Слайд 1
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
«
Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы»
Кафедра меңгерушісі: А.К.Сұлтанов
С Ө Ж
Медициналық теория және денсаулық сақтау.
Халықтың табиғи қозғалысының сараптамасы
Орындаған: Ешматов А.Т
310 топ. ЖМФ
Тексерген: Блялова А.Қ
Қарағанды 2012 ж .
Жоспар
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
а) Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі
б) Денсаулық сақтау жүйесінің медициналық классикалық
теориялары
в)Денсаулық сақтау жүйесінің медициналық концепциялары
г) Халықтың табиғи қозғалысына сараптама
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Халық денсаулығының жай-күйi қоғамның әлеуметтiк бағдарлылығының, мемлекеттiң өз азаматтарының алдындағы жауапкершiлiк дәрежесiн сипаттайтын әлеуметтiк кепiлдiктерiнiң интегралды көрсеткiшi болып табылады.
Қазақстан, мемлекеттiк қалыптасуы кезеңiнде елеулi экономикалық құлдырауға ұшырап, әлеуметтiк салада, соның iшiнде кеңес уақытында құрылған және негiзiнен жұмыстың сандық көрсеткiштерiне бағдарланған медициналық ұйымдардың икемсiз жүйесiнен тұратын денсаулық сақтау жүйесiнде елеулi оңтайландыру жүргiздi.
Соңғы жылдары Қазақстан едәуiр экономикалық өсуге қол жеткiздi, осының нәтижесiнде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру елеулi өстi (соңғы үш жылда екi рет), сондай-ақ олардың одан әрi дамуының перспективалары жасалды. Әлеуметтiк бағдарлана отырып мемлекет бұдан әрi де саланың дамуына елеулi түрде көңiл бөлуге ниеттенедi.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегi бойынша азамат денсаулығының тек 8-10 %-i ғана денсаулық сақтау жүйесiнiң жұмысына байланысты екендiгiне қарамастан, мемлекеттiң қоғамдық денсаулық сақтау жөнiндегi күш-жiгерi экономикалық және әлеуметтiк прогреске қарай өсе түсуге тиiс.
Слайд 5
Денсаулық сақтау жүйесі
Қазақстан Республикасында тәуелсiздiк жылдарында саланы
реформалау қадамдары бiрнеше мәрте жасалды. Айталық, 1996-1998 жылдары денсаулық сақтау
жүйесiне принциптi түрдегi жаңа екi элемент: сатып алушы мен сатушы қатынастарының және медициналық көмектiң көлемi мен сапасына байланысты сараланған еңбекақы төлемiнiң пайда болуына мүмкiндiк туғызатын денсаулық сақтауды қаржыландырудың бюджеттiк-сақтандыру моделi енгiзiлген болатын. 1999 жылдан бастап бөлінетін қаражатқа байланысты түпкiлiктi нәтижеге бағдар ұстануға мүмкіндік беретiн бағдарламалық қаржыландыру енгiзiлдi.
. Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiне: азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлдi орталық атқарушы орган, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың денсаулық сақтауды басқару органдары жатады.
Слайд 6Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiне, азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге
асыратын Қазақстан Республикасының уәкiлдi орталық атқарушы органын қоспағанда, Қазақстан Республикасының
басқа да министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де орталық атқарушы органдары мен ұйымдары құратын емдеу-профилактикалық және фармацевтика ұйымдары енедi.
. Мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiнiң ұйымдары, жеке медициналық практикамен және халықтық медицинамен (емшiлiкпен) айналысатын жеке ұйымдар мен жеке адамдар өздерiнiң қызметiн таңдаған қызмет түрiне лицензиясы болғанда ғана жүзеге асырады. Лицензия беру тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленедi.
Слайд 7Халыққа медициналық көмекті ұйымдастыру
Азаматтарға ақысыз медициналық көмектiң кепiлдi көлемiнiң
қолайлығын және оны алуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк денсаулық сақтау жүйесiнiң
негiзiн:
фельдшерлiк-акушерлiк пункт (дәрiгерге дейiнгi көмек);
дәрiгерлiк амбулатория, емхана және учаскелiк аурухана (дәрiгерлiк көмек);
аудандық орталық аурухана, диспансерлер (бiлiктi дәрiгерлiк көмек);
Лицензиясы болған жағдайда заңды және жеке тұлғалардың медициналық ұйымдардың басқа да түрлерiн ашуына рұқсат етiледi.
Слайд 8Денсаулық сақтау жүйесінің
медициналық теориясы
Мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесiн құруды, отбасылық
медицина моделiне көшуге әрекеттенудi жатқызуға болады. Солардың арасынан саланың нормативтiк
құқықтық базасын құруды, денсаулық сақтауды қаржыландырудың елеулi ұлғаюын оң өзгерiстер ретiнде атап өткен жөн, бұл бірқатар қазiргi заманғы клиникалардың құрылысын жүзеге асыруға, медициналық ұйымдарға күрделi жөндеулер жүргiзуге және олардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсартуға, емдеу-диагностикалық процесіне жаңа медициналық технологиялар енгiзуге мүмкiндiк туғызу; Медициналық көмек көрсетудің сапасын жақсарту және оның қолжетімділігін арттыру нәтижесiнде бiрқатар жұқпалы және басқа да ауруларға қатысты халық денсаулығының жай-күйінде оң үрдiстерге қол жеткізу;
Слайд 9Теорияның негізінде алынған денсаулық саласын дамытудың 2007 ж.
негізгі бағыттары
– Саланың әлеуметтік мәні бар проблемаларын шешу;
– Саланың,
оның ішінде бюджеттеу және бюджеттен тыс қарым-қатынастар жүйесі, тауарлар мен қызметтерді сатып алу саласында, нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру;
– Нәтижелілік пен тиімділікті ынталандыратын қазіргі заманғы менеджменттің қағидаттарын, қаржыландырудың жаңа әдістері мен медицина қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу механизмдерін енгізу;
– Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін және телемедицинаны енгізу;
– Денсаулық сақтау жүйесінің барлық буындарының жұмысы түпкілікті нәтижелерге жетуге бағытталатын болады.
Слайд 10 Саланың мынадай әлеуметтік елеулі проблемалары, оның ішінде
барынша өзектілері шешімін табады:
– ана мен нәрестелер өлім-жітімінің төмендеуі;
– қан айналым
жүйесі ауруларынан өлім-жітімінің төмендеуі;
– қан мен оның компоненттерінің қауіпсіздігі.
Министрлік осы үш бағыт бойынша бағдарламалық құжаттардың жобаларын әзірледі. Бұл ретте Қазақстан Республикасында кардиологиялық көмекті дамытудың 2007–2009 жылдарға арналған бағдарламасы желтоқсан айында Үкіметтің отырысында қаралған болатын.
Қаржыландыру әдістерін жетілдіру және денсаулық сақтауды дербес ұйымдастыруды арттыру мақсатында Министрлік мыналарды ұсынады:
а) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалар бірлестігін қоса алғанда бюджеттік жіктелімге өзгерістер енгізу;
в) қор иелену, клиникалық-шығын топтары бойынша емделген жағдайға ақы төлеу қағидаттарын енгізу.
Слайд 11Денсаулық сақтау жүйесінің медициналық концепциясы
Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық ғылымды
реформалау концепциясының жобасын әзірледі. Концепция соңғы нәтижені және халықаралық стандартарының
талаптарына сәйкес келетін отандық ғылыми зерттемелерді алуды болжайтын ғылыми зерттеулерді басқаруға ғылыми ұйымдарды басқарудан – медициналық ғылымды басқарудың жаңа кезеңіне көшу негізінде бәсекеге жарамды ғылыми-медициналық қызметті құруды топшылайды. Қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердің 2006–2010 жылдарға арналған бес негізгі бағыты қалыптасты.
Слайд 12Парето (Pareto) Вильфредо (15.07.1848, Париж—20.08.1923, Селиньи, Швейцария) — италиян әлеуметтанушысы,
экономист. Ол өзінің әлеуметтанулық теориялық концепциясын “ Жалпы әлеуметтану трактаты”
еңбегінде жазып шыты. 1848 жылы 15 шілдеде Парижде өзінің либералдық және республикалық көзқарастары үшін Генуядан кетуге мәжбүр болған итальян маркизімнің отбасында туған. 1858 жылы Паретоның отбасы Италияға оралады. Мұнда ол классикалық гуманитарлық және техникалық білім алады.
Слайд 13Халықтың табиғи қозғалысының
сараптамасы
Қазақстанда
соңғы жылдары белгілi бiр медициналық-демографиялық өзгерiстер болды. Республикада халықтың саны
2009 жылы 1999 жылмен салыстырғанда 49,6 мың адамға өстi және 2004 жылдың басында 14 951,2 мың адамды құрады.
2009 жылы бала туу көрсеткiшi халықтың 1000 адамына шаққанда 17,2-ні құрады және 1999 жылмен салыстырғанда 1,2 есе өстi. Республикада бала туудың өсу үрдiсi 1999 жылдан бастап байқалып отыр.
Соңғы 5 жыл iшiнде халықтың табиғи өсiмi 1000 адамға шаққанда 2009 жылы 6,7-ні құрай отырып, 1,6 есе өстi. 1999 жылдан бастап халықтың өлiм-жiтiм коэффициентiнiң болмашы өсуi байқалады, ол 1000 адамға шаққанда 2009 жылы 1999 жылғы 9,7-ге қарағанда, 10,5-тi құрады. Соңғы 5 жыл iшiндегi ерлер мен әйелдер өлiм-жiтiмiнiң неғұрлым үлкен жас мөлшерi коэффициентi 70 және одан да астам жасқа сәйкес келедi, ол жас мөлшерi тобын 1000 адамға шаққанда 2002 жылы тиiсiнше 104,51-дi және 79,98-дi құрады. Халықтың өлiм-жiтiм құрылымында жүрек-қан тамыры, онкологиялық аурулар, жарақаттану жетекшi орын алады. Өлiм-жiтiм құрылымының көрсеткiштерiн бұрмалау факторларының бiрi - өлiм себебiн тиiмдi сараптау жүйесiнiң жоқтығы болып табылады.
Республика халқының болжамды орташа өмiр сүру ұзақтығы соңғы 5 жыл iшiнде тұрақтанды және 2009 жылдың соңына қарай 65,9 жасты: ерлерде - 60,5 жасты, әйелдерде - 71,5 жасты құрады.
Қазақстан Республикасы халқының жалпы науқастанушылық көрсеткiшi серпiндi өстi және 2009 жылы халықтың 100 мың адамына шаққанда 1999 жылғы 47972,8-гe қарағанда 56413,9-ды құрады.
Слайд 14Республикада сәби өлiм-жiтiмi көрсеткiшiнiң азаю үрдiсi бар, алайда, тұтастай алғанда,
Еуропа елдерiмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болып отыр және 2009 жылы
1000 тiрi туғандарға шаққанда 15,3-тi құрады. Бұл ретте, осы көрсеткiштiң ДДҰ-ның ұсынымдары ескерiлмей есептелгендiгiн атап көрсеткен жөн.
Ана өлім-жiтiмi көрсеткiшiнiң 1999 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 100 мың тірі туғандарға шаққанда 65,3-тен 42,1-ге дейiн азайғандығы байқалады. Республикада ана өлiмi негізгi себептерiнiң бiрi - әйелдер денсаулығы индексiнiң төмендiгi болып табылады, ол 20-30%-тi құрайды.
Балалар денсаулығының жай-күйі алаңдатушылық туғызады. Балаларды жаппай алдын ала тексеру жүргiзу екi баланың бiрiнiң ауру екендiгiн көрсеттi және ол сауықтыру терапиясына барабар алдын алу жұмыстарын, бiрiншi кезекте амбулаториялық-емханалық деңгейде ұйымдастыруды талап етедi. ДДҰ-ның ұсынымдарына сәйкес 5 жастағы балалар ауруының көбiсiн амбулаториялық жағдайда тиiмдi емдеуге болады, соған қарамастан Қазақстанда осы жастағы балалардың 60%-тен астамы стационарда емделедi. Ауруханаға балаларды жатқызу себептерiнiң бiрi - дәрiлiк заттарға амбулаториялық деңгейде қолжетiмділiктiң төмендiгi.
Қорытынды
Бүгiнгi таңда саланы дамытып отырған негiзгi бағдарламалық құжаттар оларды әзiрлеу сәтiндегi талаптарына барабар болған, алайда қазiргi уақытта олар экономикадағы, сол сияқты басқа да секторлардағы өзгерiстер қарқынынан кейiн қалып отыр
Жинақталған проблемалар денсаулық сақтау саласын басқару қағидаттарын түбегейлі қайта қарауды талап етедi. Мемлекет басшысының 2005 жылға арналған Жолдауында саланың басқару жүйесiн, денсаулық сақтау iсiн қаржыландыруды, ұсынылатын медициналық көмек берудi ұйымдастыруды, денсаулық сақтау жүйесiнiң нормативтiк базасын, саланың статистикасы мен оны ақпараттандыруды, есептілiктi оңтайландыруды жетiлдiруге, сондай-ақ қаржы ресурстарын тиiмдi пайдалану мен сатып алуды міндеттi түрде орталықсыздандыру бөлігінде байыпты өзгерiстер жүргiзу қажеттiгi көрсетiлген.
Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған осы мемлекеттiк бағдарламасы Қазақстанның 2030 жылғы кезеңге дейiнгi Даму стратегиясын, Президенттiң "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн!" атты 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру мақсатында әзiрленген.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 1438 Жарлығы
2. Ю.П.Лисицын. Общественное здоровье и здравоохранение
3. www.google.kz
4. www.yandex.ru