Слайд 1Экрандағы бейне мен сөздің үйлесімі. Телехабардың тілі мен стилі
Слайд 2Телевизияға арналып жазылатын туындының басты ерекшелігі - сөз бен бейнесюжет
бір-бірін толықтырады
Көп сөзділік бейнесюжеттің құнын түсіреді. Мысалға назар салыңыз:
Тележурналист
сіз немесе хабарыңыздың кейіпкері «батыс өңірде ауа райы аптап ыстық»деп эфирде айтты делік. Осы сәтте көлеңке жерге жатып алып, тілін салақтата ентіккен итті «крупный планда» көрсеткеніңіз абзал. Сонда ғана бейне мен мәтін үйлесім таппақ
Слайд 3Шығарма дегеніміз ішкі көңіл күйдің, рухани ой мен қажырлы еңбектің
сәулетті құрылысы
Туындының іргетасы автордың идеясы арқылы қаланса, оның
қабырғасы кірпішпен емес, құдіретті сөзбен ғана тұрғызылады
Слайд 4Эфирлік өнердің сипаттары телевизияның ішкі болмысында толықтай сақталған
Көркем туындыны
ұсыну формасы, қарым-қатынастық тетіктері телевизияны өнер ретінде алға шығарды
Ал, өнер
- танымның ерекше бір тәсілі болса керек.
Телевизия хабарларын қаржыландырылу көздері мен меншік түріне қарай және қамтитын аумағы мен мақсатына сай мемлекттік, қоғамдық,коммерциялық деген үш топқа бөлеміз
Слайд 5Телехабар өзінің қамтитын аумағына қарай ұлттық деңгейдегі, жергілікті, қалалық-аудандық және
коммюнити (мүдделес топтардың)
формасына сай кабельдік,релелік, ғарыштық яғни, жасанды серіктік
деп жіктеледі
Слайд 6Телехабар дайындап жүргізетін телевизия журналистерінің қызметтік ерекшеліктерін үш бағытта қарастыруға
болады
Біріншіден, тележурналистің сөзі аудиторияға тікелей емес, ақпаратты тарататын белгілі бір
тәсіл арқылы тасмалданып жеткізіледі
Екіншіден,телекөрермендердің психологиялық жағдайымен де санасуға тиіспіз.Телевизия журналистикасы әрдайым уақыт пен кеңістіктің кедергілерін азайтудың, қысқартудың жолдарын іздестіреді
Үшіншіден,тележурналист жеткізіп отырған ақпаратының шынайылығына өзі көз жеткізіп сенген болуы тиіс. Оны журналист әңгіме ауанымен, дауыс ырғағымен немесе үнінің екпінімен алмастыра алмайды. Сондықтан,телевизия авторы, телередактор (продюсер), телетілші, телевизия комментаторы, телешолушы, тележүргізуші қызметінің негізгі міндеттерін білмейінше эфирге шығара беру жүгенсіздік
Слайд 7Телевизияда тікелей сұхбат немесе ток-шоу секілді әңгіме-дүкеннен тұратын бағдарламаларда болмаса,
бос сөздің аздауы, нақты оқиғаның көбірек болғаны жақсы
Олай болса,
сөзбен жеткізетін ең негізгі жайлар не деген сұрақ туындауы заңды. Олар мыналар:
- бейнебаян арқылы көрсетуге мүмкіндік болмаған жағдайда
-оқиғаны сол адамның өзінің сөзі арқылы бергенде ғана сенім тудырарлықтай болса
- даулы мәселеге жеке адамның пайымы, көзқарасы міндетті түрде қажет етілсе
Слайд 8Төмендегі практикалық кеңесті жадыңызда сақтауды ұмытпаңыз:
1. Көрерменді өзіңізге тарту үшін
қолдан келгеннің бәрін жасаңыз. Дарын-қабілет, алғырлық мүмкіндігіңіз болса, бәрін пайдаланыз
2.
Көрерменді өзіңіздің сұхбаттасушыңыз деп біліңіз. Егер көрерменнің сенімінен шыға алмайтындай болсаңыз, эфирге шықпаңыз
3. Белгілі бір мәселе жөнінде толықтай терең білмесеңіз де оны сезінетін түйсігіңіз болсын
4. Өзіңізге лайық жеке тақырыбыңыз болғаны абзал. Әр шөптің басын бір шалып кетсеңіз сенімнен айырыласыз
5. Үнемі қызықты әрі тартымды көріне біліңіз
6. Телехабардың бас кейіпкері кім екенін үнемі жадыңызда сақтағайсыз
Слайд 97. Мәдениетті әрі сыпайы болыңыз. Көрерменді де, өзіңізді де құрметтеңіз.
Айтып отырған әңгімеңізден бұрын көрерменнің құлағына түрпідей тиетін анайы сөздерден
аулақ болып, ебедейсіз қимыл қозғалыстан, жарасымсыз киім-кешектен аулақ болыңыз
8. Өзгелердің сөзіне зейін қойып тыңдап үйреніңіз
9. Көрерменнің психологиясын сезіне білген абзал
10. Байқағыш, қырағы әрі қызықтай білетін қабілетіңіз болсын
11. Қиын жағдайдан тез әрі ыңғайлы тәсілмен шыға білетін шеберлікті игеру қажет
12. Мұның бәрі мамандығыңызды шеберлікпен игергенде ғана мүмкін болмақ
Слайд 10Тележурналистика «асүйінің» ұсақ-түйек құралдары
сюжет
мәтін
студия декорациясы
субтитр сөзі
комментарий
сұхбат
синхрон
сазды әуен, дауыс-дыбыс