жағдайларда апластикалық анемия шақырады).
Организмде енгізудің кез-келген жолында тез сіңіріледі, оның іздері енгізгеннен кейін, 10-20 минуттан кейін, зәрде анықталады.
Слайд 77Уланудың белгілері
Қозу жағдайы. Тырысулар (судороги). Ұйқысыздық. Сандырақтау. Кома. Лоқсу. Құсу.
Қызылшаға сәйкес тері бөртпелері. Конъюктивит, ринит, стоматит. Жүрек-қан тамырлық жеткіліксіздік.
Слайд 78Жедел жәрдем
Толық физикалық және психикалық тыныштық. Сүтті сұйықтарды (өнімдерді) көп
мөлшерде ішу.
Белсендірілген көмір немесе магний оксиді қосылған көп мөлшердегі сумен
асқазанды шаю.
Антидоттар: фолий қышқылы, метилурацил, цианокобаламин.
Слайд 79Бұл топ препараттарына ИҚ- және УК-аймақтарында жұтылу тән.
УК-спектрлер 2 максимумға
ие: 230-245 нм және 265-275 нм аралықтарында, бұл қасиет идентификация
және с.а. үшін қолданылады.
Слайд 80Пиразолон туындыларында әлсіз байқалатын негіздік орталық бар – 2-ші орындағы
гетероатом. Карбонил тобы атомының және фенил радикалының әсерінен 1-ші орындағы
азот атомы негіздік қасиеттер көрсетпейді.
Слайд 81Антипирин
Пиразолдың барлық туындыларына қарағанда тотықсыздандырғыш қасиеттері жоқ және тотықпайды.
4-ші орындағы
жылжымалы сутектің арқасында сапалық және сандық анықтауда қолданылатын орын басу
реакциясына түседі.
Сонымен қоса, антипиринді комплекс түзу қабілеті ерекшелендіреді.
Слайд 82Антипиринді идентификациялау
темір (ІІІ) хлориді ерітіндісімен реакциясы, нәтижесінде феррипин комплксті тұзы
түзіледі (қарқынды қызыл бояу);
қышқылды ортада натрий нитритінің ерітіндісімен әрекеттескенде нитрозоантипириннің
түзілуі (тұрақты изумрудты-жасыл бояу).
Слайд 84Антипириннің негізгі метаболті – 4-гидроксиантипирин.
Шамамен 5 %-ы өзгермеген күйінде бөлінеді.
Ол глюкурон қышқылымен тез арада байланысады, сол үшін қан плазмасында
анықталмайды.
Слайд 85Анальгиннің идентификациясы
минералды қышқылдармен қыздырады, күкірт диоксиді және формальдегид бөлінеді, оларды
иісі арқылы анықтайды, егер реакцияны күкірт және салицил қышқылдары қатысында
жүргізсе, онда бөлінген формальдегидтің арқасында қарқынды қызыл түсі бар аурин бояуы түзіледі.
Слайд 86Ксантин туындылары
Медицина тәжірибесінде алкалоидтар болып табылатын кофеин, теобромин және теофиллин
қолданылады.
Кофеин шай жапырақтарында 5 %-ға дейін және кофе дәндерінде (1,5
%-ға дейін), басқа да кейбір өсімдіктерде бар. Шай жапырақтарында сонымен қоса теофиллин, ал какао бұршақтарында – теобромин бар.
Слайд 87Кофеин ОЖЖ-не таңдамалы әсер етеді, ең бірінші кезекте бас ми
қыртысына. Кумуляциялық қасиеттер көрсетпейді.
АІЖ-нда тез сіңіріледі, организмде деметилденеді, зәрмен метаболиттер
түрінде, 10 %-ы өзгермеген түрінде бөлінеді. Тез шығарылады.
Өлім дозасы – 20 г, бірақ үлкен индивидуалды ерекшеліктер бар.
Слайд 88Таңдамалы токсикалық әсері: психотропты, нейротоксикалық (судорожное).
Клиникалық белгілері және диагностикасы: құлақтағы
шуыл, бас айналу, лоқсу, құсу, дене температурасының жоғарылауы, жүрек қағу.
Передозировка кезінде, әсіресе ішке қабылдау кезінде, клонико-тоникалық тырысулардың (судороги) ұстамасы және артериалды қысымның төмендеуі болуы мүмкін.
Слайд 89Екі сақинадан тұратын бициклді жүйені құрайды: пиримидинді (А) және имидазолды
(В) сақина, оларда көміртегінің 2 атомы ортақ болып табылады.
Несслер реактивімен
қыздырғанда қызыл-қоңыр тұнба пайда болады.
Кофеинді анықтау үшін мурексид түзілу реакциясын, алкалоидтарды топтық тұндыру реакцияларын, физико-химиялық әдістерді – УК-, ИҚ-спектроскопияны, жұқа қабаттағы хроматографияны және т.б. қолданады.
С.а. – салмақтық немесе колориметриялық әдістер.