Слайд 1Медициналық-санитарлық алғашқы көмекті ұйымдастыру, (кезеңдері, қызметтері)
Слайд 2Алма-Аты декларациясы
«МСАК – тұрғындарды алғашқы медициналық көмекпен қамтамасыз етудің маңызды
бөлігі,жеке тұлға-ларға,сонымен қатар,жанұяларға ыңғайлы, тұрғындарға қолжетімді,сонымен қатар бүкіл халыққа тиімді
,шығыны аз көмек көрсетуді ұйымдастырады»
Алма-Аты декларациясы, 1978г.
Слайд 3МСАК мамандары (жалпы практика дәрігері, учаскелік дәрігер-терапевт/педиатр, учаскелік мейіргер/жалпы практика
мейіргері, фельдшер, акушер) МСАК-ты:
1) медициналық пунктте;
2) фельдшер-акушерлік пунктте;
3) дәрігерлік амбулаторияда (отбасы денсаулығы орталығында);
4) емханада көрсетеді.
Слайд 4АЕҰ негізгі міндеттері
медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету;
халыққа
дәрігерге дейінгі, білікті мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмекті көрсету
тұрғындардың
сырқаттанушылығын, мүгедектігін және қайтыс болуын төмендетуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу
созылмалы аурулардан зардап шегетін адамдарға динамикалық бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру
қызметті жетілдіру және профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және оңалтудың жаңа технологияларын енгізу;
басқа денсаулық сақтау ұйымдарымен сабақтастық орн.
.
Слайд 5 МСАК мыналарды:
1) анағұрлым көп таралған ауруларды, сондай-ақ жарақаттарды, улануларды
және басқа шұғыл жағдайларды диагностикалау мен емдеуді;
2) отбасын, ана, әке
болу мен балалық шақты қорғауды, сондай-ақ отбасыны жоспарлауды
3) ТМККК шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз етуді;
4) профилактикалық іс-шараларды және қауіп факторларын айқындауды
5) ауруларды ерте айқындауға жүргізілетін скринингілік зерттеулерді;
Слайд 6
6) халықтың кең таралған патологиялық жағдайлар мен салауатты өмір
салтын қалыптастыру туралы хабардарлығының деңгейін арттыруды;
7) негізгі инфекциялық ауруларға қарсы
иммундауды;
8) тұрғындарды гигиеналық оқытуды және сумен қауіпсіз жабдықтау мен тұрғындардың оңтайлы тамақтануы жөніндегі түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;
9) инфекциялық аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізуді қамтиды.
Слайд 7Амбулаториялық-емханалық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі
– ТМККК) шеңберінде және ақылы негізде медициналық қызмет көрсетуге мемлекеттік
лицензиясы бар мемлекеттік және жеке меншік нысанындағы денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетіледі.
АЕҰ негізгі мақсаты халық денсаулығын сақтау және нығайту, оның амбулаториялық-емханалық көмекке мұқтаждықтарын қанағаттандыру болып табылады.
Слайд 8 :
ТМККК шеңберінде медициналық көмекті қамтамасыз ететін АЕК жұмысының
режімі демалыс және мерекелік күндері МСАК және КДК кезекші дәрігерлерінің
жұмысын қамтамасыз ету арқылы барлық мамандар және құрылымдық бөлімшелер үшін жылжымалы кесте бойынша сағат 08.00.-ден сағат 20.00.-ге дейін белгіленеді.
Слайд 9
МСАК дәрігерінің (жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт-дәрігер/педиатр) АЕҰ-дағы
қабылдау ұзақтығы күніне 5 сағаттан кем болмауы тиіс.
Амбулаториялық-емханалық күндізгі
стационар мен үйде жағдайларында да көрсетіледі.
Дәрігердің немесе орта медицина қызметкерінің үйге шақыртуға қызмет көрсетуін учаскелік қызмет (жалпы дәрігерлік) бөлімшесінің меңгерушісі, ол болмаған кезде учаскелік дәрігер (жалпы практика дәрігері) үйлестіреді.
Слайд 10
Шақыртуды қабылдау МСАК ұйымы жұмысының аяқталуына 2 сағат қалғанда
(18.00-ге дейін) аяқталады.
Мынадай айғақтар үйге шақыртуға болады:
1) пациентке өз бетімен
МСАК ұйымдарына баруға мүмкіндік бермейтін жіті ауырсыну жағдайы;
дене қызуының 38 С градустан жоғарылауы;
жай-күйінің айқын бұзылуы бар артериялық қысымның жоғарылауы; бірнеше рет қайталанып іштің өтуі;омыртқаның және жүруді тежейтін аяқ буындарының қатты ауырсынуалары;бастың айналуы, қатты жүрек айнуы, құсу;
Слайд 11
2) пациенттің өз бетінше емханаға баруына мүмкіндік бермейтін
созылмалы ауырсыну жағдайлары (онкологиялық аурулардың ауыр болуы, (I – II
топтың) мүгедектері, сл, аяқтың тілінуі);
3) айналасындағыларға қауіп төндіретін жіті инфекциялық аурулар;
4) тасымалдауға болмайтын пациент;
5) МСАК ұйымдарының жұмыс уақытында жедел медициналық жәрдем станциясынан берілген шақыртуларға қызмет көрсету.
Слайд 12МСАК ұйымының медицина қызметкерінің пациенттің үйіне, оның ішінде аула аралау
(пәтер аралау) арқылы белсенді баруы:
жіті аурулар, созылмалы аурулардың ушығуы
кезінде оның жағдайын, ауру ағымын бақылау және емдеуді уақытылы тағайындау (түзету) мақсатында;
инфекциялық ауру індетінің пайда болу қаупі орын алғанда немесе инфекциялық аурумен сырқат науқастар анықталған жағдайда тұрғындардың жеке тобының, олармен байланыс жасаған немесе инфекциялық аурумен сырқаттану күдігі бар тұлғалардың патронажы.
Слайд 13
Амбулаториялық – емханалық көмек медициналық ұйымнан айтарлықтай алыс
жерде орналасқан және (немесе) климаттық-географиялық жағдайлар есебімен нашар көліктік қолжетімділігі
бар елді мекендердің тұрғындарына медициналық көмек көрсету үшін бару орны бойынша ұтқыр медициналық бригадалар жылжымалы медициналық кешендерде, консультациялық-диагностикалық пойыздарда көрсетіледі.
Слайд 14
Фельдшерлік-акушерлік пункт, медициналық пункт мамандары халыққа амбулаториялық жағдайларда, үйде:
мыналардан тұратын МСАК (дәрігерге дейінгі) көмекті көрсетеді:
1) пациенттерге жіті
және созылмалы аурулар, жарақаттанулар, уланулар кезінде немесе басқа шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі және білікті медициналық көмек көрсетуді;
2) шұғыл медициналық, оның ішінде үйде көмек көрсетуді;
3) инфекциялық аурулар ошағында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізуді;
Слайд 15
Отбасы денсаулығы орталығы халыққа амбулаториялық жағдайларда, үйде, күндізгі стационарда,
үйдегі стационарда (дәрігерге дейінгі, білікті)
1) пациенттерге жіті және созылмалы
аурулар, жарақаттанулар, уланулар кезінде немесе басқа шұғыл жағдайларда дәрігерге дейінгі және білікті медициналық көмек көрсетуді;
2) үйде шұғыл медициналық көмек көрсетуді;
3) ауруларды ерте айқындау мақсатында пациенттерді зертеп-қарауды;
4) пациенттерді емдеуді;
5) пациенттерді № 492 бұйрыққа сәйкес емдеуге жатқызуға жіберуді;
Слайд 166) функцияларының бұзылулары бар, тіршілік әрекеті және жұмысқа қабілеттілігі шектелген
науқастарды оңалтуды;
7) диспансерлеу мен профилактикалық тексеріп-қарауды;
8) осы Ережеге № 2-қосымшаға
сәйкес ТМККК медициналық қызметтерінің көлемін көрсетуді;
9) тіркелген халықты № 786 бұйрыққа сәйкес дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді;
10) инфекциялық аурулар ошағында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізуді;
Слайд 17
Отбасы денсаулығы орталығының құрамында:
1) бөлімше меңгерушісінің кабинеті;
2) жалпы практика,
участкелік қызмет (терапевт/педиатр дәрігері) дәрігерлерінің қабылдау бөлмесі, мектепке дейінгі балалар
мекемелерімен және оқу орындарымен жұмыс жөніндегі педиатр дәрігерінің кабинеті;
3) акушер-гинеколог дәрігердің кабинеті;
4) күндізгі стационар;
5) қосымша бөлімшелер: медициналық статистика, талдау және ақпараттандыру бөлмелері, зарарсыздандыру кабинеті;
6) тіркеу орны;
7) дәрігерге дейінгі кабинет (сүзгі);
8) емшара кабинеті;
Слайд 18
9) егу кабинеті;
10) зертхана;
11) физиотерапиялық емдеу
кабинеттері;
12) химизатор кабинеті;
13) қақырық жинау кабинеті бар;
14)
профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің құрамында:
бөлімше меңгерушісінің кабинеті;
дәрігерге дейінгі кабинет;
акушерлік қабылдау (қарау) кабинеті;
әлеуметтік қызметкер/психолог кабинеті;
салауатты өмір салты кабинеттері бар.
Слайд 19Емхана – оның қызмет көрсететін ауданында тұратын тұрғындарға амбулаториялық-емханалық қызмет
көрсететін көпбейінді медициналық ұйым.
Слайд 20Емхана жағдайындағы амбулаториялық - емханалық көмек:
1) пациенттерге жіті және созылмалы
аурулар, жарақат, улану және басқа шұғыл жағдайларда кезінде дәрігерге дейінгі,
білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсету
2) шұғыл медициналық, оның ішінде үйде көмек көрсетуді
3) созылмалы ауру нысандары бар адамдарды динамикалық бақылауды
4) ауруларды ерте айқындау мақсатында пациенттерді тексеріп-қарауды;
5) пациенттерді «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде Емдеуге жатқызу бюросы арқылы стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру
Слайд 216) функцияларының бұзылулары бар, тіршілік әрекеті және жұмысқа қабілеттілігі шектелген
науқастарды ерте, жалғастырушы және кеш медициналық оңалту
7) денсаулық сақтау саласында
уәкілетті орган белгілеген тәртіппен профилактикалық тексеріп-қараулардың барлық нысандарын (скринингілік, жұмысқа тұратын кездегі алдын ала, мерзімді т.б.);
8) осы Ережеге № 2-қосымшаға сәйкес ТМККК медициналық қызметтерінің көлемін көрсетуді;
9) тіркелген халықты № 786 бұйрыққа сәйкес дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді;
10) инфекциялық аурулар ошағында санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізуді;
Слайд 22
11) науқастардың еңбекке уақытша жарамсыздығына сараптама жүргізуді;
12) № 907 бұйрыққа
сәйкес статистикалық есепті және есептілікті, оның ішінде электрондық форматта жүргізуді,
статистикалық деректерді талдауды;
13) бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана, стендтер мен көрнекі материалдарды ресімдей, сондай-ақ ауруларды профилактикалау және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша аудио-бейнематериалдарды тұрақты түрде холлдарда және күту орындарында прокатқа бере отырып ауруларды профилактикалау және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді;
14) шұғыл және дағдарыстық ахуалдар орын алғанда өзіндік-өзара көмек көрсету әдістеріне тұрғындарды оқыту жолымен халықты азаматтар денсаулығын қорғау процесіне тартуды;
Слайд 23 15) мектептерді, клубтарды, қолдау топтарын, қоғамдық кеңестерді ұйымдастыру, еріктілерді
және көшбасшыларды ұйымдастыруды;
16) халықты гигиеналық оқытуды;
17) отбасы мен ана,
әке болу мен балалық шақты қорғауды, оның ішінде отбасыны жоспарлауды;
18) қауіпсіз сумен жабдықтау және тұрғындардың оңтайлы тамақтануы жөнінде түсіндірме жұмыс жүргізуді;
19) иммундық профилактиканы ұйымдастыру мен жүргізуді;
20) профилактикалық және скринингілік бағдарламаларды іске асыруды;
Слайд 24
21) тіркелген халыққа психологиялық көмек және арнаулы әлеуметтік қызметтер
көрсетуді;
22) онкологиялық сақтық, туберкулезді және жыныстық жолмен берілетін ауруларды
айқындау, тиісті медициналық ұйымдарға айқындалған науқастар туралы ақпаратты уақытылы беру бойынша емдік-диагностикалық іс-шаралар жүргізуді;
23) емдеудің қолдау фазасында туберкулезбен ауыратын науқастарға химиотерапия жүргізуді;
24) медициналық оңалтуға және санаториялық-курорттық емдеуге іріктеуді;
25) дәрігерлердің және орта медицина персоналының біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды қамтиды.
Слайд 25
Емхана өзіне:
1) Отбасылық денсаулық орталығын (жалпы дәрігерлік практика
бөлімшесін/учаскелік қызметі);
2) профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесін;
3) консультациялық
– диагностикалық көмек бөлімшесін;
4) қосымша бөлімшелері (үй-жайларды) қосады.
Слайд 26
Консультациялық-диагностикалық көмек бөлімшесінің бейінді мамандары амбулаториялық жағдайда халыққа күндізгі
стационарда, үйдегі стационарда:
1) мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді;
2) зертханалық диагностикалық зерттеулер
жүргізуді;
3) уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен аурулардың жасырын нысандарын және қауіп факторларын ерте айқындауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар, скринингілік зерттеулер жүргізуді;
4) аурудың созылмалы түрлері бар адамдарды динамикалық бақылауды;
Слайд 27
5) емдеуге жатқызуға жіберілген пациенттерге емдеуге жатқызу үшін негізделген
айғақтарды ұсына отырып консультация беруді;
6) функциялары бұзылған, қабілеттілігі шектелген науқастарды
ерте, жалғастырулы және кеш медициналық оңалтуды;
7) науқастардың еңбекке уақытша жарамсыз-дығына сараптама жүргізуді, науқастардың уақытша еңбекке жарамсыздығын негіздеуді және еңбекке жарамдылық қабілетін тұрақты түрде жоғалтқан тұлғаларға сараптама жүргізуді;
8) статистикалық есепті және есептілікті жүргізуді, оның ішінде электрондық форматта, сондай-ақ статистикалық деректерді талдауды;
9) Салауатты өмір салтын қалыптастыруды, бейіндері бойынша денсаулық мектептерін ұйымдастыру мен жүргізуді қосатын мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.
Слайд 28 КДК құрамында
1) бөлімше меңгерушісінің кабинеті;
2) бейінді мамандардың консультациялық
қабылдау кабинеттері
3) сәулелік диагностика кабинеттері (рентген, флюрография, ультрадыбыстық диагностика
4)
функциялық диагностикалау кабинеттері;
5) эндоскопиялық зерттеу жүргізу кабинеттері;
6) хирургиялық бейін төсектері бар амбулаториялық хирургия орталығы (күндізгі стационар) бар.
Слайд 29Халыққа медициналық-санитарлық алғашқы көмек: амбулаторлы-емханалық, стационар алмастырушы,жедел медициналық көмек түрінде
көрсетіледі.
Слайд 31
Күштілері:
1.МСАК бағдарламасының пайдалылығы.
2.2010жылға қарай МСАК-ні 40%-дан жоғары қаржыландыру.
3.Кадрларды дайындау және
қайта дайындау,соның ішінде ЖТД және денсаулық сақтау менеджерлері.
4.МСАК обьектерін салу,жөндеу,материалды-техникалық
қамтамасыздау, санитарлы көлікпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
5.Стационаралмастырушы технология (күндізгі стационар, үйдегі стационар).
6.МСАК обьектілерінің нәтижелі қызметі стационар мен жедел жәрдем станциялары қызметінің жүктемесін жеңілдетеді (медициналық көмек көрсету арзандайды)
7.денсаулық сақтау жүйесінің алдын алу шаралары, денсаулыққа жауапкершілікті адамдар мен мемлекет арасында бөлу,қоғамдық денсаулықсақтау мәселелерін шешу.
Слайд 32Мүмкіндіктері:
1.Денсаулық сақтаудың жеткілікті қаржыландырылуы (ВВП 4 – 6% ), МСАК-ға
40%-дан жоғары бөлінеді.
Мамандандырылған кадрларды дайындау.
3.Материалды-техникалық қамтамасыздау және денсаулық сақтау
ұйымдарын салу.
4.Көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жоғарылату.
5.Жаңа технологияларды пайдалану.
Слайд 33Әлсіздері:
1.ЖТД және денсаулық сақтау менеджерлерінің жеткіліксіздігі, және олардың дәрежелерінің жеткіліксіздігі.
2.Айлық
еңбекақының төмендігі және ЖТД-ң әлеуметтік қолдауының болмауы
3.МСАК обьектілерінің материалды-техникалық қамтамасыздануының
төмен деңгейі
4.Бағдарламаны іске асыруға уақыттың аз болуы.
Слайд 34Қауіп-қатерлер:
1.Елде және дүниежүзіндегі саясаттық жағдай.
2. Елде және дүниежүзіндегі экономикалық жағдай
(дүниежүзілік дағдарыстар әсері).
Слайд 351.МСАК ұйымдарының қызметі тұрғылықты жері және/немесе бекітілген жері бойынша халыққа
медициналық көмек көрсету мақсатымен аймақтық принцип бойынша атқарылады .
2.
МСАК ұйымдарының жұмыс кестесі демалыс және мейрам күндері кезекші дәрігерлердің жұмысын қамтамасыз етуге денсаулық сақтау басқармасының жергілікті мемлекеттік органдарымен бекітіледі.
3. МСАК өзіндік ұйымдары заңды тұлға ретінде қарастырылады, штамп, мөрі, өзінің атауымен бланкасы болады.
Слайд 36МСАК ұйымдары
типизацияға дейін
типизациядан кейін
МРП – медицинский работник без помещения
ФП –
фельдшерский пункт
ФАП – фельдшерско-акушерский пункт
ВА – врачебная амбулатория
СВА – сельская
врачебная амбулатория
СВА – семейная врачебная амбулатория
СУБ – сельская участковая больница
Емханалар
МП
ДА
БМСК орталығы
Емхана
МРП
ФП
ФАП
СВА
СУБ
Слайд 372006жылдың 1 қаңтарындағы АМСК жиынтығы
Слайд 38 № 1304 ҚРПП ауылдық ауруханалырдың жиынтығы
Слайд 39Бастапқы медико-санитарлық көмек ұйымдарының мемлекеттік нормативтері мен номенклатурасы (от 28
декабря 2005 года № 1304)
1. Емхана
(10000-ан аса тұрғыны бар халық
және аудан орталығы)
2. Алғашқы медико-санитарлы көмек орталығы
(5000-10000 мың тұрғыны бар пункттар)
3. Дәрігерлік амбулатория
(2000-5000 мың тұрғыны бар пункттар )
4. Медициналық пункт
(50-1000 мың тұрғыны бар пункттар жақын орналасқан БМСК ұйымына 5 км-ден аспайтын қашықтықта орналасқан пункттар)
Слайд 40Ауылдық АМСК: қолжетімділігі және сапасы
ЖДА/ ФАП құрылымын сақтау
Жеке кепілдендірілген бюджеттік
бағдарлама арқылы қаржыландыруды жоғарлату
ЖДА/ФАП арналған бөлек есептер мен субесептер
Медициналық көмек
сапасы мен көлемін жоғарлату
Материалды-техникалық базаны нығайту
Слайд 41Медициналық пункт – тіркелген халыққа дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсететін
АМСК орталығының құрылымдық бөлігі.
13.БМСК ұйымдарында алғашқы медико-санитарлық көмек жалпы
тәжірибелік дәрігерлермер, аймақтық терапевт және педиатрлармен акушер-гинекологтармен, басқа да мамандармен, жалпы тәжірибелік мейірбикелермен,аймақтық мейірбике, фельдшер, акушеркамен және басқа саладағы мейірбикелермен іске асады.
Слайд 42Жалпы тәжірибелік дәрігер ( ЖТД) – бұл медициналық-санитарлық алғашқы көмек
көрсетуге көп салалы дайындықтан өткен, жасы мен жынысына қарамай ересек
пен балаларды қабылдай алатын,жедел медициналық көмек көрсете алатын,алдын алу және реабилитациялық шаралар жүргізе алатын,салауатты өмір салтын қалыптастыратын,медициналық - әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесе алатын маман.
Слайд 43ЖТД қызметіне жоғарғы медициналық білімі бар,интернатураны немесе клиникалық ординатураны «Жалпы
дәрігерлік тәжірибе» мамандығымен бітірген,кәсіби дайындықтан өткен, ЖДТ бойынша сертификат алған
маман тағайындалады.
Жалпы тәжірибе мейірбикесі – мейірбике ісінің маманы, ЖТД бірге қызмет жасайтын, халыққа дәрігерге дейінгі көмек көрсететін, диагностикалық,емдік,алдын алу және реабилитациялық шаралар жүргізуге көмектесетін маман.
Слайд 4422. Лабораторлы-диагностикалық бөлім(кейін - ЛДБ) диагноз қою үшін дигностикалық және
лабораторлы зерттеулер жүргізуге арналған.
23. ЛДБ құрамына лаборатория, УЗД ,рентген,эндоскопиялық зерттеулер
кабинеті, функциональды диагностика кіреді.
24. Күндізгі стационар, кабинеттер: екпелер жасайтын, процедура, физиотерапиялық ем және емдік дене шынықтыру (кейін - ЕДШ), алдын алу және диспансеризация, химизатор, дәріхана, жалпы тәжірибе немесе аймақтық қызмет құрылымымен ұйымдсатырылады.
25. Күндізгі стационар жұмысы Қазақстан республикасының денсаулық сақтау министрлігімен 2003ж 14 қараша № 840«стационаралмастырушы медициналық көмектіұйымдастыру жайында» расталады
Слайд 45БМСК ұйымдарының қызметі
1)денсаулық сақтау органдарымен бекітілген амбулаторлы , күндізгі стационар
жағдайда халыққа алғашқы медико-санитарлық көмек,мамандандырылған ,лабораторлы дигностикалық көмек көрсету
2)аймақтық
терапевт,педиаторлармен , акушер-гинекологтармен ,ЖТД-мен,мейірбикелермен алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету (аймақтық және жалпы тәжірибелік), акушеркалармен;
3) мамандармен арнайы медициналық көмек көрсету;
Слайд 464) лабораторлы-диагностикалық көмек көрсету;
5) аурулардың ерте және жасырын түрін анықтау
үшін алдын алу шараларын жүргізу;
6) санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды
жүргізу;
7) иммунопрофилактиканы ұйымдастыру және жүргізу;
8) денсаулық сақтау,аурулардың алдын алу жайында халыққа үйрету;
9) БМСК мамандарымен мамандандырылған көмек алу үшін, лабораторлы-диагностикалық қызметтер,стационарға жатып емделу үшін халықты бағыттау;
Слайд 47
30. Медпункттың негізгі қызметтері:
1) Дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету;
2)
дәрігер тағайындауын орындау;
алдын алу шараларын жүргізу және эпидемияға қарсы шараларды
жүргізу;
4) иммунопрофилактиканы ұйымдастыру және жүргізу;
5) денсаулық сақтау,аурулардың алдын алу жайында халыққа үйрету;
6) жоғары дәрежелі медициналық көмек алуға бағыттау;
7) тіркелген халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыздау.
Слайд 4831. Жалпы тәжірибелік дәрігер міндеттері:
1) денсаулық сақтау,әлеуметтік медицина, менеджмент, медициналық
статистика негіздерін білу;
2) жиі кездесетін әртүрлі жастағы аурулардың симптомдары мен
синдромдарын,алдын алуын, асқынуын,реабилитация мүмкіндіктерін,дәрілердің жанама әсерлерін білу;
Слайд 493) алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету;
4) алдын алу тексерулерінен өткізу;
5)
халықты санитарлы –гигиеналық оқыту ;
6) аурулардың ерте және жасырын
түрін анықтау үшін алдын алу шараларын жүргізу,салауаты өмір салтын қалыптастыру;
7) науқастарды кеңес алуға жіберу
Слайд 509) жүргізу:
Заңға сәйкес БМСК ұйымдарымен халыққа лабораторлы –аспаптық зерттеуді қолдана
отырып,диагностика жүргізу;
амбулаторлы, күндізгі стационар және үйдегі стационарда науқастарды
емдеу;
Балалар патронажы,соның ішінде жаңа туған бала мен жүкті әйелдер;
Эпидемияға қарсы шаралар мен ммунопрофилактика;
10) тіркелген жұқпалы ауруға,тағаммен және кәсіби улануға күманданғанда, мәлімдеу;
Слайд 51БМСК ұйымдарының типтік штаты мен штаттық нормативтері қазіргі Жағдайдың 3
қосымшасына сәйкес анықталады.
Слайд 52БМСК ұйымдарының типизациясы заңға сәйкес 2005 ж 28 желтоқсанынан №
1304
«Қазақстан республикасының тұрғындарына алғашқы медико-санитарлық көмекті ұйымдастыру шаралары жайында»
Медицинский
работник без отдельного помещения (от 50 до 300 чел. населения)
Фельдшерский пункт
(от 300 до 800 чел. населения)
Фельдшерско-акушерский пункт
(от 800 до 2000 чел. населения)
Семейная врачебная амбулатория
Сельская врачебная амбулатория
Сельская участковая больница
Центры ПМСП
- от 5000 до 10000 чел. населения
Врачебная амбулатория
- от 2000 до 5000 чел. населения
- от 1000 до 2000 чел. населения
в сельских округах
Медицинский пункт
- от 50 до 500 чел. населения - 1 СМР
- от 500 до 1000 чел. населения - 2 СМР
1 СМР
2 СМР
3 СМР
Слайд 53МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ
50-ден 2000-ға дейінгі тұрғыны бар аймақта
МРП
ФП Медициналық пункт
ФАП
МРП 1 СМР (50-300)
1 СМР (50-500)
ФП 2 СМР (300-800)
ФАП 3 СМР (800-2000) 2 СМР 500 -1000
762 ауылдық округта 1000- 2000 халқы бар жерде ФП немесе ФАП базасында дәрігерлік амбулатория ашылуда
Слайд 54Жалпы тәжірибелік мамандар қызметіне бекітіледі:
1 учаскелік терапевт қызметіне тіркелген
халықтың ересегі- 2200адам;
1 учаскелік педиатр қызметіне тіркелген халықтың балалар саны-
900адам;
1 акушер-гинеколог қызметіне тіркелген 3300 әйел;
1 аймақтық мейірбике қызметіне1 учаскелік терапевт;
1 аймақтық мейірбике қызметіне1 учаскелік педиатр;
Фертильды жастағы 3300 әйелді қабылдау қызметіне 1 акушерка. 3300 және одан аса тіркелген әйел болған жағдайда акушеркалардың саны акушер-гинеколог дәрігерлер санына сәйкес алынады.
Слайд 5550-300 адам саны бар орынға 1 орташа медициналық қызметкер жеке
отыратын бөлмесіз (медбике/фельдшер);
300-800 адам саны бар орынға 1 орташа
медициналық қызметкер фельдшерлық пунктта;
800-2000 адам саны бар орынға 2 орташа медициналық қызметкер фельдшерлық-акушерлік пунктта(мейірбике/фельдшер және акушерка)
бұл норматив2000 адамға дейін тұрғыны бар, ауылдық округтың орталығы болмайтын, адамдар тұратын пунктта орналасқан және медициналық пункттарда бекітіледі.
Слайд 56АМСК ұйымдарының типті штаттары және штатты нормативтері I. Емхананың типті
штаттары және штатты нормативтері :1) әкімшілік
Слайд 572)Жалпы тәжірибе және/немесе учаскелік қызмет бөлімінің типті штаттары және штатты
нормативтері
Слайд 61III. Дәрігерлік амбулаторияның
типті штаттары және штатты нормативтері
Слайд 64IV. Медициналық пункттың типті штаттары және штатты нормативтері
Слайд 65Денсаулық сақтау ұйымдарының мемлекеттік нормативі
10000 аса тұрғыны бар аудан орталықтарында
емхана құрылады.
3. 5000-10000 тұрғыны бар әкімшілік территориалды бірліктегі аймақта
БМСК Орталығы құрылады.
4. 2000-5000 тұрғыны бар аймақта, сонымен қатар, 1000-5000 тұрғыны бар ауылдық округта дәрігерлік амбулатория ашылады.
5. Жақын орналасқан БМСК ұйымына дейін 5 км-ден асқан аймақта,50-1000 тұрғыны бар болса медициналық пункт ашылады.
Слайд 66БМСК – ЖДТ персоналымен ұсынылатын, адам, жанұя, қоғам деңгейінде медициналық
қызметтер көрсететін дәрігерге дейінгі және жоғары дәрежелі медициналық көмек.
БМСК
ұйымдарына және оның құрылымдық бөлімдеріне жатады:
1.емхана;
БМСК орталығы;
3) дәрігерлік амбулатория;
4) медициналық пункт.
Емхана – тіркелген халыққа амбулаторлы-емханалық, мамандандырылған және жоғары дәрежелі көмек көрсететін, заңды тұлға болып табылатын медициналық ұйым.
Слайд 67Емхана құрылымына жалпы тәжірбелік дәрігерлер бөлімі(учаскелік дәрігерлер), кеңес беру-диагностикалық бөлім,
күндізгі стационар (10 төсектен аса) және қосымша қызметтер кіреді.
Слайд 68БМСК орталығы– тіркелген халыққа мамандандырылған және жоғары дәрежелі көмек көрсететін,
заңды тұлға болып табылатын медициналық ұйым. БМСК орталығының құрылымына жалпы
тәжірбелік дәрігерлер бөлімі(учаскелік дәрігерлер), лабораторлы-аспаптық-диагностикалық бөлім, күндізгі стационар (10 төсектен аса) және қосымша қызметтер кіреді. БМСК орталығының құрылымына амбулатория да кіруі мүмкін.
Бір жалпы тәжірибелік дәрігерге 2000 тіркелген тұрғын(ересек және бала ) қаралады.
Слайд 69БМСК ұйымдарының негізгі қызметтері:
1) денсаулық сақтау органдарымен бекітілген амбулаторлы ,
күндізгі стационар жағдайында және үй жағдайында халыққа мамандандырылған медициналық көмек
көрсету;
2) аурулардың ерте және жасырын түрін анықтау үшін алдын алу шараларын жүргізу,салауаты өмір салтын қалыптастыру ;
3) санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу;
4) иммунопрофилактиканы ұйымдастыру және жүргізу;
5) АМСК мамандарымен мамандандырылған көмек алу үшін, лабораторлы-диагностикалық қызметтер,стационарға жатып емделу үшін ,санаторлы-курортты ем алуға халықты бағыттау;
Слайд 70. Дәрігерлік амбулатория – халыққа жоғары дәрежелі медициналық көмек көрсететін,
өзіндік заңды тұлға болып табылатын, АМСК орталығының құрылымдық бөлігі немесе
жалпы тәжірибе болатын және/немесе аймақтық бөлімі болып табылады.
1 Дәрігерлік амбулатория құрамына жалпы тәжірибе болатын және/немесе аймақтық бөлімі, күндізгі стационар(5 орын) және қосымша қызметтер кіреді. Дәрігерлік амбулатория құрамына медициналық пункттар кіруі мүмкін.
Слайд 71Дәрігерлік амбулатория 2000-5000 тұрғыны барпункттерде,сонымен қатар, 1000-2000 адамы бар ауылдық
округ орталықтарында орналасады
Жанұялық ДА
ДА
Ауылдық ДА
Слайд 72Медициналық пункт – тіркелген халыққа дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсететін
БМСК орталығының , дәрігерлік амбулаторияның құрылымдық бөлігі.
Слайд 731) дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету;
2) дәрігер тағайындауын орындау;
3)
санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу
4) иммунопрофилактиканы ұйымдастыру және
жүргізу;;
5) денсаулық сақтау,аурулардың алдын алу жайында халыққа үйрету;
6) жоғары дәрежелі медициналық көмек алуға бағыттау;
7) тіркелген халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыздау.
Слайд 74Күтілетін нәтиже
Алдын алу және емдеу шаралар көлемі жоғарылайды, науқастарды диспансерлеу
сапасы жоғарылайды, БМСК деңгейінде тегін кепілдендірілген көмек есебінен еңбекке қабілеті
жоғалуның деңгейі азаяды;
Стационар алмастырушы технологияларды пайдалана отырып,стационардан амбулаторияға қарай медициналық көмекті бөлу
Слайд 75Медициналық көмек көрсетудің барлық этаптарында оған қолжетімдігі жоғарлайды;
Қаржыландыру жүйесі іске
асады, тегін кепілдендірілген медициналық көмекті қаржыландыру тапшылығы жойылады,өзара есеп механизмдері
енгізіледі;
Слайд 76БМСК денсаулық сақтау ұйымдар жұмысының мақсаттық көреткіштері:
Тіркелген халыққа вакцинация жоспарын
орындауүлесі
Тіркелген халыққты диспансеризациялау үлесі
АМСК жұмысы барысында тіркелген халықтың жедел
медициналық жәрдемді қажет етуі(1000 тұрғынға шақырулар саны)
«Д» тобында госпитализация деңгейі
Слайд 77Госпитализацияға себепсіз жіберу
III-IV кезеңдегі онкологиялық арулары бар алғаш анықталған науқастардың
болуы
Дәлелдемелі шағымдардың болуы
Профилактикалық медициналық тексерулер жоспарын орындау
Емхана
және стационар диагнозының сәйкес келмеуі
Тіркелген халықта перинаталды,ана және нәресте өлім жадайының болуы
БМСК деңгейінде қаралатын аурулардың стационарда өлім жадайының болуы
Слайд 78Осылайша бұл салада бірқатар жағымсыз жағдайларды бөліп қарастыруға болады.
Медициналық
көмек көрсетудің бірізділігі бұзылады
Медициналық көмек көрсетудің сапасы мен көлемі жағынан
теңсіздіктің болуы
Денсаулық сақтау жүйесінің және ұйымдардың қызметін бағалау мониторингісінің қалыптаспағаны
Дәрілік заттарды алғанд бірегейліктің болмауы
Денсаулық сақтау жүйесін басқарудың және басқа да мемлекеттік басқармалармен әлсіз координацияның болуы
Слайд 79БМСК дәрігерлері «диспетчерлік қызметтерге» ие болды: амбулаторлы науқастарды мамандарға кеңес
алуға жіберу деңгейі тым жоғары
Стационарлы емге көрсеткіштер жоғарылап, төсекорын
саны жылсайын артуда,
Медициналық көмектің қымбаттауы
Мемлекеттік денсаулық сақтау жүйесі жекеден бөлінбеген
Салада дайындықтан өткен жоғары дәрежелі менеджерлердің болмауы
денсаулық сақтау жүйесі қызметі сала ішілік мәселелер мен ғана шектеле алмайды
халық денсаулық сақтау жүйесін басқаруға белсенді қатыса алмайды
Слайд 80Бастапқы медико-санитарлық көмектің ең жақсы жүйесін қалай құруға болады
Денсаулық сақтау
жүйесі біраз өзгерісті басынан өткізуі керек.
Қаржыландыру стратегиясы талаптарға сай
болуы керек.Бүтіндей алғанда, БМСК денсаулық сақтау бюджетінен көп үлесңн алуы керек.
БМСК мен қоғамдық денсаулық сақтау жүйелерін қаржыжағынан ынталандыру.
Слайд 81Медициналық кадрларлың реформасын іске асыру. Соңында дәрігерлердің барлығы ЖТД болуы
қажет (жанұялық дәрігер).
ЖТД рөлін анықтап, статустын жоғарлату(жанұялық дәрігер).
Интеграцияланған көмек
көрсетудің жаңа үлгісін құру.
Медициналық тәжірибе адамдар талаптарына сай болуы қажет.
Бастапқы медико-санитарлық көмектің ең жақсы жүйесін қалай құруға болады(жалғасы)
Слайд 82Жақсы дайындалған ЖТД пайдалану (жанұялық дәрігер).
Әр адам өзінің дәрігерінің аты-жөнін,
әр дәрігер өзінің науқастарын білуі қажет.
Әр елде кәсіби ассоциацияларды/ ЖТД
(жанұялық дәрігер) бекіту. Осы мамандық дәрігерлерінің жетістікке жетуі.
ЖТД (жанұялық дәрігер) үнемі кәсіби жоғарлауы. Үздіксіз медициналық білім беру, қайта аттестациялау жүйесін ынталандыру.
Медициналық-санитарлық алғашқы көмектің ең жақсы жүйесін қалай құруға болады.
Слайд 83Медициналық білім талаптарға сай болуы қажет. Медициналық білім ұлттық денсаулық
сақтау жүйесінің болашағын анықтайды.
ЖТД-ны жеке ғылым ретінде қарастыру (жанұялық медицина).
Негізгі
медициналық білімнен соң ЖТД бойынша арнайы дайындықты қамтамасыз ету(жанұялық медицине) .
МСК және алдын алу шаралар бойынша зерттеулер жүргізу.
МСАК жетістіктері жайында мәліметті тарату.
Медициналық-санитарлық алғашқы көмектің ең жақсы жүйесін қалай құруға болады (жалғасы)