Слайд 1ДӘРІСТІҢ ТАҚЫРЫБЫ:
ПИКОРНАВИРУСТАР. ПОЛИОМИЕЛИТ ВИРУСЫ. КОКСАКИ. ЕСНО.
м.ғ.к., доцент Ахметова С.Б.
Слайд 2ENTEROVIRUSES
Тұқымдастығы: PICORNAVIRIDAE
Туыстастығы: Enterovirus
полиовирустар (полиомиелит қоздырғыштары) – 3 серотүрі
бар;
- Коксаки А вирусы – 24 серотүрі бар;
- Коксаки В вирусы – 6 серотүрі бар;
- ЕСНО вирусы – 34 серотүрі бар.
Слайд 3ПОЛИОМИЕЛИТ
Белгілі РНҚ құрайтын вирустардың ішінде пикорнавирустар өте ұсақ деп саналады.
Олардың атаулары да осыған байланысты: “pico” - өте ұсақ, “rna”
– РНҚ.
Полимиелит сөзін аударғанда мидағы сұр заттың қабынуы (грек polios-сұр, myelos- ми деген мағына береді) немесе эпидемиялық балалар салы. Негізінде 10 жасқа дейінгі балалар арасында болатын, жұлынның сұр заты зақымдалуы салдарынан қозғалыс мүшелері салдыққа шалынатын, өте ауыр жедел жұқпалы ауыр.
Слайд 4ПОЛИОМИЕЛИТ ВИРУСЫ
Өте ұсақ вирус;
Диаметрі 20-30 нм ж/е құрылысы өте қарапайым;
Бір
тізбекті РНҚ капсидпен қоршалған;
Симметрияның түрі – кубты;
Сыртқы липопротеидті қабығы жоқ;
Гемагглютинация
белсенділігі жоқ.
Полиомиелит вирусының 3 серотүрін ажыратады: 1, 2, 3. Олардың барлығына комплемент байланыстырушы антиген тән.
Слайд 6ПАТОГЕНЕЗІ
Полимиелит вирусының кіру қақпасы – жұтқыншақтың кілегейлі қабаты, асқазан және
ішек. Сол жерлерде дами бастайды, сондықтан оларды бірнеше күннің ішінде
жұтқыншақ сұйықтығы және бөлінділерден анықтауға болады. Эпителиальді клеткада дамыған соң вирус лимфа түйіндеріне одан қанға өтеді- соңғы 2 сатысында симптомсыз өтеді.
Слайд 8РЕЗИСТЕНТТІЛІГІ
Сыртқы орта факторларына тұрақты. 0°С температурада нәжісте жұқпалы
белсенділігі 1 айдай сақталады. рН 3,0-ке де тұрақты, эфирге сезімтал
емес, асқазанда ж/е ішекте бұзылмайды. Бірақ бірнеше минут қайнатқанда, УКС әсер еткенде тіршілігін жояды.
Слайд 9ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ
Инфекция көзі: науқастар ж/е вирустаратушылар, көбінесе балалар ауырады.
Ену қақпасы: мұрын-жұтқыншақтың
қабықшасы.
Иммунитет: Аурудан айықаннан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады. Ауырып тұрғандардың қан
сарысуында вирус – бейтараптаушы қарсы денелер жиналады, және де бейспецификалық ингибиторлар пайда болады. Адамдардың көпшілігінде полиомиелит вирусына қарсы табиға тұрақтылық болады.
Слайд 10
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ
Вирусты бөліп алу үшін аурудың алғашқы 3
күнінде мұрын-жұтқыншақ сілекейін, ал бірінші 1-2 апта аралығында нәжісті зерттейді.
Бұл материалды маймылдың бір қабатты бүйрек жасушасына, адамның диплоидты жасушасына, HeLa ж/е т.б. енгізеді.
Жасуша дақылынан бөлініп алынған полиомиелит вирусы ЦПӘ, түсті сынама ж/е бляшка құрайтын реакциялар (БР, КБР) арқылы анықталады.
Серодиагностика арқылы науқастың қан сарысуы ауруханаға түскен күні ж/е 3-4 апта өткеннен кейін зерттеледі. Вирус эталондық штамымен қойылған БР н/се КБР арқылы антиденелердің 4 еседен көбірек титрінің болуы бұл ауруды дәлелдейді.
Слайд 11 ПОЛИОМИЕЛИТТІҢ КЛИНИКАЛЫҚ ФОРМАСЫ
Симтомсыз формасы – жұқтырғандардың 90% кездеседі.
Абортивті,
яғни жетілмеген формасы гастроэнтерит немесе ЖРВИ формасы сияқты өтеді;
Менингеалды
формасы(параличсіз полиомиелит);
Параличті немесе сал болып қалу формасы;
Слайд 12 ПОЛИОМИЕЛИТТІҢ ПАРАЛИЧ ФОРМАСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Арқалық – аяқ-қолдың, дене бұлшықеттерінің
, мойының, көкеттің параличі мен парезі дамиды (жұлынның алдыңғы мүйізінің
қимыл нейрондарының зақымдануы)
Бульбарлық – вагус, тіл-асты нервілерінің функциясы бұзылуынан болатын тілдің, жұтқыншақтың салдануы, сөйлеудің, тыныс алудың, жүрек қызметінің бұзылуы, (самая тяжелая форма, дает высокий процент смертности)
Понтийная – мимикалық бұлшықеттердің параличі дамиды ( бет нервілерінің ядросын зақымдайды).
Энцефалиттік - общемозговые являения и очаговые поражения мозга
Слайд 14ПОЛИОМИЕЛИТТІ АЛДЫН АЛУ
«Полиомиелит вирусының 1,2,3 типтерінің аттенуацияланған штаммдарынан тұратын
Сэбин тірі вакцинасы»
1,2 және 3 полиомиелит типтерінің инактивацияланған вакцинасы «Имовакс»,
«Тетракок» және т.б.
Слайд 15КОКСАКИ ВИРУСЫ
Алғаш рет Коксаки қаласында (Нью-Йорк штаты, АҚШ)
Г. Долдорф және Г. Сиклз (1948ж.) полиомиелитке ұқсас ауру балалардың
ішегінен Коксаки вирусын бөліп алған.
Коксаки вирусын екі топқа бөледі:
А типті вирус – көлденең жолақты бұлшықетті ошақты некроздайды ж/е қабынумен диффузды миозит туғызады.
В типті вирус – ОЖЖ зақымдайды (паралич), қаңқалық бұлшықетінің некрозы (кейде миокард), көкбауырдың қабынуы ж/е т.б.
Слайд 16МОРФОЛОГИЯСЫ
Коксаки вирустары – өте майда вирустар.
Вирионның симметриялық типі куб
тәріздес.
Кейбір мөлшері 100 нм-ге дейін жететін кристалл құрауы мүмкін. Құрамында
липидтер жоқ, гемагглютинин бар.
Дақылдандыру:
Коксаки вирустары штаммдарының көбісі жасуша дақылдарында өседі. Жаңа туған ақ тышқандардың организмінде жақсы көбейеді.
Слайд 17АНТИГЕНДІК ҚАСИЕТІ
А типті Коксаки вирусы түр ерекшелік антигені
бойынша - 26 сероварға бөлінеді.
В типті Коксаки вирусы
6 сероварға бөлінеді.
Серологиялық варианттарының бәріне ортақ топтық спецификалық антигендері бар және әрқайсысына тән типтік – спецификалық антигендері де болады.
Слайд 18ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ
Коксаки вирусы барлық жерде таралған, жаз-күз айларында аурудың
қарқыны жоғары.
Инфекция көзі: науқас адам және тасымалдаушы адам.
Берілу жолы: фекальді-оральді және контакт арқылы.
Инфекция көбінесе балаларда кездеседі. Клиникалық ағымының 90% жеңіл, жиі симптомсыз өтеді.
Слайд 19ЗЕРТХАНАЛЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ
Зерттелетін материал: мұрын-жұтқыншақтан шайындысы, нәжіс, несеп, қан, жұлын
сұйықтығы.
Зерттеудің негізгі әдістері – вирусологиялық ж/е биологиялық.
Қоздырғышты
жасуша дақылын ж/е тышқандарды зақымдау арқылы бөліп алады.
Серологиялық әдіс – ИФР, КБР, БР.
Гемагглютинациялаушы нұсқаларын ПГАР арқылы анықтайды.
Слайд 20ЕМДЕУ ЖӘНЕ САҚТАНДЫРУ
Тиімді антивирустық препараттар және ерекше сақтандуры
жоқ, сондықтан симптоматикалық терапия жүргізеді.
Слайд 21ЕСНО ВИРУСТАР
ЕСНО-вирустар (ағылшын сөзінен шыққан: enteric cytopatogenis human
orphans – ішекті цитопатогенді адамдардың “жетім” вирустары) алғаш рет 1951-1953
жылдары Дж. Мельник адамдардың нәжісінен бөліп алған.
Адам патологиясындағы ролі белгісіз болғандықтан “жетім” вирустар деп аталған.
Слайд 22ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ
ЕСНО вирустардың эпидемиологиясы коксаки ж/е полиомиелит вирустарына ұқсас,
айырмашылығы ЕСНО вирустар жануарларға патогенді емес.
Берілу жолдары: фекальді-оральді,
сирек жағдайда ауалы-тамшылы жолмен жұғады.
Слайд 23АНТИГЕНДЕРІ
Түр ерекшелік Ag бойынша 34 сероварын ажыратады.
12-ші серовары – гемагглютинациялық қасиет көрсетеді.
Эпидемиологиялық қауіптісі –
11, 18, 19-шы сероварлары.
8-11, 20 сероварлары респираторлық инфекциялар тудырады.
2-9, 12, 14, 16, 21 сероварлары асептикалық менингит, энцефалит тудырады.
9, 16 сероварлары қызылшаға ұқсас бөртпе тудырады.
Сероварларын бейтараптау реакциясында анықтайды.
Слайд 24ЗЕРТХАНАЛЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ
Зерттелетін материал: мұрын-жұтқыншақ шайындысы, нәжіс, несеп, қан, жұлын сұйықтығы.
Вирусты
бөліп алу үшін маймылдардың бүйрек жасушаларын зақымдайды.
КБР, ГАТР, БР көмегімен
2-3 аптадан кейін науқастың қос сарысуынан AД анықтайды.
Слайд 25ИММУНИТЕТІ
Тұрақты, типтік-спецификалық. Аурығанан кейін комплемент байланыстырушы, вирус бейтараптаушы антиденелер антигемагглютининдер
пайда болады.
Слайд 26ЕМДЕУ Ж/Е САҚТАНДЫРУ
Ерекше емдеу ж/е сақтандыру қарастырылмаған.
Симптоматикалық ем жүргізіледі.
Слайд 27НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!