Лепра (қазақша алапес) микобактериясының биологиялық ерекшелiктерi.
Лепра қоздырғышы – M. leprae, лепра терiнiң сыртқы қабаттардағы перифериялық жүйкелерді және iшкi мүшелердi зақымдаумен жүретiн созылмалы түрдетi жұқпалы ауру. Лепра микобактериясы таяқшасының өлшем бiрлiктерi: 1 ден 7-ге: 0,2-0,5 мкм. Зақымдалған ұлпаларда микроорганизмдер жасуша iшiнде шар тәрiздi жинақталған: лепралы шарды түзедi, қышқылға төзiмдi, Циль-Нильсен әдiсiмен қызыл түске боялады. Жасанды қоректiк орталарда дақылданбайды. Лепра экстрактына 2 антигендi бөлiп алған: 1. Термостабильдi полисахаридтi. 2. Термолабильдi белокты. Лепра қоздырғышының көзi болып ауру адам болып саналады. Қарым-қатыңас арқылы жұғады.