Парасаттылық ұғымы ақылдылық пен білімпаздық, мәдениеттілік, көрегенділік, зерделілік мағынасында қолданылады.
Имандылық –
адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі.– Əкем – менің идеалым. Ол маған нағыз əке бола білді. Əке деген сөзге сыятын барлық қасиетке, барлық жақсылыққа, барлық кереметке ие. Әрбір әкенің парызы өз перзенттіне дұрыс есім қойып, дұрыс тәрбие беру. Әрбір бала үшін өз әкесінен ұлы тұлға жоқ деп ойлаймын. Менің осылай ешкімнен кем болмай жүруім, талайға арман болған ҚазҰУ-де оқуым ол ата-анамның арқасы деп білемін.