Слайд 1Химиялық реакцияның тепе-теңдік константасы әрекеттесуші заттардың концентрациясына тәуелділігін бірінші байқаған
орыс ғалымы А.Н Бекетов болды.
Әсерлесуші массалар заңын
ашқан ғалымдар
Слайд 2
Әрекеттесуші массалар заңының қышқылды-негіздік тепе-теңдікке қолданылуы.
Слайд 3Әрекеттесуші массалар заңын “тұнба-ерітінді” типті гетерогендік тепе-теңдікке қолдану және олардың
аналитикалық химиядағы орны.
Химиялық реакциялардың нәтижесінде байқалатын негізгі аналитикалық эффектілердің
бірі-тұнбаның
тұзілуі. Егер тұнба боялған болса онда
оларды көзбен көріп, оңай байқауға болады.
Заттардың аз ерігіштігі жөне олардың тұнбаға
тұсу қабілеттілігі, тұнбаға тұсуші иондардың
қасиеттеріне тәуелді.
Бұл зандылық келесі қосылыстар тобындағы сулыфидтерде, галогенидтерде, селенидтерде т.б. байқалады.
Тұнбалар тез поляризацияланатын және ұлкен радиусты катиондар мен аниондардың әрекеттесуінен оңай түзіледі. Көбіне тұнбаны р-элементтерінің оттекті қышқыл қалдықтары түзеді: СО32-, Р043-, SіO32-, S032-, Аs043- т.б.
Слайд 4Егер тұнба сұйықпен жанасып тұрса, ол үлкен не кіші дәрежеде
сұйық фазага өтеді, белгілі бір уақыттан соң тепе-теңдік орнайды, Бұл
тепе-тендікті жалпы түрде қарастырсақ:
АnВm = nАm+ + mВn-,
ЕК(АпВm) = [Аm+]n [Вn-]m = ИК.
ИК-иондар көбейтіндісі.
Бұл тепе-теңдіктен мынадай қорытынды жасауға болады:
Егер нашар еритін электролит иондарының концентрациясының иондық көбейтіндісі ерігіштік көбейтіндісінен төмен болса (ИК<ЕК), онда ерітінді қанықпаган, мұндай жағдайда тұнба тұзілмейді,
Егер нашар электролиттің иондық көбейтіндісі оның ерігіштік көбейтіндісінен жоғары болса (ИК>ЕК), онда ерітінді аса қанық болғаны. Жұйеде тепе-тендік орнаудан бұрыи тұнба тұзіледі.
ИК=ЕК тең болған кезде, ерітінді қанық, жұйеде динамикалық тепе-тендік орын алады. Егер иондардың концентрациясы өзгеретін болса, тепе-теңдік екі жақтың біріне ығысады.
Слайд 5Әрекеттесуші массалар заңының тотығу- тотықсыздану тепе-теңдігіне қолданылуы және аналитикалық химиядағы
орны.
Тотыгу-тотықсыздану реакциялары дегентіз электрондардың бір атомдардан, молекулалардан, иондардан екіншілеріне ауысуымен
байланысты жүретін процестер. Электронды беріп жіберетін болшектер тотықсыздандыргыштар, электронды қосып алатын бөлшектер тотықтырғыштар болады. Сол себепті процесс барысында тотықсыздандырғыш электронды беріп жіберіп, өзінің оң тотығу дәрежесін жоғарылатады, ал тотықтырғыш электронды қосып алып, тотығу дәрежесін төмендетеді.
Сu2+ + Zn° → Сu° + 2п2+
Слайд 6Тотыққан және тотықсызданған редокс- жұптарының стандартты тотығу- тотықсыздану потенциалдарының айырымын
реакцияның электр қозгаушы куші деп атайды.
Электрондардың электрохимиялық әдіспен ауысуы гальваникалық
элементтер жұмысының нәтижесінде өтеді. Реакцияның химиялық энергиясын электр энергиясына айналдыратын құрал гальваникалық элемент деп аталады. Бұл кезде тотықсыздандырғыш электрондары өткізгіш арқылы тотықтырғышқа көшіп, жүйеде электр тогын немесе галываникалық элементтердің электр қозғаушы күшін (эқк) туғызады.
ЭҚК=Е0ox–E0red
Слайд 7Әрекеттесуші массалар заңының комплекс түзілу тепе-теңдігіне қолданылуы және оның аналитикалық
химиядағы орны.
Кешенді қосылыстар деп кристалдық күйде де, еріген кезде де
құрамында бірнеше лиганд тобымен байланысқан орталық атомнан тұратын, кешенді ион деп аталатын құрьлым түзетін күрделі химиялық қосылыстарды айтады. Алгаш рет кешенді қосылыстар құрылысын А. Вернер 1893ж зерттеп, өзінің координациялық теориясын ұсынды.
Слайд 8Қазіргі көзқарас бойынша кешенді қосылыстар ішкі және сыртқы координациялық сферадан-аядан
тұрады.
Ішкі координациялық сфера дегеніміз кешенді ионның өзі, ол кешен түзуші
орталық атомнан және оның маңайында орналасқан лиганд топтарынан (олар молекула не ион болуы мүмкін, Н20, NН3, Сl-, Вг-, Ғ-, J-, СN- т.б.) тұрады.
Орталық атомды қоршаған лигандалар саны координациялық сан деп аталады.
Слайд 9jfg
Кешен түзуші атоммен
лигандалар екі және
одан да көп байланыс
түзетін қосылыстар
полидентантты
кешендер деп аталады.
Кешен түзуші атоммен әр
лиганд тек бір ғана байланыс түзетін болса, онда мұндай қосылыстар монодентантты кешендер деп аталады. Мысалы: [Co(NH3)6]Cl3
Лиганданың кешен түзуші атоммен байланыс түзу санына қарай комплексті қосылыстар екіге бөлінеді: