Разделы презентаций


ДӘРІС №8

Содержание

Аналитикалық химия – бұл заттардың химиялық құрамын, материалдар құрамына кіретін молекулалардың құрылымдық және кеңістік құрылысын анықтайтын әдістерді зерттейтін, жаңа заманауи зерттеу әдістерді жетілдіру жолдарын қарастыратын ғылым. Химиялық анализ ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады.

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1ДӘРІС №8
1. Аналитикалық химия пәні, маңызы.

2. Аналитикалық химия анализ

түрлері, әдістері.

3. Сандық анализ кезінде жасалатын қателіктер.

4. Аналитикалық химияның теориялық

негіздері.
ДӘРІС №8 1. Аналитикалық химия пәні, маңызы.2. Аналитикалық химия анализ түрлері, әдістері.3. Сандық анализ кезінде жасалатын қателіктер.4.

Слайд 2 Аналитикалық химия – бұл заттардың химиялық құрамын, материалдар құрамына кіретін

молекулалардың құрылымдық және кеңістік құрылысын анықтайтын әдістерді зерттейтін, жаңа заманауи

зерттеу әдістерді жетілдіру жолдарын қарастыратын ғылым.
Химиялық анализ ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады. Егіннен мол, сапалы өнім алу үшін топырақ құрамын, өсімдікке қажет болғанда тыңайтқыш салу керек. Бұл істерді дұрыс жүргізу үшін аналитикалық химияның әдістерін дұрыс қолданып анализ жасап қажет мөлшерлері анықталады. Сонымен қатар, мал шаруашылығынының өнімдерін арттыру үшін азық-түлік, судың, жайылымдардың сапасын химиялық анализ жасап, бақылап отырады. Химиялық анализ көмегімен мал өнімінің (сүт, ет, май т.б.) сапасын қадағалап отырады. Кәзіргі кезде ауыл шаруашылығындағы мамандар өздеріне күнделікті қажет клиникалық диагностика, зоогигиена, микробиология, фармакология, азық-түлік анализі және т.б. мәселелерімен тікелей араласқан кезде аналитикалық химия әдістерін білу қажет.
Аналитикалық химия – бұл заттардың химиялық құрамын, материалдар құрамына кіретін молекулалардың құрылымдық және кеңістік құрылысын анықтайтын әдістерді

Слайд 3Аналитикалық химияның негізгі мақсаты – химиялық қосылыстардың сапалық және сандық

құрамын анықтау, сондықтан оны екі үлкен бөлімге бөлуге болады: сапалық

және сандық талдау.
Аналитикалық химияның негізгі мақсаты – химиялық қосылыстардың сапалық және сандық құрамын анықтау, сондықтан оны екі үлкен бөлімге

Слайд 4Сапалық талдау заттардың қандай элементтерден, иондардан, атом топтарынан немесе молекулалардан

тұратынын анықтайды. Иондарды анықтауда 2 әдіс бар:
1) Анализдің бөлшектеу

әдісі белгілі бір жағдайда әрбір ионды өзіне тән арнайы реакциялармен табу үшін, кедергі келтіретін басқа иондарды ығыстыруға негізделген.
2) Жүйелік әдісте кездесетін иондарды топтық реагент көмегімен белгілі аналитикалық топтарға бөлуге негізделген. Содан соң әрбір аналитикалық топтардан иондарды арнайы реакциялармен ашады.

Сандық талдау заттар құрамындағы элементтердің, иондардың сандық мөлшерін анықтайды.
Біріншіден сапалық, содан кейін сандық талдау жасалады, өйткені сандық анализ әдісін дұрыс таңдау зерттелетін заттардың құрамына тікелей байланысты.
Сапалық талдау заттардың қандай элементтерден, иондардан, атом топтарынан немесе молекулалардан тұратынын анықтайды. Иондарды анықтауда 2 әдіс бар:

Слайд 5Кәзіргі кезде аналитикада көптеген әртүрлі әдістерді қолданады. Оларды барлығын 3

үлкен топқа бөледі:
Химиялық талдау әдістері

2. Физикалық талдау әдістері

3. Физика-химиялық

талдау әдістері
Кәзіргі кезде аналитикада көптеген әртүрлі әдістерді қолданады. Оларды барлығын 3 үлкен топқа бөледі:Химиялық талдау әдістері2. Физикалық талдау

Слайд 6 Химиялық әдістер заттар арасында жүретін химиялық реакцияларға негізделген, олар көбінесе

ерітінділерде (суда немесе қышқылда жиі ерітіледі), кейде құрғақ күйде жүреді

және әр затқа тән тұнба түзілуі, немесе түсті қосылыс пайда болады немесе газ тәрізді заттарға әкеледі. Анализ мақсатында қолданылатын химиялық процестер аналитикалық реакциялар д.а.
Мысалы, калий ионын анықтау үшін мынадай реакция қолданылады:
NaCl + KSb(OH)6 = NaSb(OH)6 + RCl
калий гексагидроксиантимонаты (V)
Реакция нәтижесінде ақ тұнба түзіледі.
Химиялық анализ ыңғайлығы:
оны кез-келген жерде жүргізуге болады,
оған тек қолданылатын реактивтер (маркасы хча, хч, оч,)
қарапайым зертханалық ыдыстар ғана қажет
Химиялық әдістер заттар арасында жүретін химиялық реакцияларға негізделген, олар көбінесе ерітінділерде (суда немесе қышқылда жиі ерітіледі), кейде

Слайд 7ХИМИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ 3 ТОПҚА БӨЛЕДІ:

1. Гравиметриялық (мөлшерлік) талдау анықталатын заттың

және реакция нәтижесінде түзілген заттын массасын дәлдікпен өлшеуге негізделген әдіс.

Негізгі аспап – аналитикалық таразы (дәлдігі 0,0001г дейін). Негізгі операция – өлшеу.

2. Титриметриялық (көлемдік) талдау реакцияға жұмсалған реактивтің көлемін анықтауға негізделген. Негізгі аспап – бюретка. Негізгі операция –бюретка арқылы титрлеу.

3. Газдық талдау.
ХИМИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ 3 ТОПҚА БӨЛЕДІ:1. Гравиметриялық (мөлшерлік) талдау анықталатын заттың және реакция нәтижесінде түзілген заттын массасын дәлдікпен

Слайд 8 Физикалық әдіс – элементтің, ионның тұрақты физикалық қасиеттеріне негізделген (түсі,

спектрі, тығыздығы, т.б.)
1. Заттың сәулемен (излучение) әрекеттесуіне негізделген (радиоактивті, атомды-эмиссиялық,

атомды-абсорбциялық)
2. Заттың электр және магнит қасиеттерін анықтауға негізделген (кондуктометриялық – электрөткізгіштігін анықтау, потенциометрия – электродтық потенциалдар арқылы ерітінді рН анықтау, масс-спектроскопиялық әдістер).
3. Заттың механикалық қасиеттерін анықтау (тығыздығы, дыбыс жылдамдығы, тұтқырлығы, қайнау температурасы т.б.)
Физикалық әдіс – элементтің, ионның тұрақты физикалық қасиеттеріне негізделген (түсі, спектрі, тығыздығы, т.б.)1. Заттың сәулемен (излучение) әрекеттесуіне

Слайд 9 Физика-химиялық талдау әдістері белгілі бір химиялық реакция барысында талданатын жүйедегі

өзгерістердің: жарық сіңіру, жарықтың сынуы, электрөткізгіштік сияқты физикалық сипатын бақылауға

негізделген. Бұл кезде алдымен химиялық реакция жүргізіліп анықталатын затқа тән айырықша қосылыс алынады. Содан соң оны физикалық әдіспен зерттейді. Бұл әдістер үшін арнайы құрал-жабдықтар қажет, сондықтан бұл әдістер тек лабораториялық жағдайда жасалынады.

Физика-химиялық талдау әдістерінің артықшылығы:
1) сұрыптамалығы – құрамдас бөліктері арасынан бір мезгілде тек керектісін сұрыптап, таңдап алу;
2) анализ жылдам жасалады;
3) физика-химиялық әдістерді автоматтандыру оңай.
Физика-химиялық талдау әдістері белгілі бір химиялық реакция барысында талданатын жүйедегі өзгерістердің: жарық сіңіру, жарықтың сынуы, электрөткізгіштік сияқты

Слайд 10 Сандақ анализде есептеулерді және өлшеуді мұқият жүргізу керек. Химиялық анализ

жасағанда есептеулер дәлдігі ГОСТпен немесе ТЖ /техникалық жағдайлар/ мен анықталады.

Мысалы, концентрация есептегенде және гравиметриялық анализде аналитикалық таразыда заттың массасы төрт ондық белгілері бар санға дейін (0,1322 моль/л және 74,5744г) өлшейді. Титриметриялық анализде ерітіндінің көлемін бюреткамен өлшегенде екі ондық санға дейін (0,22мл).
Анализдің нәтижелері мен өлшемдеріне келесі талаптар қойылады: олар дұрыс, дәл және қайталанғыш болу керек.
Сандақ анализде есептеулерді және өлшеуді мұқият жүргізу керек. Химиялық анализ жасағанда есептеулер дәлдігі ГОСТпен немесе ТЖ /техникалық

Слайд 11 Анализдің дұрыстығы орташа және ақиқат нәтижелерінің арасындағы айырмашылықпен сипатталанады.
Өлшемдердің

қайталанғыштығы әр түрлі жағдайларда жасаған өлшеулер нәтижелерінің бір біріне жуықтығын

