Разделы презентаций


Дәріс №2 Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының негіздері презентация, доклад

Содержание

Негізгі сұрақтар:ҚР Конституциялық құқығы құқық саласы және заң ілімі сапасында. Конституциялық-құқықтық нормалар және олардың түрлері. Конституциялық құқықтағы адам және азаматтың құқықтық мәртебесі. Азаматтық ұғымы. Азаматтықты алу және тоқтату.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1 Дәріс№2 Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының негіздері  

Дәріс№2 Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының негіздері  

Слайд 2Негізгі сұрақтар:
ҚР Конституциялық құқығы құқық саласы және заң ілімі сапасында.


Конституциялық-құқықтық нормалар және олардың түрлері.
Конституциялық құқықтағы адам және азаматтың

құқықтық мәртебесі.
Азаматтық ұғымы. Азаматтықты алу және тоқтату.

Негізгі сұрақтар:ҚР Конституциялық құқығы құқық саласы және заң ілімі сапасында. Конституциялық-құқықтық нормалар және олардың түрлері. Конституциялық құқықтағы

Слайд 3Конституция сөзі латынның  «constitutio» – бекіту, орнату деген сөзді білдіреді.

Алғашқы

конституция 1787 АҚШ-та, кейін 1789 жылы Францияда қабылданды. Кәзіргі кезде

кез келген мемлекетте өз конституциясы бар.
Қазақстан өз басынан 4 конституцияны өткерді (1937, 1978, 1993, 1995ж.ж.).

Конституция – бұл ұлттық құқықтың басқа көздеріне қарағанда қоғам мен мемлекетте ең жоғары заңдық күші бар нормалардың жиынтығы.
Конституция сөзі латынның  «constitutio» – бекіту, орнату деген сөзді білдіреді. Алғашқы конституция 1787 АҚШ-та, кейін 1789 жылы Францияда

Слайд 4Конституцияның ерекшелiктерi:
- қоғамдық қатынастардың негiзiн қалайды;
- құқықтың негiзгi бастауы болып

табылады;
- ең жоғарғы заңдылық күшi бар;
- оның ерекше тәртiппен қабылдануы;
-

тұрақтылығы.
Конституцияның ерекшелiктерi:- қоғамдық қатынастардың негiзiн қалайды;- құқықтың негiзгi бастауы болып табылады;- ең жоғарғы заңдылық күшi бар;- оның

Слайд 5 Конституциялық құқық дегеніміз - қоғамдық өмірдің

саяси, әлеуметтік және экономикалық негіздерін орнықтырумен, жеке тұлғаның мемлекеттегі орны

мен ролін айқындаумен, жалпы мемлекет нысанын бекітумен байланысты мемлекет үшін аса маңызды қарым-қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.
Конституциялық құқық дегеніміз - қоғамдық өмірдің саяси, әлеуметтік және экономикалық негіздерін орнықтырумен, жеке

Слайд 6Конституциялық құқықтың пәні деп –мемлекеттік биліктің жүзеге асыру барысында қалыптасатын

қоғамдық қатынастар мен қоғамдық құрылым болып табылады.

Конституциялық құқықтың пәні деп –мемлекеттік биліктің жүзеге асыру барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар мен қоғамдық құрылым болып табылады.

Слайд 7 Конституциялық-құқықтық қатынастарды реттеу үшін мынадай бірнеше әдістер қолданылады:
а)

міндеттеу әдісі тек мемлекеттік органдарға ғана емес жеке тұлғаларға да

қатысты қолданылады. Бұл әдіс арқылы мемлекет мемлекеттік органдармен қатар, жеке тұлғаларды да өзінің басты ұстанымдарына сәйкес әрекет етуге міндеттейді.

Конституциялық-құқықтық қатынастарды реттеу үшін мынадай бірнеше әдістер қолданылады:а) міндеттеу әдісі тек мемлекеттік органдарға ғана емес

Слайд 8ә) тыйым салу әдісі құқық субъектілеріне мемлекет пен қоғам үшін

тиімсіз әрекеттерді жасауға тыйым салады, көбінесе мемлекеттік органдар мен қоғамдық

ұйымдарға қатысты қолданылады, ал жеке тұлғаларға қатысты тек шектеулі жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін.

ә) тыйым салу әдісі құқық субъектілеріне мемлекет пен қоғам үшін тиімсіз әрекеттерді жасауға тыйым салады, көбінесе мемлекеттік

Слайд 9 б) рұқсат ету әдісі көбінесе заң арқылы республика азаматтарына

заңға сәйкес әрекеттер жасауға құқық береді.
в) тану әдісі арқылы азаматтардың,

мемлекеттік органдардың нақты құқықтары мен мүдделерін тану немесе танымау мәселелерін шешетін норма қабылданады.
б) рұқсат ету әдісі көбінесе заң арқылы республика азаматтарына заңға сәйкес әрекеттер жасауға құқық береді.в) тану

Слайд 11Конституциялық құқықтың қайнар көзі:
- Конституция;
- конституциялық заңдар;
- әдеттегі заңдар (жай

заңдар);
- президенттің нормативті жарлықтары;
- үкімет қаулылары;
- қоғамның негізгі құрылымын, мемлекеттік

билік ұйымдарының ұйымдастырылуын реттейтін басқа да құқықтық-нормативтік актілер

Конституциялық құқықтың қайнар көзі:- Конституция;- конституциялық заңдар;- әдеттегі заңдар (жай заңдар);- президенттің нормативті жарлықтары;- үкімет қаулылары;- қоғамның

Слайд 12Конституциялық құқық қағидалары:
- Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық;
- Бүқіл халықтың

игілігін көздейтін экономикалық даму;
- Қазақстандық патриотизм
- Мемлекет өмірінің аса маңызды

мәселелерін демократиялық әдістермен оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу
Конституциялық құқық қағидалары:- Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық;- Бүқіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму;- Қазақстандық патриотизм- Мемлекет

Слайд 13Конституциялық-құқықтық нормалар
Мемлекет белгілейтін маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін жалпыға бірдей міндетті

тәртіп ережелері.
Құқықтың басқа салаларының нормаларымен салыстырғанда, конституциялық құқықтық нормалар:
-Реттеуге

бағытталған қоғамдық қатынастардың мәнімен байланысты өзінің мазмұнымен;
-Олардың ең маңыздылары Конституцияда-мемлекеттің Негізгі заңында көрініс тапқанымен;
-Құрылымының ерекшеліктерімен ерекшеленеді;
Конституциялық-құқықтық нормаларМемлекет белгілейтін маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін жалпыға бірдей міндетті тәртіп ережелері. Құқықтың басқа салаларының нормаларымен салыстырғанда,

Слайд 14Конституциялық-құқықтық нормаларға тән немесе дәстүрлі түрде бөлініп алынатын үш сатылы

құрылым:
Гипотеза;
Диспозиция;
Санкция;
Әдетте, конституциялық құқық нормасының құрылымында гипотеза (норма қандай жағдайларда өз күшіне енетінін

көрсететін норма бөлігі) және диспозиция (құқық субъектілерінің тәртіп ережелерін қалыптастыратын норма бөліг) болады.
 Санкция оның бұзылғаны үшін ықпал ету шаралары белгіленетін норма бөлігі ретінде коституциялық-құқық нормалар құрылымында тек жекелеген жағдайларда ғана кездеседі.
-құқық беру нормалары субъектілердің оларда көзделеген әрекеттерді жүзеге асыру құқығын баянды етеді;
-міндеттейтін нормалар құқық субъектілерінің өз іс-әрекетін осы нормалар талаптарымен үлестіретін міндеттерін баянды етеді;
-тыйым салатын нормалар өз ұйғарымдарында белгілі бір әрекеттерге тыйым салуларды қамтиды;
Конституциялық-құқықтық нормаларға тән немесе дәстүрлі түрде бөлініп алынатын үш сатылы құрылым:Гипотеза;Диспозиция;Санкция;Әдетте, конституциялық құқық нормасының құрылымында гипотеза (норма қандай жағдайларда

Слайд 15 Қазақстан Республикасының Ата заңы тоғыз тарау, тоқсан

сегіз баптан тұрады.
Конституция негізінде биліктің бірден-бір

бастауы халық болып танылады.
Қазақстан Республикасының Ата заңы тоғыз тарау, тоқсан сегіз баптан тұрады.   Конституция негізінде

Слайд 16 Қазақстан Республикасы басқару нысаны – Президенттік.


Президент:
мемлекеттің басшысы;
ішкі және сыртқы саясатты қалыптастырады;
үкімет мүшелерін тағайындайды

және босатады;
парламентті тарата алады және кезектен тыс сессияға шақыра алады;
қарулы Күштердің бас қолбасшысыя;
референдум өткізеді;
мемлекетте төтенше жағдай енгізуге шектеулі құқығы бар.


Қазақстан Республикасы басқару нысаны – Президенттік.  Президент:мемлекеттің басшысы;ішкі және сыртқы саясатты қалыптастырады;үкімет

Слайд 17 Қазақстан Республикасы құрылым нысаны унитарлы.


Республика аумағы әкімшілік-аумақтық бірліктерге бөлінген, олар:
ауыл

(село);
кент;
ауылдық (селолық) округ;
қаладағы аудан;
қала- аудан- облыс.

Қазақстан Республикасы құрылым нысаны унитарлы.     Республика аумағы әкімшілік-аумақтық бірліктерге

Слайд 18 Қазақстан Республикасы демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы

мемлекет.
Мемлекетте саяси, идеологиялық еркіндік, саяси

көппікірлілік бар.
Азаматтар кез-келген саяси партия құрамына кіруге құқылы.
Қазақстан азаматы тек бір партияға мүше бола алады.
Қазақстан Республикасы демократиялық, құқықтық, әлеуметтік және зайырлы мемлекет.     Мемлекетте саяси,

Слайд 19 Мемлекеттік билік дін ісіне араласпайды, діни

ұйымдар мемлекет ісіне араласпауға тиіс.
Елімізде

бір дінге артықшылық жасалып, оған мемлекеттік мәртебе берілмейді.

Мемлекеттік билік дін ісіне араласпайды, діни ұйымдар мемлекет ісіне араласпауға тиіс.

Слайд 20 Конституциясының екінші тарауы «Адам және азамат»

деп аталады.
Бұл тарауда адам мен азаматтың

мынандай мәселелері қаралған:
құқықтары;
бостандықтарына;
кепілдіктері;
міндеттер;
Конституциясының екінші тарауы «Адам және азамат» деп аталады.    Бұл тарауда

Слайд 22 Президенті республикадағы адам құқықтарының қорғалуы мен қамтамасыз

етілуінің кепілі.
Президент адам мен азаматтың

саяси, әлеуметтік және жеке құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды көздейтін жеке құқықтық актілер шығарады.
Президенті республикадағы адам құқықтарының қорғалуы мен қамтамасыз етілуінің кепілі.     Президент

Слайд 23Олар мыналар:
азаматтығын;
саяси баспана беру мәселелерін;
республиканың мемлекеттік наградаларын және

құрметті атақтарын береді;
ауыр қылмысы үшін сотталғандарға кешірім жасайды.

Олар мыналар:азаматтығын; саяси баспана беру мәселелерін; республиканың мемлекеттік наградаларын және құрметті атақтарын береді; ауыр қылмысы үшін сотталғандарға

Слайд 24 Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ

адамдар республика азаматтарымен тең дәрежедегі құқықтарға ие бола алады және

міндеттер атқарады.

Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар республика азаматтарымен тең дәрежедегі құқықтарға ие

Слайд 25 Азаматтық дегеніміз - адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысты.

Шетел азаматты дегеніміз - Қазақстан азаматы болып

табылмайтын, бірақ, өзге бір мемлекеттің азаматы.
Азаматтығы жоқ дегеніміз - Қазақстан азаматы болып табылмайтын, өзге елдің азаматы екендігі дәлелденбеген адамдар.

Азаматтық дегеніміз - адамның нақты бір мемлекетке саяси және құқықтық қатысты.    Шетел азаматты дегеніміз -

Слайд 26Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен орнықты саяси-құқықтық байланысын айқындайды, бұл

олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді.
    
  Қазақстан Республикасында әрбiр адамның

азаматтық алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасында азаматтық осы Заңға сәйкес алынады және тоқтатылады.
Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен орнықты саяси-құқықтық байланысын айқындайды, бұл олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді.      Қазақстан

Слайд 27Қазақстан Республикасының азаматы болу
      Мына адамдар:
      осы Заң күшіне енгізілген күнге дейін

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;
      Қазақстан Республикасының аумағында туған және шет мемлекеттің

азаматтығында тұрмайтын;
      осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады.
      
Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды.
Қазақстан Республикасының азаматы болу      Мына адамдар:      осы Заң күшіне енгізілген күнге дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;      Қазақстан Республикасының аумағында туған

Слайд 28Азаматтық туралы құжат
      Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат Қазақстан Республикасы азаматының

жеке куәлiгi немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болып табылады.

16

жасқа дейінгі баланың азаматтығы оның туу туралы куәлігімен, ата-анасының қайсысының болса да паспортымен расталады.
Азаматтық туралы құжат      Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi немесе Қазақстан Республикасы азаматының паспорты

Слайд 29Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық жағдайы
      Қазақстан Республикасының азаматтығы, оның қандай негiзде

алынғанына қарамастан, бiрыңғай және тең болып табылады.
      Қазақстан Республикасының азаматтары тегiне,

әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, нәсiлi мен ұлтына, жынысына, бiлiмiне, тiлiне, дiнге көзқарасына, саяси және өзге де сенiмдерiне, кәсiбiнiң түрi мен сипатына, тұрғылықты жерiне және басқа мән-жайларға қарамастан заң алдына тең.
      Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында жарияланған, кепiлдiк берiлетiн азаматтық, саяси, экономикалық және әлеуметтiк құқықтар мен бостандықтарды барынша толық иеленедi.
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтық жағдайы      Қазақстан Республикасының азаматтығы, оның қандай негiзде алынғанына қарамастан, бiрыңғай және тең болып табылады.      Қазақстан

Слайд 30Қазақстан Республикасы азаматтығының сақталуы
      Қазақстан Республикасы азаматының республикадан тыс жерлерде тұруы

Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға әкеп соқтырмайды.
      Қазақстан Республикасы азаматының немесе азаматшасының

республика азаматы емес адаммен некеге тұруы, сондай-ақ мұндай некені бұзуы азаматтықтың өзгеруіне әкеп соқтырмайды.
Қазақстан Республикасы азаматтығының сақталуы      Қазақстан Республикасы азаматының республикадан тыс жерлерде тұруы Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуға әкеп соқтырмайды.      Қазақстан Республикасы

Слайд 31Азаматтық алу негіздері
      Қазақстан Республикасының азаматтығы:
      1) тууы бойынша;
      2) Қазақстан Республикасының азаматтығына

қабылдау нәтижесінде;
      3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер мен тәртiп

бойынша;
      4) осы Заңда көзделген өзге де негіздер бойынша алынады.
Азаматтық алу негіздері      Қазақстан Республикасының азаматтығы:      1) тууы бойынша;      2) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде;      3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген

Слайд 32Ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланың азаматтығы
      Бала туған кезде

ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болса, ол туған жеріне

қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Ата-анасы шет мемлекеттің азаматы болып табылатын баланың азаматтығы
      Бала туған кезде ата-анасының екеуі де шет мемлекеттің азаматы болса, ол туған жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайды.
Ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын баланың азаматтығы      Бала туған кезде ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болса,

Слайд 33Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайындағы баланың азаматтығы
      Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып,

бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда

бала:
      1) Қазақстан Республикасының территориясында туса;
      2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде туса, бірақ, ата-анасының немесе олардың біреуінің бұл кезде Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жері болса, ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
     
Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайындағы баланың азаматтығы      Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының

Слайд 34 Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан

Республикасының азаматы болған жағдайда, егер осы кезде ата-анасының екеуінің де

Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болса, Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған баланың азаматтығы ата-анасының жазбаша түрде білдірген келісімі бойынша анықталады.
      Бала туған кезде ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасы азаматтығында болып, ал екіншісі азаматтығы жоқ адам болса, не оның азаматтығы белгісіз болса, бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
      Баланың анасы азаматтығы жоқ адам болып, ал әкесі Қазақстан Республикасының азаматы деп танылып, әкелігі анықталған ретте 14 жасқа толмаған бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болады. Бұл бала Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұрған ретте оның азаматтығы ата-анасының жазбаша арызы бойынша анықталады.
      Егер ата-ана баланың азаматтығы туралы келісімге келе алмаса, азаматтық сот тәртібімен айқындалады.
 Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда, егер осы кезде

Слайд 35Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау шарттары
            1) Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде

кемінде бес жыл тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемінде

үш жыл некеде тұратын адамдар қабылданатын болады.
           2) Қазақстан Республикасы азаматтарының iшiнде жақын туыстарының бiрi - баласы (оның iшiнде асырап алған баласы), жұбайы (зайыбы) және ата-анасының бiреуi (асырап алушысы), апа-қарындасы, аға-iнiсi, атасы немесе әжесi бар, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген, бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары, Қазақстан Республикасында тұру мерзiмiне қарамастан, қабылданатын болады.
      Әскери қызмет атқарып жүрген және Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан әскери қызметшiлердiң азаматтығы мәселелерi Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарымен белгiленедi.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау шарттары            1) Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрақты тұратын не Қазақстан

Слайд 36Азаматтықты тоқтату негіздері
      Қазақстан Республикасының азаматтығы:
      1) Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу;
      2) Қазақстан

Республикасының азаматтығын жоғалту;
      3) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру салдарынан тоқтатылады.

Азаматтықты тоқтату негіздері      Қазақстан Республикасының азаматтығы:      1) Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу;      2) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту;      3) Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру

Слайд 37Азаматтықтан айырылу
      Қазақстан Республикасы азаматтығынан:
      1) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді

қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік қызметіне, полицияға, юстиция

органдарына немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан;
      2) егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс ету нәтижесінде алынса;
      3) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;
           5) егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса;
      6) егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некесін сот жарамсыз деп таныса;
      7) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, шетелдіктерге асырап алуға берілген бала кәмелетке толған кезде оның ерікті қалауы бойынша;
      8) адамның шетелдік қарулы қақтығыстарға, шет мемлекет аумағындағы экстремистік және (немесе) террористік әрекетке қатысуы салдарынан айырылады.
      Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және шет мемлекеттің азаматтығын қабылдаған адам өзге азаматтықты алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде шетел азаматтығын алу фактісі туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне хабарлауға және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін тапсыруға міндетті.
Азаматтықтан айырылу      Қазақстан Республикасы азаматтығынан:      1) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда, адамның басқа мемлекетте әскери қызметке қауіпсіздік

Слайд 38Асырап алған ретте баланың Қазақстан Республикасы азаматтығын алуы
      Қазақстан Республикасының азаматы

асырап алған, басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып

табылатын 14 жасқа дейінгі бала Қазақстан Республикасының азаматы болады.
      Біреуі Қазақстан Республикасының азаматы, ал екіншісі оның азаматы емес ерлі-зайыптылар асырап алған, басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын 14 жасқа дейінгі бала асырап алушылардың жазбаша түрде білдірілген келісімімен Қазақстан Республикасының азаматы болады.
Асырап алған ретте баланың Қазақстан Республикасы азаматтығын алуы      Қазақстан Республикасының азаматы асырап алған, басқа мемлекеттің азаматы немесе азаматтығы

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика