Слайд 1Дәрістің тақырыбы:
“Ұшық вирусы. Табиғи-ошақтық вирусты инфекциялардың қоздырғыштары.
м.ғ.к., доцент
Ахметова Сәуле Балтабайқызы
Слайд 2
Ұшық
вирусының
таксономиясы
Слайд 3Морфологиясы
Вириондардың диаметрі – 100- ден 300-дейін нм;
Нуклеокапсиді-куб симметриялы, суперкапсид
пен нуклеокапсидтің арасында жабынды қабат тегумен, яғни ішкі қабықша орналасқан
(tegument);
нуклеокапсид – 162 капсомерден тұрады;
Екі жіпшелі сызықша вирустық ДНҚ;
70-200 қызметтік және құрылымдық ақуыздардан тұрады
гликопротеидтерден тұрады (шамамен 30):
беткейлік және капсидті;
ДНҚ-полимераза;
Слайд 4ҰШЫҚ ВИРУСЫНЫҢ РЕПРОДУКЦИЯСЫ
Слайд 5Антигендік қасиеті
Сыртқы қабатының гликопротеиндері типтік – спецификалық АГ, нуклеокапсидтің
ақуыздары- топтық спецификалық АГ.
Слайд 6Ұшық вирусының инфекциясын емдеу
ацикловир, ганцикловир – ДНК-полимеразаны басады, рибавирин –
ферментерді басады, мРНҚ вирустық кэппингін қамтамасыз етеді.
Слайд 8Қарапайым ұшықтың вирусы (ҚҰВ)
ҚҰВ-1 (ламбиальды (еріндік) ұшық) және
ҚҰВ-2 (генитальдық
ұшық).
Дақылдандыру :
Жасуша дақылдарына жұқтыру, ЦПӘ;
тауық эмбрионы – хорион-аллантоисты
қабатына жұқтыру → бляшкалар (ҚҰВ-1 – ұсақ бляшкалар, ҚҰВ-2 – ірі);
тышқандарға, атжалмандарға, теңіз шошқаларына, қояндарға, иттерге, маймылдарға жұқтыру. Жие қояндарға жұқтырады.
Слайд 9ҚҰВ 1 ПАТОГЕНЕЗІ
Инфекция көзі – науқас адам ж/е вирусты тасымалдаушы.
Жұғу
механизмі – контактылы.
Ену қақпасы – ауыз, мұрын қуысының және
зақымданған терінің шырышы.
Біріншілік контаминация – инфицирленген сілекеймен жанасқан кезде (афтозды, везикулярлы-эрозиялық гингивостоматит).
Слайд 10ҚҰВ 2 патогенезі
Генитальдық ұшық инфекциясы кезінде (негізгі қоздырғышы – ҚҰВ-2)
қолайсыз жағдай туғызатын сыртқы жыныс органдарының зақымдануы байқалады. Зақымданулар, әдетте,
10-14 күннен кейін жоқ болады, бірақ жиі қайталануы (рецидив) мүмкін. ҚҰВ-2 жатыр мойнының қатерлі ісігін қоздыруы ықтимал. Вирус ішкі ағзаларға тарап генерализацияланған сепсис дамуына себепкер болады.
Слайд 11Микробиологиялық диагностикасы
Материал: бөртпелер бөліндісі, қан.
Цитологиялық әдіс (Цанк сынамасы) –
көпядролы алып жасушалар мен денешіктерді табады. ИФТ.
Вирусологиялық әдіс: әр
түрлі жасуша дақылдарына жұқтырып вирусты табады, және оны ИФТ, РН, ИФР идентификациялайды. ПТР.
Слайд 12Емдеу және алдын алу
Ауыр зақымданған кезде ацикловирді тағайындайды.
Инактивацияланған вакцина
қолданады. Бұл вакцинаны бірнеше қайталап еккенде ұшықтық инфекциялардың қайталану жиілігі
едәуір төмендейді.
Вакцинация герпестік инфекцияның рецидивінің жылдамдығын төмендетеді.
Слайд 13Varicella-Zoster Virus
3 типтік ұшық вирусы: Жел шешек және белдеулік ұшық
– Varicella-Zoster Virus, (БТВ, VZV).
Жел шешекке көбінесе балалар шалдығады,
дене қызбасымен, жалпы интоксикацияланумен, мөлдір сұйық толған бөртпе шығумен өтеді. Белдулік ұшық – бала кезінде жел шешекпен ауырған ересек адамдарда болатын эндогенді инфекция. Ауру нерв жолдарының бойымен везикулярлық бөртпелер шығуымен көрініс береді.
Слайд 14VZV-ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ПАТОГЕНЕЗІ
Жел шешекпен балалар жие аурады (5-9 жас аралығында),
жеңіл түрде, асқынуларсыз өтеді. Ересектерде –жел шешек асқынулармен, ауыр түрде
өтеді.
Инфекция көзі – ауру адам.
Вирус ауалы – тамшылы және жанасу жолдары арқылы беріледі.
Бастапқы кезеңде қоздырғыш жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабатының эпителиясында көбейеді, содан кейін лимфа тамырлары арқылы қанға түсіп, вирусемия қоздырады.
Қан мен терінің және шырышты қабаттың эпителиялық жасушаларына барады. Нәтижесінде науқастың бетінде, кеудесінде, аяқ-қолдарында везикулярлы бөртпелер пайда болады.
Слайд 15VZV-ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ ПАТОГЕНЕЗІ
Жүкті әйелдер осы (вирус плацента арқылы берілгенде) инфекцияға шалдықса
ұрыққа ақаулық (дефект) әсер етуі мүмкін.
Жел шешекте сәбилерде ауыр түрде
өтеді.
Аурып тұрған балалардың жұлынның артқы түбіршіктерінде немесе бас ми нервінің ганглияларында вирус бірнеше жыл бойы сақталады.
Жұлынның нерв жасушасында ұзақ уақыт сақталған вирустың белсенділігі артуының нәтижесінде белдеулік теміретке дамуы ықтимал.
Оған әр түрлі жағдайлар (ілеспе аурулар,
жарақаттану, иммунитетінің төмендеуі
т.б.) ықпалын тигізеді.
Белдеулік теміреткі жекелеген сезімтал
нервтердің бойымен онша айқын емес
қызарған дақтар (диаметрі -3-5 см)
шығуымен сипатталады.
Слайд 16КЛИНИКАСЫ
Аурудың басталуы өткір: массивті бөрту, интоксикацияның байқалуы және дене
қызуының артуы;
Бөртпе қышыну ж/е полиморфизммен сипатталады, денеде мен бетте,
кейін аяқ пен қолда бөртпе пайда болады;
Алдымен өлшемі 2-4 мм қызғылт дақ, содан соң олар іші мөлдір сұйықтықпен толған папулаларға, везикулаларға айналады. Жарылған везикулалардың орнында қабықшалар түзіледі, олар аурудың 2-3 аптасында түсіп қалады. Кейде естің бұзылуы және сіңір тартылуы мүмкін.
Слайд 17Саногенез
Бала кезінде жел шешекпен науқастанған ересектерде өмірбойы иммунитет қалыптасады.
Қан
сарысуында вирус бейтараптаушы және комплемент байланыстырушы антиденелер жиналады. Бірақ олар
аурудың рецидивінен құтқара алмайды. Өйткені персистенциялық инфекция ошағы жұлынның ганглияларында сақталады.
Слайд 18Микробиологиялық диагностикасы
Материал: бөртпе бөліндісі, мұрын-жұтқыншақ шайындысы және қан сарусуы.
Цитологиялық
әдіс: зақымданған тері ошағынан таңбалы-жұғын дайындап, Романовский-Гимзе әдісі немесе гематоксилинмен
және эозинмен бояп, көпядролы алып жасушалар, қосынды денешіктерін анықтайды.
Вирусологиялық әдіс: тауық эмбрионының және зерханалық жануарлардың жасуша дақылдарына жұқтыру арқылы вирусты бөліп алады және оны ИФР, ИФТ идентификациялайды.
Материалда вирусты тез бөліп алу үшін ПТР және ИФР идентификациялайды.
Серологиялық әдіс: ИФР, ИФТ реакциялырында вирусспецификалық АД анықтау (IgA, IgM, IgG). Жел шешекпен аурыған адамның сарысуына қарағанда белдеулік теміретке мен ауырған адамның сарысуында спецификалық АД көп.
Слайд 19ЕМДЕУІ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУЫ
Интерферон - дене қышуын төмендететін препарат, анальгетикитер
(менавазин). Ацикловирді, видарабинді қолданады.
VZV тірі вакцина қолданылады.
Жасырын кезеңнің соңынан
бастап бөртпе шыққанан кейін 5 күн бойы басқаларға жұқтыру қауіпі болғандықтан науқасты оқшаулайды. Жел шешек ошағында болған балаға – иммунды глобулин енгізеді.
Слайд 20ЭПШТЕЙН БАРР ВИРУСЫ, (ҰШЫҚ ВИРУСЫНЫҢ 4 ТИПІ)
ҚҰВ-4
1964 – Мишель
Эпштейн және Эвелина Барр Беркитт лимфомасымен ауырған пациенттердің биоптатынан бөліп
алған.
Беркитт лимфомасы - назофарингеальды карциома, шашты лейкоплакия қоздыратын ДНҚ құрамды вирус.
Слайд 21ЭПШТЕЙН БАРР ВИРУСЫ
ЭБВ-нің құрамында бірнеше антигендер
болады:
EB-VCA – вирустық, капсидтік антиген,
EBNA – ядролық антиген,
EB-EA - ертелік антиген,
EB-MA – мембраналық антиген.
Антигендердің және оларға қарсы атиденелердің пайда болу мерзімін білу ЭБВ- инфекциясының түрлерін (жедел, латентті, созылмалы) анықтаға мүмкіндік береді.
Слайд 22Әр түрлі жастағы топтар аралығындағы ЭБВ-нің таралуы
Слайд 23ЭБВ-инфекциясының патогенезі
Инфекция көзі– науқас адам.
Берілу жолдары:
ауалы-тамшылы;
алиментарлық жолмен;
контактылы-тұрмыстық;
контактылы (жыныстық);
трансфузиялық.
ЭБВ инфекциясының сатысы:
латентті вирустық персистенция;
литикалық вирустық репликация.
Слайд 24ЭБВ-СЫ ЗАҚЫМДАЙТЫН ЖАСУШАЛАР
В- және Т-лимфоциттерін;
жұтқыншақтың эпителиялық жасушасын;
асқазанның эпителий бездері,
сілекей бездерін, қалқаншабездерін.
Слайд 25Инфекционды мононуклеоз
генерализацияланған лимфоаденопатия;
қызба;
тонзилит;
гепатоспленомегалия;
гематологиялық өзгерістермен сипатталады (атипиялық мононуклеарлар).
Слайд 26ЭБВ-инфекциясының маркерлері
EA-ға IgG
VCA- ға IgM
NA-ға IgG
Өткір сатысындағы
маркерлер:
Паст-инфекцияның
маркерлері:
ЭБВ
инфекциясын диагностикалаудағы
серологиялық әдіс (ИФТ)
Слайд 27ЦИТОМЕГАЛОВИРУС (ЦМВ)
ЦМВ ерекшелігі оның алып жасушалар түзу қабілеті бар,
диаметрі 20-24 мкм;
құрамында “жапалақ көзі” сияқты қосындылар бар;
Алғашқы рет
вирусты 1956 жылы К. Смит бөліп алған;
грек: cytos жасуша + megas үлкен, яғни ЦМВ альфа-герпесвирустарға қарағанда оның ДНҚ молекулалық салмағы үлкен, репродукциялану цикл ұзақ.
Слайд 28ӘР ТҮРЛІ ЖАСТАҒЫ ТОПТАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ЦМВ ТАРАЛУЫ
Слайд 29Патогенезі
Инфекция көзі – адам.
Берілу механизмі: респираторлық,тұрмыстық-жанасу, жыныстық қатынас, ал
кейде фекальды-оральды жолмен жұғады.
ЦМВ сілекей бездері мен бүйрек арнашаларының эпителиялық
жасушаларына жақындылығы бар, сондықтан да оларда ядроішілік ірі қосындылар пайда болады.
ЦМВ адамдарда әртүрлі ағзалар мен тіндерді зақымдауымен және неше түрлі көріністермен сипаталатын инфекция қоздырғышы.
Слайд 30Патогенезі
Вирустың организмде жалпы жайылуына лейкоциттер маңызды рөл атқарады.
Мононуклеарлық жасушаларға қарағанда
ЦМВ полинуклеарлық фагоциттерге тропизмділігі басымырақ болады.
Аурудың жедел түрлерінде ішкі
ағзалар (бауыр, бүйрек, бас миы) және қан түзуші ағзалар (жүректің, тамырлардың эпителиясын) зақымдайды.
Слайд 31
ЦМВ инфекциясы кезінде жаңа туылған нәресте мен ұрықтың патологиясы
ЦМВ жаңа
туылған нәрестелердің 1 % перинатальдық инфекция қоздырады.
Ұрықтың дамуында дефектлер
дамиды, гепатит, гепатоспленомегалия, тромбоцитопениялық пурпура (геморрагиялы синдром), гидро- және микроцефалия, хореоретинит.
Инфекция көбінесе латентті түрде өтеді: нәрестелердің ақыл-ойы дамымайды, есту қабілетін жоғалтады, себебі есту жүйесінің орталық сенсоры зақымданады.
Слайд 32МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ
Материал: несеп, қан, емшек сүті, сілекей, жатыр мойынының бөліндісі.
Цитологиялық әдіс: Зерттелетін материалдан жұғын дайындап, Романовский –Гимзе әдісімен бояп,
құрамында жарық жолақпен қоршалған қою түсті қосынды денешіктері бар алып жасушаларды (жапалақ көзі) табу .
Вирусологиялық әдіс: фибробласт дақылдарына жұқтырып вирусты бөліп алады.
идентификациялау – ИФР,КБР, БР, ПТР.
Серологиялық әдіс: КБР, БР, ИФР.
Слайд 33ЕМДЕУ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ
Симптоматикалық емдеу шаралары және арнайы препараттар қолданылады:
ацикловир, иммундымодуляторлар (лавомизол, интерферон), ганцикловир, фоскарнет, интерферон индукторы.
Жалпы медициналық сақтану
шараларымен қатар спецификалық профилактика, яғни вакцина егу қолданылады.
Слайд 34НАЗАР АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!