Разделы презентаций


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты Тақырыбы : БЖА,

Содержание

Қатерлі ісікке тән қасиеттер қайтымсыз тез өсуі, ағымның жылдамғы (орташа 1-2 ай), қайталануы-рецидивтердің шығуы, айналасындағы тіндердің құрылысын бұзып, оларға шаншыла етене өсуі, метастаздар беруі. Дамитын тіндеріне байланысты қатерлі ісіктерді 4 топқа

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты


Тақырыбы: БЖА, еріннің,ауыз

қуысының қатерлі ісіктері
Орындаған: Жанұзақова А.
Қабылдаған : Аргинова Қ.
СК - 606

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты Тақырыбы: БЖА, еріннің,ауыз қуысының қатерлі ісіктеріОрындаған: Жанұзақова А.Қабылдаған : Аргинова

Слайд 2Қатерлі ісікке тән қасиеттер қайтымсыз тез өсуі, ағымның жылдамғы (орташа

1-2 ай), қайталануы-рецидивтердің шығуы, айналасындағы тіндердің құрылысын бұзып, оларға шаншыла

етене өсуі, метастаздар беруі. Дамитын тіндеріне байланысты қатерлі ісіктерді 4 топқа бөлуге болады: эпителилік-әртүрлі карциномалар; дәнекер тіндік- әртүрлі саркомалар; құрамында пигменті бар тіндер-меланомалар және белгісіз себептерден пайда болатын ісіктер тобы (мысалы, Капош саркомасы және т. б.).

Қатерлі ісікке тән қасиеттер қайтымсыз тез өсуі, ағымның жылдамғы (орташа 1-2 ай), қайталануы-рецидивтердің шығуы, айналасындағы тіндердің құрылысын

Слайд 3Қатерлі ісіктің дамуына көбінесе ракқа ұқсас ісіктер себеп болады, олардың

қатарына мыналар жатады:
1. Облигатты (гректің міндетті түрде — деген сөзінен

алынған бұл ісіктер ракқа айналуға өте бейім немесе міндетті түрде айналады) —пигментті ксеродермия, Боуэн ауруы, Кеир эритроплазиясы, Манганоттидің рак алды хейлиті, Дюбреил меланозы және т. б.
2. Факультативті (ракқа өз бетінше өтуі де, өтпеуі де мүмкін)- папилломалар, эрозивті-жаралы және қызыл жегі мен қызыл жалпақ теміреткінің гиперкератикалық түрі, лейкоплакия, тері мүйізі, жаңа жасушалы-клеткалы және пигментті невус және т. б.

Қатерлі ісіктің дамуына көбінесе ракқа ұқсас ісіктер себеп болады, олардың қатарына мыналар жатады:1. Облигатты (гректің міндетті түрде

Слайд 4Жақтың ортаңғы рагі — Маляссе аралдарынан, гаймор қуысының төсенішінен, жүйке-қан

тамыр шоғырының эндотелиінен және парадонт тіндерінен дамиды.
Жақтық сыртқы рагі —

сүйектің сыртқы қабығынан, жақтың ұяшық-альвеолды өсіндісінің шырышты қабығынан дамиды.
Рактың жайылуына байланысты клиникалық ағымын ТNМ жүйесі бойынша 4 сатыға бөледі.
Т — ісік:
Т1 — ісіктің көлемі 2,0 см-ге дейін.
Т2 — ісіктің көлемі 2,0 см-ден 4,0 см-ге дейін.
Т3 — ісіктің көлемі 4,0 см-ден жоғары.
Т4 — көлеміне байланыссыз ет пен сүйекке өсіп кеткен.
T in situ— ісік жоқ, бірақ күдікті жерден рак клеткаларының табылуы.
N — ісіктің мойын лимфа жүйелері арқылы таралу жолы.
N 1 — гомолатеральды зақымданған жағынан көлемі 3,0 см-ге дейін.
N 2 — билатеральды көлемі 3,0 см-ге дейін немесе гомолатеральды көлемі 6,0 см-ге дейін.
N3 —көлемі 6,0 см-ден жоғары немесе көлеміне қарамай етке, теріге, сүйекке өсіп кетуі.
М — жеке ағзалар жүйелердегі метастаздар.
М0 — метастаздар жоқ.
Мі — метастаздар бар.
Осы көрсеткіштерге байланысты лайықты сатысы қойылады.
I — Т1, Nо, Мо.
II — Т2, Nо, Мо.
II—Т3 немесе N1.
IV— Т4N2—3 немесе М1

Жақтың ортаңғы рагі — Маляссе аралдарынан, гаймор қуысының төсенішінен, жүйке-қан тамыр шоғырының эндотелиінен және парадонт тіндерінен дамиды.Жақтық

Слайд 5Терінің қатерлі ісіктері
Терінің қатерлі ісіктері Қазақстан бойынша (1991 жылғы мәлімет)

әрбір 100 мың адамға шаққанда — 8,3%, оның ішінде ерлерде—8%,

әйелдерде—11,6%. Тері рагі көбінесе 50-70 жас аралығында жиі дамиды. Бүкіл ісіктердің ішінде 3-ші орында тұр.
Тері 70%-ке дейін базальды-клеткалы ракпен зақымданады, 25-30% жалпақ клеткалы ракпен, терінің құрылымдарының (тер бездері, түк қапшықтары) рагі 1—5%.
Базальды-клеткалы рак — жергілікті деструктивті, баяу өсетін тері ісігі. Метастаз бермей көбінесе 50 жастан асқан әйеддердің арасында жиі кездеседі. Жиі пайда болатын жерлері ауыздың айналасы, мұрын мен самай терісі. Оның клиникалық көрінісі әр қилы — экзофитті де эндофитті де өседі. Қай түрі болса да ісіктің консистенциясы тығыз, жұмсақ, айналасында инфильтраты бар, ісіктің ортасындағы деструктивті ошақ қатты қабыршақпен жабылған. Қабыршақтың астында өлеттенген, шеттері иректі шұңқыр көрінеді. Аймақтың лимфа бездері үлкеймеген. Нақтама қою онша қиынға түспейді, сонда да болса гистологиялық зерттеуге жарадан шыныға жағынды, қырынды немесе биопсия алған орынды. М. М. Соловьевтың (1983) айтуынша, егер ісік 1 см-ден кіші әрі ұйыспасы-инфильтрациясы онша терең болмаса, оны бірден кесіп алып тастаған жөн.
Емі. Хирургиялық — сау тіндердің көлемінде ісікті алып тастау немесе жақын фокусты рентген және электр сәулелерімен емдеу. Екеуін кезектесіп қолдануға болады. Суықпен деструкциялау және электрмен күйдіру өте сирек пайдаланылады.

Терінің қатерлі ісіктеріТерінің қатерлі ісіктері Қазақстан бойынша (1991 жылғы мәлімет) әрбір 100 мың адамға шаққанда — 8,3%,

Слайд 6Меланомалар

Меланома жаратылысы жағынан нейрогенді сирек кездесетін ісік. Бүкіл қатерлі

ісіктердің ішінде 1-3%. Көбінесе 30-50 жас аралығындағы әйелдер ауырады. 67,8%

жағдайда меланома қалдың орнынан дамиды (Н.И. Переводчикова—1993 ж.) Қазақстанның әр 100 мың адамына 1991-8,0%, ал Алматыда 10,7%. 25-40% меланомалар бет пен мойын терісінде орналасады. Ұртта, самайда, құлақта жиі кездеседі. Меланомалар өте жоғары қатерлігімен және ерте метастаздануымен ерекшеленеді.Меланома қатерлі ісігінің тағы бір қасиеті ісіктен, басқа ісіктер сияқты, кесіп микроскопқа қарау үшін (биопсия) тін алуға болмайды. Дәрігер-онкологтарда қатерлі меланома ісігін еш уақытта, ешқашан да шұқымаған жөн деген жазылмаған заң бар. Өйткені білместік қимыл-дары өміріне қауіп туғызуы мүмкін.
Меланомалар Меланома жаратылысы жағынан нейрогенді сирек кездесетін ісік. Бүкіл қатерлі ісіктердің ішінде 1-3%. Көбінесе 30-50 жас аралығындағы

Слайд 7Тері меланомасының даму болжамы көптеген жағдайларға-факторларға тығыз байланысты (науқастың жынысы,

жасы, ұлты, алғашқы ошақтың орналасқан жері және т. б.) Көбінесе

европалық халықтардың арасында көп кездеседі. Меланома өте күрделі ісік. Кейде ол пигментті дақ немесе түйін секілді, кейде жалпақ негіздегі папилломатозды өсінді түрінде кездеседі. Түсі қарадан көгілдір немесе сұр, ал кей жағдайда түссіз де болып кездеседі. Ісік жаралануы да мүмкін (67-сурет).
Болжау барысында меланомды клеткалардың дермаға енуі маңызды орын алады (Кларк жүйесі бойынша 5 деңгей).
I — Меланомды клеткалар базальды пердеден аспайды.
II— Базальды перде мен емізікті қабатқа жетеді.
ІІІ— Емізікті қабат пен торлы қабатқа дейін толады.
IV— Дерманың торлы қабатындағы коллаген талшықтарына енеді.
V — меланома теріасты май қабатына өтеді. Бреслау бойынша меланоманың ену деңгейі ойша екі топқа бөлінеді:
I — Ісіктің қалыңдығы 0,76 мм-ден кем болмаған кезде қолайлы жағдай деп есептеледі.
II—0,76 мм-ден артық болса метастаз мүмкіншілігі бар кез деп саналады.
Меланоманың қалыңдығы 2 мм-ден кем болғанда науқастың аман қалуы 80%-тей.

Тері меланомасының даму болжамы көптеген жағдайларға-факторларға тығыз байланысты (науқастың жынысы, жасы, ұлты, алғашқы ошақтың орналасқан жері және

Слайд 8Емі. Қатерлі меланома ісігін емдеудің бүгінгі таңда екі жолы бар.

Біріншісі хирургиялық жолмен ісікті алып тастау. Екіншісі -аралас әдіс. Мұндай

жағдайда, әуелі ісікті рентген немесе гамма сәулесімен өлтіріп, содан кейін хирургиялық жолмен қалған қалдықты түп нұсқасымен, ісіктің айналасынан 2-3 см қашықтықтағы терісімен қоса сылып алып тастайды. Әлбетте, хирургиялық оталарды электр пышақпен жасау қажет, өйткені кейбір шашыраған меланома клеткалары электр пышағымен бірге күйіп кетеді.
Алғашқы I—III деңгейдегі тері меланомасын емдеудің негізгі әдісі хирургиялық. Меланоманы сау тіндерден алып тастау. Жайылмалы түрінде дәрімен емделеді. Өкпедегі, бауырдағы, сүйек және ми ішіндегі метастаздарға қарағанда тері мен мойынның лимфа бездеріндегі метастаздар химиялық емге сезімтал. Меланоманың диссиминальдық түрінде еқ тиімді дәрі декарбазин болып табылады.
Емі. Қатерлі меланома ісігін емдеудің бүгінгі таңда екі жолы бар. Біріншісі хирургиялық жолмен ісікті алып тастау. Екіншісі

Слайд 9Еріннің ісіктері
Қазақстанда ерін рагімен ауырған адамдардың саны әр 100 мың

адамға шаққанда: ерлерде -5,8%, әйелдерде 1,6% (40-60 жастың арасында). Ауылшаруашылығындағы,

зиянды өндіріс аймақтарындағы тұрғындардың ауруға шалдығу жиілігі жоғары. Н.П.Наталковтың мәліметтері бойынша ТМД елдерінің ішінде Украина мен Ресейдің көрсеткіштері жоғары. Қазақстанның оңтүстік облыстарындағы (Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан обл.) тұрғындар солтүстік облыстардағы тұрғындарға қарағанда аз ауырады. Қазақстандағы жергілікті тұрғындарға қарағанда сырттан келген европалық терісі ақ тұрғындарда ерін рагі 15 есе көп кездеседі.

Еріннің ісіктеріҚазақстанда ерін рагімен ауырған адамдардың саны әр 100 мың адамға шаққанда: ерлерде -5,8%, әйелдерде 1,6% (40-60

Слайд 10Емі.
Ерін рагінің I-II сатысында криодеструкция емі тағайындалады. Осы сатыларында

жақын фокусты рентгенем, қысқа фокусты ем немесе радиоактивті элементті еріннің

ішіне имплантациялау. Жергілікті сәуле мөлшерінің жиынтығы 60-70 Гр. Кей жағдайда тек хирургиялық емді қолданады. Ісіктің III-IV сатысында алғашқы ісіктің ошағын алумен қатар, одан кейінгі қалған ақауға алғашқы пластикалық операция жасауға дайындайды. Ал ісіктің III-IV сатысында операция алдында сәулемен емдейді. Сәуленің жалпы жиынтығы 30-40 Гр. Соңғы жылдары төменгі еріннің рагін емдеуде жылдам электрондарды пайдалану өзін ақтады (Г.К. Жұмағазиева 198 8). Ерін рагін емдеу, оның сирек кездесуіне байланысты және жайылуы мен метастаз беруі төмен болғандықтан жақсы нәтижелерге жетіп отыр.

Емі. Ерін рагінің I-II сатысында криодеструкция емі тағайындалады. Осы сатыларында жақын фокусты рентгенем, қысқа фокусты ем немесе

Слайд 11ЖАҚТАРДЫҢ ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕРІ
Жақтың қатерлі ісіктерімен ауыратын

науқастар жақ-бет аймағы қатерлі ісіктерімен зақымданған науқастардың жалпы санының

6,6%-ін құрайды. (Соловьев М.М.Сточний В.А. 1974). Кездесетін жағдайлардың 60-70%-і 40-60 жас арасындағы кісілердің жоғарғы жағы. Аймақтық метастаздарды өте сирек береді, шамамен 14,9%. Жоғарғы жақтағы қатерлі ісіктің көп кездесетін түрі (патоморфологиялық) жалпақ клеткалы рак 65%, сирек безді рак 8%, әртүрлі саркомалар 5,8%, меланомалар мен себебі белгісіз рак 11,4% (ПроцыкВ.С. 1984).
I сатысы. Ісік жақтың бір қабырғасындағы шырышты қабық пен оның астындағы қабатпен ғана шектелген. Аймақтық метастаздары жоқ.
II сатысы. Ісік сүйек қабырғасының аумақты жерінің құрылысын бұзады. Бірақ одан әрі тарамайды. Аймақтық метастаздары жоқ. Сонда да болса мына белгілерді есте сақтау қажет, тістердегі жайылмалы ауыру сезімі, парестезия, ісігі бар жағының ауырлауы, нашар иістің шығуы, мұрынның бітуі, қанды судың ағуы, көзден жас ағу, тіс жұлғаннан кейінгі созылмалы альвеолиттер мен уяшықтың іркілдек ісік заты-мен толуы (69-сурет). Өкінішке орай аталған белгілердің бірі болса бірі болмағандықтан, диагноз қоюда маңызды көмекті рентген сурет, компьютерлік томография, цитологиялық тексерулер, инфрақызыл спектроскопия әдістері көрсетеді. Қатерлі ісіктер ағымының жасырын өтуі немесе басқа аурулар клиникасын қайталаиуына байланысты Қазақстанда I—II сатысына қарағанда III—IV сатысы жиі кездесетіні анықталып отыр.

ЖАҚТАРДЫҢ ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕРІЖақтың  қатерлі  ісіктерімен  ауыратын  науқастар  жақ-бет аймағы қатерлі ісіктерімен зақымданған

Слайд 12III сатысы. Ісік бір немесе бірнеше анатомиялық аймаққа (көз ұясына,

мұрын қуысына, қатты таңдайға, торлы лабиринтке, альвеолдық өсіндіге және т.

б.) сүйек тінін бұза отырып тарайды. Осы сатысында метастаздар шыға бастайды.
IV сатысы. Ісік беттің терісіне өсіп, жақтың қарама-қарсы жағына бас қаңқасының негізіне, бет сүйегіне өтеді. Осы сатысында ісіктің аймақтық метастаздарына қарағанда, алыс метастаздары айқындала бастайды. Аурудың ағымы ауырлаған сайын клиникалық көріністері де анықтала береді. Мысалы: жақтар пішінінің бұзылуы, сау тістердің қозғалмалы болуы және олардың ығысуы, экзофтальм, әртүрлі қызметтердің бұзылуы және т. б.

III сатысы. Ісік бір немесе бірнеше анатомиялық аймаққа (көз ұясына, мұрын қуысына, қатты таңдайға, торлы лабиринтке, альвеолдық

Слайд 13Емі.
I—II сатысында хирургиялық ем (жақ сүйегін шетінен, жартылай, түтел

кесу отасы)
III—IV сатысында тек кешенді ем қолданылады: Бірінші дистанциялық

30-40 Гр. гамма емі, жергілікті және аймақтық химия емдерімен отаға дайындайды. Ота алдымен алғашқы ошаққа, одан кейін аймақтық метастаздар бар болса. Крайль немесе мойын клетчаткалары мен лимфа бездеріне шандырмен қалталы кесу отасы жасалады.
Бұл отаның Крайль операциясынан ерекшелігі төс-бұғана-емізікше еті, қосымша жүйке, сыртқа ұйқы артериясы, жалпы ұйқы артериясы сақталып қалады. Отадан соң жалпы мөлшері 25-30 Гр. сәуле емін, одан соң бір курс адекватты химия емін жүргізуге болады. Отадан соң ауруларды қайта қалыпқа келтіру мақсатымен протездер жасалады.
Жақтың остеосаркома ісігімен зақымданған кезде полихимиялық ем тағайындалады: 1-ші тәсіл. Циклофосфан, адриомицин, цистплатин;
2-ші тәсіл. Платидиам, циклофосфан, карминомицин.

Емі. I—II сатысында хирургиялық ем (жақ сүйегін шетінен, жартылай, түтел кесу отасы) III—IV сатысында тек кешенді ем

Слайд 14СІЛЕКЕЙ БЕЗДЕРІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕРІ
Бұл аурумен жылына 2 мыңға жуық кісілер

ауырады. Негізінен кездесетіні эпителийден дамыған ісіктер. Оларға: цилиндромалар, аденокарциноманың әр

түрлері, ересек рак, мукоэпидермоидты рак, жалпақ клеткалы рак, төменгі дифференциялды рак, аралас ісік рагі жатады (72-73-суреттер). Эпителиден дамыған қатерлі ісіктер өте сирек кездеседі (саркома, қатерлі невринома, лимфоретикулярлы ісік) метастаздары лимфогенді де, гематогенді де тарайды. Кіші сілекей бездері ауруға сирек шалдығады, бірақ үлкен сілекей бездерінің ісіктеріне қарағанда жеңілдеу дамиды.
Цилиндромалар инфильтративті өсуімен ерекшеленіп, қан арқылы метастаздарын өкпе мен сүйекке жібереді. Сілекей бездерінің аденокарциономалары мен жалпақ клеткалы рагі лимфа бездеріне, одан кейін өкпе мен омыртқаға жиі метастаз береді. Мукоэпидермоидты рак қоршаған тіндерге ерте инфильтрацияланып, 25 жағдайда жақын аймақтық лимфа түйіндеріне метастаздар береді. Сілекей безінің рагіне тән белгілер: жаңа нәрсенің пайда болуы, Стенонов немесе Вартонов өзектері қызметінің күшеюі, сілекейдің азаюы, оның үлкен бездерден бөлінбеуі, қан түйіршіктері бар қоймалжың заттың бөлінуі, ымдау еттері қызметінің бұзылуы және т.б. Нақтама қою барысында йодолиполмен немесе суға еритін заттармен жасалған көлеңкелі сиалографияның көмегі көп.

СІЛЕКЕЙ БЕЗДЕРІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕРІБұл аурумен жылына 2 мыңға жуық кісілер ауырады. Негізінен кездесетіні эпителийден дамыған ісіктер. Оларға:

Слайд 15Емі.
Жалғыз хирургиялық емнің сілекей бездерінің қатерлі ісіктерінде нәтижесі аз.

Отадан кейін асқынулар (рецидивтер) көп қайталай береді. Сондықтан науқастарға негізінен

кешенді ем тағайындалады. Отаның алдында сәуле немесе сәуле және химиялық емдер (жалпы жиынтығы 30-40 Гр.дистанциялық гамма ем) тағайындалады. Егер осыдан соң сілекей ісігінің төменгі полюсінде капсула пайда болса, бет нервісінің бұтақтары ісіктік бұзылудан аман болса, безді жартылай, сау тіндердің мөлшерінде кесіп алады. Одан кейін науқасқа адекватты химиялық ем тағайындалады: циклофосфан, ванкрастин, адриалицин, преднизалон және жалпы мөлшері 30 Гр.сәуле емі қоса тағайындалады.

Емі. Жалғыз хирургиялық емнің сілекей бездерінің қатерлі ісіктерінде нәтижесі аз. Отадан кейін асқынулар (рецидивтер) көп қайталай береді.

Слайд 17Пайдаланған әдебиеттер
www.google.kz
“ Хирургиялық стоматология “ - Оразалин Ж.Б.
Төлеуов Қ.Т.
.

Пайдаланған әдебиеттерwww.google.kz“ Хирургиялық стоматология “ - Оразалин Ж.Б.Төлеуов Қ.Т..

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика