Слайд 1Абай атындағы орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дәндібаев Қанат
Бақтыбайұлы
Слайд 2Спорт зал көлемі
ұзындығы -14,5 м
ені -7,5 м
биіктігі – 4
Слайд 3
Ұлттық ойындар
Панорамалық сабақ
Слайд 4
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлттық ойынға деген оқушылардың
қызығушылығын
арттыру. Оқушылардың
ұлттық ойындар туралы білімдерін жинақтау,
бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың қимыл- қозғалыс
әрекеттерін жан-жақты дамыта отырып,
ұлттық ойындарға деген
қызығушылықтарын арттырып,
денсаулықтарын нығайту.
Тәрбиелік: Ұлттық ойындар ұлтқа тән қасиеттерді ғана
тәрбиелеп қоймай, ол оқушыларды өз ұлтына,
өз халқына деген сүйіспеншілікке, оның
ғасырлар бойы жасаған рухани, мәдени,
тарихи, әдет-ғұрып, салт-санасын, дәстүрін
қадірлеуге, оны мақтан тұтып, тілін, дінін
құрметтеуге үйрету.
Слайд 5Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сыныбы:
7- сынып
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, машықтық,
топпен жұмыс, ойын
Қажетті құралдар: үнтаспа, ысқырық, уақыт өлшегіш,
асықтар, арқан, кедергілер, т.б.
Пәнаралық байланыс: валеология, тарих, АӘД.
Слайд 6Кіріспе – дайындық бөлім.
Сыныпты сапқа тұрғызу
Кезекшінің мәліметі, сәлемдесу.
Сабақтың мақсатымен таныстыру
Саптағы
бұрылулар: оңға, солға, кері, т.б
Слайд 7Жалпы дене жаттығулары
Үнтаспадан күй ойнап тұрады.
Саппен жүру,
қолды жоғары ұстап,
аяқтың ұшымен жүру.
Жүрелеп отырып жүру.
Слайд 8Арнайы жүгіру жаттығулары.
Тізені көтеріп жүгіру
Қол белде аяқты тастай жүгіру
Қолды артқа
қойып аяқты тигізіп жүгіру
Қол белде аяқты екі жаққа тастай жүгіру
Қолды
желкеге қойып, аяқты артқа тастай жүгіру
Шапшаң жүгіру.
Слайд 9Бір орында жасалатын жаттығулар
Қара жорға биі
Оқушылардың алдына бір оқушы шығып
қара жорға
биін билейді, қалғандары қимылды қайталайды.
Слайд 10Негізгі бөлім
«Арынды арқан» ойыны
Шеңбер сызылып оқушылар сол шеңбердің
ішіне кіруі. Арқанды айналдыру кезінде соңына дейін арқаннан секіріп
аяғына тигізбейді. ойын соңына дейін қалған оқушылар ұпай жинайды.
Слайд 11«Соқыр теке»
Бір оқушының көзі байланады. Қалған оқушылар шеңбер ішінде ұстатпауға
тырысады.
Слайд 12«Қыз қуу»
Оқушылар екі топқа бөлінеді, бірінші болып қыз қашады, екі
метрде тұрған ер бала белгі бойынша қуады.
Слайд 13«Теңге алу»
Топтық жарыс. Оқушылар екі топқа бөлінеді, уақыт есептеліп
жарысады, бірінші топтың бір қызы теңгені жерге орналастырып келсе,
келесі екі бала бір-біріне мінгесіп теңгені жинап келеді. Қай команданың уақыты жылдам сол команда ұпай жинайды.
Слайд 14«Көкпар»
Оқушылар екі-үш топқа бөлінеді, резеңке (ойыншық құлыншақ) көкпар
орнына пайдаланады. Көкпар залдың ортасына қойылады. Белгі бойынша екі
жақ жүгіріп келіп көкпарды алып қашады. «Салым қазаны» болып бір оқушы тұрады. Көкпарды соған жеткізіп беру керек.
Слайд 15«Асық ату» ойыны
Ойын жекелей жарыс түрінде өтеді. Көнге
асықтар тігіледі. Әр оқушыға екі сақадан беріліп асықты атады
және ұпай жинайды.
Слайд 16«Арқан тартыс» ойыны
Бұл командалық жарыс. Екі топ арқан тартысады.
Слайд 17Қорытынды бөлім
Оқушыларды сапқа тұрғызу.
Сабақты қорытындылау.
Слайд 19
Үйге тапсырма:
Ұлттық ойындарына мәнжазба жазу.