Разделы презентаций


Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы

Содержание

ЖоспарыІ. КіріспеІІ. Негізгі бөлім.ГИПЕРПРОЛАКТИНЕМИЯЛЫҚ ГИПОГОНАДИЗМ.Гипоталамус-гипофиз жеткіліксіздігіЭндокринді синдром кезіндегі рационалды дифференциалды диогностика алгоритміНауқастарды жүргізу және динамикалық бақылауУақытынан ерте жныстық даму,еркектік гипогонодизм, бедеулік менопаузаІІІ. ҚорытындыІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы


Тақырыбы:. Амбулатория жағдайында эндокринді синдромдар кезіндегі

рационалды дифференциалды диагностика алгоритмі, науқастарды жүргізу және динамикалық бақылау
(остеопороз,

аменорея, гирсутизм, уақытынан ерте жыныстық даму, еркектік гипогонадизм, бедеулік, менопауза, акромегалия, гиперпролактинемия, гипопитуитаризм, семіздік, дене салмағы индексін өлшеу)

Орындаған: Айдаров М. Н
Топ: 609 ЖТД
Қабылдаған: доцент Бектибаева Н. Ш


Шымкент 2016


Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика АкадемиясыТақырыбы:. Амбулатория жағдайында эндокринді синдромдар кезіндегі рационалды дифференциалды диагностика алгоритмі, науқастарды жүргізу және

Слайд 2Жоспары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім.
ГИПЕРПРОЛАКТИНЕМИЯЛЫҚ ГИПОГОНАДИЗМ.
Гипоталамус-гипофиз жеткіліксіздігі
Эндокринді синдром кезіндегі рационалды дифференциалды диогностика

алгоритмі
Науқастарды жүргізу және динамикалық бақылау
Уақытынан ерте жныстық даму,еркектік гипогонодизм,
бедеулік

менопауза
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер
ЖоспарыІ. КіріспеІІ. Негізгі бөлім.ГИПЕРПРОЛАКТИНЕМИЯЛЫҚ ГИПОГОНАДИЗМ.Гипоталамус-гипофиз жеткіліксіздігіЭндокринді синдром кезіндегі рационалды дифференциалды диогностика алгоритміНауқастарды жүргізу және динамикалық бақылауУақытынан ерте

Слайд 3ГИПЕРПРОЛАКТИНЕМИЯЛЫҚ ГИПОГОНАДИЗМ
Гиперпролактинемиялық гипогонадизм (ГГ) — пролактиннің артық мөлшерде бөлінуінен туындаған, клиникалық

гипогонадизммен және сүт бездерінен патологиялық бөліністің болуымен (міндетті емес көрініс)

сипатталатын клиникалық синдром
 

ГИПЕРПРОЛАКТИНЕМИЯЛЫҚ ГИПОГОНАДИЗМГиперпролактинемиялық гипогонадизм (ГГ) — пролактиннің артық мөлшерде бөлінуінен туындаған, клиникалық гипогонадизммен және сүт бездерінен патологиялық бөліністің

Слайд 5Гиперпролактинемия және ГГ терминдері синоним болып табылмайды. Гиперпролактинемия (пролактиннің сарысудағы

деңгейінің жоғарылауы) физиологиялық (жүктілік кезінде, лактацияда, жаңа туылған нәрестелерде), симптомсыз

(биохимиялық) және патологиялық болып жіктеледі.

Гиперпролактинемия және ГГ терминдері синоним болып табылмайды. Гиперпролактинемия (пролактиннің сарысудағы деңгейінің жоғарылауы) физиологиялық (жүктілік кезінде, лактацияда, жаңа

Слайд 7Гиперпролактинемия мен ГГ дамуының себептерінің басқа гипоталамус-гипофиз ауруларымен тіркесуі гипофиз

және гипоталамус арасындағы өзара анатомиялық байланыстың бұзылуына әкеледі, нәтижесінде гипофиз

аяқшасының жаншылуына байланысты пролактин өндірілуін тежейтін дофамин келіп түспейді. Бірқатар медикаменттерді қабылдаудан бастап, соматикалық және эндокринді аурулармен қоса, дофамин өндірілуінің төмендеуіне әкелетін кез-келген түрткілер, симптоматикалық ГГ және гиперпролактинемияның дамуына әкеледі.
Пролактин қан айналымда бірнеше молекулярлы түрде болады, молекулярлы массасы қалыптыдан (23 кДа) үлкен пролактин (макропролактин) биологиялық белсенді емес, тек пролактинге «пролактин-қарсыдене» кешені немесе пролактин димері, тетрамері ретінде болады.
Макропролактинемияға айқын симптоматика тән емес, емдеуді қажет етпейді және кездейсоқ анықталады (симптомсыз, биохимиялық гиперпролактинемия).

Гиперпролактинемия мен ГГ дамуының себептерінің басқа гипоталамус-гипофиз ауруларымен тіркесуі гипофиз және гипоталамус арасындағы өзара анатомиялық байланыстың бұзылуына

Слайд 8Патогенезі
ГГ патогенезінің негізінде гонадолибериннің циклдік бөлінуін тежейтін пролактин гиперсекрециясы жатыр,

нәтижесінде ЛГ, ФСГ циклдік бөлінуінің төмендеуі, аналық бездердің гиполютеинді дисфункциясы,

ановуляция, гипоэстрогения дамиды.
Симптомдардың бірқатары пролактиннің экстрагенитальды әсерінен туындайды: көмірсулардың майға айналуының артуынан семіздік; бүйрек үсті безінде дегидроэпиандростерон өндірілуінің ынталануынан «жеңіл» гиперандрогения; гиперпролактинемия остеопения синдромының қалыптасуына әкеледі, яғни эстроген тапшылығының ауырлауынан D дәруменінің алмасуына әсер етеді. Пролактин лактацияны дамытады және либидоны төмендетеді. Гиперпролактинемия көрінісінде дамитын эстроген тапшылығы диспареуния мен семіздіктің дамуына жол ашады.
ПатогенезіГГ патогенезінің негізінде гонадолибериннің циклдік бөлінуін тежейтін пролактин гиперсекрециясы жатыр, нәтижесінде ЛГ, ФСГ циклдік бөлінуінің төмендеуі, аналық

Слайд 9Клиникалық көрінісі
Клиникалық көрінісі пролактин мөлшерінің жоғарылауына қарамастан симптомсыз ағымнан, айқын

клиникалық көріністің дамуына дейін ауытқиды (аменорея, галакторея, бедеулік).
ГГ жиі

кездесетін сиптомдары:
Менструальды циклдің бұзылуы: опсоолигоменореядан аменореяға дейін, жиі екіншілік.
Бедеулік (біріншілік және екіншілік) ГГ кездесетін басты шағым, көптеген әйелдер үшін бедеулікті жою емнің басты мақсаты болып табылады. Гинекологиялық қарау барысында жатыр гипоплазиясы, «қарашық» белгісінің, шырыштың «тартылу» белгісінің болмауы мүмкін. Науқастарда пубертатты кезеңге дейін ауырса шүртекей, кіші жыныс еріндерінің гипоплазиясы анықталуы мүмкін.
Патологиялық галакторея ГГ сирек алғашқы симптомдарының бірі болады (20% жағдайда ғана). Оның айқындылығы қолмен қысқанда көп мөлшерде және спонтанды түрден бірнеше тамшыларға дейін ауытқуы мүмкін. ГГ-мен сырқаттанған науқастарда популяциямен салыстырғанда фиброзды-кистозды мастопатия және сүт безінің қатерлі ісігі жиі кездеспейді. Науқастарға жасына сай келмейтін сүт безінің майлы инволюциясы тән.

Клиникалық көрінісіКлиникалық көрінісі пролактин мөлшерінің жоғарылауына қарамастан симптомсыз ағымнан, айқын клиникалық көріністің дамуына дейін ауытқиды (аменорея, галакторея,

Слайд 10Либидоның төмендеуі, аноргазмия, фригидтілік, қынаптағы құрғақтық науқастарда жиі кездеседі, бірақ

аталған шағымдар белсенді түрде жиі анықталмайды.
Эректильді дисфункция- ер адамдардың басты

шағымы, сонымен қатар олигоспермия болуы мүмкін; гинекомастия және галакторея өте сирек кездеседі.
Неврологиялық симптоматика макроаденома кезінде дамиды (хиазмалық синдром, бастың ауыруы, бассүйек-ми жүйкелерінің салдануы).
Басқа да мүмкін болатын симптомдар: орташа семіздік (науқастардың 80% -да), бетте, емізікшелер айналасында, іштің ақ сызығы бойымен артық түктену (науқастардың 25%-да), депрессивті бұзылыстар анықталады.

Либидоның төмендеуі, аноргазмия, фригидтілік, қынаптағы құрғақтық науқастарда жиі кездеседі, бірақ аталған шағымдар белсенді түрде жиі анықталмайды.Эректильді дисфункция-

Слайд 11Диагностикасы
Сәйкес клиникалық симптоматикасы бар науқастарда гормональды зерттеу арқылы гиперпролактинемияның бар

екенін дәлелдеу. Қанда бір рет пролактиннің жоғары деңгейін анықтау ГГ

диагнозын қоюға жеткіліксіз. Пролактин деңгейінің өзіде ГГ генезі жөнінде ой түюге қосалқы әсер етуі мүмкін. Пролактин деңгейі 3000 мЕд/л жоғары болса, гипофиз аденомасына күмән туады. Идиопатиялық және медикаментозды ГГ кезінде пролактин деңгейі әлдеқайда төмен болады.
ГГ-нің симптоматикалық түрлерін жоққа шығару (қалқанша бездің функционалдық жағдайын анықтау, аналық бездің поликистозды синдромын, бауыр және бүйрек жеткіліксіздігін, жүйке-рефлекторлық және медикаментозды әсерлерді жоққа шығару).
Аденоманы визиуальзациялау немесе ГГ–нің идиопатиялық сипатын анықтау мақсатында бас миының МРТ жасалады.
 

ДиагностикасыСәйкес клиникалық симптоматикасы бар науқастарда гормональды зерттеу арқылы гиперпролактинемияның бар екенін дәлелдеу. Қанда бір рет пролактиннің жоғары

Слайд 12Салыстырмалы диагностикасы
Гормональды белсенді емес гипофиз аденомасы (2.3 бөлімді қараңыз) және

«бос» түрік ершігі синдромы (2.8 бөлімді қараңыз). ГБЕГА кезінде пролактин

деңгейі аздап көтеріледі. Сонымен қатар, мұндай аденомалар дофаминомиметиктермен терапия көрінісінде кішіреймейді.
Гормональды-белсенді гипофиз аденомалары (соматотропинома, пролакто-соматотропинома).
Симптоматикалық гиперпролактинемия (біріншілік гипотиреоз, наркотиктерді қабылдау және т.б.).
Макропролактинемия кезінде арнайы клиникалық көрініс болмайды, оны макропролактинді анықтау арқылы дәлелдеуге болады.

Салыстырмалы диагностикасыГормональды белсенді емес гипофиз аденомасы (2.3 бөлімді қараңыз) және «бос» түрік ершігі синдромы (2.8 бөлімді қараңыз).

Слайд 13Емі
1. Дофамин агонистерімен медикаментозды терапия микро- және макропролактиномалар, идиопатиялық ГГ

кезінде көрсетілген. Гипофизарлы дофаминергиялық рецепторларды ынталандыра отырып, пролактин синтезі мен

бөлінуін бөгейді, пролактотрофтарда митоз жиілігін төмендетеді, пролактинсекрециялайтын гипофиз аденомаларының өсуін тежейді. Науқастардың басым көпшілігінде пролактин секрециясының қалпына келуі гипоталамустың циклдік белсенділігінің қалыптасуына, гонадотропты гормондар өндірілуінің жоғарылауына, екі фазалы менструальды циклдің, фертильдіктің қалыптасуына әкеледі. Сонымен қатар, шынайы пролактиномалардың көлемдері кішірейеді, осыған орай медикаментозды терапия хиазмалық синдром және неврологиялық симптоматика дамыған макропролактиномалар кезінде де қолданылады. Бедеулікті емдегенде дофаминомиметиктерді (бромкриптин немесе каберголин) жүктілік орнағаннан кейін тоқтатады.

Емі1. Дофамин агонистерімен медикаментозды терапия микро- және макропролактиномалар, идиопатиялық ГГ кезінде көрсетілген. Гипофизарлы дофаминергиялық рецепторларды ынталандыра отырып,

Слайд 14— бромокриптин осы топқа жататын тұңғыш дәрілік зат және ол

дофамин рецепторларына селективті емес әсер етуі мен қысқа жартылай бөліну

уақытымен ерекшеленеді. Бромкриптинді тәулігіне 1–3 рет 1,25 мг –нан тамақ кезінде қабылдаудан бастап, кейін мөлшерін күніне 2–4 рет 2,5 мг–ға дейін жоғарылатады. Бромкриптиннің бірреттік мөлшері пролактин секрециясын орташа 12сағатқа тежейді. Жағымсыз көріністері (лоқсу, ортостатикалық гипотензия, іш қату) әдетте қысқа мерзімді және дәрі мөлшерін төмендеткенде жоғалады.
—каберголин дофамин D2-рецепторларының селективті агнонисті; пролактин өндірілуін ұзақ және әсерлі тежейді, осыған орай 0,25–2 мг мөлшерде аптасына 1–2 рет қабылдау жеткілікті (қажет болған жағдайда 4,0 мг немесе одан жоғары мөлшерде).
2. Хирургиялық ем дофаминомиметиктерге резистентті макропролактиномалар кезінде көрсетілген. Мұндай аденомалар ақырында иммуногистохимиялық зерттеу нәтижелерінен кейін шынайы пролактинома емес, ГБЕГА немесе аралас ісік екені анықталады.

— бромокриптин осы топқа жататын тұңғыш дәрілік зат және ол дофамин рецепторларына селективті емес әсер етуі мен

Слайд 15Акромегалия және гигантизм — гипофиз аденомасының (соматропинома) өсу гормонын (ӨГ)

артық мөлшерде өндіруінен дамитын ауыр, созылмалы нейроэндокринді ауру. Аталған бұл

екі сырқат бір патологиялық үрдістің жас шамалық вариациялары, яғни нақты клиникалық көріністері остеогенездің аяқталу дәрежесімен анықталады.

Этиологиясы
Акромегалия кезінде ӨГ секрециялайтын гипофиз аденомасы, яғни макроаденома 99% жағдайда анықталады. Иммуногистохимиялық, шынайы соматотропты аденомалардан (шамамен 45% жағдайда) басқа аралас пролактосоматропиномалар (шамамен 30 %) ажыратылады. Қалған 25 % аденомалар басқа да аденогипофизарлы гормондар синтездейді: ТТГ, α-субъбірлік, ЛГ, ФСГ.

Акромегалия және гигантизм — гипофиз аденомасының (соматропинома) өсу гормонын (ӨГ) артық мөлшерде өндіруінен дамитын ауыр, созылмалы нейроэндокринді

Слайд 18Патогенезі
Акромегалия кезінде ағзада дамитын өзгерістер мезензимальды тіндердің жайылып өсуі себебінен

шынайы гипертрофия мен гиперплазия (спланхомегалия) болып табылады. Барлық ішкі ағзалардың

ұлпасы мен стромасы үлғаяды: өкпе, жүрек, бауыр, ұйқыбезі, ішек, көкбауыр. Аурудың үдеуімен барлық ағзаларда дәнекер тінінің пролиферациясы дамып, нәтижесінде ағза шамасыздығымен сипатталатын склеротикалық өзгерістер орын алады. Осымен қатар, эндокринді ісіктерді қоса қатерлі және қатерсіз ісіктердің даму қаупі жоғарылайды. Балалар мен жасөспірімдердің бойлай өсуіне байланысты өсу гормонының созылмалы гиперпродукциясы гигантизммен көрінеді, яғни физиологиялық шеңберлерден асып кететін салыстырмалы түрде пропорционалды сүйектердің эпифизарлы және периостальды өсуімен, жұмсақ тіндер мен ағзалардың ұлғаюымен сипатталады. Ересектерде эпифизарлы шеміршектердің сүйектенуінен кейін өсу мүмкін болмағандықтан акромегалия (akros — шеткі, megas — үлкен) дамиды. Акромегалия кезінде науқас денесі ұзындығына емес, еніне қарай жұмсақ тіндердің ұлғаюы есебінен өседі, бұл қаңқа сүйектерінің диспропорционалды периостальды өсуімен, ішкі ағзалар массасының жоғарылауымен, зат алмасудың бұзылуымен көрінеді.

ПатогенезіАкромегалия кезінде ағзада дамитын өзгерістер мезензимальды тіндердің жайылып өсуі себебінен шынайы гипертрофия мен гиперплазия (спланхомегалия) болып табылады.

Слайд 19Клиникалық көрінісі
Акромегалия, әдетте баяу басталып, торпидті ағымы симптоматиканың біртіндеп артуымен

және сырт-әлпетінің өзгеруімен сипатталады. Акромегалия диагнозы ауру басталған соң шамамен

орташа 7 жылдан кейін қойылады. Басты симптомдарына жатады:
Сырт бет-әлпетінің өзгеруі жиі кездеседі және акромегалияның
дамуына күмән туғызатын басты белгі. Науқасқа қас үсті доғасының, бетұшы сүйегінің, төменгі жақтың ұлғаюына байланысты бет-әлпеттің дөрекіленуі тән. Беттің жұмсақ тінінің гипертрофиясы дамиды: мұрын, ерін, құлақ. Төменгі жақтың ұлғаюы тіс аралықтарының (диастема) кеңеюіне байланысты дамитын тістемнің бұзылуына (прогнатизм) әкеледі. Тілі үлкейеді (макроглоссия), онда тістердің ізі анықталады. Сырт-әлпеттің өзгеруі баяу дамиды, сондықтан науқас оны байқамайды (2.6 сурет). Сонымен қатар қолдары пен табанның өлшемдері үлкейеді (науқастар жиі айтарлықтай аяқ киім өлшемдерінің ұлғайғанын айтады) (2.7сурет). Гигантизм кезінде акромегалиямен салыстырғанда бойлай өсуі күшейеді.

Клиникалық көрінісі Акромегалия, әдетте баяу басталып, торпидті ағымы симптоматиканың біртіндеп артуымен және сырт-әлпетінің өзгеруімен сипатталады. Акромегалия диагнозы

Слайд 20Диагностикасы
ӨГ базальды деңгейінің жоғарылауы акромегалияның айқын клиникалық көрінісі дамыған науқастардың

басым көпшілігінде анықталады.
Оральды глюкозотолерантты сынама кезінде ӨГ бастапқы деңгейі зерттеледі,

сонымен қатар 75 г глюкозаны ішке қабылдағаннан соң 30, 60, 90 және 120 минуттан кейін анықталады. Қалыпты жағдайда глюкоза жүктемесінен кейін ӨГ деңгейі төмендейді. Акромегалияның белсенді сатысында ӨГ 2нг/мл-ден төмендемейді немесе ӨГ парадоксальды жоғарылауы мүмкін. Глюкозотолерантты сынама акромегалияның клиникалық көрінісі айқын, бірақ гормональды зерттеу нәтижесінде ӨГ базальды деңгейі шамалы ғана жоғарылаған немесе қалыпты болғанда қолданылады. Сонымен қатар, емдік шаралардың нәтижесін бағалау мақсатында жүргізіледі.
ИТФ-1 (соматомедин С) деңгейін анықтау аса ақпаратты зерттеу болып табылады. Ересек адамдарда ИТФ-1 деңгейінің жоғарылауы тек бір себеппен, яғни акромегалиямен түсіндіріледі, ал қалыпты деңгейі бұл диагнозды түбегейлі жоққа шығарады. ИТФ-1 өсу гормонынан айырмашылығы қан сарысуындағы жартылай шығару кезеңі ұзағырақ, сондықтан ол ұзақ уақыт бойы ӨГ деңгейі туралы мәлімет бере алады.
Аденоманы визиуализациялау мақсатында гипофиз МРТ жүргізу.
Мүмкін болатын асқынуларды зерттеу (ішек полипозы, қант диабеті, көптүйінді жемсау).

ДиагностикасыӨГ базальды деңгейінің жоғарылауы акромегалияның айқын клиникалық көрінісі дамыған науқастардың басым көпшілігінде анықталады.Оральды глюкозотолерантты сынама кезінде ӨГ

Слайд 21Емі
Акромегалияның емінің мақсаты: ӨГ автономды гиперпродукциясын ликвидациялау, қанда ИТФ-1

деңгейін қалыптастыру және глюкозотолерантты сынамада (75г глюкоза) ӨГ плазмалық деңгейін

1 нг/мл-ден жоғарылатпау. Көрсетілген критерийлер аурудың ремиссиясына сай келеді. Акромегалияны емдеудің жалпы алгоритмі 2.8 суретте көрсетілген.

Емі  Акромегалияның емінің мақсаты: ӨГ автономды гиперпродукциясын ликвидациялау, қанда ИТФ-1 деңгейін қалыптастыру және глюкозотолерантты сынамада (75г

Слайд 22Акромегалиямен сырқаттанған науқастарда емдеудің таңдау әдісі гипофиз аденомасын транссфеноидальды алып

тастау болып табылады. 85 % жағдайда микроаденомаға жасалған операциядан кейін

ӨГ мөлшері қалыпты деңгейге оралады. Үлкен емес инкапсулярлы аденомаларға орындалған операциялардан кейін сырқаттың тұрақты ремиссиясы орнайды. Макроаденома кезінде бірінші жасалған операциядан кейін толық сырқаттан айығу тек 30% жағдайда болады. Экстраселлярлы өсуі тән ісіктердің болжамы нашар болады.
Соматостатин туындылары (октреотид, ұзақ әсерлі октреотид, ланреотид) науқастардың 50–70 %-да ӨГ мен ИТФ-1 деңгейін қалыптастырады. Гипофиз аденомасының көлемі сирек жағдайда 30–50 % ғана кішірейеді және болмашы ғана.
ӨГ рецепторларын бөгеушілер (пегвисомант) эндогенді өсу гормоны рецепторларымен байланысу үшін бәсекелесіп, ИТФ-1 синтезін төмендетеді. Пегвисоманттармен терапия нәтижесінде науқастардың 90 %-да ИТФ-1 деңгейі төмендейді. Қазіргі таңда бұл емдеу түрі басқа емдеу әдістері нәтижесіз болғанда қолданылады.
Сәулелік терапияның әсері төмен, сондықтан тек қосымша емдеу әдісі ретінде ғана қолданылады. Перспективті әдіс γ-бөлшектермен қалған ісікті сәулелендіру (гамма-пышақ) болып табылады.
 
Акромегалиямен сырқаттанған науқастарда емдеудің таңдау әдісі гипофиз аденомасын транссфеноидальды алып тастау болып табылады. 85 % жағдайда микроаденомаға

Слайд 23Болжамы
Акромегалиядан дамитын өлім көрсеткіші жалпы халыққа шаққанда 2–4 есе жоғары,

ең алдымен жүрек-қантамыр ауруларына байланысты. ИТФ-1 деңгейі қалыптасқанда және СТГ

гиперсекрециясы жойылғанда өлім көрсеткіші орташа статистикалық көрсеткіштерге дейін төмендейді.

