Слайд 1ЛОР мүшелердің және көздің зақымдалуы кезінде жедел көмек көрсету және
диагностикалау алгоритмі
Дайындаған: ҚММУ амбулаторлы-поликлиникалық терапия және шұғыл медициналық
көмек кафедрасы доценті м.ғ.к Алпысова Р.К.
Слайд 2Лекция мақсаты
Лекция аяқталуында студенттер ЛОР мүшелердің және көздің зақымдалуы
кезінде алғашқы дәрігерлік көмек көрсету көлеміндегі (желілік бригада дәрігері) және
науқастың жағдайына байланысты – арнайы медициналық көмек көрсету көлеміндегі (реанимациялық бригада, интенсивті тераия бригадасы) диагностикалау және шұғыл көмек көрсету сұрақтарын игеруі тиіс .
Слайд 3Лекция жосары
Қабақтың зақымдалуы
Көз алмасының зақымдалуы
Қабақ контузиясы
Көз алмасының контузиясы
Көз ұясының контузиясы
Көз
күйіктері
Коньюктива мен қасаң қабықтағы бөгде зат
Сыртқы есту жолындағы бөгде зат
Сыртқы
құлақтың травмасы
Ішкі және ортаңғы құлақтың травмасы
Слайд 4Көру мүшелерінің зақымдалуы
Қабақ зақымдалуы
Қабақ зақымдалуларды диагностикалау аса қиындық туғызбайды, бірақ
олар көз аламасына, бас сүйекке, мұрын маңы қойнауларына зақымдалу каналдарының
басы болуы мүмкін, яғни көзді ғана зақымдап қоймай адам өміріне қауіп төндіреді.
Емі
■ Алғашқы дәрігерлік көмек:
Анальгетиктер мен кең сектрлі антибиотиктерді енгізу;
Беткей орналасқан бөгде заттарды алып тастау;
Қоршаған тіндерді антисептикпен өндеу(лизанин);
Асептикалық монокулярлы байлам тағу.
Слайд 5Қабақ толығымен немесе толықтай сыдырылған болса, оны сақтау қажет (асептикалық
байламмен тіркеп немесе физиологялық ерітіндіге малынған стерильді дәкеге орап жәбірленушімен
бірге арнайы стационарға жеткізілуі қажет.
■ Көп қабақ зақымдалуларда офтальмологтың алғашқы хирургиялық өндеуін қажет етеді.
■ Қабақ зақымдалулары жиі көз алмасының зақымдалуымен қатар жүреді.
Слайд 6Көз алмасының зақымдалуы
Енбеген зақымдалу (жабық травма)- көздің фиброзды капсуласының барлық
қабаттарынан (қасаң қабық және склера) өтпйді.
КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ
ШАҒЫМДАРЫ:
Жарыққа көздің тітіркенуі;
Жарықтан қорықу;
Локальды
және жайылған конъюктивалардың гиперемиясы ;
Кейде көрудің нашарлауы.
Симптомдар:физикалық тексеруде :
Жақсы жарықтанған жерде қасаң қабықтың айналық қасиетінің болмауын(эрозия- деэпителизация), коньюктиваның жарасын немесе бөгде затты анықтауға болады.
Слайд 7Емі
■ Алғашқы дәрігерлік көмек:
Анастетик тамшылары [прокаин (новокаин) 2% ер-і немесе
лидокаин 2% ер-і];
гентамицин 0,3% ер-і.
■ Окулисттің қарауында амбулаторлы ем қабылдау.
■
Кей кезде енбеген зақымдалу көздің сыртқы қабықтарына (қасаң қабық, склера) немесе қабықтың шырышты қабатына бөгде заттардың енуімен қатар жүреді.
Көз аламасының енген зақымдалуы
Көз аламасының ашық травмасы кезінде жара (жаралық канал)көз алмасының фиброзды капсуласын (қасаң қабық, склера)барлық қабаттарынан өтеді.Көп жағдайларда көздің ішкі қабаттары (тамырлы, торлы қабық) және көз ортасы (шыны тәрізді дене, көз бұршағы) зақымдалуы мүмкін.
Слайд 8КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ
Шағымы :
Жарыққа тітіркенгіштік;
Жарықтан қорқу ;
Көрудің төмендеуі.
Физикальді тексеру кезіндегі симптомдар:
Қасаң
қабық немесе склера жарасының аран ашылып тұруы және оған көз
ішілік қабықтарының және көз ортасының қысылып қалуы : нұрлы қабық (қара көпіршік тәрізді), ;
Алдыңғы камерада қанның болуы (гифема);
Қарашықтың деформациясы және ығысуы, көз бұршағының зақымдалуы кезінде қарашық – сұр болады;
Көз тонусы төмендеген.
Слайд 9Асқынуы
Посттравматикалық увеит.
Эндофтальмит.
Симпатикалық офтальмия.
Емі
Көздің енген зақымдалуына күдік туғанның озінде барлық манипуляцияларды
тоқтату қажет.
■ Алғашқы дәрігерлік көмек:
Антибактерияльді ерітінділерді (0,3% гентамицин
ерітіндісі немесе 20% сульфацила натрия* ерітіндісі);
Анальгетиктер енгізу;
Бинокулярлық байлам тағу.
Науқасты зеңбілге жатқызып көз стационарына эвакуациялау.
Слайд 10Көз ұясының зақымдалуы
Көз ұясының зақымдалуы ауыр травмаларға жатқызылады. Жиі мұрын
маңы қойнауларының , ми, жақ-бет аймағының (зақымдау факторына , жаралық
каналдың бағыты мен ұзындығына байланысты). зақымдалуымен қосарланған болады.
КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ
ШАҒЫМЫ:
Көрудің төмендеуі;
Көз аламасы қозғалғыштығының бұзылуы.
Офтальмологиядағы шұғыл жағдай.
■ Физикальды тексеру кезіндегі симптомдар:
экзофтальм немесе энофтальм(сүйектік қабырғасының үлкен көлемді сынықтарында);
Қабақтың тері асты эмфиземасы және орбитаның ішкі қабырғасының зақымдалуында периорбитальді аймақты пальпациялағанда крепитациясы ;
ликворея (миға енген зақымдалу).
Слайд 11Емі
Асептикалық байлам таңу.
Кең спектрлі антибиотиктерді, анальгетиктерді енгізу.
Көп профильді стационарға госпитализациялау,
офтальмологиялық көмекпен қатар, нейрохирургиялық, ЛОР, бет-жақасты хирургиялық көмекпен қамтамасыз ету.
Көру
мүшесінің контузиясы (көздің жабық травмасы)
Көздің жабық травмалары тұйық затпен зақымдағанда болады.Ауырлық дәрежесіне байланысты жеңіл, орташа, ауыр дәрежелі болады.
Слайд 12Қабақ контузиясы
КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ
Клиникалық көрінісі травманың ауырлық дәрежесіне байланысты.
■ жеңіл травма:
Конъюктива
асты және тері асты қан кету;
Қабақ шеттерінің жыртылуы.
■ Орташа дәрежесі:
Айқын
тері асты қан кетулер;
Қабақтың бос шеттерінің жыртылуы ( 3—5 мм дейін) .
■ Ауыр дәрежесі:
Едәуір жыртылу-езілу жарасы;
Қабақтың латеральді немесе медиальді бұрыштарының (көз жас өзегінің зақымдалуымен) жұлынуы;
Қабақтың толық жұлынуы (өте сирек)
Слайд 13Емі
■ Антибиотиктерді, анальгетиктерді енгізу ,орташа және ауыр дәрежедегі жұлынып
езілген зақымдалумен қосарланған контузияда монокулярлы байлам таңу қажет.
■ Жәбірленушіді офтальмологқа
жолдау.
■ Кей жағдайларда қабақтың контузиясы көз алмасының немесе көз ұясының зақымдалуымен қатар жүреді.
Слайд 14Көз алмасының контузиясы
КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ
Клиникалық көрініс зақымдалу дәрежесіне байланысты.
■Жеңіл дәрежесі:
Шамалы
көру өткірлігінің төмендеуі;
Конъюктиваға астына қан кету;
Қасаң қабақтың ісінуі;
■ Орташа дәрежесі:
Нұрлы
қабықтың қарашықтық шекарасының жұлынуынан қарашықтың деформациясы немесе мидриаз ;
Гифема болуы мүмкін(менисктің горизонтальді деңгейі 1—2 мм ).
Көру өткірлігі сақталған немесе шамалы төмендеген.
Слайд 15■ Ауыр дәрежесі:
Көру өткірлігінің едәуір төмендеуі (екі еседен аса) ;
Конъюктиваға
қан кету (гипосфагмалар);
Алдыңғы камераның толық немесе жартылай қанға толуы (гифема);
Нұрлы
қабық түбінің үзілуінен қарашықтың деформациялануы (иридодиализ);
Жиі қарашық көрінбейді («көз қанға толы»);
Көз гипотониясы («көз шүбірек тәрізді жұмсақ»), ол склераның конъюктива асты жыртылуында көз капсуласының жарасы көрінбейді, бірақ ішкі құрылымының ауыр жарақаттары болады.
Емі
Көру функциясының төмендуін ауыр травма ретінде қарастыру қажет. Науқасты бинокулярлы байламда арнай мамандырылған стационарға жеткізілуі керек.
Слайд 16Көз ұясының контузиясы
КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ
Клиникалық көрінісі травманың ауырлық дәрежесіне байланысты.
■жеңіл
дәрежесі:
Шамалы диплопия;
Көз аламасы қозғалысының шектелуі.
■ орташа дәрежесі:
Ауырсыну синдромы;
Көз аламасы орналасуының
өзгеруі және қозғалғыштығының шектелуі;
Шамалы диплопия.
■ ауыр дәрежесі :
экзофтальм немесе энофтальм;
Көз қозғалғыштығының толық шектелуі (офтальмоплегия);
птоз (қабақтың ісінуі тәрізді болуы мүмкін);
Орбитаның сүйектік қырының дефектісі (симптом «ступеньки») сынған жерде ауырсынудың болуы;
Слайд 17крепитация (ішкі қабырғаның сынуы кезіндегі эмфизема );
Жарыққа сезімталдығының жоқтығына дейін
көру өткірлігінің едәуір төмендеуі, ол торлы қабықтағы орталық артерияның қысылуынан,
көру нервісінің ретробульбарлы гематомамен басылуынан немесе көз ұясы ұлпаларының реактивті ісінуінен, оның көз аламасының немесе көру нервісі каналының зақымдалуымен түсіндіріледі (травматикалық оптикопатия);
көз алмасының жоғарғы саңылау синдромы: птоз, офтальмоплегия (көз қозғалғыштығының төмендеуі немесе болмауы), үштік нервісінің бірінші тармағының проекциясы аймағында сезімталдықтың бұзылуы.
Емі
Орташа немесе дәрежедегі контузияларда анальгетиктерді енгізіп, бинокулярлы байлам таңады, офтальмологиялық стационарға жатқызылған қалыпта тасымалдайды.
Жеңіл контузияларда окулисттің қарауында амбулаторлы емделеді.
Слайд 18Көз күйіктері
КЛАССИФИКАЦИЯ
Этиологиясы бойынша:
химиялық;
термиялық;
Энергия сәулесімен
Ауырлық дәрежесі бойынша ажыратады:
Жеңіл (I дәреже).
орташа (II
дәреже).
Ауыр (III дәреже).
Слайд 19КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ
Клиническая картина зависит от степени тяжести ожога.
■
Жеңіл:
Аздаған ауырсыну,күн сәулесінен қорқу
Кірпіктері түсіп тұру;
қабақтың және конъюктиваның гиперемиясы
Қасаң қабық
мөлдір.
■ Орташа ауырлық дәрежесі:
Аздаған ауырсыну,күн сәулесінен қорқу;
аздаған гиперемия, қабақтың ісінуі;
Көпіршіктердің п.б;
конъюнктиваның ісінуі (хемоз);
Қасаң қабықтың мөлдірлігі сәл төмендейді.
■ Ауыр:
блефароспазм ;
Қабақтың некрозы;
Конъюнктивада сұр пленканың п.б;
Қасаң қабық бұлыңғыр
Слайд 20Емі
Туа біткен блефароспазм синдромы кезінде анальгетик енгізеді,прокаин тамызады, тримекаина,
лидокаина 2% ерітінділерін.
■ Химиялық күйік кезінде.
Ұнтақ химиялық зат түссе құрғақ
тампонмен алып тастау керек
Көзді жуу
нейтрализатора(2% гидрокарбоната натрия ертіндісімен қышқылмен күйгенде, 2% бор қышқылы ертіндісімен— сілтімен күйгенде), нейтрализаторлар болмаса сумен 20-30 мин жуу.
конъюнктиваға химиялық зат бөлшегі тускенде ылғалды тампонмен алып тастау.
Антибиотикпен бирге коз мазьын жағу(тетрациклин 1% немесе эритромицин 1%).
Слайд 21■ Термиялық күйіктер.
Көз беткейіндегі бөгде заттарды алу және мазь бен
антибиотик жағу.
Байлам салу.
Орташа күйіктерді окулистпен амбулаторлы емделінеді ауыр күйіктерді стационарда
емдейді
Слайд 22ҚАСАҢ ҚАБЫҚТА ЖӘНЕ КОНЪЮНКТИВАДА БӨГДЕ ЗАТТЫҢ БОЛУЫ
Көз
травмалары көп жағдайда морфологиялық құрылымның өзгерісі алып келеді.
Сипатына қарай
бөгде заттарды
магнитты(темір құрамды)
Магнитті емес ұсақ (темір құрамды емес).
Бөгде зат локализациясы бойынша:
конъюнктивада
Қасаң қабықта,
Көз ішілік бөгде заттар,
Көз ұясындағы богде заттар.
Конъюнктивада және қасаң қабықтағы бөгде заттарды алу мақсатында дәрігермен бірінші медициналық көмек көрсетіледі. Орташа және ауыр жағдайларда жоғары квалифицирленген дәрігер көмек көрсетеді
Слайд 23Конъюнктиваның бөгде заттары
Клиникасы
Бөгде зат конъюктиваға түскенде көзден
жас ағады,жыпылықтау,бөгде затты сезіну.Сирек жарықтан қорқу,немесе ауырсыну.
Қасаң қабықтың
бөгде заты
Клиникасы
Ауырсыну,көзден жас ағу,блефароспазм,жарықтан қорқу,бөгде затты сезіну.Бөгде затты визуальды анықтап конъюктиваға инъекция және көз алмасына.
Слайд 24Коньюктиваға және қасаң қабыққа бөгде зат түскен кезде жедел көмек
корсету
Жергілікті жансыздандыру 0,25% дикаина ерітіндісімен ,2-4% лидокаин немесе 0,4%
инокаинаертіндісімен.
Беткейіндегі бөгде затты ылғал тампонмен алады.
Кейін инсталляция 30% р-ра сульфацил натрий, 0,25% левомицетина немесе 0,3% р-ра нормакс ертіндісімен.
Қабақтың үстіне 1% тетрациклин немесе левомицетин мазьін жағу.
Окулист консультациясы.
Егер бөгде зат терең еніп кетсе арнайы көмек корсетіліуі тиіс
Слайд 25Көз жарақаты
Жарқат қасаң қабықта немесе склерада,кейде аралас болады.Жарақат барлық қабаттарды
қамтыса онда енуші жарақат деп атайды. Енуші жарақаттар локализациясына қарамастан
ауыр дәрежелі болып есептеледі.
Шешуші диагнозды тек дәрігер офтальмолог қана қоя алады
Слайд 26Қасаң қабықпен склераның енбеген жарақаты
Жарақат әкелген зат ұсақ бөгде заттармен
болады
Клиникасы. Көзде ауырсыну, жарықтан қорқу, жас ағу,блефароспазм, көрудің төмендеуі.Конъюктива мен
склераның зақымдалуларында ауырсыну қатты болмайды. Қасаң қабықтың зақымдалуы кезінде ауырсыну қатты болып, көзде бөгде зат тұрғандай сезіледі.
Жедел жәрдем. Ауырсыну сезімін басу үшін- дикаин 0,5% ерітіндісімен инстиляция . Инфекциялық асқынулардың профилактикасы : сульфацил-натрий 30% ерітіндісі ; левомицетин 0,25% ерітіндісі, немесе левомицетино немесе 1% тетрациклин мазьі . Бинокулярлы асептикалық байлам таңғаннан кейін мамандандырылған стационарға жеткізу қажет.
Слайд 27 Көз аламасының енген зақымданулары
Көз алмасынының ақ қабық және
қасаң қабыққа енетін зақымдалу болып табылады.
Көздің енген зақымдануының
3 айқын белгісі:
1. Қасаң қабықтың және ақ қабықтың аран ашылған жараның болуы;
2.Қасаң қабық және ақ қабық жарасының шеттеріне көздің ішкі қабаттарының (қарашық, кірпікті дене, тамырлық қабат,торлы қабат) немесе шыны тәрізді дененің сығылуы;
3. Көз ішілік бөгде дененің болуы.
Клиникасы көздің енбеген зақымдануларына тән.
Слайд 28Жедел дәрдем . Көздің енген жарақаттары кезінде емдеу, тексеру манипуляциялардың
барлығы өте мұқият жасалуы қажет. Себебі, жарақат арқылы рефлекторлы спазм
нәтиежесінде көздің ішкі құрамын ығыстыруы мүмкін. Қабақты бриллиант жасыл 1% ерітіндісімен , ауырсыну ды басу үшін — дикаин 0,5% ерітіндісіммен инстиляция . Инфекциялық ақсынулардың профилактикасы: сульфацил-натрий 30%ерітіндісі, левомицетин 0,25% ерітіндісі (мазь қолданбау керек!!) Мамандандырылған мекемеге тасымалдау 2—3 сағаттан аса уақытты алса ,сіреспеның алдын алу мақсатында бұлшықетке сіреспе анатоксинің немесе сарысуын енгізу қажет.Бинокуляры асептикалық байламды таңғаннан кейін жарақаттанған жақ қырымен жатқызып тасымалдаймыз.Осындай қалыпта көз ішіндегі бөгде затты алуға ыңғайлы қалыпқа келуі мүмкін.
Слайд 29Көз контузиясы
Көзің тікелей контузиясын яғни, көзге тікелей әсер ету салдарынан
және тікелей емес түлғаның немесе бастың (құлау, жарылыс кезінде) зақымдалуы
кезінде болатын контузияларды ажыратамыз.
Клиникасы. Контузия кезінде негізгі симптом тұйық ауырсыну , бас айналу, конъюктива инъекциясы және қабақтың тері асты шел майына , көз алмасының құрылымына қан кету болады.
Жедел жәрдем.Ішке диакарб 2 таб. 0,25 г нан бір рет. Жалпы жансыздандыру — трамал, анальгин бұлшықетке. Нейрохирургтың шұғыл консультациясы, мамандандырылған офтальмологтың көмегі.
Слайд 30Жедел глаукома ұстамасы
Глаукома — көз ішілік қысымының тұрақты немесе кезеңді
көтерілуімен сипатталатын кейіннен көру нервісінің атрофиясына , көру орталығының және
көру алаңының тарылуына әкелетін ауру болып табылады.
Глаукома ұстамасы көз ішілік қысымның жедел көтерілуінен болып, айқын симптоматикамен сиппатталатын көрініс. Қарт адамдарда жиі кездеседі, стресстік жағдайлар өршітуі мүмкін.
Слайд 31Клиникасы . Көз алдында бұлынғырлау және жарыққа шеңберлердің пайда болуы
тән.
Ұстаманың басталуы кенеттен пайда болатын ауырсынудан басталады, ауырсыну сәйкес
бас бөлігіне беріледі. Көру өткірлігінің төмендеуі күрт төмендеп, жарыққа ғана сезімталдық қалуы мүмкін.Ауырсыну бас айналу, құсуғ жүрек айнуы, дірілмен қатар болуы мүмкін.
Қара түстің орнына қарашық жасыл түстес болады, бірақ глаукоманың басты белгісі көздің тығыздалуы болып табылады.
Жедел жәрдем. Басты мақсат — көз ішілік қысымды төмендетіп, көру нерві мен торлы қабықтың қоректенуін жақсарту үшін қан айналымды қалпына келтіру керек.Олт үшін пилокарпина1% ертіндісін 15 минут сайын , кейін 30 мин 2 тамшы тимолол 0,5% ерітіндісін бір рет. Ішке 40—60 мг фуросемид. Седативті заттарды енгізу ұсынылады. Тұзды іш айдайтын, аяққа ыстық ванналарды тағайындайды.Мамандандырылған стационарға тасымалдау қажет.
Слайд 32ЛОР-мүшелердің бөгде заты.
Сыртқы есту жолының бөгде заты
Этиология. құлық?, эпидермальды сынамалар
,сыртқы құлақтың кіреберісіндегі бөгде заттар.
Клиника бөгде заттың кқлеміне және
түріне, химиялық құрамына байланысты. Кіші балалар мазасыз, тәбеті болмай түнгі ұйқысы бұзылады.
Жедел жәрдем. Бөгде затты жою. Көп жағдайда бөгде заттарды жылы сумен, аз концентрациялы калий перманганаты ертіндісімен жоюға болады. Мұндай жағдайда ертіндіні сыртқы құлаұтың жоғарғы артқы қабырғасына тамызады.
Бөгде затты жою барысында пенцетті эндоауральды қолдануға болмайды, себебі барабан қақпағын жарақаттуға, отиттің пайда болуына, мастоидитті және менингитті алдын алады.
Тірі бөгде заттарды жою үшін есту түтігіне спиртті немесе күнбағыс майын тамызады, 4-5минуттан кейін қулақ ішін шаяды.
Слайд 33Мұрындағы және мұрын аймағындағы қойнаулардағы бөгде заттар.
Мұрын қуысындағы бөгде
заттар кіші балаларда көп байқалады.
Диагноз ренгеноскопия және рентгенология әдістері
бойынша және анамнезі бойынша қояды.
Жедел жәрдем бөгде затты жою. Мұрын қуысын мұқят тексеру, богде заттың орналасқан орнын және сипатын анықтау керек. 3% дикаин 0,1 % адреналин ертиндісін араластырып мұрынның шырышты қабатына жағамыз. Мазасыз балдардан бөгде заттарды наркоз арқылы жою керек. Мақта бөлінділері,дәке және басқа жұмсақ заттар пенцеттпен алынады. Домалақ қатты заттар мұндай жолмен алуға болмайды. Оларды арнайы Ланге ілгішімен алады.
Слайд 34Сыртқы құлақ жарақаты.
Құлақ түтігі әртүрлі жарақаттан және тістеуден болады. Жарақаттың
әртүрлі дәрежесіне дейін болу мүмкін. Шеміршек тіндері зақымданған жағдайда қан
құюлар болу мүмкін (отгематома), көкшіл қоңыр немесе қызыл түстес. Сирек жағдайда шеміршек үсті қабынулар байқалады (перихондрит). Сыртқы есту жолының жарақаты бөгде заттардан және ауыр қағыстардан болады.
Сыртқы есту жолы зақымдалуының белгісі болып тіндердің ісінуі мен инфильтрациясының нтижиесінен ауырсынудың, қан кетудің, естудің төмендеуі болады.Ауыр жағдайларда қан кету, толық емес парез, жүрек айну, құсу, естудің күрт төмендеуі, ликворея.
Слайд 35Жедел жәрдем. Құлақ қалқанының жарақаты кезінде суық басу, кейіннен жылытатын
компресс жасау.Жараның болуы кезінде –қоршаған теріні йодтың спиртті ерітіндісімен өндеп,
асептикалық байлам таңу.Шеміршек пен терінің езілуі кезінде сіреспеге қарсы сарысу немесе анатоксин енгізіп, жараныалғашқы хирургиялық өңдеу. Перихондритте құлақ қалқанын Вишневский мазьімен байлам таңып, антибиотиктер тағайындайды.Перихондриттің ауыр жағдайларында, отгематомада , құлақ қалқанының жұлынуында, сыртқы есту жолдарының сынуы кезінде, суық қаруымен, оқпен жарақаттанғанда ауруханаға тасымалдануы тиіс. Бұл жағдайларда асептикалық байлам таңу қажет,бірақ ешқандай тамшыларды енгізуге болмайды.
Слайд 36Ортаңғы құлақтың травмасы
Көбіне құлақты тазалау барысында дабыл жарғағын сіріңкемен ,
шпилька, каламмен зақымдаудан және есту жолында қысымның күрт өзгеруінен (соғу,қолайсыз
суға сүңгу т.б.) болады.
Травма кезінде науқас қатты ауырсыну, құлақтағы шу, естудің төмендеуін сезеді, кей кезде естен таңу жағдайы болады. Ол атмосфералық қысымның кұрт өзгеруінен ( кессонды жұмыстарда ,самолетпен ұшқанда,су асты сүңгуде т.б). Науқас құлақтың бітелуін, шу, дабыл, естудің төмендеуін сезеді., кей кезде құсу, қан кету, жүрек айну байқалады. Ортаңғы құлақтың іріңді қабынуынан ішкі құлақтың реакциялары болады(спонтанды нистагм, тепе-теңдіктің бұзылуы, бас айналуы),сонымен қатар бет нервісінің парезі немесе парличіа (бет нерві каналының сыну).Егер зақымдалу ортаңғы және артқы бассүйек шұңқырын алып , мидың қатты қабығының жыртылуымен болса, онда науқастың ауыр жағдайына байланысты ликворея болады..
Слайд 37Ішкі құлақтың зақымдалуы сирек кездеседі, ол бассүйектің травмасынан болады.Науқаста психикалық
тежелу, кереңдік, есту сойлемеу, жүрек айну, бас айналу, құсу болады.Бас
сүйектің сынуы (бойлық немесе көлденең) самай сүйек пирамидасының сынуы, ішкі құлаққа, кей кезде дабыл жарғағына көлемді қан кету болады.
Дабыл жарғағының жыртылуы кезінде сыртқы құлаққа қан кету, ал мидың қатты қабығының жыртылуы кезінде ликворея сиптомы болады. Науқастың жалпы жағдайы ауыр, кереңдік, кей кезде бет нервісінің парезі мен параличі болады. Ашық сыну кезінде бассүйек ішілік асқынумен қосарланады.я (менингит, ми абсцессі).
Слайд 38Жедел жәрдем . Дабыл жарғағының травмасы кезінде дабыл қуысына инфекцияны
ендіріп алмау қажет. Сондықтан құлақты кептіру, жууға болмайды. Есту жолынан
қан ұйындыларын мұқият алып, құлаққа стерильді тампон енгізеді . Бұлшықетке антибиотиктер мен сіреспеге қарсы сарысу және құлаққа асептикалық байлам таңу қажет.
Ортаңғы құлақтың зақымдалуында, қысымның күрт өзеруінде , травмаларда науқасты стационарға тасымалдау қажет. Көк тамыр ішіне уротропин, теріастына прозерин аскорбин қышықылымен, аэрон және барбитураттарды ішке қабылдау керек.Қан кету кезінде дәрілік заттармен тампондармен қан тоқтату қажет.