Разделы презентаций


ДӘРІС №11

Содержание

Аналитикалық химия – бұл заттардың химиялық құрамын, материалдар құрамына кіретін молекулалардың құрылымдық және кеңістік құрылысын анықтайтын әдістерді зерттейтін, жаңа заманауи зерттеу әдістерді жетілдіру жолдарын қарастыратын ғылым. Химиялық анализ ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1ДӘРІС №11
1. Аналитикалық химия пәні, маңызы.

2. Аналитикалық химияның анализ

түрлері, әдістері.

3. Сандық анализ кезінде жасалатын қателіктер.

4. Аналитикалық химияның теориялық

негіздері.
ДӘРІС №11 1. Аналитикалық химия пәні, маңызы.2. Аналитикалық химияның анализ түрлері, әдістері.3. Сандық анализ кезінде жасалатын қателіктер.4.

Слайд 2 Аналитикалық химия – бұл заттардың химиялық құрамын, материалдар құрамына кіретін

молекулалардың құрылымдық және кеңістік құрылысын анықтайтын әдістерді зерттейтін, жаңа заманауи

зерттеу әдістерді жетілдіру жолдарын қарастыратын ғылым.
Химиялық анализ ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады. Егіннен мол, сапалы өнім алу үшін топырақ құрамын, өсімдікке қажет болғанда тыңайтқыш салу керек. Бұл істерді дұрыс жүргізу үшін аналитикалық химияның әдістерін дұрыс қолданып анализ жасап қажет мөлшерлері анықталады. Сонымен қатар, мал шаруашылығынының өнімдерін арттыру үшін азық-түлік, судың, жайылымдардың сапасын химиялық анализ жасап, бақылап отырады. Химиялық анализ көмегімен мал өнімінің (сүт, ет, май т.б.) сапасын қадағалап отырады. Кәзіргі кезде ауыл шаруашылығындағы мамандар өздеріне күнделікті қажет клиникалық диагностика, зоогигиена, микробиология, фармакология, азық-түлік анализі және т.б. мәселелерімен тікелей араласқан кезде аналитикалық химия әдістерін білу қажет.
Аналитикалық химия – бұл заттардың химиялық құрамын, материалдар құрамына кіретін молекулалардың құрылымдық және кеңістік құрылысын анықтайтын әдістерді

Слайд 3Аналитикалық химияның негізгі мақсаты – химиялық қосылыстардың сапалық және сандық

құрамын анықтау

Аналитикалық химияның негізгі мақсаты – химиялық қосылыстардың сапалық және сандық құрамын анықтау

Слайд 4Сапалық талдау заттардың қандай элементтерден, иондардан, атом топтарынан немесе молекулалардан

тұратынын анықтайды.

Сандық талдау заттар құрамындағы ашылған элементтердің, иондардың сандық

мөлшерін анықтайды.

Біріншіден сапалық, содан кейін сандық талдау жасалады, өйткені сандық анализ әдісін дұрыс таңдау зерттелетін заттардың құрамына тікелей байланысты.
Сапалық талдау заттардың қандай элементтерден, иондардан, атом топтарынан немесе молекулалардан тұратынын анықтайды. Сандық талдау заттар құрамындағы ашылған

Слайд 5Аналитикада қолданатын көптеген әртүрлі әдістерді 3 үлкен топқа бөледі:

Химиялық талдау

әдістері

2. Физикалық талдау әдістері

3. Физика-химиялық талдау әдістері

Аналитикада қолданатын көптеген әртүрлі әдістерді 3 үлкен топқа бөледі:Химиялық талдау әдістері2. Физикалық талдау әдістері 3. Физика-химиялық талдау

Слайд 6ХИМИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР заттар арасында жүретін химиялық реакцияларға негізделген, оларды 2

ТОПҚА БӨЛЕДІ:

1. Гравиметриялық (мөлшерлік) талдау анықталатын заттың және реакция нәтижесінде

түзілген заттын массасын дәлдікпен өлшеуге негізделген әдіс. Негізгі аспап – аналитикалық таразы (дәлдігі 0,0001г дейін). Негізгі операция – затты таразыда өлшеу.

2. Титриметриялық (көлемдік) талдау реакцияға жұмсалған реактивтің көлемін анықтауға негізделген. Негізгі аспап – бюретка. Негізгі операция – бюретка арқылы титрлеу.

ХИМИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР заттар арасында жүретін химиялық реакцияларға негізделген, оларды 2 ТОПҚА БӨЛЕДІ:1. Гравиметриялық (мөлшерлік) талдау анықталатын заттың

Слайд 7 Таразы - дененің массасын оған әсер етуші ауырлық күшінің көмегімен анықтайтын құрал. Аналитикалық зертханада технохимиялық

және аналитикалық таразы түрлері қолданады.
Таразының дұрыс және дәл жұмыс істеуі

оның сезгіштігімен (яғни дәлдігімен) анықталады.

Технохимиялық таразының
дәлдігі 0,01г дейін

Аналитикалық таразының
дәлдігі 0,0001г дейін

Таразы - дененің массасын оған әсер етуші ауырлық күшінің көмегімен анықтайтын құрал. Аналитикалық зертханада технохимиялық және аналитикалық таразы түрлері қолданады.	Таразының дұрыс және

Слайд 8Көптеген химиялық және биохимиялық анализдерді титрлеу жолымен жүзеге асырады.
Титрлеу

дегеніміз анықталатын заттың ерітіндісінің өлшенген көлеміне концентрациясы нақты берілген реагенетті

(титрантты) тамшылатып құю процессі.
Титрлеуді бюретка құралымен жүргізеді. Бюретка деп ерітінділерді аз мөлшерде тамшымен құйып алу үшін, жоғары бөлігінде нөлдік белгісі бар, көлемі бойынша градуирленген шыны түтікшілерді айтады.
Көптеген химиялық және биохимиялық анализдерді титрлеу жолымен жүзеге асырады. Титрлеу дегеніміз анықталатын заттың ерітіндісінің өлшенген көлеміне концентрациясы

Слайд 9 Гравиметриялық әдіс – құрамы анық белгілі қосылыс түрінде немесе химиялық таза

күйінде бөлінген анықталатын компоненттің массасын дәл өлшеуге негізделген мөлшерлік анализ

әдісі. Анықталатын бөлікті жалпы қоспадан бөліп алу тәсіліне қарай гравиметрияның 3 әдісі белгілі:

Бөлу әдісі – анықталатын құрам бөлікті бос күінде бөліп алып өлшейді немесе қалдықты өлшейді Мысалы қатты оттан күлін өлшеу. 
Айдау әдісі – анықталатын құрам бөлікті ұшқыш қосылысқа айналдырып, қыздыру арқылы айдайды, оны гравиметриялық формаға келтіріп, өлшейді немесе қалған қалдықты өлшейді.
Тұндыру әдісі – анықталатын құрам бөлікті анықталатын құрамының аз еритін қосылысы түрінде тұндырады. Қалдықты (тұнбаны) жуып, кептіреді немесе қатты қыздырып, суытады да өлшейді.
Гравиметриялық әдіс – құрамы анық белгілі қосылыс түрінде немесе химиялық таза күйінде бөлінген анықталатын компоненттің массасын дәл өлшеуге

Слайд 10Титриметрияда реакцияның аяқталу кезеңі (ерітіндіде титранттың мөлшері титрленетін заттың мөлшеріне

эквиваленттік шамаға дейін жетуі) немесе титрлеудің соңы эквиваленттік нүкте (ЭН)

деп аталады.
Тәжірибеде эквиваленттік нүктені бақылап алуға өте қиын, сондықтан анализді титрлеудің соңғы нүктесінде (ТСН) аяқтайды, себебі ТСН  ЭН.
Көбісінде титрлеудің эквиваленттік нүктесін титрленетін ерітіндіге қосылған индикатордың бояуының өзгеруімен анықтайды.
Индикаторлар дегеніміз молекулалық және диссоциацияланған түрдегі бояулары әртүрлі болып келетін әлсіз органикалық заттар.
Титриметрияда реакцияның аяқталу кезеңі (ерітіндіде титранттың мөлшері титрленетін заттың мөлшеріне эквиваленттік шамаға дейін жетуі) немесе титрлеудің соңы

Слайд 11Сонымен, титрлеудің соңғы нүктесін келесі жолдармен бақылауға болады:
1) Визуалдық тәсілімен:

Индикатор көмегімен (метилоранж, фенолфталеин, лакмус, крахмал, хромоген қара)

Индикаторсыз жолмен (калий перманганаты, йод ерітіндісі)
2) Физика-химиялық индикациялау тәсілімен (инструменталды жолы) приборлар көмегімен бақылауға болады (электроөткізгіштік - кондуктометрмен, потенциалдар айырмасын - гальвонометрмен).
Сонымен, титрлеудің соңғы нүктесін келесі жолдармен бақылауға болады:1) Визуалдық тәсілімен:  Индикатор көмегімен (метилоранж, фенолфталеин, лакмус, крахмал,

Слайд 12 ТИТРЛЕУ ОПЕРАЦИЯСЫН 3 ЖОЛМЕН ОРЫНДАЙДЫ:

ТУРА ТИТРЛЕУ кезінде анықталатын

заттың ерітіндісін тікелей стандартты ерітіндісімен титрлейді;

КЕРІ ТИТРЛЕУ

кезінде зерттелетін ерітіндіге бұрынан белгілі концентрациясы нақты, анықталатын заттың эквиваленттік мөлшерімен әрекеттесетін үшінші заттың ерітіндісінің артық мөлшерін қосып, сол ерітіндінің қалған артық мөлшерін стандарт титранттың ерітіндісімен титрлейді;

ЖАНАМА НЕМЕСЕ ОРЫНБАСУ ТИТРЛЕУ кезінде анықталатын зат ерітіндісіне арнайы реагенттің артық мөлшері қосылып, нәтижесінде анықталатын заттың эквиваленттік мөлшеріне сәйкес, алынған өнімдерінің біреуін стандарт титранттың ерітіндісімен титрлеп алады.
ТИТРЛЕУ ОПЕРАЦИЯСЫН 3 ЖОЛМЕН ОРЫНДАЙДЫ:  ТУРА ТИТРЛЕУ кезінде анықталатын заттың ерітіндісін тікелей стандартты ерітіндісімен титрлейді;

Слайд 13Титриметриялық анализ есептеулері эквиваленттер заңына негізделген:
Нормальдік концентарциялары өзара

тең ерітінділердің әрекеттесетін көлемдері де бірдей болады, яғни

Ерітінділердің нормальдік концентрациялары әртүрлі болса, онда сол ерітінділердің өзара әрекеттесетін көлемдерінің қатынасы олардың нормальдік концентрацияларының қатынасына кері пропорционал болады, яғни

сонда


Титриметриялық анализ есептеулері эквиваленттер заңына негізделген:  Нормальдік концентарциялары өзара тең ерітінділердің әрекеттесетін көлемдері де бірдей болады,

Слайд 14Титриметриялық анализде нормальдік концентрациялары белгілі болатын ерітінділер қолданады, оларды титрленген

ерітінділер (титранттар) деп атайды. Титрленген ерітінділерді стандартты және стандартталған деп

екіге бөледі:
1) Стандартты (біріншілік немесе даярланған) ерітінділерді заттың нақты өлшендісінен дайындайды. Заттың дәл өлшенген мөлшерінен ерітілген титрленген ерітіндіні стандартты деп атайды.
Титриметриялық анализде нормальдік концентрациялары белгілі болатын ерітінділер қолданады, оларды титрленген ерітінділер (титранттар) деп атайды. Титрленген ерітінділерді стандартты

Слайд 152) Дәл концентрациясы нақты өлшенген мөлшерінен емес, басқа стандартты ерітінді

бойынша анықталатын титрант ерітіндісін стандартталған (екіншілік немесе анықталған) деп аталады.

Мысалы қышқылдар мен сілтілердің ерітінділері стандартталған болып келеді.
3) Кейде анализде титрант ерітінділерін фиксаналдардан немесе стандарт-титрден дайындайды. Фиксанал дегеніміз көлемі 1л 0,1н немесе 0,01н ерітіндіні дайындауға арналған шыны ампула.
2) Дәл концентрациясы нақты өлшенген мөлшерінен емес, басқа стандартты ерітінді бойынша анықталатын титрант ерітіндісін стандартталған (екіншілік немесе

Слайд 16ТИТРЛЕУ ӘДІСТЕРІН 4 ТОПҚА БӨЛЕДІ:

Титриметриялық анализдің әдістерінің жіктелуі олардың негізінде

жататын реакцияларының түріне байланысты болады
Бейтараптану реакциянына негізделген қышқылдық-негіздік титрлеу әдісі
Тотығу-тотықсыздану

реакциясына негізделген редоксиметрия титрлеу әдісі
Тұндыру реакциясына негізделген тұндырып титрлеу әдісі
Комплекс түзу реакциясына негізделген комплексонометриялық титрлеу әдісі
ТИТРЛЕУ ӘДІСТЕРІН 4 ТОПҚА БӨЛЕДІ:Титриметриялық анализдің әдістерінің жіктелуі олардың негізінде жататын реакцияларының түріне байланысты боладыБейтараптану реакциянына негізделген

Слайд 17ҚЫШҚЫЛДЫҚ-НЕГІЗДІК ТИТРЛЕУ ӘДІСТЕРІ
АЛКАЛИМЕТРИЯ
Титрант – сілті ерітіндісі,
NaOH, KOH
Индикатор – фенолфталеин
Анықталатын

заттар: қышқылдар, қышқылдық тұздар, анион бойынша гидролизденетін тұздар

АЦИДИМЕТРИЯ
Титрант – күшті

қышқылдардың ерітінділері HCl, H2SO4
Индикатор – метилоранж
Анықталатын заттар: негіздер, сілтілер, негіздік тұздар, катион бойынша гидролизденетін тұздар

Бұл әдісте қышқылдық-негіздік индикаторлар тобы қолданады, олар өз бояуларын зерттелетін ерітіндінің рН шамасына байланысты өзгертеді (фенолфталеин, метилоранж, метилқызыл)

ҚЫШҚЫЛДЫҚ-НЕГІЗДІК ТИТРЛЕУ ӘДІСТЕРІАЛКАЛИМЕТРИЯТитрант – сілті ерітіндісі, NaOH, KOHИндикатор – фенолфталеинАнықталатын заттар: қышқылдар, қышқылдық тұздар, анион бойынша гидролизденетін

Слайд 18ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ ТИТРЛЕУ ӘДІСТЕРІ
(РЕДОКСИМЕТРИЯ)
ПЕРМАНГАНАТОМЕТРИЯ
Титрант – KMnO4 еріт
Титрлеуді қышқылдық ортада (H2SO4) жүргізеді
Индикатор

– қолданбайды
Анықталатын заттар: тотықсыздандырғыштар

ЙОДОМЕТРИЯ
Титрант – I2 немесе KI еріт-рі
Титрлеуді салқын

бөлмеде, бейтарап ортада жүргізеді
Индикатор – крахмал
Анықталатын заттар: тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар
(әдістің әмбебаптылығы)

Бұл әдісте редокс индикаторлар тобы қолданады, олар өз бояуларын зерттелетін ерітіндінің потенциал (ЭҚК) шамасына байланысты өзгертеді (дифениламин)

ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ ТИТРЛЕУ ӘДІСТЕРІ(РЕДОКСИМЕТРИЯ)ПЕРМАНГАНАТОМЕТРИЯТитрант – KMnO4 ерітТитрлеуді қышқылдық ортада (H2SO4) жүргізедіИндикатор – қолданбайдыАнықталатын заттар: тотықсыздандырғыштарЙОДОМЕТРИЯТитрант – I2 немесе

Слайд 19ТҰНДЫРЫП ТИТРЛЕУ ӘДІСТЕРІ

АРГЕНТОМЕТРИЯ
Титрант – AgNO3 еріт


МЕРКУРОМЕТРИЯ
Титрант – Hg2(NO3)2 еріт
Индикатор -

дифенилкарбазон


Мор әдісі
Титрант – AgNO3 еріт
Индикатор – K2CrO4
Анықталатын заттар: хлорид және

бромид тұздары
Титрлеуді бөлме температурасында және бейтарап ортада жүргізеді


Фольгард әдісі
Титранттар – AgCNS, KCNS еріт-рі (кері титрлеу жолы)
Индикатор – темір (III) тиоционат комплексі
Анықталатын заттар: йодид және бромид, оксалат, фосфат тұздары
Титрлеуді қышқылдық ортада жүргізеді

ТҰНДЫРЫП ТИТРЛЕУ ӘДІСТЕРІАРГЕНТОМЕТРИЯТитрант – AgNO3 ерітМЕРКУРОМЕТРИЯТитрант – Hg2(NO3)2 ерітИндикатор - дифенилкарбазонМор әдісіТитрант – AgNO3 ерітИндикатор – K2CrO4Анықталатын

Слайд 20Комплексонометриялық титрлеу әдісі анықталатын иондардың кейбір органикалық қосылыстарымен комплекс түзу

реакцияларына негізделген.
Комплекс түзуші органикалық қосылыстарды – комплексондар деп атайды.


Титрант – комплексон-3 яғни Трилон Б (этилендиаминтетрасірке қышқылының динатрий тұзы) ерітіндісі
Индикаторлар: хромоген қара немесе мурексид (кальций катионына арнайы индикатор)
Анықталатын заттар: жер-сілтілік металдарды және ауыспалы элементтердің катиондары
Титрлеуді сілтілік ортада жүргізеді (рН>9), ол үшін негіздік буферлік жүйелер немесе концентрлі сілтінің ерітіндісі қолданады
Комплексонометриялық титрлеу әдісі анықталатын иондардың кейбір органикалық қосылыстарымен комплекс түзу реакцияларына негізделген. Комплекс түзуші органикалық қосылыстарды –

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика