Слайд 1
Орындаған:
Тексерген:
2010-ж
Тақырыбы: Жүрек - қан тамырлар жүйесі
Слайд 2Жоспар.
1. Жүрек. Жүректің құрылысы. Жүректің жұмысы.
2. Қан айналым шеңберлері.
Кіші (өкпелік) және үлкен (денелік) қан айналым шеңберлері.
3. Артерияларға
жалпы шолу.
4. Веналарға жалпы шолу.
Слайд 3 Жүрек (сердце).Жүрек конус тәрізді етті орган,оның жоғарғы,толық келген жағы
жүректің негізі,ал төменгі сүйірленіп жатқан жағын жүрек ұшы деп атайды.жүректің
төмен қарап диафрагма үстінде жатқан ьетін диафрагмалық,алдыңғы жағын жүректің төсқабырғалық беті дейді.Орта есеппен жүрекке 300 см^3 қан сияды.Орта салмағы 250 - 300 г. болады.Ол жүрек қабының ішінде орналасқан.
Слайд 4Жүрек қабы (околосердечная сумка)-екі бүйірінен аралық плевраға,астыңғы жағынан диафрагманың сіңірлі
ортасына ,ал алдынан төске жанасып,дәнекер тканьді талшықтары арқылы бекиді.Жүрек қабын
сыпырып алып тастаса,оның бетімен жүріп жатқан сайларды байқауға болады.Жүректі белдеулей көлденең сай өтеді,ол жүрекшелер мен қарыншалар шекарасы болып саналады.Себебіоның үстіңгі жағында жүрекшелер жатса,астыңғы жағында қарыншалар орналасқан.Осы сайдан төмен қарай жүректің алдыңғы бетімен алдыңғы ,ал артқы бетімен артқы ұзынша сай өтеді.Бұл екі сай арқылы қарыншалар бір – бірінен бөлініп жатады. Осы сайлармен жүректің негізгі қан тамырлары өтеді.
Слайд 5Жүрек қалың ет пердесімен ұзына бойы екі бөлімге бөлінеді.Оның оң
жағын-венозды,ал сол жағын артериялды бөлімдері дейді. Себебі, жүректің оң жағында
әр дайым вена қаны өтсе, сол жағымен артерия қаны өтеді.
Жүректің оң жағы – оң жүрекшемен оң қарыншадан, сол жағы – сол жүрекшемен сол қарынщадан түзілген. Әр бір жүрекше – қарынша аралығында жақтаулы қақпақшалар жатады. Оң жүрекше – қарынша аралығында үш жақтаулы, сол жүрекше – қарынша аралығында қос жақтаулы қақпақшалары болады. Бұл жақтаулы қақпақшалар жүрекшелерден қарыншалараға қарай ашылып, қанды кедергісіз қарыншаларға өткізіп тұрады.Ал, қарыншалар жиырылған кезде жабылып қанның кері жүрекшелерге өтуіне кедергі жасайды. Сол себептен, қан тек қана кіші және үлкен шеңберлерге қарай жол табады. Кіші және үлкен шеңбердің өкпе артериясымен қолқаның басталар жеріндегі айшық қақпақшаларының ашылу нәтижесінде, қан оң қарыншадан кіші шеңберге ал, сол қарыншадан үлкен шеңберге шығады.
Слайд 6Оң жүрекшенің жоғарғы жағында – жоғарғы қуысты вена ал, төменгі
жағынан төменгі қуыс веналарынның ашылар жері бар. Сонымен қорытып айтқанда,
оң жүрекше денедегі бүкіл венозды қанның құйылар жері болып саналады. Оң жүрекшегі енген вена қаны, жүрекшенің жиырылу нәтижесінде, үш жақтаулы қақпақшаның ашылуымен оң қарыншаға өтеді. Ал, оң қарынша жиырылғанда үш жақтаулы клапан жабылып, айшық клапандар ашылып, қан өкпе артериясы арқылы кіші шеңберге өтеді.
Жүректің ішкі қабырғасы – эндокард, ортаңғысы – миокард, сыртқы – эпикард қабаттарынан түзілген.
Слайд 7Эндоркард – жүректің ішкі бетін жауып жатқан жұқа қабықша, ол
қан тамырларынның ішкі қабатына ұқсас келеді. Бұл бірыңғай салалы ет
тканімен серпімді талшықтардан түзілген. Қанмен тығыз байланыста болғаннан кейін беті өте тегіс келеді. Мұның қабатталу нәтижесінде жүректің клапан аппараттары түзілген.
Миокард – жүректің ортаңғы қалың ет қабаты. Оның қалыңдығы жүректің әр жерінде әр түрлі жетілген. Қарыншалар миокардасы жүрекшелер қабырғасына қарағанда қалыңдау келеді, ал қарынша қабырғасы жүректің ең қалың жетілген бөлігі болып саналады. Бұл жағдай жүректің камераларының атқаратын жұмысына тығыз байланысты.Себебі, жүрекшелер жиырылып, қанды қарыншаларға ғана өткізсе, қарыншалар жиырылып қанды екі шеңберге өткізеді. Әсіресе, қанды үлкен шеңберге жіберу үшін сол қарыншаға үлкен күшпен жиырылуға тура келеді. Сол себептен, сол қарыншаның қабырғасы, жүректің басқа камераларының қалыңдығына қарағанда қалыңдау келеді.
Слайд 8Қарыншалар миокардасы: ортаңғы, сыртқы, ішкі үш қабатты ет талшықтарыннан түзілген.
Сыртқы ет қабаты – ұзына бойы ет талшықтарынан түзілген. Олар
жүрекше – қарынша аралық сіңірлі сақиналардан басталып, төмен қарай жүріп жүрек ұшына жеткенде иірім жасап, жүректің ішкі терең қабатына көшеді. Ішкі терең қабатының ет талшықтары кері қарай жоғары көтеріліп жүрекше – қарынша аралығындағы сіңірлі сақиналарға бекиді. Бұл қабаттың ет талшықтары көлденең бағытта жатады және әр бір қарыншаны жеке орайды.
Миокардтың қалың етңнде түйіндер мен шоқтар орналасқан. Олар жүрек еттерінің еріксіз жиырылып, реттеліп соғуына әсер етеді. Сондықтан оларды жүректің өткізгіш жүйесі деп атайды. Бірінші негізгі түйін оң қарынша миокарасынның қалың етңнде, жоғарғы қуысты вена мен құлақша аралығында орналасқан. Оны (синус Кис – Фляк) түйіні деп атайды. Екінші түйін жүрекшелер аралық перденің төменгі бөлігінде қарыншаларға жақын жатады. Ол жүрекше – қарынша немесе атриовентрикулярлық (Ашоф – Товар) түйін деп аталады. Бұл түйінен төмен қарай 2 – ші қарынша аралығымен гис шоғыры түседі, ол екі аяқшаға бөлініп, 2 қарыншадағы емізікше еттерге дейін жетеді. Осы жүрекше – қарынша түйінінің қозуы нәтижесінде 2 қарынша жиырылады. Қорытып айтқанда жүрекшелер мен қарыншалардың жұмысын байланыстырып тұрған осы жүректің автоматикалық соғуында реттейді. Автоматизм деп жүректі денеден ажыратып алғанда да қызметін тоқтатпай соға беруін айтады.
Слайд 9
Жүрек жұмысы 3 кезеңнен өтеді.
Екі жүрекше жиырылады да жақтаулы
қақпақшалардың ашылуына байланысты қан қарыншаларға өтеді.
Қарыншалар жиырылып айшық қақпақшалардың
ашылуымен қан айналу шеңберлеріне жіберіледі.
Жүректің біраз тыныштық күйі өтеді.
Жүрек еттерінің жиырылуы – систолла, босауын – диастолла, ал аз уақыт тыныштық күйін – пауза деп атайды.
Эпикард – жүректің сыртын жауып жатқан жұқа қабықша. Эпикард қабаты жүректің негізінен перикардтқа, яғни жүрек қапшығының ішкі бетіне көшеді. Перикард пен эпикард аралығындағы қуыстықты сероздық ылғал болады. Ол жүрек жиырылып, жұмыс істеп тұрғанда қабықшаларының өзара үйкеліспеуіне себеп болады.
Вегетативті нерв жүйесі жүректің өткізгіш жүйесімен тікелей байланыста болады, сондықтан оған тікелей әсер етіп, нерв импульстарын тудырып отырады.
Кіші қан айналу шеңберінің тамырларына өкпе артериясы, оның оң және сол тарамдары және екі жұп өкпе веналары жатады.
Слайд 10Өкпе артериясы адам тамырларының ішіндегі ең ірісі. Ол жүректің оң
қарыншасынан басталып 5 – 6 см жоғары көтеріліп, 4 көкірек
омыртқасының тұсында оң және сол артерияларына бөлінеді. Әр қайсысы өз өкпесіне енгеннен кейін капиллярлар тарамдалады. Өкпе артерияларымен келген вена қанының құрамындағы көмір қышқыл газы капилляр қабырғалар арқылы өкпе көпіршіктеріне беріліп, ал өкпе көпіршіктерінен кері қанға оттегі өтіп артерия қанына айналады. Осы артерия қаны өкпе капиллярының бірігуі нәтижесінде өкпе веналарын жалғасады. Олар өкпе қақпасы арқылы әр өкпелерден екі – екіден шығып, жүректің сол жүрекшесіне келіп құяды.
Слайд 11Жүрек – адамның өмір бойы тынымсыз жұмыс істейтін мүшесі. Жүректің
жұмысы өте күрделі, оның атқаратын жұмысын ешқандай техника алмастыра алмайды.
Жүрек жұмысы үш кезеңнен тұрады. Құлақшаның жиырылуы және босаңсу, үзіліс. Жүрек жиырылғанда өзінен қанды айдайды. Босаңсу және үзіліс кезеңдерінде жүрекке қан келіп, оның құлақшалары қнға толады және жүрек тынығады. Ересек адамның жүрегі минутына 70 – 75 рет жиырылып, босаңсиды. Мұны жүректің жұмысы немесе соғуы дейді. Егер жүрек жылдам соқса, онда қан жылдам айналады. Мұндай жағдайда ұлпа мен жасушаларға қоректік заттар және оттегі көп жеткізіледі. Бірақ, жүректің жиі соғуы ұзаққа созылса, онда ол зиянды әсер етеді. Оның себебі, қанның ағымы жылдамдап, өкпеде оттегімен қанығады да, көмірқышқыл газын бөліп үлгере алмайды. Сондықтан адам ағзасына оттегі жетіспей, оның еңбек ету қабілеті нашарлайды. Кейбір жағдайда бұл әр түрлі ауруларға шалдықтыруы мүмкін. Жүректің соғуы адамның денсаулығына, оның еңбек етуіне, айналадағы жағдайларға және т.б. әсерлерге де байланысты. Адам ұйықтағанда оның жүрегі баяу соғады, ал дене еңбегі кезінде жылдам соғады.
Слайд 12•
Қан тамырлар 2 – ге бөлінеді. Олар:
Үлкен қан айналым
Кіші қан
айналым
Үлкен қан айналым шеңбері сол жақ қарыншадан бастап, қылтамырлар арқылы
бүкіл денеге оттегі мен қоректік заттарды тасиды, ал жасушалардан қылтамырларға көмірқышқыл газы өтеді. Кіші шеңбер оң жақ қарыншадан басталып, көктамыр қанын өкпеге әкеледі, онда көмірқышқыл газы өкпе қылтамырларының бойымен аққанда қан оттегіне қанығып, өкпе қылтамырларындағы көктамыр қаны салатамыр қанына айналады да сол жақ құлақшаға құяды.
Кіші (өкпелік) қан айналым шеңбері қанды өкпедегі оттегімен байыту үшін керек. Ол оң жақ қарыншадан басталады, бұл қарыншаға оң жақ жүрекшеге келген барлық вена қаны оң жақ жүрекше қарынша (артиовентрикулалық) тесігі арқылы өтеді. Оң жақ қарыншадан өкпе бағаны шығады, ол өкпеге жақындай келсе оң жақ және сол жақ өкпе артерияларына бөлінеді. Бұлар өкпеге жақындай келе оң жақ және сол жақ өкпе артерияларына бөлінеді. Бұлар өкпеге келіп, артерия, артериола, прекапилляр және капилляр тамырлары болып тармақталады. Өкпе көпіршіктерін шырмап жатқан капилляр торларында қан көмірқышқыл газын беріп, оның орнына оттегінің жаңа қорын алады (өкпелік тыныс алу). Тотыққан қан қайтадан алқызыл түске боялып, артерия қанына айналып, капиллярлардан венулалар мен веналарға келеді, олар төрт өкпе веналарына (әр жағынан) екеуден қосылып, сол жақ жүрекшеге құяды.
Слайд 13Кіші (өкпелік) қанайналым шеңбері сол жақ жүрекшеден аяқталады, ал ол
жүрекшеге келген артерия қаны сол жақ атриовентрикулалық тесік арқылы үлкен
қанайналым шеңбері басталатын жерге, яғни сол жақ қарыншаға келеді.
Үлкен қанайналым шеңбері дегеніміз – қанның сол жақ қарыншадан шығып, бүкіл мүшелерге таралып, оң жақ құлақшаға қайтып келу жолы.
Кіші қанайналым шеңбері дегеніміз – қанның оң жақ қарыншадан шығып, өкпе салатамыры мен қылтамырлары арқылы өтіп, сол жақ құлақшаға келу жолы.
Үлкен және кіші шеңберлер қан тамырларымен қан айналуы жүректің жұмысына байланысты. Салатамырда қанның қысымы жоғары, ал көктамырда төмен болады. Сондықтан қанның айналымына осы екі тамырлардағы қысымның айырмасы себеп болады. Жүректен қан салатамырға айналғанда тамырдың қабырғасы толқындана қозғалып, қанның тамыр бойымен ағуына көмектеседі. Бұл толқын ағымы тамырдың лүпілі немесе тамырдың соғуы деп аталады. Тамырдың лүпілі қан көп аққанда арта түседі. Ол білезіктегі тамырды ұстап, лүпілді санағанда байқалады. Қанның ағу қозғалысы мүшелердің жұмысына байланысты болады. Қантамырларымен қанның ағуына қаңқа бұлшықеттерінің жиырылып, босаңсуы да, көктамырлардағы қақпақшылар да әсер етеді.
Слайд 14Үлкен (денелік) қанайналым шеңбері дененің барлық ағзалары мен тіндеріне қоректік
заттар мен оттегін жеткізіп, олардан зат алмасу өнімдері мен көмірқышқыл
газын әкету қызметін атқарады. Ол артериялық қанды таситын қолқа тамыры шығатын жүректің сол жақ қарыншасынан басталады. Артерия қанында организм тіршілігі үшін қажетті қоректік заттар мен оттегін бар және түсі алқызыл келеді. Қолқа артерияларға тармақталады, ал артериялар дененің барлық ағзалары мен тіндеріне тарап, жүректің сол жақ қарыншасынан басталады, қышқыл газын әкету қызметін атқарады. Ол артериялық қанды таситын қос қабатында артериолаларға, одан әрі капиллиярларға айналады. Капиллярларда ағатын артериялық қан қоректік заттар мен оттегін беріп, олардың орнына алмасу өнімдері мен көмірқышқыл газын алады(тіндік тыныс алу). Осының салдарынан веналық арнаға келетін қанды оттегі аз да, ал көмірқышқыл газы көп, сондықтан қошқыл түсті, бұл – вена қаны; қан кеткенде қанның түсі бойынша қандай тамырдың (вена ма, әлде артерия ма) зақымданғанын білуге болады. Веналар 2 ірі бағанаға – жоғары, төменгі қуыс веналарға айнала қосылып, оң жақ жүрекшеге құяды. Жүректің осы бөлімінде үлкен (денеліл) қанайналым шеңберіне аяқталады.
Слайд 15Қан айналу жүйесі – жүрек – тамыр жүйесінен тұрады, және
ұлпаларға тұрақты түрде қан жеткізіп тұратындықтан метаболизм үрдісін сақтап отырады.
Систола кезінде (жүректің жиырылуы) қан сол жақ қарыншадан аортаға түсіп, ары қарай үлкен артерияға артерияларға таралады. Бұл кездегі қанның біраз бөлігі тамырларды созуға кетеді, яғни потенциялық энергияға айналады. Диастола кезінде (жүректің босаңсуы) аорта қалқаншалары жабылады да қан ағзаны аралай отырып (кинетикалық энергия есебінен) көк тамыр арқылы оң жақ қарыншаға құйылады. Қан айналуының мұндай моделін бірінші рет 1733 жылы ауыл діндары Хейлс, ал 1899 жылы О.Франк ұсынған.
О.Франктің ұсынған қан тамырлары жүйесінің моделі ірі қан тамырларындағы қысым мен қан ағысының көлемдік жылдамдығынығ арасындағы байланысты олардың созылмалығын ескере отырып қарастыруға мүмкіндік береді. Негізінен үлкен қан тамырларындағы белгілі бір нүктелердегі қысымның өзгерісін есептейді. Моделдеу ыңғайлы болу үшін жүйеде қан айналудың екі фазасын бөліп қарастырады «жүректің сол жақ қарыншасы – үлкен қан тамырлары – ұсақ қан тамырлары»
Слайд 16Капилярлар – зат алмасу қызметін орындайтын аса жіңішке тамырлар. Осы
қызметіне байланысты олардың қабырғасы сұйықта еріген заттар мен газдар өтетін
жалпақ эндотелий жасушаларының бір қабатынан тұрады. Капиллярлар өзара кеңінен жалғаса – анастомоздана, прекапиллярға ұқсас құрылған посткапиллярларға айналатын торлар (капилярлық торлар) түзеді. Посткапилляр артериоламен қосарлана жүретін венулаға айналатын вена арнасының жұқа бастапқы бөлігін түзеді.
Қол артериялары. Қол артериялары бұғана асты артериясының жалғасы болып саналады, оның өзі қолтық ойындысының тұсында қолтықасты артериясы деп аталса, тоқпан жілік алдынан өткенде қар артериясы деп аталады. Бұл артерия шынтақ буын тұсында қар және шынтақ артериялары болып 2 – ге бөлінеді. Ол 2 артериялар өзі аттас жіліктерінің тұсымен төмен түсе отырып, тарамдалып білек еттерін қан мен қамтамасыз етеді.
Слайд 17Қар артериясы - осы сүйектің алдыңғы бетімен жүріп төмен түседі
де, бас бармақтың артқы жағынан айналып терең алақан доғасын түзеді.
Жалпы бұл артерия білек еттеріне, білезік тұсына, бас бармаққа тарамдалады.
Шынтақ артериясы – шынтақ сүйегімен төмен түсе отырып, білезік буын тұсында алақанның терең доғасымен қосылып беткей доғасын түзеді де білектің алдыңғы және артқы жағындағы бұлшық еттерге тарамдалады. Шынтақ буын тұсында тамыр торларын түзіп, өзара қосылыстар жасайды.
Қолқанның төмендеу бөлігінің артерия тарамдары. Қолқанның төмендеу бөлігі қолқа доғасының жалғасы болып саналады. Ол IV көкірек омыртқасының тұсынан басталып, омыртқа жотасын бойлап төмен түсіп, IV бел омыртқаның тұсында екі жалпы мықын артерияларынан бөлінеді. Осы бөлінер жерінен төмен қарай сегізкөз артериясы шығады.
Қолқанның төмендеу бөлігінің өзін көкірек қолқасы, құрсақ қолқасы деп 2 – ге бөлінеді. Бұлардан тарамдалатын артерияларды тұлға артериялары деп атайды.
Слайд 18Көкірек қолқасының артерия тарамдары көкірек қуысындағы органдар мен көкірек қабырғалықтарына
тарамдалады. Сол себептен, оларды ішкі органдық (висцеральды) және қабырғалық (париетальдық)
артериялар деп 2 – ге бөледі. Ішкі орган артерияларына көкірек қуысында жатқан кеңірдекке, өңеш, жүрек қабына және өкпе аралығында жатқан лимфа түйіндеріне тарамдалатын артериялар жатады. Ал, көкіре қабырғалығын қанмен қамтамасыз ететін артерияларға 10 жұп қабырғааралық артериялар жатады. Олардың әрқайсысы қабырға аралықтарымен жүріп отырып, олардың еттерін , көкірек еттерін, көкірек бездерін, арқа еттерін, жұлынды қан мен қамтамасыз етеді де, денені көкірек бұлшық еттермен терісіне тарамдалады.
Құрсақ қолқасының артерия тарамдары көкірек қолқасының жалғасы болып саналады. Бел омыртқаларының алдында орталықтан сәл сол жаққа қарай ауытқып орналасқан оның оң жағынан жоғары қарай төменгі қуыс венасы өтеді. Құрсақ қолқасынан ішкі органдарға және құрсақ қабырғаларына артериялар тарамдалады.
Слайд 19Құрсақ бағаны - өте қысқа,ол құрсақ қолқасының соңғы көкірек омыртқасы
тұсынана басталысымен бауыр,көкбауыр және қарынның сол жақ артерияларына бөлінеді. Осы
аталған артериялар аттас органдарға жетіп тарамдалады.Жалпы бауыр артериясы қарынның кіші иінімен жүріп отырып бауыр қақпасына венасымен бірге енеді.Бұл артериядан қарынның оң артериясы, қарын, он – екі ішек және бауырдың меншікті артериялары бөлінеді.Олар аттас органдарына тарамдалып соларды қанмен қамтамасыз етеді.
Көкбауыр артериясы -құрсақ бағанынан шыға солға бұрылып, қарынасты безінің жоғарғы жиегімен жүріп отырып,көкбауыр қақпасына енеді. Жолында қарынасты безін, қарынның сол жақ иінін, шажырқайдың сол жақ бөлігін қанмен жабдықтайды. Қарынның сол артериясы - құрсақ бағанынан басталып қарынның кіші иінімен жүріп өзінің оң жақ аттас артериясымен қосылады. Бұл артерия қарын - онекі елі ішек, қарын – шыжырқай артерия тарамдарына бөлінеді. Олар өзі аттас органдарын қарынның үлкен иінін, үлкен шажырқайды, қарынасты безін, онекі елі ішекті қанмен қамтамасыз етеді.
Слайд 20Бүйрек артериясы - қолқадан басталып оң және сол артерияға қарағанда
ұзындау келеді. Жалпы бүйрек артериялары басқа артерияларға қарағанда жуандау. Бұл
артериядан бүйрек қапшығына, несепағарға тармақтар тарайды.
Жыныс бездерінің артериясы -бүйрек артерияларынан сәл төменірек басталып, төмен қарай жүріп жыныс органдарына дейін жетіп, аналық және аталық бездерін қанмен қамтамасыз етеді. Егер әйел адамда бұл кіші жамбас ішінде тарамдалса, ер адамдарда жамбас қуысынан шығып, ума ішіне кіріп, аталық жыныс безі мен қосалқыны қанмен жабдықтайды. Әйел адамда кіші жамбас астауындағы жыныс органдарына тарамдалады.
Диафрагма артериясы - құрсақ қуысын көкірек қуысынан бөіп жатқан көк етті қанмен жабдықтайды.
Бел артериялары - жалпы саны төртеу олар қолқаның екі жағынан жұп болып басталып бел және құрсақ еттерін қанмен жабдықтайды.Олардың артқы тармақтары белдің терең еттері мен терісін және жұлынды қоректендіреді.
Аяқ артериялары - жалпы мықын артерияларының жалғасы болып табылады.Жалпы, мықын артериялары 4 бел омыртқа тұсында қолқаның екіге айырылуынан пайда болады, төмен түсіп, сегізкөз жамбас сүйектерінің байланысқан жерінде ішкі және сыртқы мықын артерияларына бөлінеді.
Сан артериясы - сыртқы мықын артериясының тікелей жалғасы,ол сан венасына қабат жатады.Сан артериясы санның алдыңғы және ішкі топ еттерінің аралығымен төмендеп тақым астына дейін келіп, тақымасты артериясына жалғасады. Сан артериясынан жолай бірнеше артериялар тарамдары шығады, олардың ең ірісін санның терең артериясы деп атайды.
Слайд 21
Алшынбай Рақышевтың оқу құралы «Адам анатомиясы» бірінші томы, IV тарауда
адамның іш құрылымындығы ас қорту жүйесінде;
Фрэнк Нэттер «Атлас анатомии
человека» 4-е издание, Внутренние органы ( внутренние органы) ;
В.И. Синеьников «Атлас анатомий человека» ІІ том, Внутренние органы ( кишечник) ;
Сапин
Пайдаланылған әдебиеттер: