Слайд 1Гломерулонефрит
Дайындаған м.ғ.к. Рахымбердиев Д.С.
Слайд 2 Нефрон – бүйректің құрылымдық және қызтеттік бірлігі. Әр нефрон
бүйрек (мальпигий) денешігінен және өзекшеден тұрады.
Слайд 3Микроскоп арқылы эндотелиді, эпителиді (подоциттерді) және мезангиальды клеткаларды, мезангиальді матриксті
көруге болады. ГН кезінде бұл клеткалар саны артады (пролиферация) немесе
аз өзгереді.
Слайд 4Өзекше шартты түрде үш бөлімнен тұрады
І реттік проксимальды иірімді өзекше;
Генле ілмегі;
ІІ реттік дистальды иірімді өзекше.
Генле ілмегі келесі
бөлімдерден тұрады:
а) жуан төмендеуші сегмент, ол проксимальды иірімді өзекшенің жалғасы болып табылады;
б) жіңішке (төмендеуші, өрмелеуші) сегмент;
в) жуан өрмелеуші сегмент, ол дистальды иірімді өзекшеге өтеді.
Слайд 5Сканер микроскопында- шумақта, подоциттер аяқтары,
Слайд 6Дистальды иірімді өзекше жалғастырушы түтікше арқылы жинақтаушы түтікшеге түседі, ал
ол нефронның бөлімі емес және оған көптеген нефрондардың дистальды өзекшелері
ашылады.
Слайд 7Бүйрек (мальпигий) денешігі шумақтан және Шумлянский –Боумен капсуласынан тұрады. Шумақ
немесе гломерула тамырлы құрылым болып табылады. Ол әкелуші артериялардан басталатын
және әкетуші артерияларға жиналатын шамамен 50 капиллярлы ішектерден тұрады.
Слайд 8Физиологиялық жағдайларда қанның 85-90% үлкен (қыртысты) жол, ал 10-15% кіші
жол қан айналымда жүреді. Бірақ кейбір патологиялық жағдайларда қанның негізгі
көлемі кіші қан айналым (қысқарған бүйрек жолдарымен) бойынша жүреді. Мұндай жағдайларда қанның үлкен көлемі бүйректің қыртысты затына емес, милы затына түсетін ерекше шунт болып табылады. Осының нәтижесінде қыртысты заттың ишемиясы, кейде некроздардың дамуы да мүмкін.
Слайд 9Зәрдің түзілу механизмі:
1) шумақтық фильтрация (сүзу);
2) өзекшелік реабсорбция
және
3) секреция.
Қанның гидростатикалық қысымының төмендеуі шумақтық сүзудің бірден төмендеуіне,
ал ауыр жағдайлар толық тоқталуына әкеледі. Сонымен қатар, мұндай нәтиже бүйрек ішіндегі қысымның едәуір жоғарылауы кезінде де (мысалы, зәр бөлу жолдарының обтурациясы кезінде) көрінуі мүмкін.
Слайд 10Сау адамдағы бүйректік қан айналым мен гидростатикалық қысым деңгейінің реттелуі
әкетуші артериоланың тонусының өзгеруіне байланысты іске асады. Мысалы, симпатоадреналдық немесе
ренин-ангиотензин жүйесінің белсенділігі кезіндегі оның тонусының жоғарылауы шумақты капиллярлардағы гидростатикалық қысымның өсуіне және сүзілудің күшеюіне әкеледі.
Слайд 11Керісінше, әкелуші артериола тонусының жоғарылауы немесе спазмы кезінде, мысалы, гломерулонефритпен
сырқат науқастарда, шумақ капиллярларына қанның келуі азаяды, нәтижесінде гидростатикалық қысымының
және шумақты сүзу жылдамдығының төмендеуі байқалады.
Слайд 12Өзекшелік реабсорбция. Шумақтардағы сүзілген Nа, К иондарының, мочевина және судың
шамамен 80% проксимальды иірімді бүйрек өзекшелерінде реабсорбцияға ұшырайды. Осы жерде
судың осмостық эквивалентті көлемі сіңіріледі, сондықтан осы бөлімдегі өзекшедегі сұйықтық плазмаға қатысты изоосмостық қысымды сақтап тұрады, яғни зәрдің концентрациясы өзгермейді, әрі араласпайды. Бұл судың және осмостық белсенді заттардың облигатты (міндетті) реабсорбциясы деп аталады, ол организмнің қажеттілігіне байланысты емес.
Слайд 13Дистальды иірімді өзекшелер мен жинақтаушы түтіктерде Na+, су және мочевинаның
факультативті реабсорбциясы жүреді, оның күші организмнің қажеттілігіне байланысты: су мен
мочевинаның сіңірілуі АДГ реттелген, ал Na+ - альфодостеронмен ретеліп отырады. Генле ілмегінде су молекулалары мен натрий иондарының қозғалысы бүйректің кері ағыс –айналым жүйесі әсеріне сәйкес іске асады.
Слайд 14Организмге су жетіспеген жағдайда және тканьдердің дегидратациясы кезінде айналымдағы қан
көлемі (АҚҚ) төмендейді және қанның осмостық қысымы (ҚОҚ) жоғарылайды. Осмо-
және волюморецепторларды тітіркендіру нәтижесінде гипофиздің артқы бөлігінен АДГ секрециясы күшейеді. АДГ әсерінен өзекшелердің дистальды бөлімдер мен жинақтаушы түтіктердің суды өткізгіштігі артады, осыған сәйкес бұл бөлімдерде судың факультативті реабсорбциясы күшейе түседі. Нәтижесінде осмостық белсенді заттар құрамы жоғары және салыстырмалы тығыздығы жоғары зәр бөлінеді.
Слайд 15Организмде су артық мөлшерде болғанда және тканьдердің гипергидратациясы кезінде АҚҚ
жоғарылауы мен ҚОҚ төмендеуі нәтижесінде осмо- және волюморецепторлардың тітіркенуі жүреді,
содан кейін АДГ секрециясы бірден төмендейді немесе мүлдем болмайды. Осының салдарынан өзекшелердің дистальды бөлімдері мен жинақтаушы түткішелердегі судың реабсорбциясы төмендейді, ал Na+ реабсорбциясы осы бөлімдерде әрі қарай жалғаса береді.
Слайд 16Сондықтан осмостық белсенді заттар концентрациясы төмен және салыстырмалы тығыздығы төмен
зәр бөлінеді.АҚ төмендеуі кезінде, мысалы артериола тонусы төмендеуі немесе жедел
қан кету кезінде айналымдағы қан көлемі төмендейді, осының салдарынан ЮГА волюморецепторлары тітіркеніп, ренин-ангиотензин-альдестеронды жүйенің белсенділігі артып, рениннің бөлінуі күшейеді.
Слайд 17Гломерулонефриттің түрлері түрлері
жедел
созылмалы
жылдам үдейтін
Слайд 18Жедел гломерулонефрит
стрептококтық инфекцияға тәуелді дамитын, шумақтардың басым зақымдануымен жүретін
бүйректің инфекциялық-аллергиялық ауруы.
Слайд 19 Этиологиясы және патогенезі
Этиологиялық факторлар стрептококкты инфекциялар, яғни ангина, тонзиллит,
іріңді отит, пневмония. Жедел нефриттің дамуында сонымен қатар, пневмококктар, сарып
қоздырғыштары және басқа да микроорганиздер роль ойнайды. Экзогенді фактор ретінде маңызды орынды суықтау алады.
Слайд 20Нефриттің дамуында екі механизм жатыр:
қанда антиген - антидене комплексінің түзілуі;
бүйректің зақымдалуына жауап ретінде бүйрекке қарсы аутоантиденелердің түзілуі.
Слайд 21Аурудың патогенезі
аллергиялық- бүйрек шумақтарының капиллярларына антиген-антидене комплексі жабысады. Бүйректің көлемі
шамалы ғана зақымдалады. Шумақтардың ұлғаюы мен оның гиперемиясы анықталады.
Слайд 22Клиникалық көрінісі.
Жедел гломерулонефрит әдетте, стрептококктық инфекциядан 7-20 күннен кейін
пайда болады.Дерттің негізгі белгілері – ісіну, ентікпе, олигоанурия, гематурия, белдің
ауыруы, артериялық қысымның биіктеуі.
Слайд 23Науқастың өзі ерте байқайтын белгісі – ісіну. Ісінуден бұрын шөл,
әлсіздік, олигоурия пайда болады. Ең алдымен бет пен қабақ ісінеді.
Ісінудің
негізгі себебі – шумақтық фильтрацияның азаюынан судың және натрийдің іркілісі. Науқастардың көбісі ентігеді. Ентікпе горизонтальді қалыпта күшейеді.
Слайд 24Науқастың өзі ерте байқайтын белгісі – ісіну. Ісінуден бұрын шөл,
әлсіздік, олигоурия пайда болады. Ең алдымен бет пен қабақ ісінеді.
Ісінудің
негізгі себебі – шумақтық фильтрацияның азаюынан судың және натрийдің іркілісі. Науқастардың көбісі ентігеді. Ентікпе горизонтальді қалыпта күшейеді.
Слайд 25Ентікпенің себебі – айналымдағы қан көлемінің көбеюінен және артериялық қысымның
тез биіктеуінен болатын жүрек шамасыздығы.
Науқастардың 80%-да өтпелі артериялық гипертензия болады.
Артериялық қысым оншалықты биіктемейді, орташа деңгейге көтеріледі, әдетте
160/100 мм.сын.бағ.шамасында болады, оның 180/120 мм.сын.бағ. дейін биіктеуі сирек. Артериялық қысымның тез биіктеуін эклампсиалды жағдайы деп бағалау керек.
Слайд 26 Жедел гломерулонефритте артериялық гипертония дамуының басты себептері – натрий
мен судың іркілісі, айналымдағы қан көлемінің және жүректің соғу көлемінің
ұлғаюы.
Қабынып ісінген бүйректің капсуласының керілуінен, науқастардың көбі бел аймағының ауырсынуына шағынады.
Слайд 27Жедел гломерулонефриттің алғашқы 2-3 күнінде олигурия, тіпті анурия болуы мүмкін.
Созылмалы гломерулонефритен айырықша, олигурия болғанның өзінде концентрацияланған зәр бөлінеді, оның
меншікті салмағы жоғары болады ( егерде бүйрек шамасыздығы болмаса). Осыған қарап жедел гломерулонефритті созылмалы гломерулонефритен айырады.
Слайд 28 Жіктемесі.
1.Этиопатогенез:
инфекциялық-иммундық.
инфекциялы емес иммундық.
2.Морфологиялық түрлері:
пролиферативті эндокапиллярлық.
пролиферативті экстракапиллярлық.
мезангио-пролиферативтік.
мезангио-капиллярлық.
склероздаушы (фибропластикалық).
Слайд 29Шумақтардың минимальді өзгерістері кезінде подоциттердің аяқтары жойылады,сүреттерде микроскоппен көрінбейді
Слайд 30Фокальді сегментарлық гиалиноз (склероз) ФСГ
Морфологияда шумақтардың сегментарлық бүрісуімен көрінеді
Слайд 31Мембраноздық нефропатия (МН)
Морфологиялық көріністе- шумақтың базальді мембраналарында қалыңдай және пролиферация
байқалмайды
(1 сурет),
иммунды депозиттердің жиналуына байланысты
(2 сурет).
Слайд 32Клиникалық түрлері:
классикалық триадалық жайылма түрі (несептік синдром, ісіну, артериялық гипертония).
бисиндромдық
түрі (нефротикалық синдроммен немесе артериялық гипертониямен жұптасқан несептік синдром).
моносиндромдық түрі
(дара несептік синдром).
нефротикалық түрі.
Слайд 33Жедел диффузды гломерулонефрит, полиморфты ядролық клеткалармен және маофагтармен мезангиялды клтекалар
мен эндотелидің инфилтрациясы байқалады.
Слайд 34Стрептококктық антигендерге және стрептококктық антиденелер анықталады
Слайд 35Иммунофлюоресценция кезінде IgG-субэпителиальді клеткалар бетінде анықталады, С3-комплементінің жарқырауы байқалады
Слайд 36При электронной микроскопии видны характерные отложения депозитов в виде "горбов"
на ГБМ
Слайд 37IgA-нефропатия (Берже ауруы)
IgA-нефропатия мезангиальді пролиферациямен сипатталады
ИммунофлюоресценцияIgA жарқырауы
Слайд 38"Полулунный", или быстропрогрессирующий ГН
При морфологическом исследовании можно видеть выраженную, в
форме полулуний, пролиферацию клеток клубочка, которая в некоторых случаях даже
прорывает Боуменову капсулу
При иммунофлюоресценции наблюдается линейное свечение, говорящее о присутствии антител к ГБМ
Слайд 39Мембрано-пролиферативный гломерулонефрит (МПГН)
При микроскопическом исследовании при МПГН видна пролиферация мезангиальных
клеток
При иммунофлюоресценции выявляется свечение С3 нелинейного характера, в виде
своеобразных депозитов. При электронной микроскопии видно расщепление слоев ГБМ клетками, которые расположены между ее двумя слоями. Таким образом, картина напоминает "железнодорожные пути"
Слайд 40Асқынулары:
бүйректің жедел шамасыздығы.
жедел бүйректік гипертензиялық энцефалопатия.
жүректің жедел шамасыздығы.
Дерттің нәтижесі (басталуынан
12 айдан кейін).
сауығу (37%)
«кемісті» сауығу (18%)
созылмалы гломерулонефритке ауысуы (44%)
өлімге
әкелуі (0,3%)
Слайд 41Гломерулонефриттің ағымында бірнеше варианттары бар: ісік басым болған жағдайда –
нефротикалық түрі, немесе артериалды гипертензия- гипертониялық түрі.
Слайд 42Аурудың дамуы кезінде зәрдің мөлшері тәулігіне 400-700 мл төмендейді, кейде
анурия дамиды. Зәр өзгерістеріне байланысты синдром протеинуриямен, цилиндруриямен, макро-, микрогематуриямен
көрінеді. Кейде шамалы азотемия байқалады. Жедел нефрит кезінде гемоглобин төмендейді, ал ЭТЖ жоғарылайды.
Ауруды анықтау үшін клиникалық белгілерінен басқа, қажет кезінде бүйрек биопсиясын алады, ультрадыбысты зерттеу жүргізеді.
Слайд 43Емдеу.
Науқастарды міндетті түрде ауруханаға жатқызу қажет. Суықтаудан сақтанып, төсекте
жатуы тиіс. Дұрыс емделген жағдайда бірнеше аптадан соң толық жазылуы
мүмкін.
Диетотерапия (тосапты су, жүзім шырыны, аздап кашалар, сүт, ал ас тұзын алып тастайды) қолданылады.
Слайд 44Инфекция ошақтары болған кезде антибактериалды ем (пенициллин мен оның туындылары)
қолданылады. Нефротикалық синдром кезінде стероидты гормондар қолданылады. Гипертониялық синдром кезінде
гипотензиялық дәрілер, ал жедел гломерулонефрит кезінде метиндол (индометацин) тағайындалады. Десенсибилизациялық терапия, С витамині қолданылады.
Слайд 45Алдын алу.
Созылмалы қабыну ошақтарын жою, уланумен, суықтаумен күресу, организмді
шынықтыру керек.
Слайд 46Созылмалы гломерулонефрит
шумақтардың, түтікшелердің, интерстицийлік тіннің иммундық қабынуымен сипатталатын, біртіндеп
нефросклероз бен бүйрек шамасыздығына әкеліп соқтыратын бүйректің диффузды созылмалы ауруы.
Бұл
гломерунефриттің ең жиі кездесетін түрі, 10-20% жедел гломерулонефриттен кейін пайда болады, қалған жағдайларда байқаусыз басталып, біртіндеп өрістейді.
Слайд 47Этиологиясы.
Созылмалы гломерулонефриттің дамуында соңғы кезде екі басты факторға көңіл
бөлінген: біріншіден – организмде ұзақ сақталатын вирустарға, мәселен гепатиттің, герпестің
вирустарына; екіншіден – дәрмектік және химиялық заттардың әсеріне.
Слайд 48Патогенезі.
Созылмалы гломерулонефриттің басты даму механизмі – бүйрек шумақтарында иммундық
комплекстердің жиналуы.
Слайд 49Клиникалық тұрғыдан
созылмалы гломерулонефриттің латентті,
нефротикалық,
гипертониялық,
аралас,
гематуриялық түрлерін айырады.
Слайд 50Клиникалық тұрғыдан
Латентті гломерулонефрит – нефртитің бұл түрінің екі сатысын айырады
(бүркемелі және клиникалық белгілерінің көрінуі).
Көбіне (80%) жедел нефриттік синдромнан басталады,
қалған жағдайда бастамасы байқаусыз. Бүркемелі сатысында зәр синдромы (протеинурия + микрогематурия) байқалады, гипертония мен ісіну болмайды.
Клиникалық белгілердің айқын көріну сатысында ісіну, гипертония синдромдары пайда болады.
Слайд 51Клиникасы
Гипертониялық гломерулонефрит - созылмалы гломерулонефриттің 20% құрайды. Зәрдегі өзгерістер минимальді,
протеинурия 1 г/тәул. аспайды, эритроцитурия болмашы.
Слайд 52Көріністегі басты белгі – сол қарыншаның гипертрофиясымен, көз түбінің өзгерісімен
жүретін аотериялық гипертензия. Алғашқы кездерде артериялық гипертензия тұрақсыз, кейін тұрақтыға
айналады. Бүйректің шамасыздығы дамыған кезде, науқастардың 23%-да гипертония биіктеп, қатерліге айналады. Науқастардың басым көпшілігі жас болуынан артериялық гипертензияның асқынулары (инсульт, миокард инфаркты) сирек кездеседі,көбіне сол қарыншаның шамасыздығы байқалады.
Слайд 53Нефротикалық гломерулонефрит - созылмалы гломерулонефритпен сырқаттанатындардың 20%-да кездеседі. Көрінісінде басты
орын алатын – нефротикалық синдром: протеинурия, тұрақты ісіну, диурездің азаюы,
гипоальбуминемия, гиперхолестеринемия, гиповолемия.
Нефротикалық синдром аурудың басталу кезінен болады немесе латентті келе жатқан нефритке біраз жылдардан кейін қосылады.
Слайд 54Аралас гломерулонефрит – нефротикалық және гипертониялық синдромдардың қосарлануымен сипатталады. Бұл
нефриттің классикалық түрі. Аралас гломерулонефрит науқастардың 10%-да байқалады.
Слайд 55СГ клинико-морфологиялық жіктелуі
1. Шумақтың минималды өзгерістері электрондық микроскоппен қарағанда подоциттердің
бірігуі (липоидты нефроз) анықталады.
Клиникалық ерекшелігі:
НС айқын
ГКС тиімді
болжамы қолайлы
СБШ сирек дамиды
Слайд 56 2. Фокальді-сегментарлық гломерулосклероз микроскоппен қарағанда капиллярлық тармақтардың склерозы анықталады
(ВИЧ-инфекциясы, наркотиктер енгізгенде). ИГХА – IgМ.
Клиникалық ерекшелігі:
Ағымы үдемелі, болжамы ауыр.
персистеуші
протеинурия немесе НС эритроцитуриямен және АГ көрінеді.
Ең қолайсыз морфологиялық түрлерінің бірі
Белсенді иммунодепрессиялық емге сирек жауап береді
стероидтардың үлкен дозасы (>60 мг/тәу) қажет және 6 ай және одан артық уақыт бойы ем қабылдау керек.
Слайд 58 3. Мембранозды - шумақ капиллярларының диффузды қалыңдауы, еселенуі, шумақтың
базалды мембранасында эпителиалды жағында иммундық кешендер анықталады.
Клиникалық ерекшеліктері:
Вирусты гепатит В,
өкпенің, бүйректің қатерлі ісіктерімен, дәрі дәрмектермен байланысты.
Ерлерде жиі байқалады.
Протеинурия немесе НС сипатталады.
Слайд 59Микроскоп арқылы эндотелиді, эпителиді (подоциттерді) және мезангиальды клеткаларды, мезангиальді матриксті
көруге болады. ГН кезінде бұл клеткалар саны артады (пролиферация) немесе
аз өзгереді.
Слайд 6015—30% гематурия және АГ байқалады.
Ағымы біршама қолайлы, әсіресе әйелдерде.
Науқастардың
жартысында бүйрек шамасыздығы дамиды.
Слайд 61 4. Мезангиопролиферациялық—мезанги-альді клеткалардың пролиферациясымен, кеңеюімен, иммундық кешендердің мезангийде және
эндотели астында жиналуымен сипатталады (IgA и IgG).
Клиникалық ерекшелігі:
протеинурия және/немесе
гематурия
Кей жағдайларда НС және АГ
Ағымы біршама қалайлы.
Слайд 625.Мезангио-пролиферациялық (шумақтарда иммуноглобулин А жинақталады): IgA-нефрит немесе Берже ауруы.
Клиникалық
ерекшелігі:
Жас шақта, жиі ерлерде дамиды.
Негізгі симптомы — гематурия.
Болжамы қолайлы.
НС және гипертония қосылса қолайсыз.
Слайд 636. Мезангиокапиллярлық - мезангиалды клеткалардың айқын пролиферациясымен, олардың шумақтарға енуімен,
базальді мембрананың еселенуімен сипатталады.
Клиникалық ерекшелігі:
гепатит С вирусымен, криоглобулинемиямен.
Протеинурия және гематурия,
НС және АГ.
Ағымы үдемелі қолайсыз түрі СБЖ дамиды.
Емге налар жауап береді.
Слайд 64Клиникасы
Гематуриялық гломерулонефрит - созылмалы гломерулонефриттің 6-10% құрайды. Көрінісінің ерекшелігі –
гематурияның үнемі сақталуы және оқта-текте макрогематурия эпизодтарының болып тұруы; ісіну
мен гипертония болмайды. Гематуриялық нефриттің жеке түрінің бірі – Берже ауруы немесе IgA – нефропатия көбіне респирациялық инфекциялардан кейін пайда болады.
Слайд 65Гематурия. Пішіні өзгерген эритроциттер анықталады), ол шумақтың зақымдалғанын білдіреді. Ал
басқа жағдайда өзгермейді
Электронды микроскоппен зәрді тексерген кездегі әртүрлі өзгерген эритроциттер
Слайд 66Диагностикасы.
Зәрдің өзгерісі, гипертония, ісіну және нефротикалық синдром болса, гломерулонефриттің
диагностикасы қиын емес, бірақ оның түрін (жедел, жеделдеу немесе созылмалы)
айыру үшін биопсия жасалады.
Слайд 67Емі.
Емнің негізгі мақсаттары:
гломерулонефриттің өрістеуін тоқтату, ең кемінде баяулату;
бүйрек зақымдауын
қайтаруға тырысу.
Емдік дәм. Диетаның құрамын нефриттің клиникалық
ерекшелігіне сәйкес келтіреді. Витаминдерге бай, калориялық құнарлығы жеткілікті тағамдарды қолданады.
Слайд 68Патогенездік ем.
глюкокортикоидтармен емдеу;
цитостатиктермен емдеу;
шумақішілік микроциркуляцияны жақсарту;
стероидтық емес қабынуға қарсы
дәрмектер;
плазмаферез
Слайд 69Жылдам үдейтін (жеделше) ГН
Шумақтардың “жарты ай” пішінді болуымен және
бүйрек шамасыздығының жедел үдеуімен сипатталады.
3 ай ішінде шумақ филтрациясы
50% төмендейді.
Ағымы өте ауыр.
Үдеуді өте күшті иммуносупрессиялық ем тоқтады.
Слайд 70Себептері
Жүйелік васкулиттер (Вегенер гранулематозы, микроскопиялық полиартериит, геморрагиялық васкулит, эссенциальді криоглобулинемия
және басқа)
ЖҚЖ,
инфекциялар
Органикалық ерітінділер