білдіреді, талдау қайталанымды, бірақ дұрыс емес бола алатынын ескерген жөн.
Өлшемдердің дәлдігі анықтаулар нәтижелерінің өлшенетін шаманың ақиқат мәніне жуықтығын бейнелейді.
Анализдің дәлдігі дұрыстық ұғымымен де сипатталанады. Дәлдік және қайталанғыштық ұғымдары бірін бірі толықтырады. Қайталанғыштық жоқ болғанда дәлдікке қол жеткізу мүмкін емес, бірақ жақсы қайталанғыштық та жоғары дәлдікті бере алмайды.
Анализдің дұрыстығы орташа және ақиқат нәтижелерінің арасындағы айырмашылықпен сипатталанады. 	Өлшемдердің қайталанғыштығы әр түрлі жағдайларда жасаған өлшеулер нәтижелерінің

Слайд 12Абсолютті қателік – талдау нәтижесінің және өлшенетін шаманың ақиқат мәнімен

айырмасына тең, яғни ол ақиқат мәнінен қаншалықты ауытқуын көрсетеді:
Салыстырмалы

қателік – өлшеудің абсолютті қателігінің ақиқат мәнге қатынасы:
Абсолютті қателік – талдау нәтижесінің және өлшенетін шаманың ақиқат мәнімен айырмасына тең, яғни ол ақиқат мәнінен қаншалықты

Слайд 13Талдау кезінде жасалатын қателіктерді өздерінің сипатына қарай келесідей жіктеуге болады:

Талдау кезінде жасалатын қателіктерді өздерінің сипатына қарай келесідей жіктеуге болады:

Слайд 14Жүйелік қателігі – өлшеудің әрдайым тұрақты болып қалатын немесе қайталанатын

талдауларда заңдылық бойынша өзгеріп отырады. Олар тұрақты таңбаға ие болады,

яғни анализ нәтижесін тек арттырып не кемітіп отырады. (өсетін не төмендейтін) қателіктер. Жүйелік қателіктерді түзетулерді енгізу, эталонмен (стандарт үлгісі) салыстыру сияқты тәсілдер арқылы азайтуға болады. Жүйелік қателіктердің келесі түрлері жие кездеседі:
а) Әдістемелік қателіктері қолданатын әдісінің ерекшелігіне тәуелді болады (реакцияның толық өтпеуі, тұнбаның жартылай еруі, индикатор қасиеттері).
б) Оперативтік қателіктері талдау барысында жасалатын опреациялардың дұрыс не толық орындалуына тәуелді болады (фильтрде тұнбаның жеткіліксіз шайлуы, құралдар мен реактивтердің қателіктері, таразының тегііс жерге дұрыс орнатпауы).
в) Жеке басты қателіктер лаборанттың бойындаға жеке физиологиялық, психикалық қасиеттеріне тәуелді болады (титрлеу кезінде ерітіндінің бояуының өзгеруін дұрыс анықтау қасиеті).
г) Приборлық немесе реактивтік қателіктері талдауда қолданатын құралдардың дәлдіктеріне және лабораттың қателіктеріне тәуелді болады.
Жүйелік қателігі – өлшеудің әрдайым тұрақты болып қалатын немесе қайталанатын талдауларда заңдылық бойынша өзгеріп отырады. Олар тұрақты

Слайд 15Кездейсоқ қателіктері кез келген өлшеуде кездеседі, олардың санын параллельді өлшеулерді

өткізу нәтижесінде азайтуға болады.

Өрескел қателіктері тәжірибені қайталаған сайын елеулі

түрде өзгеріп отырады (тұнбаны шашып алу, ерітіндіні төгіп алу, өлшемдерді қате есептеу).

Стандарт үлгілер (эталондар) деп құрамындағы анықталатын элементтердің мөлшері жоғары дәрежелі дәлдікпен белгілі болатындай әр түрлі материалдар аталады. Стандарт үлгінің құрамы барлық немесе кейбір анықталатын компоненттер бойынша арнайы куәлікпен расталады. Стандарт үлгінің құрамы уақыт өткен сайын өзгермеу қажет.
Кездейсоқ қателіктері кез келген өлшеуде кездеседі, олардың санын параллельді өлшеулерді өткізу нәтижесінде азайтуға болады. Өрескел қателіктері тәжірибені

Слайд 16Аналитикалық химияның теориялық негізін жаратылыстанудың іргелі заңдары құрайды: заттың массасын

және энергиясының сақталу заңы, зат құрамының тұрақтылығы, әрекеттесуші массалар және

эквиваленттер заңы және т.б.

Аналитикалық химия элементтердің, иондардың қасиеттеріне және бейорганикалық химияның теориялық мәселелеріне – массалардың әсер заңына, химиялық тепе-теңдік, электролиттік диссоциация теориясына, амфотерлік, тұз гидролизі, ТТР, комплексті қосылыстар теориясына және т.б. сүйнеді.

Аналитикалық химияның теориялық негізін жаратылыстанудың іргелі заңдары құрайды: заттың массасын және энергиясының сақталу заңы, зат құрамының тұрақтылығы,

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика