жастарға байланысты. Қазіргі уақытта жастардың сапалы білім алуы, дұрыс мамандықты
таңдауы жәнеде қоғамнан өз орнын табуы мемлекеттің болашағы үшін ең өзекті тақырыпқа айналған.Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы қоғам үшін маңызды. Жолдауда халықтың әл-ауқатын жақсарту, тұрмыс сапасын арттыру, білім саласын, денсаулық сақтау саласын жаңа деңгейге көтеру, еліміздің білімді жастарын қолдау сияқты әлеуметтік мәселелер қарастырылды.
«Қазақстанның болашағы саналатын жастарды қолдауымыз керек. Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясатының басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын», — деген Елбасының ұстанымы еліміздің тірегі – жастар мәселесіне жете мән бергендігімен аса маңызды деп ойлаймын.