Слайд 1№1 акушерия және гинекология кафедрасы
Дәріскер: м.ғ.к., доцент
Садуакасова Шынар Мураткызы
Репродуктивтік
денсаулық пен оны қорғау түсініктері.
Етеккір қызметінің нейроэндокринды реттелуі. Әйел
репродуктивті жүйесінің клинико-физиологиялық ерекшеліктері.
Слайд 2Дәріс жоспары
Репродуктивтік денсаулық пен оны қорғау түсініктері
Етеккір қызметінің нейроэндокринды реттелуі
Қалыпты
етеккір циклы және оның компоненттері туралы түсінік
Әйел репродуктивті жүйесінің клинико-физиологиялық
ерекшеліктері
Слайд 3
- әйелдің сыртқы және ішкі жыныс мүшелерінен құралатын, ұрықтану, жүктілік
және лактация үрдістеріне тікелей қатысатын нейроэндокриндік жүйе.
Репродуктивті жүйе антенаталды
кезеңнен бастап дамып 18 жаста функционалды белсенділігіне жетеді.
45 жастан қызметі төмендейді,
55 жастан бастап функциясы мүлдем тежеледі.
Әйел репродуктивтік жүйесі (РЖ) –
Слайд 4
Репродуктивтік денсаулық – адамның дені сау ұрпақ қалдыру қабылеттілігін көрсететін
денсаулық
ҚРның Репродуктивтік құқықтар және олардың сақталуы кепілдігі туралы заңы
№ 565-II 16 маусым 2004 ж
Слайд 5
ҚРның Репродуктивтік құқықтар және олардың сақталуы кепілдігі туралы заңы №
565-II 16 маусым 2004 ж
Репродуктивтік құқықтар –
ҚР азаматтарының репродуктивтік
денсаулықтарын қорғауға құқығы,
заңды некеде немесе некесіз бала көтеру немесе көтермеуге шешім қабылдау,
бала көтеру және босану әдістерін,
бала санын, босану уақытын және босанатын жерін таңдау,
бала босану арасындағы интервалды таңдау
және медициналық әлеуметтік, ақпараттық және консультативтік көмек алуға құқығы.
Слайд 64 тармақ. Репродуктивтік құқықтардың сақталуының мемлекеттік кепілдіктері
ҚР азаматтарына мемлекет келесі
кепілдіктер береді:
Репродуктивтік таңдаудың тәуелсізділігі
Репродуктивтік десаулықты және репродуктивтік құқықты қорғауға
Медициналық көмектің
тиімділігі
Бала көтеру туралы шешім қабылдау
Дәрігерлік құпияны және жеке өмір құпиясын сақтауға
Слайд 73 тармақ. Репродуктивтік құқықтар және олардың орындалуы кепілдіктері
ҚР азаматтарының келесі
құқықтары бар:
Тәуелсіз репродуктивтік таңдау жүргізуге
Репродуктивтік денсаулықты қорғау және жанұяны жоспарлау
бойынша көмек алуға
Өзінің репродуктивтік денсаулығы туралы толық ақпарат алуға
Репродуктивтік денсаулығын жүктілік, босану және босанудан кейінгі кезеңде қорғауға
Бедеулікті емдеуге, оның ішінде ҚР рұқсат берілген қосымша репродуктивті технологиялар қолдану арқылы
Слайд 83 тармақ. Репродуктивтік құқықтар және олардың орындалуы кепілдіктері
Жыныс жасушаларының доноры
болуға немесе донор алуға
Жоспарланбаған жүктіліктен қорғану әдістерін (контрацепция) қолдануға
Хирургиялық стерилизацияға
Жүктілікті
жасанды үзуге
Репродуктивтік құқықтарын қорғауға
Өз репролдуктивтік құқықтарын қолданғанда басқа азамттардың репродуктивтік құқықтарын сақтау
Адамды клондауға тиым салынады
Сексуалдық құқық - ҚР әр азаматының өзіне сексуалдық партнер таңдауға құқығы.
Слайд 9 Ішкі әйел жыныс мүшелерінің құрылымы
Слайд 10Жатырдың дамуы
Өмірдің алғашқы бірінші жылдарында жатырдың өлшемдері кішірейеді. Оның ұзындығы-
2,5 см, салмағы 2,5 г тек қана 6 жасқа қарай
жатырдың салмағы жаңа туылған нәрестегідей болады, жатырдың мойнымен денесінің қатынасы өзгереді – бірінші жылдың соңына 2:1, 8 жасына 1,4:1, 3-4 жаста жатыр кіші жамбас қуысына түседі.
Слайд 11Жатырдың дамуы
Жатырдың өсуі 8 жастан басталады, әсіресе 10-11 жаста
12-13
жаста жатыр мойнымен денесінің арасында бұрыш пайда болады, кіші жамбаста
жатыр физиологиялық қалпында орналасады, жатыр мойнының денесіне қатынасы– 1:3
Слайд 13Балалық кезең. Гормоналдық тыныштық кезеңі,
немесе"нейтралды", 6-7 жасқа дейін
1
жасқа дейін - сәбилік шақ
1-3 жас – ерте балалық шақ
4-7
жас – кеш балалық шақ Гормондардың өндірілуі шамалы. Балалардың жыныстық айырмашылығы сыртқы келбетіне қарағанда тіпті шамалы. Балалық шақта гипоталамо-гипофизарлық жүйесі жетілмеген, бұл аденогипофиз бен гипоталамустың эстрадиолдың аз мөлшеріне жоғары сезімталдығымен айқындалады.
Слайд 14Балалық кезең. Гормоналдық тыныштық кезеңі,
немесе"нейтралды", 6-7 жасқа дейін
Бұл
кезеңде фолликулдар қызметін атқармайды, тыныштық кезеңіне кіреді, яғни туылу кезінде
жыныстық жасушалардың бөлінуі толығымен тоқталады.
Слайд 15Препубертаттық кезең (8-9 жас)
8-жасына (балалық шағының соңына) гипоталамо-гипофиз-ана без
жүйесінің түгел 5 денгейі қалыптасады, оның белсенділігі теріс кері байланыс
принципімен реттеледі.
Гипоталамуста ГнРГ шағым мөлшерінде өндірілуі орын алады, ЛГ, ФСГ- ның ацикликалық бөлінуі.
Слайд 16Препубертаттық кезең (8-9 жас)
Эстрогеннің бөлінуі төмен, фолликулдың жетілуі сирек
және симптомсыз болып табылады.
Бойының кенет көтерілуі табылады,
Феминизацияның алғашқы белгілері
пайда болады (сандары домаланады),
Әйел жамбасы қалыптасады (8-9 жас).
Слайд 17Пубертаттық кезеңнің I фазасы
10-13 жас
ГнРГ бөлінуі ырғақты қалыппен иемденеді,
гонадотропиндердің (ЛГ, ФСГ) синтезі нығайтылады, бұл ана бездеріндегі эстрогендердің синтезін
ынталандырады.
Сүт бездері ұлғаяды – телархе
Қасағаның түтіктелуі басталады (10-12 жас) - пубархе
Алғашқы еттекір– менархе – пубертаттық кезеңнің
I фазасын аяқтайды (13 жас)
Слайд 18 Жыныстық жетілу кезеңі қатаң бір белгілі дәйекте өтеді
(телархе, пубархе, менархе, аксилярхе).
Слайд 19Пубертаттың кезеңнің II фазасы–
14-17 (18 жас)
Үзілді-кесілді әйел жамбасы қалыптасады.
Алғашқы
менструалдық циклдер ановуляторлық болады
Пубертаттық кезеңнің соңына менструалдық цикл овуляторлық болып
қалыптасады.
Слайд 2018-45 жас – репродуктивтік кезең
18-35 жас – ерте репродуктивтік кезең
36-45
жас – кеш репродуктивтік кезең
46-50 жас – пременопауза
50-65 жас –
менопауза
65 жастан жоғары - постменопауза
Слайд 21Биологиялық тосқауылдар – әйел организміндегі анатомо- физиологиялық қорғаушы құрылымдар
1. Жыныс
қуысының жабық болуы, қынапты сыртқы ортадан бөліп тұрады.
Слайд 22Биологиялық тосқауылдар
2. Қынаптың қышқыл ортасы pH = 4- 4,5.
Қынап аналық безінің белсенділігіне тәуелдене отырып, өзін тазарта
алады. Эстрогеннің әсерінен қынаптың көпқабатты жалпақ эпителийінде гликоген түзіледі, қынаптың қалыпты микрофлорасының әсерінен – Додерлейн таяқшалары- сүт қышқылына дейін ыдырайды. Қынапта сүт қышқылының концентрациясы 0,3-0,5% құрайды, және ол патогенді микробтардың дамуын тежейді.
Додерлейн таяқшалары
Слайд 23Қалыпты жағдайда қынап pH = 4-4,5
Слайд 24Биологиялық тосқауылдар:
3. Жатыр мойны цервикальды өзегіндегі секретінің бактерицидті әсері.
Слайд 25Биологиялық тосқауылдар:
4. Етеккір – жатыр шырышының ай сайын сылынуы. Жатыр
қуысына микроб енген жағдайда микробпен зақымданған функциональды қабат етеккір кезінде
сылынып түсіп, қабыну үрдісінің дамуын шектейді.
Слайд 26Биологиялық тосқауылдар:
5. Жатыр түтігінің интерстициальды бөлігіндегі сфинктердің болуы және жатыр
түтігі фимбрийінің жиырылу қабілетінің болуына байланысты қабыну үрдісін шектейді.
Фимбрий
Интерстициальды
бөлік
Слайд 27Репродуктивтік жүйенің реттелуі
ОНЖ
Гипоталамус
Гипофиз
Аналық бездер
Эндометрий
Слайд 28Етеккір циклының реттелуі
Репродуктивті жүйенің 5 деңгейін ажыратады:
I деңгей: нысана –
тіндер
Гормондардың тоқталу нүктесі:
жыныс мүшелері,
сүт бездері
терінің және шаштың фолликуллдары
тері асты май қабаты
сүйектер жатады
Слайд 29Етеккір циклының реттелуі
II деңгей: эндокринді без – аналық бездер
(гранулезді және
тека - жасушалар).
Ол жерде эстрадиолдың, прогестеронның және тестостеронның түзілуімен
сипатталатын стероидтар биосинтезінің күрделі процесі жүреді.
Слайд 30
III деңгей: гипофиз
Гипофиздың алдыңғы бөлігінен бөлініп шығатын гормондар қатысады
(ФСГ, ЛГ, пролактин, ТТГ, АКТГ, СТГ)
IV деңгей: гипоталамус
Гипофизарлы рилизинг- гормондар
(ГРГ) – либериндер мен статиндер түзіледі
V деңгей: ОНЖ
экстрагипоталамикалық құрылымдар.
Етеккір циклының реттелуі
Слайд 31Етеккір циклы деген -
әйел ағзасында жүретін циклдық күрделі биологиялық үрдіс.
Жыныстық жетілу кезеңінен басталады және 50-55 жасқа дейін созылады.
Слайд 32Етеккір – репродуктивті жүйе жағдайының негізгі көрсеткіші
Етеккір – әйел
жыныс жолдарынан кезеңдік қанды бөліністердің болуы.
Ол 2 фазалық менструалды
циклдың нәтижесінде эндометрийдің сылынуымен сипатталады.
Слайд 33Етеккір циклы ұзақтығы:
басталған етеккірдің бірінші күнінен келесі етеккірдің бірінші күніне
дейінгі аралықты айтамыз.
М.С.Малиновскийдің мәліметі бойынша (1957):
60% әйелдерде ұзақтығы 28 күн,
28% әйелдерде – 21 күн,
10-12% әйелдерде – 30-35 күн болады
Слайд 34Қалыпты етеккір циклының сыртқы параметрлары
Етеккір циклының ұзақтығы
21 күннен 35 күнге дейін
Етеккір бөлінділерінің ұзақтығы 2 күннен 7
күнге дейін созылады.
Етеккір күндері қан кету көлемі 40-60 мл (орта есеппен 50 мл құрайды)
Слайд 35Қалыпты еттекір циклы
құрамына үш компонент кіреді:
гипоталамус-гипофиз-аналық без жүйесіндегі циклдық өзгерістер,
(аналық бездік цикл);
жатырдағы циклдық өзгерістер, (жатырлық цикл);
ағзаның басқа қызметтеріндегі
көптеген физиологиялық ығысулар (“менструалды толқын”)
Слайд 36Аналық безі циклы 2 фазадан құралады
2 фаза – сары дененің
дамуы (лютеинді фаза)
1 фаза – фолликуллдың өсуі мен пісіп жетілуі,
овуляциямен аяқталады (фолликулинді фаза)
Слайд 37Жатырлық цикл
Имплантацияға дайындық
(эстрогендер)
(прогестерон)
Эндометрийдің қалыңдығы (мм)
0
4
8
Слайд 38Имплантацияға дайындығы
(эстрогены)
(прогестерон)
8
Жатырлық цикл
Слайд 39Етеккір циклының бұзылу себептері:
Шектен тыс психикалық күйзеліс
Қолайсыз әлеуметтік-тұрмыстық жағдай (гипо-,
авитаминоздар, ауыр физикалық жұмыс және т.б.)
Өндірістік зиянды факторлар (рентген, сәулелену
және т.б.)
Инфекциялық аурулар (тұмау, туберкулез, септикалық аурулар және т.б.)
Cоматикалық аурулар (ревматизм, анемия, гепатиттер және т.б.)
Көрші эндокринді бездер қызметінің бұзылыстары (қалқанша без, бүйрек үсті безі аурулары)
Слайд 40Етеккір цикл бұзылыстарының жіктелуі:
Аменорея – етеккірдің 6 айдан аса болмауы.
Циклдық
бұзылыстар:
етеккір ритмділігінің бұзылысы
(пройоменорея, опсоменорея)
- етеккір уақытының ұзақтығының
бұзылысы (полименорея, олигоменорея)
- етеккір мөлшерінің бұзылысы
(гипоменорея, гиперменорея)
Аномальды (дисфункционалды) жатырдан қан кетулер (АЖҚ):
- Овуляторлық
- Ановуляторлық
Альгодисменорея – ауру сезімді етеккір
Гипоментсруальды синдром – сирек, аз күн, аз мөлшердегі етеккірдің келуі.
Слайд 41Репродутивті денсаулықты сақтау бойынша алдын-алу шаралары
Стресстердің, психикалық жүйке ауруларының алдын
алу және емдеу,
тамақтанудың бұзылуының, витаминдердің жетіспеушілігінің алдын-алу;
өндірістік зияндықтарды шектеу,
инфекциялық ауруларды емдеу,
экстрагенитальды патологияларды емдеу,
түсіктен, босанғаннан кейінгі асқынулардың алдын алу болып табылады.
Слайд 42Кері байланыс
Репродуктивті жүйенің реттелуінің неше деңгейі бар?
Қалыпты етеккір циклының
сыртқы параметрлерін атаңыздар
Етеккір циклы неше компоненттен тұрады?
Аналық бездік цикл неше
фазадан тұрады?
Жатырлық цикл неше фазадан тұрады?
Слайд 43Назар аударып тыңдағандарыңызға рахмет!