қатынас арқылы, биологиялық сұйықтықтар арқылы және ана сүті арқылы беріледі.
АИВ-инфекциясы анадан балаға берілуі мүмкін, алайда егер болашақ ана жүктілік кезінде антиретровирусты ем қабылдаған жағдайда вирустың нәрестеге өту қаупі айтарлықтай төмендейді, яғни АИВ жұқтырылған әйелден 98% сау бала, 2% инфецирленген бала туылуы мүмкін.ЖИТС- бұл жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы, яғни АИВ оң адамның иммунитет жүйесі төмендеу нәтижесінде пайда болған аурулардың комплексі. АИВ оң адамда АИВ-инфекциясын жұқтырғаннан кейін бірнеше айдан бірнеше жылға дейін (17 жыл) ЖИТС болмауы мүмкін, ол адамның ерекшелігіне, өмір сүру дәстүріне, антиретровирусты емді қабылдау-қабылдамауына байланысты.