БолжамыАкромегалиядан дамитын өлім көрсеткіші жалпы халыққа шаққанда 2–4 есе жоғары, ең алдымен жүрек-қантамыр ауруларына байланысты. ИТФ-1 деңгейі

Слайд 24Гипоталамус-гипофиз жеткіліксіздігі (гипопитуитаризм) – адненогипофиздің деструкциясы нәтижесінде дамитын, тропты гормондар

синтезінің төмендеуімен және шеткері эндокринді бездер қызметінің бұзылуымен сипатталатын клиникалық

синдром (2.6 кесте).

Гипоталамус-гипофиз жеткіліксіздігі (гипопитуитаризм) – адненогипофиздің деструкциясы нәтижесінде дамитын, тропты гормондар синтезінің төмендеуімен және шеткері эндокринді бездер қызметінің

Слайд 27 Пангипопитуитаризм — аденогипофиздің барлық гормонадарының тапшылығы және жиі кездесетін парциальды

гипопитуитаризм деп екіге бөледі.
 Этиологиясы
Тропты гормондар өндірілуінің жоғалуымен сипатталатын гипофиз

деструкциясына әкелетін гипофиз ісіктері.
Гипофиз маңы ісіктері (краниофарингиома, менингиома, түрлі ісіктердің метастазы және т.б.).
Гипоталамус-гипофиз аймағына жаслған операциялық араласулар, гипофиздің сәулеленуі.
Гипофиз апоплексиясы (септико-эмболиялық немесе ишемиялық
инфаркт) немесе Шиен-Симмондс (ШСС) синдромы. Классикалық ШСС сепсис, тромбоэмболия, массивті қан кетумен асқынған босанудан кейінгі әйелдерде суреттелген болатын. Жүктілік кезінде гипофиздің алдыңғы бөлігінің гипертрофиясы, босанудан кейін оның инволюциясымен алмасуы есебінен, гипофизде қанайналым бұзылып, ангиоспазм дамып, гипоксия мен некроздың дамуына әкеледі. Соңғы жылдары сирек кездеседі. ШСС секілді синдром басқа генезді қан кетулер кезінде де суреттелген, соның ішінде ер адамдар да анықталған.

 Пангипопитуитаризм — аденогипофиздің барлық гормонадарының тапшылығы және жиі кездесетін парциальды гипопитуитаризм деп екіге бөледі.  ЭтиологиясыТропты гормондар өндірілуінің

Слайд 28Инфильтративті аурулар (саркоидоз, лимфоцитарлы гипофизит, гемохроматоз, гистиоцитоз).
Ауыр бассүйек-ми жарақаттары
«Бос»

түрік ершігі синдромы Гиперпролактинемиямен ұштасқан жеңіл дәрежелі парциальды гипопитуитаризм науқастардың

10%-да ғана анықталады.
Туа біткен және жүре пайда болған синдромдар:
—өсу гормоны мен тропты гормондардың тұқым қуалайтын тапшылығы (өсу гормоны, Pit-1 және Prop-1 гендерінің мутациясы);
—гипоталамус-гипофиз жүйесінің даму ақаулары (голопрозэнцефалия, септооптикалық дисплазия, туа біткен гипофиз аплазиясы мен гипоплазиясы және т.б.);
—гипофиздің тропты гормондары мен өсу гормонының идиопатиялық тапшылығы.
Инфильтративті аурулар (саркоидоз, лимфоцитарлы гипофизит, гемохроматоз, гистиоцитоз). Ауыр бассүйек-ми жарақаттары«Бос» түрік ершігі синдромы Гиперпролактинемиямен ұштасқан жеңіл дәрежелі

Слайд 29Клиникалық көріністері
Парциальды гипопитуитаризм клиникалық түрлі үйлесімде
екіншілік гипотиреозбен, гипогонадизммен, гипокортицизммен және

ӨГ тапшылығының бейспецификалық симптоматикасымен көрінеді (2.7кесте).
Пангипопитуитаризм Шиен-Симмондс (ШСС) синдромының
классикалық

ағымында бірнеше жылдарда дамиды. Ауыр жағдайларда науқастың дене массасы 25–30 кг-ға дейін үдемелі төмендейді.Науқас біркелкі арықтайды, бұлшықеттері атрофияланады, ішкі ағзаларының көлемі кішірейеді. Тері жабындыларына арнайы өзгерістер тән: терінің жұқарып, құрғауы оған папирус қағазына ұқсас сипат береді, терісі әжімденіп, қабыршақтанып, балауыз секілді ақшыл-сары реңге ие болады.
Клиникалық көріністеріПарциальды гипопитуитаризм клиникалық түрлі үйлесімдеекіншілік гипотиреозбен, гипогонадизммен, гипокортицизммен және ӨГ тапшылығының бейспецификалық симптоматикасымен көрінеді (2.7кесте). Пангипопитуитаризм

Слайд 31Диагностикасы
Ересек адамдарда гипопитуитаризм диагнозын қою үшін анамнез мәліметтері өте маңызды

(гипофизге жасалған операциялар, гипофиздің сәулеленуі, көлемді қан кетумен асқынған босанулар

және т.б). Гормональды зерттеу кезінде шеткері эндокринді бездер гормондарының (Т4, тестостерон, эстрадиол, кортизол) төмен деңгейі және ӨГ мен тропты гормондар деңгейінің тіркесіп төмендегені анықталады. Көп жағдайларда стимуляциялық сынамалар арқылы тропты гормондар мен ӨГ тапшылығын дәлелдеу қажет
Барлық науқастарға бас миының МРТ тағайындалады.
Гипофизарлы нанизмнің клиникалық диагностикалаудың басты әдісі антропометрия мен оның нәтижелерін перцентильді кестелермен салыстыру болып табылады. Түрлі сүйектік дисплазияларды жоққа шығару үшін (ахондроплазия, гипохондроплазия) дене пропорциялары бағаланады. Қол мен білезік буындарының рентгенографиясы арқылы науқастың сүйектік (рентгенологиялық) жасы анықталады. Гипофизарлы нанизмге сүйектенудің кешеуілдеуі тән. ӨГ тапшылығын инсулинді гипогликемия сынағымен дәлелдеу өте маңызды. ӨГ тапшылығын диагностикалық зерттеуде ИТФ-1 деңгейін анықтау құнды әдіс болып табылады.
ДиагностикасыЕресек адамдарда гипопитуитаризм диагнозын қою үшін анамнез мәліметтері өте маңызды (гипофизге жасалған операциялар, гипофиздің сәулеленуі, көлемді қан

Слайд 32Салыстырмалы диагностикасы
Ересек адамдарда гипоталамус-гипофиз жеткіліксіздігін дене салмағының айқын төмендеуімен сипатталатын

бірқатар аурулармен (қатерлі ісіктер, туберкулез, энтероколиттер,спру мен спрусекілді синдромдар, порфирия

ауруы және т.б.), сонымен қатар жүйкелік анорексиямен салыстырмалы диагностикалау қажет Бірнеше эндокринді бездер жеткіліксіздігінің тіркесуі аутоиммунды полигландулярды синдромдар шеңберінде кездеседі
Идиопатиялық гипофизарлы нанизмді басқа да өсу кемістігіне әкелетін аурулармен ажыратады: туа біткен гипотиреоз, ерте жыныстық жетілу,
бүйрек үсті безі қыртысының туа біткен дисфункциясы, қант диабеті (Мориак, Нобекур синдромдары), ауыр соматикалық аурулар салдары, генетикалық остеоартропатиялар, сонымен қатар отбасылық өсу кемістігі (конституциональды бой өсуінің тежелуі). Соңғы жағдайда ата-аналардың біреуінде бойдың қысқалығын анықтауға болады.

Салыстырмалы диагностикасыЕресек адамдарда гипоталамус-гипофиз жеткіліксіздігін дене салмағының айқын төмендеуімен сипатталатын бірқатар аурулармен (қатерлі ісіктер, туберкулез, энтероколиттер,спру мен

Слайд 33Гипофизарлы нанизмді бірқатар генетикалық синдромдармен ажырату қажет: прогерия (Гетчинсон-Гилфорд синдромы),

Ларон синдромы (рецепторлар геніндегі ақаудың нәтижесінде өсу гормонына перифериялық сезімталдықтың

болмауы), Рассел-Сильвер синдромы (дене асимметриясымен құрсақішілік бой өсудің тежелуі), Секкель синдромы (құстың басы сияқты ергежейлі), Прадер-Вилли синдромы (туылғаннан бастап бой өсудің тежелуі, семіздік, крипторхизм, гипоспадия, олигофрения), Лоуренс-Мун—Бард-Бидль синдромы (ергежейлік, торлы қабықтың пигментті дегенерациясы, көру жүйкесінің дискілерінің атрофиясы, гипогонадизм, ақыл ойының тежелуі), ахондроплазия (аяқ-қолдың диспропорционалды қысқаруынан бой өсудің тежелуі).
Гипофизарлы нанизмді бірқатар генетикалық синдромдармен ажырату қажет: прогерия (Гетчинсон-Гилфорд синдромы), Ларон синдромы (рецепторлар геніндегі ақаудың нәтижесінде өсу

Слайд 34 Емі
Аурудың себебін мүмкін болғанша жою (гипофиз және
гипоталамус ісігін алып

тастау).
Орын басушы гормональды терапия кортикостероид
дәрілерімен екіншілік гипокортицизмді компенсациялаумен басталады

(4.5 бөлімді қараңыз). Гипокортицизмді компенсацияламай тиреоидты гормондарды тағайындау жедел бүйрек үсті безі жеткіліксіздігінің дамуына әкеледі. Жыныс бездерінің жеткіліксізділігі эстроген, прогестин және тестостерон дәрілерімен компенсацияланады. Гипотиреоз левотироксин дәрілерімен компенсацияланады.
Гипофизарлы нанизмнің патогенетикалық терапиясының
негізінде гендік-инженерлі адамның ӨГ дәрілерімен орынбасушы терапия жатыр (0,07–0,1 БР/кг дене салмағына, күнделікті тері астына 20.00–22.00 сағат аралығында). Ересек адамдарда ӨГ тапшылығы кезінде дәрі мөлшерін 0,125–0,25 БР/кг дейін арттыруға болады.
Гипопитуитарлы команы емдеу жедел бүйрек үсті безі
жеткіліксіздігін емдеу секілді жүргізеді (4.5.3 бөлімді қараңыз).

ЕміАурудың себебін мүмкін болғанша жою (гипофиз жәнегипоталамус ісігін алып тастау). Орын басушы гормональды терапия кортикостероиддәрілерімен екіншілік

Слайд 36Аменорея дегеніміз репродуктивті жастағы әйелдерде етеккірдің болмауын айтады. Біріншілік аменорея-

16 жастан асқан қыз балаларда етеккірдің болмауы, екіншілік аменорея —

бұрын менструальды циклі тұрақтанған әйелдерде 6 ай көлемінде етеккірдің тоқтауы. Аз көлемдегі етеккір- опсоменорея; сирек тұрақсыз етеккір (жылына 9 реттен аз) – олигоменорея. Физиологиялық аменорея жүктілік кезінде және менопаузадан кейін дамиды.

Аменорея дегеніміз репродуктивті жастағы әйелдерде етеккірдің болмауын айтады. Біріншілік аменорея- 16 жастан асқан қыз балаларда етеккірдің болмауы,

Слайд 38Этиологиясы мен патогенезі
Туа пайда болған синдромдар (Тернер, Каллманн синдромы) және

жүрек пайда болған сырқаттар (пролактинома, жүйкелік анорексия) біріншілік және екіншілік

аменореяның дамуына әкеледі, яғни бір сырқат (мысалы, гипопитуитаризмді дамытатын гипофиздің үлкен көлемдегі ісігі) біріншілік те, екіншілік те аменореяның даму себебі бола алады. Жиі біріншілік аменореяның даму себебі аналық бездердің жеткіліксіздігі мен жатырдың даму ақаулары болып табылады

Этиологиясы мен патогенезіТуа пайда болған синдромдар (Тернер, Каллманн синдромы) және жүрек пайда болған сырқаттар (пролактинома, жүйкелік анорексия)

Слайд 39 Біріншілік аменореямен дамитын кейбір сырқаттар

Біріншілік аменореямен дамитын кейбір сырқаттар

Слайд 41
Эпидемиологиясы
Біріншілік аменореяның халық арасында таралуы 0,5–1,2 %, екіншілік аменорея шамамен

5 %. Тернер синдромының таралу жиілігі қыз балалар арасында —

1:2500, мерзімімен ерте аналық бездің қажу синдромы (МЕАБҚС) — 0,1 % 30 жастан жас әйелдер арасында және 1% 40 жастан жас әйелдер арасында.
МЕАБҚС құрлымында 60%-ын генетикалық бұзылыстар (сынғыш Х-хромосома, ФСГ немесе ЛГ рецепторлары гендерінің мутациясы), 20%-ын аутоиммунды оофорит құрайды.

ЭпидемиологиясыБіріншілік аменореяның халық арасында таралуы 0,5–1,2 %, екіншілік аменорея шамамен 5 %. Тернер синдромының таралу жиілігі қыз

Слайд 42Клиникалық көріністері
Етеккірдің болмауы, бедеулік. Бедеулік деп контрацепциясыз бір жыл бойы

тұрақты жыныстық қатынаста (орташа аптасына екі рет) болуына қарамастан жүктіліктің

болмауын айтады. Мерзімінен аналық бездің ерте тозу синдромы кезінде жүктіліктің спонтанды дамуы 5%.
Біріншілік аменорея кезінде эстрогендер тапшылығымен дамитын симптомдар көрініс бермейді, ал екіншілік аменореямен сырқаттанған науқастардың 75 %-да байқалады.
Аменореяны дамытатын жеке сырқаттардың спецификалық көріністері (Тернер синдромына тән сыр-келбет, гиперпролактинемия кезіндегі галакторея, гирсутизм және т.б.).
 

Клиникалық көріністеріЕтеккірдің болмауы, бедеулік. Бедеулік деп контрацепциясыз бір жыл бойы тұрақты жыныстық қатынаста (орташа аптасына екі рет)

Слайд 43Диагностикасы
1. Гормональды зерттеу
Біріншілік гипогонадизм диагнозы екі рет ФСГ

деңгейінің жоғарылауы анықталғанда ғана расталады (> 30 мЕд/л). Сонымен қатар,

бұл кезде ЛГ деңгейі жоғарылаған және эстрадиол деңгейі төмендеген. Екіншілік гипогонадизмге гонадотропиндер мен эстрадиолдың төмен мөлшерде болуы тән. Екіншілік аменореямен сырқаттанған барлық науқастарға пролактин және ТТГ мөлшерін анықтау тағайындалады, ал көрсеткіш бойынша-ДЭА және тестостерон.
2. Біріншілік аменорея көрініс берген барлық науқастарға кариотиптеу көрсетілген.
3. Кіші жамбас астауының УДЗ-сі және гинекологиялық зерттеу.
4. Мерзімінен ерте аналық бездің тозу синдромы кезінде барлық аутоиммунды сырқаттардың скринингі тағайындалады, ең алдымен міндетті түрде ТТГ мөлшері анықталады.
5. Остеопороз (сүйек денситометрисы), урогенитальды бұзылыстар секілді гипогонадизм асқынуларының диагностикасы.

Диагностикасы 1. Гормональды зерттеу Біріншілік гипогонадизм диагнозы екі рет ФСГ деңгейінің жоғарылауы анықталғанда ғана расталады (> 30

Слайд 45 
Емі
Эстрогендермен орынбасушы терапия (жатыр болмаған жағдайда ғана —гестагендермен бірге) біріншілік

және екіншілік гипогонадизм кезінде тағайындалады. Бұл терапия табиғи жағдайда менопауза

дамитын жасқа дейін жүргізіледі (шамамен 50 жас).
Аменореяның дамуына әкелетін сырқаттардың спецификалық терапиясы (гиперпролактинемия кезінде дофаминмиметиктер, гормональды белсенді емес гипофиз аденомалары кезінде хирургиялық ем, антиандрогенді терапия және т.б).
Y-хромосомасы анықталғанда (тестикулярлы феминизация синдромы) гонадобластоманың алдын алу мақсатында екі жақты гонадэктомия жасалынады.
Гипогонадизм асқынуларын емдеу (остеопороз, урогенитальді бұзылыстар).
Көмекші репродуктивті технологиялық (экстракорпоральды ұрықтандыру) біріншілік және екіншілік аменореямен сипатталатын көптеген сырқаттарда жүктілікті жоспарлауға мүмкіндік береді.

 ЕміЭстрогендермен орынбасушы терапия (жатыр болмаған жағдайда ғана —гестагендермен бірге) біріншілік және екіншілік гипогонадизм кезінде тағайындалады. Бұл терапия

Слайд 46Болжамы
Аменореяның дамуына әкелген сырқатқа тәуелді. Түрлі генезді гипогонадизммен сырқаттанған әйелдер

арасында өлім көрсеткіші жалпы популяциямен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. Эстрогендер тапшылығы

жүрек-қантамырлар жүйесі аурулары мен остеопороздың дамуы қаупін жоғарылатады.

БолжамыАменореяның дамуына әкелген сырқатқа тәуелді. Түрлі генезді гипогонадизммен сырқаттанған әйелдер арасында өлім көрсеткіші жалпы популяциямен салыстырғанда айтарлықтай

Слайд 47ЕРКЕКТІК ГИПОГОНАДИЗМ
Ер адамдардағы гипогонадизм — ағзада андрогендер мөлшерінің азаюынан немесе

оларға сезімталдықтың төмендеуінен жыныс мүшелерінің жетілмеуі, екіншілік жыныс белгілерінің дамымауы,

бедеулік көрініс береді. Біріншілік гипогонадизм жыныс бездері қызметінің бұзылуынан, ал екіншілік гипогонадизм гонадотропиндер синтезінің төмендеуінен дамиды. Біріншілік гипогонадизм гонадотропты гормондардың гиперсекрециясымен сипатталады, сондықтан кейде гипергонадотропты гипогонадизм деп аталады. Екіншілік гипогонадизм кезінде гонадотропты гормондардың секрециясы төмендейді, сондықтан кейбір әдебиеттерде гипогонадотропты гипогонадизм деп те аталады (6.3кесте). Сирек жағдайда гонадотропиндердің қалыпты мөлшерінде тестостерон өндірілуінің төмендеуімен сипатталатын нормогонадотропты гипогонадизм көрініс береді. Сонымен қатар, гипогонадизм туа біткен немесе жүрек пайда болған деп ажыратылады.
ЕРКЕКТІК ГИПОГОНАДИЗМЕр адамдардағы гипогонадизм — ағзада андрогендер мөлшерінің азаюынан немесе оларға сезімталдықтың төмендеуінен жыныс мүшелерінің жетілмеуі, екіншілік

Слайд 51ОСТЕОПОРОЗ
Остеопороз — сүйектің жоғарғы сынғыштығына әкелетін, сүйек тінінің микроархитектоникасының бұзылуымен

әжне көлем бірлігінде сүйек массасының төмендеуімен сипатталатын қаңқа сүйектерінің жүйелік

ауруы
(8.6 кесте). Остеопороз терминімен қатар екі түрлі мағынаға ие болатын остеопения термині қолданылады. Біріншіден, бұл сүйектің кез-келген минералды тығыздығының төмендеуін білдірсе, екіншіден, сүйек денситоментриясы мәліметтері бойынша «Т» критерийлерге сәйкес 1 –2,5 аралығында болуын білдіреді.
ОСТЕОПОРОЗОстеопороз — сүйектің жоғарғы сынғыштығына әкелетін, сүйек тінінің микроархитектоникасының бұзылуымен әжне көлем бірлігінде сүйек массасының төмендеуімен сипатталатын

Слайд 53 
Остеопорозға әкелетін қауіп түрткілері

  Остеопорозға әкелетін қауіп түрткілері

Слайд 54 Емі
Остеопороз кезінде бірнеше топ дәрілерін қолдануға болады:
Бисфосфонаттар (алендронат,

ибандрон қышқылы) омыртқа, сан сүйегі, білек сүйегінің сыну қаупін төмендетеді.

Олардың әсер ету механизмі остеокластар белсенділігін, остеокластармен сүйек тіні резорбциясының төмендеуіне байланысты.
Кальцитонин (миакальцик) остеокласттардың спецификалық рецепторлармен байланысып, антирезорбтивті белсенділікке ие болуымен қатар, сүйектің сынуы кезінде ауырсу сезімін басады.
Менопаузадан кейінгі кезеңде эстрогендермен орынбасушы терапия остепороздың алдын алу ретінде де, емдік шара ретінде де тағайындала береді (5.4 бөлімді қараңыз).
Эстроген рецепторларының селективті модуляторлары (ралоксифен) бір тіндерде эстроген агонистері ретінде қызмет атқарса (сүйек тіні), ал басқа тіндерде анатогонист ретінде болады (эндометрий, сүт безі), сондықтан менопаузадан кейінгі кезде әйел адамдарда остеопорозды емдеуге қолданылады.
Терипаратид —адам паратгормонының N-терминалді фрагменті остеобластар белсенділігіне әсер етуі нәтижесінде сүйектің жаңаруын күшейтеді.
Кальций (карбонат), D дәрумені және D дәруменінің белсенді метаболиттері (α-кальцидиол, кальцитриол) жоғарыда аталған дәрілік заттармен бірге остеопорозды емдеуде кешенді терапия құрамында тағайындауға болады.

ЕміОстеопороз кезінде бірнеше топ дәрілерін қолдануға болады: Бисфосфонаттар (алендронат, ибандрон қышқылы) омыртқа, сан сүйегі, білек сүйегінің

Слайд 55СЕМІЗДІК ЖӘНЕ МЕТАБОЛИКАЛЫҚ
СИНДРОМ

Семіздік —жиі энергияны қабылдау мен энергия шығына

арасындағы дисбаланстың дамуына әкелетін, генетикалық бейімдеушілік тән созылмалы жүйелік гетерогенді

ауру (11.1 кесте).

СЕМІЗДІК ЖӘНЕ МЕТАБОЛИКАЛЫҚ СИНДРОМСеміздік —жиі энергияны қабылдау мен энергия шығына арасындағы дисбаланстың дамуына әкелетін, генетикалық бейімдеушілік тән

Слайд 58Пайдаланған әдебиеттер
Б.Н.Айтбембет “Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы”
С.Л.Қасенова “Ішкі аурулар”
www.google.kz «Саламатты

Қазақстан 2010»

Пайдаланған әдебиеттерБ.Н.Айтбембет “Ішкі ағза ауруларының пропедевтикасы” С.Л.Қасенова “Ішкі аурулар”www.google.kz «Саламатты Қазақстан 2010»

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика