Слайд 1
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медтцтна университеті
ИНТЕРННІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы:Өкпе
артериясының тромбоэмболиясы.
Орындаған:Қойлыбаева Н
Тексерген: Кереева Н.М
Ақтөбе-2016
Слайд 2Жоспар :
Анықтамасы
Жіктелісі
Қауіп – қатерлі факторлары
Диагностикасы
Дифференциальды диагностикасы
Емдеу тактикасы
Слайд 3Өкпе артерияның тромбоэмболиясы (ӨАТЭ) –
өкпе артериясы негізгі бағаны немесе
тармағының кенеттен эмболмен (тромбпен) бітелуінен өкпе паренхимасында қанайналымның тоқтауын айтады
Слайд 4ЖІКТЕМЕСІ
Даму варианты бойынша жіктелуі: (Ю.В. Аншелевич, Т.А. Сорокина, 1983):
1. Жіті
түрі: төсте кенеттен басталған ауыру сезімі, ентігу, АҚҚ төмендеуі, жіті
өкпелік жүрек белгілері.
2. Жітілеу түрі: өршіген тыныс жəне оң қарыншалық жетіспеушілік жəне өкпе инфаркты белгілері, қан түкіру.
3. Рецидивті түрі: қайталамалы ентігу, талу, өкпе инфарктының белгілері.
Өкпе артерияларының окклюзиясы дəрежесі бойынша:
1. Шамалы – қан тамыр өрімінің жалпы алаңының 30% (ентігу, тахипноэ, бас айналу, қорқыныш сезімі).
2. Орташа – 30-50% (кеудеде ауыру сезімі, тахикардия артериальды қысымның төмендеуі, кенеттен əлсіреу, өкпе инфаркт белгілері, жөтел, қан түкіру).
Слайд 53. Көлемді – 50% жоғары (жедел оң қарыншалық жетіспеушілік, обструктивті
шок, мойын веналарының ісінуі).
4. Аса көлемді – 70% жоғары (кенеттен
ес жоғалуы, дененің жоғарғы бөлігінің диффузды цианозы, қан айналымның тоқтауы, тырысулар, тыныс тоқтауы).
Жиірек көзі болып табылады:
1. Аяқ веналарының (негізінен мықын-сан сегменті – 90%) жəне кіші жамбастың терең веналарының тромбтары; тізенің терең веналары тромбозы 5% жағдайда ӨАТЭ мен асқынады, беткей веналар тромбозында ӨАТЭ-мен асқыну болмайды.
2. Жүректің оң жақ бөлігінің тромбтары.
Слайд 6ҚАУІП-ҚАТЕРЛІ ФАКТОРЛАР
- егде жəне қарт жас;
- гиподинамия;
- соңғы 12 апта
ішіндегі аяқтардың иммобилизациясы немесе оның салдануы;
- 3 күннен артық төсектік
режим;
- өткерген операциялар (əсіресе жамбас ағзалары, ішке жəне аяққа), аяқ сынықтары;
- қатерлі жаңа түзілімдер;
- семіздік;
- варикозды ауру;
- жүктілік, ерте туыттан кейінгі кезең жəне операциямен босануға келісу;
- жүрек жетіспеушілігі, жүрек қақпақшаларының ақауы;
Слайд 7- жыбырлаушы аритмия;
- сепсис;
- нефротикалық синдром;
- пероральды контрацептивтер қолдану, диуретиктерді
үлкен дозада қолдану, орынбасушы гормональды терапия;
- миокард инфаркты;
- инсульт;
- гепарининдуцирленген
тромбоцитопения;
- эритремия;
- жүйелі қызыл ноқта;
- тұқым қуалау факторы – антитромбин III тапшылығы, С жəне S протеиндері, дисфибриногенемия.
Слайд 8ДИАГНОСТИКА
Диагностика критерилері
ӨАТЭ айқын кардиореспираторлы бұзылыстармен жүреді, ал майда тармақтар окклюзиясы
кезінде өкпе инфаркты деп аталатын өкпелік паренхиманың геморрагиямен тығыздалуы (жиі
келесі некрозданумен).
ӨАТЭ кезінде байқалады:
- кенеттен ентігу (ортопноэ тəн емес);
- қорқу;
- күрт əлсіздік, бас айналу.
Өкпелік инфаркттың дамуында – жөтел, кеудеде ауыру сезімі (тыныс алу актісінде көбінесе фибринозды плеврит пайда болғанда), қантүкір
Слайд 9Қарап тексергенде анықталады:
- Мойын веналарының пульсациясы мен ісінуі;
- Жүрек шекарасының
оңға ұлғаюы;
- Эпигастральді пульсация, тыныс алу кезінде күшейеді;
- Өкпелік артерияда
II тонның акценті жəне екі еселенуі;
- Əлсіреген тыныс жəне /немесе шектелген аймақтарда майда көпіршікті сырылдар,құрғақ сырылдар болуы мүмкін;
- Плевраның үйкеліс шуы;
- Бауырдың ұлғаюы;
- Əртүрлі айқын цианоздар
Слайд 10- Гипертермия ( коллапс кезінде) 37,8°С жоғары (тұрақты) 2-3 тəулікке
дейін;
- Тахипноэ минутына 20 артық;
- Кеудеде ауыру сезімі;
- Жөтел (ХОБЛ
қатысуынсыз өнімсіз);
- Тахикардия минутына100 артық;
- Қантүкіру (əсіресе қақырықтағы қан ұйындыларымен);
- Артериалды-альвеоларлы айырмасының жоғарылауы (рО2).
Слайд 11Терең веналар тромбозының болу мүмкіндігінің критерилері:
- Ісік (өкпенің, қуық асты
безінің, ұйқы безінің), алдыңғы 6 ай ішінде анықтау;
- Салдану кезінде
аяққа иммобилизация немесе гипсті таңғыш салу;
- Сан мен балтырдың ісінуі;
- 3 күннен артық төсектік режим немесе алдыңғы 4-6 апта ішінде операция;
- Терең веналар бойымен пальпациялағанда жергілікті ауыру сезімі;
- Балтырдың біржақты 3 см-ге артық ісінуі;
- Біржақты шектелген ісінулер;
- Беткей веналардың кеңеюі.
Слайд 12ӨАТЭ электрокардиографиялық диагностикасы:
- P-pulmonale (оң жақ жүрекшенің жүктемесі);
- Жүрекшенің электрлік
осінің оңға айналымы ( Мак-Джина-Уайт синдромы - I стандартты əкетудегі
терең S тісшесі, III əкетудегі Q тісшесі мен Т тісшесінің болмауы );
- Өтпелі аймақтың солға ығысуы;
- Оң жақ жүрекшенің жүктемесі;
- Гис шоғырының оң тармағының жедел дамыған толық блокадасы;
- Инфаркт тəрізді өзгерістер – II III aVF əкетулерінде ST тісшесінің элевациясы немесе V1-4 əкетуде ST тісшелерінің жоғары тұруы (миокард инфарктынан айырмашылығы ӨАТЭ реципрокты өзгерістер тəн емес);
- Оң жақ (V1-3) кеуде əкетуіндегі Т тісшесінің инверсиясы.
Слайд 13Негізгі жəне қосымша диагностикалық шаралар тізімі:
1. Өмірге маңызды ағзалар қызметін
жəне жалпы жағдайын бағалау: есі, тынысы (минутына 20 артық тахипноэ)
жəне қан айналымы.
2. Науқас қалпы: отыруға немесе жоғарылап отырғанда ұмтылдырмай, жиі көлденең орналастыру.
3. Жедел өкпе-жүрек жəне өкпелік гипертензия белгілерінің анықтамасы:
- мойын веналарының ісінуі мен пульсациясы;
- жүрек шекарасының оңға кеңеюі;
- тыныс алғанда күшейетін эпигастральды пульсация;
- өкпе артериясында II тонның акценті мен екі еселенуі;
- бауырдың ұлғаюы.
Слайд 144. Пульсті зерттеу, жүректің жиырылу жиілігін жəне артериялды қан қысымды
өлшеу: тахикардия, аритмия, гипотония болуы мүмкін.
5. Өкпе аускультациясы: əлсіреген тыныс
немесе оқшауланған аймақтарда ұсақ көпіршікті сырылдар, кейде құрғақ сырылдар болуы мүмкін.
6. Біріккен симптомдардың болуын анықтау: кеудеде ауыру сезімі, жөтел жəне қан түкіру, гипертермия.
7. Флеботромбоз жəне тромбофлебит белгілерін анықтау үшін аяқты қарау:
- аяқтардағы асимметриялы ісіну;
- балтыр аймағында жəне санның тізе үстінен 15 см деңгейінде асимметриясы;
- тері жабындылары түсінің өзгеруі (қызару, тері асты веналарының суретінің күшеюі);
- вена бойымен пальпациялағанда ауыру сезім;
- балтыр бұлшықетінің қатаюы жəне ауырғыштығы.
8. ЭКГ тіркеуі – ӨАТЭ кезінде ЭКГ-дағы жедел типті белгілердің пайда болуы.
Слайд 15ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫ ДИАГНОЗ
ӨАТЭ, жүректік жəне бронхиальды демікпенің дифференциальды диагностикасы
Слайд 16ЕМДЕУ ТАКТИКАСЫ
Медициналық көмек көрсету тактикасы
Шұғыл көмек:
1. ӨАТЭ күдік туғанда барлық
жағдайда антикоагулянтты терапияны жүргізеді:
- гепарин 5 000 ХБ көк тамырға,
құю;
- варфарин 2,5 мг, немесе ацетилсалицил қышқылы 160-325 мг ішке, шайнау.
2. Тромболитикалық терапияны міндетті түрде жүргізу:
- преднизолонды 60-90 мг көк тамырға струйно енгізгеннен кейін, 30 мин ішінде;
- стрептокиназа 250 000 ХБ көк тамырға тамшылатып, сонан соң 1 250 000 ХБ тамшы түрінде 100 000 ХБ/сағ жылдамдығында енгізу;
- алтеплаза (актилизе) 15 мг вк/т болюсті, сонан соң 0,75 мг/кг 30 мин ішінде, сосын 0,5 мг/кг 60 мин ішінде енгізу.
3. Қан айналымы тоқтаған кезде жүрек - өкпелік реанимацияны жүргізу.
4. Гипоксия коррекциясы – ұзақ оксигенотерапия.
болмағанда аминофиллинді енгізуге болады.
Слайд 175. Ауыру синдромын жою:
- айқын ауыру синдромында – наркотикалық анальгетиктер
(кіші қан айналымда қысымды төмендетеді жəне ентікпені азайтады) - морфин
1 мл 1% ерітіндіні (10 мг) 20 мл 0,9% натрии хлорид ерітіндісімен к/т бөліп 4-10 мл 5-10 мин сайын, ентікпе мен ауыру сезімін басу немесе фентанил 1-2 мл 0,005% ерітіндісін (0,05-0,1 мг) 1-2 мл 0,25% дроперидол ерітіндісімен ( систолалық артериалды қысым 90 мм сн.б. төмен болған жағдайда дроперидол енгізілмейді!);
- инфарктты пневмония кезінде (дене қалпымен, жөтелмен, тыныс алумен байланысты кеуде қуысында ауыру сезімі) – наркотикалық емес анальгетиктер – кеторолак к/т 30 мг (1,0 мл), осы мөлшерді 15 секунд ішінде енгізу қажет.
6. Жедел оң қарыншалық жетіспеушілік, артериалды гипотензия жəне шок кезінде:
- тек к/т допаминді тамшылатып, 100-250 мкг/мин (1,5 – 3,5 мкг/кг/мин) (400 мг допаминді, 250 мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен) к/т енгізгеннен кейін емдік əсері 5 мин ішінде басталады, ұзақтығы – 10 минут.
- пентакрахмал 400 мл к/т тамшылатып, 1 мл/мин жылдамдықпен.
7. Бронхоспазм дамығанда:
- β2-адреномиметиктерді ингаляция арқылы енгізу – сальбутамол 2,5 мг небулайзер арқылы 5-10 минут ішінде, əсері қанағатсыз болған кезде ингаляцияны 20 мин кейін қайталау;
немесе
- к/т 2,4% 1,0 мл аминофиллинді баяу (10,0 мл көп емес) 20 мл натрий хлоридін изотоникалық ерітіндісімен енгізу. Пароксизмальды тахикардия жəне ауыр артериальды гипертензия, эпилепсияның болмауы, миокард инфаркті анықталмағанда, тұрақты систолалық артерияльды қысым > 100 мм.сн. б . төмен болмағанда аминофиллинді енгізуге болады.
Слайд 18Шұғыл госпитализацияға көрсеткіш: ӨАТЭ күдіктенгенде барлық науқастарды реанимация бөлімшесіне немесе
мүмкіндігінше қан тамыр хирургия бөлімшесі бар стационарға жатқызады. Науқасты зембілге
жатқызып, басын жоғары көтерген күйде қажетінше реанимобильде тасымалдайды.
Негізгі дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Гепарин 5000 Б, амп.
2. *Стрептокиназа 1500000 ХБ, фл.
3. *Варфарин 2,5 мг, табл.
4. *Преднизолон 30 мг, амп.
5. *Натрий хлориді 0,9% - 400,0 мл, фл.
6. *Допамин 0,5% - 5,0 мл, амп.
7. *Оттегі, м3.
8. *Пентакрахмал 500,0 мл, фл.
9. *Кеторолак 30 мг – 1,0 мл, амп.
10.*Морфин 1% - 1,0 мл, амп.
11.*Сальбутамол 0,1 мг дозада, ингалятор 200 доз, неб.
12.*Натрий хлориді 0,9% - 5,0 мл, амп.
Слайд 19Қосымша дəрі-дəрмектер тізімі:
1. *Ацетилсалицил қышқылы 500 мг, табл.
2. *Аминофиллин 2,4%
- 5,0 мл, амп.
3. *Фентанил 0,005% - 2,0 мл, амп.
4.
*Дроперидол 25 мг – 10,0 мл, фл.
Емнің келесі кезеңіне ауыстыру критерилері: науқастың жағдайын тұрақтандыру.
* – Негізгі (өмірге маңызды) дəрілік заттар тізіміне кіретін препараттар