Разделы презентаций


Орындаған: Клн-21

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Орындаған: Клн-21
1-НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ

КҮНІ

Орындаған: Клн-21       1-НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ

Слайд 2


Алғыс айту
 Әуелде, көне түркі тілінде алғыс сөзі (алкыш – algis) деп аталып, «мадақтау, ізгі тілек айту» мағынасында қолданылған. Сондай-ақ, алкыш алғыс кейбір түркі халықтарында, мысалы, алтайлықтарда өтіну, жалбарыну, сахаларда әртүрлі рух иелеріне арналған мадақтау, жалыныш деген мағынада қолданылады. Мұны, әсіресе, ислам дінін қабылдамаған жұрттың фольклорынан анық байқауға болады. Нұрсан Әлімбайдың пікірінше, алғыстың түптөркіні алас, аластау сөзінен, онтологиялық тұрғыдан келгенде аластау ғұрпынан бастау алады. Аластаудың негізгі мәні жамандық әкелетін жәдігөй немесе озбыр күштердің ықпалынан құтқару екендігі белгілі. Алғыстың да түпкі мәні – ризашылық білдіру арқылы жамандықтан ада болуды тілеу. Демек, алғыс алас сөзінің уақыт келе сан алуан логикалық, морфофонологиялық және фонетикалық контоминациялық түрленістің нәтижесі болып табылады

Слайд 3

Алғыс тек «ізгі ниетті» ғана білдірмейді.

Қазақта алғыс сөзі, әдетте, үлкен бір істің атқарылып біткен кезінде,

яки болмаса жас адамның үлкен қарияға жасаған игілікті іс-әрекетіне қатысты айтылады., қазақ алғысы ризашылық белгісі, игі іс атқарған адамға деген ерекше қатынасты көрсетеді. Сол себепті қазақ жастары үлкеннің алғыс-ын алуға тырысқан. Мәселен, олар тойда, аста жиналған үлкендердің алдынан шығып, аттарынан қолтықтап түсіріп, үйге енгізеді. Сол кезде риза болған ақсақал «Қарағым, ғұмырлы бол!» деп өзінің алғысын айтады. Немесе, үйде жағалай отырған адамдардың қолына су құйып, орамал беріп, қызмет етеді, ал келіндерге үлкендер «Көп жаса, шырағым!» деп ризашылық сезімін білдіреді. Сол сияқты жас келін үйге келген кісіге, яки жасы үлкен адамға ізет көрсетіп, сәлем етеді. Оған «Қалқам, өркенің өссін» деп, үлкен кісі өзінің ризашылық батасын айтады. Я болмаса жас адам үлкен кісінің әлдеқалай берген тапсырмасын дер кезінде ойдағыдай орындаса, қария оған «Жасың ұзақ болсын!» деген сияқты алғыс айтып, екі жақтың да көңілі хош болады. алғыс тұрмыспен, ғұрыппен тікелей байланысын жоғалтпаса да, ежелгі синкретті сипатын өзгертіп, негізінен, этикалық тұрғыда қолданысқа көшкен.

Алғыс тек «ізгі ниетті» ғана білдірмейді. Қазақта алғыс сөзі, әдетте, үлкен бір істің

Слайд 4
М.Әуезов шығармаларында қазақы алғыстың

мынадай түрлері айтылады: Алдыңнан жарылқасын; амандық шаттықпен көрісуге жазсын; аруақ

жар болсын; аруақ қолдасын; бақыл бол; жолыңа жұп шырақ; жолың болсын; көрісуге күн жақсы болсын; қадамың құтты болсын; қайырлы болсын; қайыры бірге болсын; қосағыңмен қоса ағар; байлар көбейсін; құдай көңіліңді өсірсін; құсың құтты болсын; қызығың ұзақ болсын; ойнар көбейсін; осы бетіңнен жарылқасын; өмір жасың ұзақ болсын; от анасын жарылқасын; өркенің өссін; садағаң келсін; сауық молайсын; сақтай гөр терістен; тие берсін; тілектерің тап болсын; тілеуің берсін; ұзағынан сүйіндір. Сонымен, дәстүрлі қазақы алғыс белгілі бір жанның жасаған жақсылығына (рухани, материалдық, институционалдық және т.б.) деген ризашылықтың когнитивтік образы болып табылады.
М.Әуезов шығармаларында қазақы алғыстың мынадай түрлері айтылады: Алдыңнан жарылқасын; амандық шаттықпен

Слайд 5
Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш

рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда

Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойған болатын.
Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. 2016

Слайд 7

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен

үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз

болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды.
Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген

Слайд 8

Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп,

қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай

тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Алғыс айту күні – күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды

Слайд 12


Әлем елдерінде    
АҚШ және Канада халықтары  Алғыс айту (Thanksgiving Day) күнін  қараша айының әрбір төртінші бейсенбісінде атап өтетін көрінеді. Атаулы күн алғаш рет 1621 жылы ағылшындық колонистердің бастамасымен тойланған. Қыс мезгілі өте ауыр болып, адамдар аштыққа ұшырағандықтан губернатор Уильям Брэдфорд қол астындағылардың көңіл-күйін көтеру үшін Алғыс айту күнін белгілейді. Айналадағы басқа да көршілер бұл дәстүрді жылы қабылдап, қаһарлы қысты аман-есен өткереді. Рақмет айту күнінің басты нышандарының бірі – түйе тауық. Себебі, ағылшындық колонистер мерекені алғаш тойлағанда орманда атылған төрт түйе тауықты жеген екен.


Слайд 13

Кейіннен, яғни, 1789 жылы Джордж

Вашингтон Рақмет айту күнін «Ұлттық мереке» деп жариялаған. Бұл күні барлық

отбасы міндетті түрде дастарқан басына жиналып, туыстарына жақсылық жасауға асығады, жақындарын қуанту үшін түрлі тосын сыйлар ойлап табады. Қаладағы метроларда ерекше үстелдер орнатылып, адамдар ақша, азық-түліктерін қайырымдылыққа әкеліп қояды. ХVІІ ғасырдан келе жатқан әр түрлі киімдерді киген тұрғындар шеруге шығып, думанды кештер ұйымдастырады
Кейіннен, яғни, 1789 жылы Джордж Вашингтон Рақмет айту күнін «Ұлттық мереке» деп жариялаған. Бұл

Слайд 14
Назарларыңызға рахмет!!!

Назарларыңызға рахмет!!!

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика