Слайд 1Оңтүстік Қазақстан Медициналық Академиясы
кафедра:ЖТД-гі фтизиатрия
Тақырыбы:
Өкпенің кавернозды және фиброзды кавернозды туберкулезі
Группа: ЖТД 619
Орындаған: Мыңбаева М
Қабылдаған:Нуранова Н.Т
Шымкент-2019 жыл
Слайд 2
Кавернозды туберкулез-деструкциялық туберкулездің аралық түрі.Бұл түрі эластикалы кавернамен көрінетін,перифокальді
қабынусыз өтетін,аз симптомды,жиі жалпы белгілері болмауымен көрінеді.
Бұл ауру инфильтративті туберкулездің
немесе гематогенді диссеминирленген түрлерінің асқынуынан дамиды.Өкпеде фиброзды каверналардың пайда болуымен сипатталады. Каверналардың орналасуына байланысты біржақты және екіжақты болып жіктеледі.Кавернаның санына байланысты монокавернозды және поликавернозды болып бөлінеді.
Слайд 3Патогенезі
Инфильтративті туберкулездің ағымынан кейін пайда болады.инфильтраттың ортасында казеозды масса өкпе
тінінің некрозы,ал перифокальді инфильтратта лимфоциттер,лейкоциттер және макрофагтар болады.осы айналасындағы клеткалар
көп молшерде протеаз бөледі.Ол казеозға әсер етіп,емдеу барысында инфильтрат еріп орнында қуыс пайда болады.
Слайд 4 Каверна-бұл патологиялық қуыс.Сақина тәрізді шектелген.3 қабаттан тұрады:ішкі-казеозды, ортанғы-грануляциялық,сыртқы-фиброзды.
Каверна көлеміне байланысты: 2-4мм ұсақ, 4-6мм орта,6-8
ірі, 8-ден жоғары сavum magna.
Өкпенің кавернозды туберкулезі
Слайд 6Фибринозды—кавернозды туберкулез дегеніміз-басқа өкпе туберкулездерінің өршуіндегі соңғы этапы болып келеді.Өкпеде
фиброзды капсуласы бар каверналардың болуымен және өкпе тінінің өзгеруімен әртүрлі
бронхогенді метастаздардың болуымен сипатталады.
Слайд 7Этиологиясы
Mycobacterium tuberculosis
Mycobacterium bovis
Инфильтративті туберкулездің асқынуы
Гематогенді диссеминерленген туберкулездің асқынуы
Слайд 10Клиникалық симптоматикасы
Ұзаққа созылған интоксикация
Тыныс жетіспеушілігінің екінші ,үшінші сатысы
Акроцианоз
Жоғары гектикалық қызба
Бауырдың
ұлғаюы
Жұтқыншақ ,ішектердің спецификалық бұзылуы
Слайд 11Клиникасы
Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі алғаш байқалған науқастар жалпы əлсіздікке, шаршайтынына, тəбеті
төмендегеніне, арықтағанына, жөтелетініне шағымданады; аурудың жайылған жəне асқынған формасында -
гектикалық қызбаға, түнде терлеуге, ентігуге шағымданады.
Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезімен ұзақ уақыт ауыратын науқастарда созылмалы интоксикация симптомдары, өкпе-жүректік жетіспеушілік, ентігу, аздаған қақырық шығарумен жөтелу (тəулігіне 50-100 мл-ге дейін), кейде қан араласқан.
Объективті көріністер: жүдеу, терісінің бозаруы, зақымдалған жағында қабырға аралықтардың, бұғана үсті жəне асты шұңқырларының ішке кіріп тұруы, иықтың төмен түсуі, тыныс алғанда кеуде торының жартысының қозғалысы шектелуі, зақымдалған өкпенің тұсында перкуторлық дыбыстың қысқаруы, бронхтық əлсіз тыныс алу, кавернаның орналасқан жерінде дренаждалған бронхтардың диаметріне сəйкес əртүрлі калибрдегі ылғалды сырылдар естіледі
Слайд 13Диагностика
1. Туберкулез микобактериясын жағынды микроскопиясы жəне қақырықты себу əдістері арқылы
анықтау.
2. ЖҚА: ЭТЖ 30-50 мм/сағ. дейін жоғарылауы, аздаған лейкоцитоз болуы
мүмкін, лимфопения, моноцитоз, лейкоциттік формуланың орташа нейтрофилдік солға жылжуы, рецидивтік қан кетулерден анемия болу.
3. ЖзА: аздаған протеинурия, бірнеше лейкоциттер жəне эритроциттер болуы.
4. Рентгено-томографиялық: рентгендік көрініс сан алуан жəне туберкулездің алғашқы формасына, аурудың басталған уақытына, зақымдалу ерекшеліктеріне тəуелді. Ішкі контуры анық бірнеше сақина тəрізді көлеңке анықталады, сыртқы контуры өкпе тінінің тығыздалуынан онша анық емес, кейде каверна қуысында секвестр немесе сұйықтық деңгейі, өкпенің зақымданған бөлімдерінің фиброзды кішіреюі, полиморфты бронхтық таралу ошақтары, өкпеқаптың қатпарлануы, көкірекаралық ағзаларының зақымдалған жаққа қарай ығысуы, көкеттің жоғары орналасуы анықталады.
Слайд 14Рентгенологиялық көрінісі
Рентгенологиялық белгісі бекітілген сақина тәріздес көлеңкенің болуы.
Кавернозды туберкулезде әдетте
бір каверна анықталады,диаметрі 4 ден аспайтын сопақша немесе дөңгелек пішінді
болады,қабырғасының қалыңдығы 2-3мм ,ішкі контуры анық,сыртқы контуры тегіс емес .
Өкпенің фибринозды кавернозды туберкулездің рентгенологиялық көрінісі,ауру ұзақтығына және зақымданудың жайылуына байланысты әртүрлілігімен ерекшеленеді.Бір немесе бірнеше сақина тәріздес каверналар көлеңкелердің көрінуі,өкпенің зақымдалған аймағының фибринозды бүрісуі.Бронхогенді таралған ошақтардың болуы.Диаметрі 2-4 см ден бастап өкпе бөлігінің көлеміндей каверналардың болуы мүмкін.Пішіні дұрыс емес бұршақ тәрізді ,қуыстар біріккенде полициклді болып көрінеді.
Слайд 17Емі: диета №11.
Дəрі-дəрмекпен емдеу: мультрезистенттілігі жоқ өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезімен ауыратын науқастарға аурудың
басталу уақытына сəйкес ДОТС 1 жəне 2-категориядағы режимде ем тағайындалады.
Стационарда химиотерапияның интенсивті фазасы жүргізіледі.
Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі алғаш анықталған науқастарға ДОТС 1-категориясы бойынша ем тағайындалады: интенсивті фазада науқастың дене салмағына сəйкес негізгі қатардағы 4 туберкулезге қарсы препарат тағайындалады: изониазид 0,3, рифампицин 0,45-0,6, пиразинамид 1,5- 2,0 жəне стрептомицин 0,5-1,0 немесе этамбутол 0,8-1,2 бактерия бөліну тоқтаған уақытқа сəйкес 2-4 ай ішінде.
Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі бар науқастарда аурудың рецидиві болғанда, бұрынғы химиотерапияның нəтижесі болмағанда, емдеу үзілісінде жəне созылмалы ауруларда, бұрын химиотерапияның толық курсын алмаған науқастарға ДОТС 2-категориясы бойынша ем тағайындалады, яғни интенсивті фазада науқастың дене салмағына сəйкес 5 негізгі препарат тағайындалады: изониазид 0,3, рифампицин 0,45-0,6, пиразинамид 1,5-2,0, этамбутол 0,8-1,2 жəне стрептомицин 0,5-0,75 қақырық жағындысының тұрақты өзгеруі болғанша 3-5 ай бойы. Химиотерапиямен бірге витаминдік-дезинтоксикациялық, гепатропты, антиоксиданттық жəне симптомдық ем қолданылады.
Слайд 18Пайдаланылған әдебиет.
Т. Ә.Момынов Фтизиатрия Алматы 2006ж
www.google.ru
www.yandex.ru