Разделы презентаций


Экологиялық және жер құқығының негіздері

Содержание

Негізгі сұрақтар:Экологиялық құқықтың түсінігі және пәні 2. Экология заңдарын бұзу3. Экология заңдарын бұзу үшін жауапкершілік4. Жер құқығының түсінігі 5. Жерге меншік құқығының нысандары6. Жер пайдалану құқығының ерекшеліктері

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Экологиялық және жер құқығының негіздері.

Экологиялық және жер құқығының негіздері.

Слайд 2Негізгі сұрақтар:
Экологиялық құқықтың түсінігі және пәні
2. Экология заңдарын бұзу
3.

Экология заңдарын бұзу үшін жауапкершілік
4. Жер құқығының түсінігі
5. Жерге

меншік құқығының нысандары
6. Жер пайдалану құқығының ерекшеліктері

Негізгі сұрақтар:Экологиялық құқықтың түсінігі және пәні 2. Экология заңдарын бұзу3. Экология заңдарын бұзу үшін жауапкершілік4. Жер құқығының

Слайд 3 Экология құқығы- құқықтың саласы ретінде қазіргі және

болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды

пайдаланумен байланысты қоғам мен табиғаттың (экологиялық) қатынастарды реттеуге бағытталған нормалардың жиынтығы.

Экология құқығы- құқықтың саласы ретінде қазіргі және болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны қорғау және

Слайд 4 Экология құқықтың пәні - айналадағы табиғи ортаны қорғауға

байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейді.

Экология құқықтың пәні - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын

Слайд 5 Экологиялық

құкықтың қағидаттары:
1) адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен

демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;
2) Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттерін қанағаттаңдыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын тендестіре отырып шешу;
3) экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экология­лық жүйелерді қалпына келтіру;
4) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молықтыру, табиғатты пайдаланғаны үшін кезек-кезеңмен ақы төлеуді енгізу және қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыруды енгізу;
5) биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;
Экологиялық құкықтың қағидаттары:1) адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың

Слайд 66) қоршаған ортаны қорғау туралы зандарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік

бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;
7) қоршаған ортаға нұқсан келтіруге

жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;
8) халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласында белсенді түрде және демократиялық жолмен қатысуы;
9) халықаралық құкық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық қағидаттарын сақтау негізінде жүзеге асырылады.
6) қоршаған ортаны қорғау туралы зандарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;7) қоршаған

Слайд 7Экологиялық құқықтық әдістер дегеніміз нақты бір міндетті орындауға бағытталған шындықты, болмысты, практикалық

және теориялық жағынан игерудің амал-айлаларының жиынтығы.
Әдетте құқықтық нормалардың орындалуы

үшін адамдардың мінез-құлығына әсер етудің әкімшілік-құқықтық және азаматтық-құқықтық әдістері қолданылады.
Экологиялық құқықтық әдістер дегеніміз нақты бір міндетті орындауға бағытталған шындықты, болмысты, практикалық және теориялық жағынан игерудің амал-айлаларының жиынтығы. Әдетте

Слайд 8Экологиялық-құқықтық әдістер:
Әкімшілік-құқықтық әдістер
Азаматтық-құқықтық әдістер
Құқықтық қатынастардың субъектілерінің тең емес, билік етушілер

мен оған бағынушылар қатынасынан туындайды (бастық, директор, және басшылар, полиция

және құқық бұзушы)

Құқықтық қатынастың субъектілерінің заң алдында өзара теңдігіне негізделген (экологиялық құқық бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғалардың тең жауаптылығы)

Экологиялық-құқықтық әдістер:Әкімшілік-құқықтық әдістерАзаматтық-құқықтық әдістерҚұқықтық қатынастардың субъектілерінің тең емес, билік етушілер мен оған бағынушылар қатынасынан туындайды (бастық, директор,

Слайд 9Азаматтық-құқықтық әдістер
Императивті
Диспозитивті
Экологиялық құқықтық қатынастардың субъектілері құзыретін белгілегенде оларға

алдын ала көрсету, тыйым салу, жазу, нормаларын қолданады.
Экологиялық құқықтық қатынастардың

субъектілерін өзара ұсыныс, санкция, рұқсат беру сияқты амалдарың негізінде әрекет жасауы
Азаматтық-құқықтық әдістерИмперативті Диспозитивті Экологиялық құқықтық қатынастардың субъектілері құзыретін белгілегенде оларға алдын ала көрсету, тыйым салу, жазу, нормаларын

Слайд 10Экологиялық құқық жүйесі
Жалпы бөлім
Ерекше бөлім

Экологиялық құқық жүйесіЖалпы бөлімЕрекше бөлім

Слайд 11 Жалпы бөлім қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы, жаһандық

және ұлттық экологиялык мәселелер, табиғатты құқықтық қорғау, қоршаған ортаны қорғау,

табиғат қорлары мен байлықтарын ұтымды пайдалану мен қайта өндіру ұғымдары, Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының қалыптасу тарихы, экокұкыктың пәні, әдістері, қағидалары, экоқұкықтың деректік көздері, табиғат қорларына, байлықтарына меншік құқығы, экологиялық пайдалану мен қоршаған табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік реттеу мен баскару, экологиялық бақылаудың ұйымдастырушылық-бақылау нысандары, қоршаған табиғи ортаға әсер етудің бағасы және эколо­гиялық сараптама, экологиялық мониторинг және табиғи-қорлық кадастр, экологиялық заңнамалардың бұзылғаны үшін жауаптылық сияқты мәселелерді қарастырады.
Жалпы бөлім қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасы, жаһандық және ұлттық экологиялык мәселелер, табиғатты құқықтық қорғау,

Слайд 12 Ерекше бөлім жерді, суды, ауаны, орманды,

жер қойнауын, жануарлар, есімдіктер дүниесін пайдалану және қорғаудың, экологиялық құқық

бұзушылық және жауаптылықтың экологиялық-құқықтық тәртіптерін және экологиялық дауларды шешуді оқытады.
Ерекше бөлім жерді, суды, ауаны, орманды, жер қойнауын, жануарлар, есімдіктер дүниесін пайдалану және

Слайд 13 Экология заңдарын бұзу - белгіленген

экологиялық тәртіпті бұзатын және табиғи ортаға зиян келтіретін заңға қайшы

келетін кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік.

Экология заңдарын бұзу - белгіленген экологиялық тәртіпті бұзатын және табиғи ортаға зиян

Слайд 14 Табиғи ортаға зиян келтіру - табиғи объектілеріне,

оның адам өмірі мен денсаулығына қолайлы болуына немесе табиғатты пайдалануда

заңсыз залалды әрекеттер жасаудың экологиялық және экономикалық салдарынан туындайды.

Табиғи ортаға зиян келтіру - табиғи объектілеріне, оның адам өмірі мен денсаулығына қолайлы болуына

Слайд 15 Экологиялық тәртіпті бұзудың 4 белгісі бар:
тәртіпті бұзушының

кінәсі
заңға қарсы бағыт
заңды бұзудан келген зиянның себепті байланысы
табиғи

ортаға, адамның денсаулығына (өміріне) келген зиян
Экологиялық тәртіпті бұзудың 4 белгісі бар: тәртіпті бұзушының кінәсі заңға қарсы бағытзаңды бұзудан келген зиянның

Слайд 16 Кінә қасақана немесе абайсызда болуы мүмкін.


Заңға қарсы бағыт табиғи ортаны қорғау немесе тиімді пайдалану туралы

заңды қасақана бұзады.
Мұндай заңды бұзушылықты 3 топқа бөлуге болады:

Кінә қасақана немесе абайсызда болуы мүмкін.   Заңға қарсы бағыт табиғи ортаны қорғау немесе

Слайд 17 1 топқа - табиғи ресурстарды заңда көрсетілген реттерде

алуға - сатуға, сыйға тартуға, кепілдік беруге, өз бетімен айырбастауға

және осы сияқты жерге, жер қойнауына, суға, орманға, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне мемлекет меншігі құқығын тікелей немесе жасырын түрде бұзатын әрекеттер жатады.

1 топқа - табиғи ресурстарды заңда көрсетілген реттерде алуға - сатуға, сыйға тартуға, кепілдік беруге,

Слайд 18 2 топқа - жер, оның қойнауы, су,

орман, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, дағдылы және сирек кездесетін ладшафтар,

табиғи қорықтар, табиғи заказниктер, ұлттық табиғи парктер, табиғи ескерткіштері, жердің климаты мен озонды қабаты, сондай-ақ атмосфералық ауа және табиғи экологиялық жүйелер, өзге де табиғи объектілерін қорғау, пайдалану құқығына қарсы жою, ластау және өзгеде ұтымсыз пайдалану әрекеті мен әрекетсіздіктер жатады.

2 топқа - жер, оның қойнауы, су, орман, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, дағдылы және

Слайд 19 3 топқа- адамдардың денсаулығы мен

өміріне, сондай-ақ мүлкіне табиғи жағдайлар мен шаруашылық және өзге де

қызметтің зиянды ықпал ететін заң бұзушылықтарының түрлері жатады.

3 топқа- адамдардың денсаулығы мен өміріне, сондай-ақ мүлкіне табиғи жағдайлар мен шаруашылық

Слайд 20 Экологиялық құқық бұзушылықтың объектісі – қоғамдық қатынастар,

олар қоршаған ортаның сақталуымен, сапаны сақтау, қамтамасыз етумен байланысты. Экологиялық құқық

бұзушылықтың объективті жағы – қоғамдық қатынастардан,экологиялық құқықты жəне заңды не жеке тұлғалардық заңды мүдделерін қорғау, қоршаған ортаны қорғау жəне табиғи ресурстарды тиімді пайдаланудағы қоғамдық қауіпті қол сұғушылық.
Объективтік жақтың белгілері əрекет, қоғамдық қауіпті зардап, əрекет пен зардап арасында себептілік байланыстың болуы, сағат, қылмыстың жасалған жері, құқық бұзушылық тəсілі.
Экологиялық құқық бұзушылықтың объектісі – қоғамдық қатынастар, олар қоршаған ортаның сақталуымен, сапаны сақтау, қамтамасыз

Слайд 21 Экологиялық құқық бұзушылықтың субъектілері өнеркəсіп, ұйым, мекеме,

олардың лауазымды тұлғалары, табиғаттың жеке объектілеріне əрекеттерімен (əрекетсіздік) зардап келтіреді.

Субъективтік жағы тұлғаның жасаған қоғамдық қауіпті əрекетіне психикалық қатынасымен жəне де оның зардаптарымен сипатталады. Субъективтік жақтың белгілері кінə, мақсат жəне себеп. Түрлі критерийлер бойынша экологиялық құқық бұзушылықтарды түрлерге жіктеуге болады.
Экологиялық құқық бұзушылықтың субъектілері өнеркəсіп, ұйым, мекеме, олардың лауазымды тұлғалары, табиғаттың жеке объектілеріне əрекеттерімен

Слайд 22 Экологиялық құқық бұзушылықтың жауапкершілік құрамына қарай келтірілген залал-зиян, нұқсан үшін: тәртіптік,

әкімшілік,қылмыстық , азаматтық-құқықтық,материалдық

Экологиялық құқық бұзушылықтың жауапкершілік құрамына қарай келтірілген залал-зиян, нұқсан үшін:  тәртіптік, әкімшілік,қылмыстық ,

Слайд 23Азаматтық құқықтық жауаптылық:

Ақшалай
Материалдық


Азаматтық құқықтық жауаптылық:АқшалайМатериалдық

Слайд 24Материалдық жауаптылық:

Толық материалды жауаптылық
Шектелген материалдық жауаптылық
Ұжымдық материалдық жауаптылық



Материалдық жауаптылық:Толық материалды жауаптылықШектелген материалдық жауаптылықҰжымдық материалдық жауаптылық

Слайд 25 Экологиялық тәртіптік жауаптылық - экологиялық құқыққа қарсы

қасақана немесе абайсызда жасалатын тәртіптік жауаптылық көзделген кінәлі әрекет немесе

әрекетсіздік. Экологиялық тәртіптік жауаптылық кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың табиғат қорғау заңдары талаптарының бұзуына кінәлі лауазымды адамдары мен өзге де қызметкерлердің, міндеті мен қызметтерін және айналадағы табиғи ортаны қорғау мен табиғи ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі жоспары мен шараларды орындамау салдарынан болады.

Экологиялық тәртіптік жауаптылық - экологиялық құқыққа қарсы қасақана немесе абайсызда жасалатын тәртіптік жауаптылық көзделген

Слайд 26 Экологиялық тәртіптік теріс қылықтың субъективті жағына абайсыздық

жатады. Құқық бұзушыға ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыстан шығару сияқты

тәртіптік жаза қолданылады.
Тәртіптік жазаның қолдану тәртібі еңбек туралы заңда белгіленген.
Шара қолданған кезде жасаған қылықтарының дәрежесі, қызметтік мінездемесі және қызметкердің тәртібі ескеріледі.
Экологиялық тәртіптік теріс қылықтың субъективті жағына абайсыздық жатады. Құқық бұзушыға ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс,

Слайд 27 Экологиялық әкімшілік жауаптылық-экология құқығына қарсы қасақана немесе

абайсыз жасалған әкімшілік жауаптылық көзделген кінәлі әрекет немесе әректсіздік.


Табиғат қорғау заңдарын бұзғаны үшін экологиялық әкімшілік жауаптылықтың негізгі 2 шарты бар:
1) ондай заңдарды бұзу әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде көрсетілген болуы керек;
2) ондай әкімшілік құқық бұзушылық экологиялық қылмыс белгілеріне жатпауы керек.

Экологиялық әкімшілік жауаптылық-экология құқығына қарсы қасақана немесе абайсыз жасалған әкімшілік жауаптылық көзделген кінәлі әрекет

Слайд 28 Экологиялық материалдық жауаптылық - экологиялық құқыққа қарсы

қасақана немесе абайсыз жасалатын кінәлі әрекет пен әрекетсіздіктің салдарынан меншік

иесіне, иемденушілері мен пайдаланушыларына келтірілген зиянды өтеу.
Экологиялық материалдық жауаптылық - экологиялық құқыққа қарсы қасақана немесе абайсыз жасалатын кінәлі әрекет пен

Слайд 29 Материалдық жауапкершілікті талдаған кезде, азаматтық

заңдылықтарда қаралатын мүліктік жауапкершіліктен айыра білу керек. Экологиялық ғылымда, яғни

табиғи ортаны қорғау саласында мүліктік жауапкершілк кей-кезде материалдық ретінде қарастырылады.
Материалдық жауапкершілік – құқық бұзушының кесірінен кәсіпорынға, ұйымға келтірген зияны үшін, белгілі – бір тәртіпке және белгілі – бір көлемде қызметкердің өтемақы төлеуі.
Материалдық жауапкершілік келтірген залалы үшін заңды жауапкершіліктің еркін түрі болып табылады. Сондықтан, қызметкер, материалдық жауапкершілікке тартыла отырып, тәртіптік және жауапкершіліктің басқа да түрлеріне тартылады.
Материалдық жауапкершілікті талдаған кезде, азаматтық заңдылықтарда қаралатын мүліктік жауапкершіліктен айыра білу керек.

Слайд 30Толық материалдық жауаптық –егер қызметкерге толық материалдық жауаптылық міндеттелсе, ішімдіктің,

нашаның әсерімен жасаса, тікелей оның кінәсі бойынша қоршаған ортаға зиян,

нұқсан келтірсе, егер кәсіпорын сотқа шағымданған жағдайда сот шешімімен тағайындалады.
Шектелген материалдық жауаптық кәсіпорын басшысының шешімімен, айлық орташа еңбекақы көлемінен аспайды.
Ұжымдық материалдық жауаптылық әрбір қызметкердің материалдық жауаптылығын анықтау мүмкін болмаған және жазбаша шарт ұжымымен жасағанда қолданылады.
Толық материалдық жауаптық –егер қызметкерге толық материалдық жауаптылық міндеттелсе, ішімдіктің, нашаның әсерімен жасаса, тікелей оның кінәсі бойынша

Слайд 31Азаматтық-құқықтық жауаптылық – нұқсан келтірілген субъектілер жәбірленуші жаққа мүліктік және

моралды келтірілген шығынының орнын толтырады.

Азаматтық-құқықтық жауаптылық – нұқсан келтірілген субъектілер жәбірленуші жаққа мүліктік және моралды келтірілген шығынының орнын толтырады.

Слайд 32 Экологиялық қылмыс - Қазақстан Республикасында айналадағы табиғи

ортаны қорғау туралы заңдармен белгіленген экологиялық құқық тәртібіне қол сұғатын

және адамдардың денсаулығына немесе айналадағы табиғи ортаға зиян келтіретін, не зиян келтіруге нақты қатер төндіретін, қылмыстық заңда көзделген қоғамдық қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), сондай-ақ экологиялық залал келтіретін қылмыстық заңда көзделген өзге де қоғамдық қауіпті іс-әрекет.

Экологиялық қылмыс - Қазақстан Республикасында айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заңдармен белгіленген экологиялық құқық

Слайд 33 Қылмыстық жауапкершілік экологиялық заңдылықты бұзғаны үшін тек

тікелей ҚР Қылмыстық Кодексінде көрсетілуі тиіс. Жалпы ҚР Қылмыстық Кодексі экологиялық

қылмыстардың 18 құрамын көрсетеді. Осындай қоғамдық қауіпті əрекеттерге қылмыстық жауапкершіліктің келесі түрлері бекітілген: қоғамдық жұмыстар, шектелген бостандық, бас бостандығынан айыру, қамауға алу жəне т. б.
Қылмыстық жауапкершілік экологиялық заңдылықты бұзғаны үшін тек тікелей ҚР Қылмыстық Кодексінде көрсетілуі тиіс. Жалпы

Слайд 34 Жер құқығы - жерге меншік

құқығы, жерді табиғи ресурс ретінде пайдалану, оны басқару мен қорғау

қатынастарын реттейтін құқықтық нормалар жиынтығын құрайтын Қазақстан Республикасы құқығының дербес саласы.
Жер құқығы - жерге меншік құқығы, жерді табиғи ресурс ретінде пайдалану, оны

Слайд 35 Жер- табиғаттың басты объектісі ретінде өмір сүрудің

негізгі қайнар көзі болып табылады. Жерді әдебиеттерде кең және тар

мағынада қарастырады. Кең мағынада “жер” түсінігі бүкіл жер планетасын оның барлық құрамдас бөліктерімен бірге қамтиды, тар мағынада -тек жердің үстіңгі қабатын, су қоймаларының астындағы жерлердің бетін және басқа да құрамдас элементтерді білдіреді.
Жер- табиғаттың басты объектісі ретінде өмір сүрудің негізгі қайнар көзі болып табылады. Жерді әдебиеттерде

Слайд 36 Жер қатынастарын құқықтық реттеудің қағидалары :
Қазақстан

Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі;
Жерді табиғи ресурс,

Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау;  
Жерді қорғау және ұтымды пайдалану;
 Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;  
Жерді нысаналы пайдалану;
 Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің басымдығы;  
Жердің жай-күйі және оған қол жетімділік туралы ақпаратпен қамтамасыз ету;  
Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі іс шараларды мемлекеттік қолдау;
 Жерге залал келуін  болдырмау немесе оның зардаптарын жою;
 Жерді ақылы пайдалану.
Жер қатынастарын құқықтық реттеудің қағидалары : Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі; Жерді

Слайд 37 Жердің  күнделікті өмірде атқаратын қызметі мен ролі: Жердің саяси-құқықтық қызметі. Яғни,

мемлекетіміздің егемендігі белгіленген шекара шегіндегі, Қазақстан халқының тұрғылықты тұрақты мекені;



 Жердің экологиялық қызметі. Яғни, жер қоршаған ортаның құрамдас және ажырамас бөлігі, табиғи ресурс;  

Жердің экономикалық қызметі. Яғни,  жер жылжымайтын мүлік ретінде танылып, азаматтық айналымның объектісі ретінде елдің байлығы.

Жердің әлеуметтік қызметі. Жер адамдардың өмір сүру негізі және еңбек процесінің аумақтық негізі болып табылады.
 Жердің  күнделікті өмірде атқаратын қызметі мен ролі: Жердің саяси-құқықтық қызметі. Яғни, мемлекетіміздің егемендігі белгіленген шекара шегіндегі, Қазақстан

Слайд 38 Жердiң негiзгi табиғи ресурс ретiнде белгiлерiн атап айтатын болсақ:

Жердiң нарықтық құны оның адам өмiрi үшiн беретiн экологиялық

және әлеуметтiк құндылығын бағалай алмайды. Сондықтан жер учаскесiнiң iс жүзiндегi ақшалай құнын анықтау мүмкiн емес;  
Жерге барлық халықтың табы мұқтаж және халық санының өсуiмен аталған ресурсты тұтынуы жерге деген сұранысты күшейтiп отыр;
 Жер тек адамзат баласымен ғана емес, сонымен бiрге, адам өмiрiн қамтамасыз ететiн тiршiлiктiң өзге де жандарымен тұтынылады;
 Жердiң саны мен сапасы өндiрiстiк қызмет нәтижесiнде, өзге кейбiр объектiлер тәрiздi ұлғаймайды, керiсiнше кемiп отырады.
 Жердiң негiзгi табиғи ресурс ретiнде белгiлерiн атап айтатын болсақ:   Жердiң нарықтық құны оның адам өмiрi

Слайд 39 Жер қоры Қазақстан аумағының барлық жерлерінің жиынтығы.
Қазіргі жер қоры

нысаналы мақсатына сәйкес, жеті санатқа бөлінеді:  
ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер; 
 елді

мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері;
 өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауылшаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер;
 ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
 орман қорының жері;  
су қорының жері;
 босалқы жері;
 Жер қоры Қазақстан аумағының барлық жерлерінің жиынтығы. Қазіргі жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес, жеті санатқа бөлінеді:  ауылшаруашылығы

Слайд 40 Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттік меншік

пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік құқығының субъектілері

болып мыналар табылады:
1) республика аумағындағы жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі- Қазақстан Республикасы;
2) «Жер кодексінде» белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жер учаскелеріне жеке меншік құқығының субъектісі- азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар. Бұл жағдайда, Кодексте өзгеше белгіленбесе, азаматтар деп Қазақстан азаматтары, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар түсініледі.

Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.

Слайд 41Жерге меншік құқығы екі түрлі нысанда болады. Олар: Жерге мемлекеттік меншік

және жерге жеке меншік. Жерге мемлекеттік меншік құқығы – мемлекеттің Қазақстан Республикасының аумағындағы

өзіне тиесілі жер учаскелерін заңда көрсетілген талаптар мен шарттар негізінде иелену, пайдалану және билік етуқұқығы болып танылады.
Жерге меншік құқығы екі түрлі нысанда болады. Олар: Жерге мемлекеттік меншік және жерге жеке меншік. Жерге мемлекеттік

Слайд 42 Мемлекеттік меншік құқығының объектілері болып жеке

меншікке берілмеген жерлердің барлығы табылады. Мемлекеттiк билiк органдарына,мемлекеттік ұйымдар мен

мекемелерге берiлген, қорғаныс қажеттерiне пайдаланылатын,ерекше қорғалатын сауықтыру және тарихи-мәдени мақсаттағы, орман және су қорларының, елдi мекендер жерiндегi ортақ пайдаланудағы, босалқы жер, оның iшiнде арнайы жер қорының жер учаскелерi, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң маңындағы жайылымдық және меншiкке берiлмеген шалғайдағы жайылымдар мен басқа да жерлер мемлекеттiк меншiкте болады.
Мемлекеттік меншік құқығының объектілері болып жеке меншікке берілмеген жерлердің барлығы табылады. Мемлекеттiк билiк

Слайд 43Қазақстанда жерге жеке меншік құқығы шектеулі нысанда жүзеге асырылады: 1. Қазақстанның азаматтарына

алты жағдайда ғана беріледі.
ҚазақстанРеспубликасының Жер кодексiне сәйкес, ауыл шаруашылық

мақсатындағы жерлер келесi жағдайларда Қазақстан Республикасының азаматтарының жеке меншiгiнде болуы мүмкiн: Шаруа \фермер\ қожалығын жүргiзу үшiн; Өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн; Орман өсiру үшiн; Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн; Саяжай құрылысы үшiн; Үйлердi \құрылыстар мен ғимараттарды\олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi және олардың кешендерiн салу үшiн немесе олар салынған жер учаскелерi;
Қазақстанда жерге жеке меншік құқығы шектеулі нысанда жүзеге асырылады: 1. Қазақстанның азаматтарына алты жағдайда ғана беріледі. ҚазақстанРеспубликасының

Слайд 442. Қазақстанның заңды тұлғаларына үш жағдайда беріледі.  Ауыл шаруашылық тауарлы

өндiрiсiн жүргiзу үшiн берiлуi мүмкiн  Орман өсiру үшiн;
 Үйлердi \құрылыстар

мен ғимараттарды\олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi және олардың кешендерiн салу үшiн немесе олар салынған жер учаскелерi.

2. Қазақстанның заңды тұлғаларына үш жағдайда беріледі.  Ауыл шаруашылық тауарлы өндiрiсiн жүргiзу үшiн берiлуi мүмкiн 

Слайд 453. Шетелдік тұлғаларға бір ғана жағдайда.

Үйлердi \құрылыстар мен ғимараттарды\олардың

мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк

емес, оның iшiнде тұрғын үйлердi және олардың кешендерiн салу үшiн немесе олар салынған жер учаскелерi.
3. Шетелдік тұлғаларға бір ғана жағдайда. Үйлердi \құрылыстар мен ғимараттарды\олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса

Слайд 46Жер учаскесі деп – заңда белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп

берілетін тұйық шекара ішіндегі бөлінген жер бөлігі. Жер учаскесінің белгілері мынадай: 1.

Тұрақты орналасқандығы; 2. Белгілі шекарада орналасқандығы; 3. Учаскеге құқығы бар екендігін растайтын құжаттың болуы. Жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттар дегеніміз – осылардың негiзiнде азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскесiне тиiстi құқықтары (жеке меншiк құқығы, жер пайдалану құқығы, сервитуттар және жер учаскесiне өзгеде заттық құқықтар) туындайтын құжаттар. Құқық белгiлейтiн құжаттарға атқарушы органдардың жер учаскесiне құқық беру туралы құқықтық актiлерi, сатып алу-сату шарттары (айырбастау, сыйға тарту немесе жер учаскесiн иелiктен шығару туралы өзге мәмiлелер) және сот органдарының жер учаскесiне жеке меншiк құқығын, жер пайдалану құқығын және жерге өзге заттық құқықтарды тану туралы шешiмдерi жатады.
Жер учаскесі деп – заңда белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін тұйық шекара ішіндегі бөлінген жер

Слайд 472.Жер учаскесіне меншік құқығы:
- меншік құқығын табыстау;
- меншік құқығын беру;
меншік құқығының

әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы)

ауысуы арқылы туындайды.
Мұндай жағдайларда жер учаскесінің нысаналы мақсаты ескеріле отырып, жүзеге асырылуы тиіс.
2.Жер учаскесіне меншік құқығы: -	меншік құқығын табыстау;-	меншік құқығын беру;меншік құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру, заңды

Слайд 48Жер учаскесіне меншік құқығы, сондай-ақ:
- мемлекеттік органдардың актілерінің негізінде;
- азаматтық-құқықтық мәмілелердің негізінде;
- ҚР

заңдарында көзделген өзге де негіздерде туындайды.
«Жер Кодексінің» 4-тарауы «Жер пайдалану

құқығы» деп аталады.
Жер пайдалану құқығы-заттық құқық болып табылады, Жер Кодексі мен заттық құқықтың мәніне қайшы келмейтіндіктен, бұған меншік құқығы туралы нормалар қолданылады.
Жер учаскесіне меншік құқығы, сондай-ақ:-	мемлекеттік органдардың актілерінің негізінде;-	азаматтық-құқықтық мәмілелердің негізінде;-	ҚР заңдарында көзделген өзге де негіздерде туындайды.«Жер Кодексінің»

Слайд 49Жер пайдалану құқығының түрлері:
- тұрақты;
- уақытша;
- иеліктен шығарылатын;
- иеліктен шығарылмайтын;
- өтеулі алынатын;
- өтеусіз алынатын;
Заңда көзделген жағдайлардан

басқа реттерде ешкімді де жер пайдалану құқығынан айыруға болмайды.

Жер пайдалану құқығының түрлері:-	тұрақты;-	уақытша;-	иеліктен шығарылатын;-	иеліктен шығарылмайтын;-	өтеулі алынатын;-	өтеусіз алынатын;Заңда көзделген жағдайлардан басқа реттерде ешкімді де жер пайдалану құқығынан

Слайд 50Тұрақты жер пайдалану деп жерді алдын ала мерзімін белгілемей отырып

пайдалану болып табылады. Тұрақты пайдалануға тек мемлекеттік тұлғаларға ғана беріледі.

Жер учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен мынадай мемлекеттiк жер пайдаланушыларға: 1) кондоминиум объектiлерiндегi үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды),үй-жайларды шаруашылық жүргiзу құқығымен немесе оралымды басқару құқығымен иеленетiн заңды тұлғаларға; 2) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндiрiсiн жүзеге асыратын заңды тұлғаларға; 3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiнде жер пайдалануды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға беріледі. Сонымен қатар, тұрақты жер пайдалануқұқығы шетелдік жер пайдаланушыларға тиесiлi болмайды.
Тұрақты жер пайдалану деп жерді алдын ала мерзімін белгілемей отырып пайдалану болып табылады. Тұрақты пайдалануға тек мемлекеттік

Слайд 51Уақытша жер пайдалану құқығы алдын ала мерзімін белгілей отырып пайдалану.

Уақытша жер пайдалану құқығы екі түрге бөлінеді: 1. Қысқа мерзімді, ол

бес жылға дейін пайдалану; 2. Ұзақ мерзімді, ол бес жылдан қырық тоғыз жылға дейін. Уақытша жер пайдалану құқығын табыстау мерзiмдерi жер учаскесiне берiлетiн құқықты, оның нысаналы мақсатын және аумақты аймақтарға бөлудi ескере отырып белгiленедi.
Уақытша жер пайдалану құқығы алдын ала мерзімін белгілей отырып пайдалану. Уақытша жер пайдалану құқығы екі түрге бөлінеді:

Слайд 52Өтеулі жер пайдалану құқығы дегеніміз – жер пайдалану құқығы мемлекеттен

сатып алынатындығын білдіреді. Жер учаскесiне уақытша өтеулi (қысқа мерзiмдi және

ұзақ мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы азаматтарға, мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға табысталуы мүмкiн.
Жер кодексіне сәйкес, жер учаскесін жеке меншікке сатып алудың төрт түрлі жағдайы көрініс тапқан. Олар:  Біріншіден, жерді жер учаскесінің кадастрлық бағалау құнына сәйкес сатып алу;  Екіншіден, жер учаскесін кадастрлық бағалау құнына сәйкес, сатып алу сомасын төлеу мерзімін он жылға дейін ұзарту арқылы;  Үшіншіден, жер учаскесінің кадастрлық құнына қарай айқындалатын жеңілдікті бағамен;  Төртіншіден, жер учаскесінің кадастрлық құнына қарай айқындалатын жеңілдікті бағамен сатып алу сомасын төлеу мерзімін он жылға дейін создыру арқылы сатып ала алады.
Өтеулі жер пайдалану құқығы дегеніміз – жер пайдалану құқығы мемлекеттен сатып алынатындығын білдіреді. Жер учаскесiне уақытша өтеулi

Слайд 53Өтеусіз жер пайдалану құқығы,керісінше мемлекеттен алынбайтынын білдіреді. Оларға мыналар жатады: - шалғайдағы мал

шаруашылығы, маусымдық жайылымдар үшін; - тұрғын халықтың мал жаю мен шөп шабуы

үшін ;  - мемлекеттік жер пайдаланушыларға;
- бақша өсіру үшін; - қызметтік жер телімі; - ортақпайдаланатынжолдардысалу,мемлекеттік әлеуметтік мәдени мақсаттағы обьектілер құрылысы кезеңіне; - тозған және бүлінген жерлерді қалпына келтіру кезінде; - ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен үйлерді және ғимараттарды уақытша өтеусіз пайдалануға берілген кезде, - Ғибадат обьектілері үшін діни обьектілер;
Өтеусіз жер пайдалану құқығы,керісінше мемлекеттен алынбайтынын білдіреді. Оларға мыналар жатады: - шалғайдағы мал шаруашылығы, маусымдық жайылымдар үшін; - тұрғын

Слайд 54Иеліктен шығарылатын жер пайдалану құқығы дегеніміз - оның иесі өзіне

тиесілі жер учаскесін заңды тағдырын шешуге құқығы бар жағдайдағыпайдалану. Иеліктен шығарылмайтын

жер пайдалану құқығы дегеніміз -  оның иесі өзіне тиесілі жер учаскесін заңды тағдырын шешуге құқығы болмайтын жағдайдағы пайдалану құқығы. Иеліктен шығарылатын жер пайдалану құқығы дегеніміз - оның иесі өзіне тиесілі жер учаскесін заңды тағдырын шешуге құқығы бар жағдайдағы пайдалану.
Иеліктен шығарылатын жер пайдалану құқығы дегеніміз - оның иесі өзіне тиесілі жер учаскесін заңды тағдырын шешуге құқығы

Слайд 55Жер пайдалану құқығының субъектілері мыналар:
1) мемлекеттік және мемлекеттік емес;
2) ұлттық және

шетелдік;
3) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар;
4) тұрақты және уақытша;
5) бастапқы және кейінгі;

Жер пайдалану құқығының субъектілері мыналар: 1)	мемлекеттік және мемлекеттік емес;2)	ұлттық және шетелдік;3)	жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар;4)	тұрақты және уақытша;5)	бастапқы

Слайд 56Сервитут- бөтен жер учаскелерін шектеулі мақсатты пайдалану, оның ішінде жаяу

өту, көлікпен өту, қажетті коммуникациялар тарту мен пайдалану, аң аулау

шаруашылығы және өзге де қажеттіктер үшін пайдалану құқығы.
Сервитут- бөтен жер учаскелерін шектеулі мақсатты пайдалану, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникациялар тарту мен

Слайд 57Сервитут, яғни бөтен жер учаскесін шектеулі нысаналы пайдалану құқығы мына

жағдайларда туындайды:
1) тікелей нормативтік актіден;
2) мүдделі тұлғаның меншік иесімен немесе жер

пайдаланушымен шартының негізінде;
3) жергілікті атқарушы органның актісі негізінде;
4) сот шешімінің негізінде;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда.
Сервитут, яғни бөтен жер учаскесін шектеулі нысаналы пайдалану құқығы мына жағдайларда туындайды: 1)	тікелей нормативтік актіден;2)	мүдделі тұлғаның меншік

Слайд 58 Жер кадастры дегеніміз- жер туралы мәліметтер жүйесі,

мемлекеттік кадастрлардың құрамдас бөлігі.
Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан

жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады.
Жер кадастры дегеніміз- жер туралы мәліметтер жүйесі, мемлекеттік кадастрлардың құрамдас бөлігі.   Мемлекеттік

Слайд 59Жер мониторингі болып жатқан өзгерістерді уақтылы анықтау, оларды бағалау, одан

әрі дамуын болжау, және кері әсері бар процестерді болдырмау мен

оның зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізілетін жер қорының сапалық және мөлшерлік жай-күйін базалық жедел, мерзімді байқау жүйесін білдіреді.
Жер мониторингі болып жатқан өзгерістерді уақтылы анықтау, оларды бағалау, одан әрі дамуын болжау, және кері әсері бар

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика