Слайд 1Есіңде ме, формула ?
Төле би
Қазыбек би
Әйтеке би
Слайд 2Төле бидің Әйтеке бидің баласына айтқан үш кесір әдеті.
Слайд 3Жігіт адамға басты
кесір-еріншектік.
Ортаншы кесір-ұйқышылдық,
Кенже кесір-тілазарлық.
Слайд 4Төленің әкесі Әлібек биге екі даугер
түлкіні даулап келеді.
-Бірі,қырдан қуып
түлеткен түлкім
-екіншісі,сыртынан бағып жүрген түлкім еді.
Іні де, түлкі де менікі
дейді.
Осы дауға Төле би қандай төрелігін айтады?
Слайд 5-Түлкі арлан болса сенікі,-дейді,
«қырдан қуып келдім» деген жігітке.
-Ұрғашысы болса
сенікі,-дейді, «ін
менікі» деген жігітке.
Түлкінің ұланы түз,ұрғашысы ін
Сақтайды депті.
Слайд 6 __ _____ ______ _____
__ _____ ______ ___
__ _____ _____ _____
__ _____ ______ ___
Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшы болмаса ел жетім...
Слайд 7Бір тонның жағасы болма,
Көп қолдың ағасы бол
Атақты ақ деп бағала,
Қараны
деп қара қарала.
Өзегің талса өзен бойын жағала,
Басыңа іс түссе көпшілікті
сағала.
Ұқпасқа айтқан сөз жетім,
Көре алмаған көз жетім.
Слайд 8Бәйге жарысында бір құла ат озып келеді.Екі жігіт сол атты
даулап келед.
Бірі:-Мынау менің тай күнінде жоғалтқан бәсірем дейді.Бәйгеге қосып тұрған
жігіт:
-Жоқ,бұл менің өзімнің құла биемнен туған қасқам деп,жеңістік бермейді.
Қазыбек би осы дауға қандай төрелік айтады?
Қазыбектің Төле биге айтқан жұмбағы:
Алысыңыз қандай?,Тәттіңіз қандай?
Несиеңіз өне ме?
Слайд 9Көгендеулі тұрған екі қозыны ағытып әкеледі.
Екі жігітке өріске барып, осы
екі қозының енесін тауып әкелуді бұйырады.
Ат қосқан жігіт қозысын салса,
әлгі әкелген саулығы алмайды.Ал, «тай күнінде жоғалтқан бәсірем»жігіт қозыны саулыққа салса,саулық оны иіскелеп,емізеді.
Алысы-көз жанары, тәттісі-ұйқы,
несиесі-қ-ұл-қыздары.
Слайд 10Қонтайшы:
-Әуелде не бар?, Ортасында не бар?, Ақырында не бар?
-Аспан мен
жердің арасы қаншалық жол?
-Батыс пен шығыстың арасы қаншалық жол?
Слайд 11Қазыбектің жауабы:
-Арға мінәжат етілсе,барға қанағат
етілсе,әуелінде-ынтымақ,ортасында-береке,артында-шүкірлік.
-Аспан мен жердің арасы бір-ақ
шақырым жер.Күн күркірі шақырым жерден естіліп,кемпірқосақ аспан мен жерді табыстырып
кетеді.
-Батыс пен шығыстың арасы күншілік жер.Күн шығыстан шығып күншілік жер жүріп ұясына батады.
Слайд 12Малдан малдың несі артық
Бір-ақ асым еті артық.
Тату болса,ағайын жақын
Ақылшы болса,апайың
жақын.
Слайд 13Бауырмал болса,інің жақын,
Инабатты болса,келінің жақын
Алдыңа тартқан адал асын,
Қимас жақын-қарындасың.
Адал болса,досың
жақын,
Еркелейтін немерең жақын,
Өз ұрпағың шөберең жақын,
Жан серігің жас кезіңнен
Бәрінен де
әйелің жақын.
Слайд 14Ұлы жүздің бір жігітіне атастырып қойған орта
жүздің бір қызы
арғынның жігітімен
қашып кетеді.Онымен қоса бірінің-бірі жылқысын
барымталап кетеді.Екі жақтың кісілері
Төле би мен
Қазыбекке жүгінеді.Қазыбек:
-Аға болып алдымнан туасың,
Барымталап жылқымды қуасың-
десе, Төле би оған:
Артымнан ерген еркемсің,
Ағаңның көзі тірісінде
Жеңгеңді неге ертесің? деп өкпе артады.
Әйтеке екі жақты қалай бітімге келтіреді.
Слайд 15-Ашу деген ағын су,
Алдын ашсаң арқырар.
Ақыл деген дария,
Алдын тоссаң тоқырар.
Кісі
бірге туыспау керек,
Туысқан соң қуыспау керек.
Сөз қуған бәлеге,жол қуған
Олжаға жолығады.
Төле,сен
жылқысын қайыр,
Қазыбек сен жесірін қайыр.
Слайд 16Әз Тәуке хан «Жеті жарғыны» қабылдағаннан кейін
билерді сынамақшы болып,
былай дейді:
-Дауға билік айтқанда,алдымен жасы үлкеннің бастауы, жасы кішінің қоштауы
жөн бе,әлде кіші бастап,жасы үлкеннің қоштауы жөн бе?
Әйтеке бидің жауабы?
Слайд 17«Ағасы келсе,ардақтап атын байлағандай,қонағы
келсе,құрметтеп жайланғандай,тындырымды інісі болса,көңілі жай болып,ағаның
алар тынысы болса, інінің міндеті басқару,ағаның реті бас бағу емес
пе?»-деген екен.
Слайд 18Суалмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ.
Асқар тау сенде бір мін бар,
....................................
Тасқын
су сенде бір мін бар,
.....................................
Билер,сендерде бір мін бар.
Слайд 19Тамыры суда болса да,
Уақтысы жеткенде,
Қурамайтын құрақ жоқ.
Дүние деген фани бұл,
Панасы
жоқ,тұрақ жоқ.
Баласы жоқта мият жоқ.
Бәрінен де сол қиын
Түнде жанған шырақ
жоқ,
Артта қалған тұяқ жоқ
Слайд 20Дүние неге сүйенеді?
Үмітке.
Көздің көрмесі бола ма?
Қабағын
Шам жарығы қайда түспейді?
Түбіне.
Болат пышақ
нені кеспейді?
Өз сабын.
Слайд 21Ең арзан не?
Ең қымбат не?
Ең алыс не?
Ең жақын не?
Дауасыз не?
Слайд 23Білім мен байлықты салыстыр.
Не жетім?
Бір адамның ғұмыры қанша уақыт?
Слайд 24“Еңбегінің ел кәдесіне жарағанын сезіну-үлкен бақыт”
В.Качалов
Слайд 25 Топқа бөлу:
1-топ: Алма
2-топ: Банан
Слайд 26 Қорытындылау
*Дәстүрлі сабақ пен жаңа форматтағы сабақтың айырмашылығы қандай?
*Сіздер үшін
жаңа форматтағы сабақтың ҚМЖ –ның тиімді жағы болды ма?
*Қалыптастырушы бағамен
бағаламай бірден жиынтық бағамен бағалап тастасам қалай болар еді?
*Кері байланыс беру сізге қолайлы ма?
Слайд 27Зейін қойып
тыңдағандарыңызға
РАХМЕТ!