Разделы презентаций


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты Тақырыбы : БЖА травмалық

Содержание

Деформацияға әсер ететіндер:1. Остеогенез бен дифференцияланудың, соның ішінде генетикалық түрінің де, туғаннан бұзылуы;2. Эндогенді және зат алмасуының бұзылуы;3. Тұқым қуалаған және жүре пайда болған факторлар;4. Өсу аймағының арулары мен жарақаттары;5. Қаңқаның

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты


Тақырыбы: БЖА травмалық

зақымдануы кезінде қайта қалпына келтіру отасы.Хирургиялық стоматологиялық ауруы бар науқастарды

оңалту

Орындаған: Жанұзақова А.
Қабылдаған : Аргинова Қ.
СК - 606

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты Тақырыбы: БЖА травмалық зақымдануы кезінде қайта қалпына келтіру отасы.Хирургиялық стоматологиялық

Слайд 2Деформацияға әсер ететіндер:
1. Остеогенез бен дифференцияланудың, соның ішінде генетикалық түрінің

де, туғаннан бұзылуы;
2. Эндогенді және зат алмасуының бұзылуы;
3. Тұқым қуалаған

және жүре пайда болған факторлар;
4. Өсу аймағының арулары мен жарақаттары;
5. Қаңқаның жекелеген бөлшектерінің өсу не өспей қалуына себепші жағдайлар.
6. Бет қаңқасының жарақаты.

Деформацияға әсер ететіндер:1. Остеогенез бен дифференцияланудың, соның ішінде генетикалық түрінің де, туғаннан бұзылуы;2. Эндогенді және зат алмасуының

Слайд 3Туғаннан кейінгі жалпы және жергілікті факторлар әсері
Бет қаңқасының деформациялануына туғаннан

кейінгі жалпы және жергілікті факторлар әсері, жасанды тамақтандыру, балалардың ерте

жастағы аурулары, эндокринді аурулар, мүрнымен дем алуының бузылуы, жағымсыз әдеттер, баланың ұйықтағанда ыңғайсыз жатуы, тіс жегісі, сүт тістері мен түрақты тістерінің болмауы, тіс сауытының біркелкі қажалмауы және сүт тістерінің ауысуы мерзімінің кешігуі, периодонтит, остеомиелит, жарақат, бет пен ауыз айналасы аймағының күюі, ауыз қуысы мен жақтағы жаңа түзілімдер үлкен әсер етеді.

Туғаннан кейінгі жалпы және жергілікті факторлар әсеріБет қаңқасының деформациялануына туғаннан кейінгі жалпы және жергілікті факторлар әсері, жасанды

Слайд 4Туғаннан кейінгі жергілікті факторлар әсері

Туғаннан кейінгі жергілікті факторлар әсері

Слайд 5БАС ҚАҢҚАСЫ ДЕФОРМАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ
І. Iштен туған деформациялар:
1. Тератогенді факторлар әсерінен

болған, жырық, әр түрлі дискраниялар, краниостеноздар, 1—2 желбезек доғасы синдромдары,

жақ дисплазиясы, іштей туған жарақаттар.
2. Дәлелденген хромосомды аурулар.
II. Жүре пайда болған деформациялар.
1. Эндокринді және зат алмасу.
2. Қызмет атқару бұзылуы әсерінен.
3.Жарақаттан кейін. 
4. Қабыну және инфекциялық агенттердің әсерінен.
5. Сәулелендіру салдарынан.

БАС ҚАҢҚАСЫ ДЕФОРМАЦИЯЛАРЫНЫҢ ЖІКТЕЛУІ І. Iштен туған деформациялар:1. Тератогенді факторлар әсерінен болған, жырық, әр түрлі дискраниялар, краниостеноздар,

Слайд 6Жақ деформациясы бар науқастарды тексерудің негізгі әдістері
1. Субьективті әдістер —

шағымы, ауру анамнезі, өмір анамнезі.
2. Объективті — науқасты жалпы қараудан

басталады. Науқастың физикалық дамуы, жасына сәйкестігі, дене бітімі, толықтығы, аяқ-қолдың ерекшелігі, көкірек клеткасы, мойын, бас, сымбаты (осанка) омыртқа қисыты (бар-жоғы) т. б. назар аударылады. Кей жағдайда көрсеткіштеріне қарай дене салмағын, бойын, көкірек колемін тексереді. Кейін пациенттің басы мен бетін қарайды. Ми мен бет қаңқасы молшерінің арақатынасын, симметриялығы, бет әлпеті конфигурация ерекшелігі, беттің жоғарғы, ортаңғы және төменгі бөліктерінің пропорционалдығы тексеріледі.
Жақ деформациясы бар науқастарды тексерудің негізгі әдістері1. Субьективті әдістер — шағымы, ауру анамнезі, өмір анамнезі.2. Объективті —

Слайд 7Бет қаңқасы сәйкессіздігін анықтау үшін антропометриялық өлшемдер жүргізіледі:
1. Бет доғасының

диаметрі — бет доғасының шмғыңқы нүктесінің аралығы.
2. Орбиталды аралық —

көз қарашыты аралығы.
3. Төменгі жақ диаметрі — төменгі жақ бұрышының аралығы.
4. Мүрын биіктігі мен ені — мұрын қанатшаларының аралығы, тері нүктелері nasion және gnation қиығының ұзындық аралығы.
5. Беттің nasion және gnation морфологиялық биіктігі.
6. Төменгі жақтың денесі мен бүтағының мөлшері, бұрышы. Арнайы тәсілдерге: жақтың диагностикалық моделдерін оқу, және графикалық, рентгенологиялық, краниометриялық және функционалдық әдістер жатады. Жақтың гипс мүсінінде тіс қатарының пішінін, оң және сол жағының симметриялығын, тіс қатарының ені мен ұзындығын, оның жекелеген бөліктерінің қатынасын, жеке тістер мен топтардың медиальды және дистальды жылжуын, таңдай тереңдігін оқып үйренуге болады.

Бет қаңқасы сәйкессіздігін анықтау үшін антропометриялық өлшемдер жүргізіледі:1. Бет доғасының диаметрі — бет доғасының шмғыңқы нүктесінің аралығы.2.

Слайд 8Арнайы тәсілдер
Деформациясы бар науқастарды тексергенде графикалық әдістер кең қолданылады: бет

суреті, жақтың гнатостатикалық мүсіні, булар трансверсальды, вертикальды деформацияларын анықтауға көмектеседі.
Емдегенге

дейін және емделген соң суреттерін салыстырады.
Рентген әдісімен зерттеу деформациясының табиғатын дәл анықтап, хирургиялық және ортодонтиялық ем әдістерінің нәтижесін көрсетеді.
Жоғарыда аталған науқастарды тексеру әдістерін басқа ортопедиялық стоматологияда қосымша функционалдық сынама қолданылады (Ильина — Моркосьян 1984), шайнау сынамасы (С. Е. Гельман, М. С. Рубинов 1951 ж.).

Арнайы тәсілдерДеформациясы бар науқастарды тексергенде графикалық әдістер кең қолданылады: бет суреті, жақтың гнатостатикалық мүсіні, булар трансверсальды, вертикальды

Слайд 9Бет қаңқасы деформациясын емдеудің негізгі қағидалары
Емдеудің негізгі мақсаты анатомиялық және

функционалдық бұзылуларды жою. Бұдан басқа психикалық сауығуды қамтамасыз ету. Соңғы

10 жылда бет қаңқасының ақауы бар науқастарды емдеу айтарлықтай өзгерді.
Емдеу жоспары мамандар тобымен қурылады: хирург, анестезиолог, реаниматолог, ортопед, ортодонт, нейрохирург.
Осыдан басқа көпшілік жағдайларда ЛОР — мамандар, невропатологтар, окулистер, логопедтер, психоневрологтар, эндикринологтар қатьістырылады.
Сондықтан деформацияларды емдеу арнайы мамандар мен керекті аппаратуралары бар мамандандырылған орталықтарда жүргізілуі керек.

Бет қаңқасы деформациясын емдеудің негізгі қағидаларыЕмдеудің негізгі мақсаты анатомиялық және функционалдық бұзылуларды жою. Бұдан басқа психикалық сауығуды

Слайд 10Хирургиялық емдеудің негізгі әдістері
Төменгі жақ деформациясы-макрогения — иектің және төменгі

тістердің қалыгпы дамыған жоғарғы жаққа қарағанда едәуір шығып туруы. 1,5%—4,28%

дейін кездеседі. Көбіне В. А. Богацкийдің әдісін қолданады.
 Жоғарғы прогнатия терең тістесумен бірігіп келгенде (1968) Н. Коле 1-ші премолярларды екі жағынан жұлып, таңдайдың ортаңғы сызығымен медиальды тілік жасап, альвеольды өсіндінің алдыңғы бөлігіне остеотомия жүргізген. Қатты таңдайды 2 см-ге дейін бордың көмегімен тесіп, резекциялаған. Сүйек фрагменті жоғары және артқа жылжып, шырышты қабатқа тігіс салып, тістерге құрсау салу арқылы бекіткен.


Хирургиялық емдеудің негізгі әдістеріТөменгі жақ деформациясы-макрогения — иектің және төменгі тістердің қалыгпы дамыған жоғарғы жаққа қарағанда едәуір

Слайд 11Ашық тістесуді қалыпқа келтіру
Г. Н. Семенченко (1962) ашық тістесуді қалыпқа

келтіру үшін фронтальды бөлікте остеотомия әдісін қолданады.
Жоғарғы бесінші тістер жұлынып,

шырышты қабықта вестибуляр және таңдай жағынан тілік жасалып қиындысы сүйектен сыдырылып алынады, нәтижесінде алдыңғы фрагментте сүйек бөлігі толық жалаңаштанады. Жұлынған тістер аумағында альвеольды өсіндіні циркулярлы арамен кеседі. Тік кесілген кесіндіден жазық және 90°-пен алмурт тәрізді ойықтың төменгі қырына дейін остеотомия жүргізіледі. Сүйек фрагменті фронтальды тістермен бірге артқа жылжытылады, ал шырышты қабатқа тігіс салынады. Тістерге құрсау салу арқылы фиксацияланады.
Бұл әдістің теріс жағы сүйекті толық сыдырғанда шырышты қабықтың трофикасы бұзылады. Операциядан кейін асқынып, некрозға ұшырауы мүмкін.

Ашық тістесуді қалыпқа келтіруГ. Н. Семенченко (1962) ашық тістесуді қалыпқа келтіру үшін фронтальды бөлікте остеотомия әдісін қолданады.Жоғарғы

Слайд 12Жоғарғы ретрогнатия немесе микрогнатияны қалыпқа келтіру.
Жоғарғы ретрогнатия туа пайда

болған жарақаттан кейін жоғарғы ерін мен таңдай жырығына операция жасаған

соң болуы мүмкін. Бұзылыс түріне және шығуына байланысты беттің ортаңғы аймағында ішке еніп тұрғандай болады, кейде көзасты бет-сүйек аймағы осылайша көрінеді. Жоғарғы ретрогнатияда оның даму дәрежесіне байланысты әртурлі хирургиялық әдістер қолданылады (сурет).

Семенченко бойынша жоғарғы жақ сүйегінің микрогнатиясына жасалатын операция үлгісі.

Жоғарғы ретрогнатия немесе микрогнатияны қалыпқа келтіру. Жоғарғы ретрогнатия туа пайда болған жарақаттан кейін жоғарғы ерін мен таңдай

Слайд 13Жоғарғы микрогнатияны қалпына келтіру үшін жасалатын операция әдісін 5 топқа

бөледі.
1. Горизонтальды (төменгі және жоғарғы) остеотомия, сүйек трансплантаттарын қолдану немесе

қолданбай-ақ жүргізеді. Остеотомиядан кейін деструкциялық әдіс.
2. Жоғарғы жақтың альвеолды өсіндісінің фронтальды бөлігінің остеотомиясы.
3. Жоғарғы жақтың фрагменттің остеотомиясы, компакт остеотомиясымен, ортопедиялық еммен бірге.
4. Назомаксилярлы комплекс аймақтағы пирамидальды остеотомия,
5. Ортодонтиялық еммен компактостеотомия.

Жоғарғы микрогнатияны қалпына келтіру үшін жасалатын операция әдісін 5 топқа бөледі.1. Горизонтальды (төменгі және жоғарғы) остеотомия, сүйек

Слайд 14Төменгі прогнатияны қалпына келтіру.
Төменгі жаңтың алъвеолды өсіндісіндегі операциялар.
Американдық хирург

I. Hylliren 1848 жылы тістесу ауытқуының біріккен формасы бар науқастың

төменгі альвеолды өсіндісінің фронтальды аймағына екіжақты сына тәрізді резекция жасаған. Операция премолярларды симметриялы жұлумен жалғасқан. Мұндай операция алдыңғы тіс қатарының тістесуінің болмауы кезінде ғана жүзеге асырылады. Кейін 1928 жылы Е. Е. Бабицкий бүл операцияны жаңартып жүргізген, бірақ кең түрде қолданыла қоймады.

Төменгі прогнатияны қалпына келтіру. Төменгі жаңтың алъвеолды өсіндісіндегі операциялар.Американдық хирург I. Hylliren 1848 жылы тістесу ауытқуының біріккен

Слайд 15Төменгі прогнатияны қалпына келтіру.
Төменгі жақ денесіндегі операциялар. Кәзіргі кезде

прогнатияда 18 түрлі операция жазылған. Кейін 1898 жылы V. Р.

Віаіг төменгі прогнатияда премолярлар деңгейінде жақасты жолымен екіжақты тік остеотомия жүргізген. Деформацияның дәрежесіне қарай І-ші және 2-ші молярлар жұлынған. Жақ фрагменттері сым тігіспен бекітілген. А. А. Лимберг төменгі жақта жұлынған 1 -ші моляр тұсында тік остеотомиямен бірге альвеольды өсіндіде екіжақты сына тәрізді резекция жүргізген. Бұл операция ашық тістесу кезінде қолданылады. Алдымен А. А. Лимберг қан тамыр-нерв шоғырын жарақаттамай, альвеольды өсіндіні сына тәрізді бөліп, алтыншы тіс тұсында аралап кескен. Төменгі жақ денесі төменгі жақ қырына қарай қиылысады. Ақаудың жоғарғы аймағына жақтың иек бөлігі толығымен жанасады, Жақтың алдыңғы бөлігі жоғары және артқа жылжып, тіс қатары дурыс окклюзиялық қатынаста орнығады. Сүйек фрагменттері сым жіппен тігіледі. Иекасты таңу мен тіске құрсау салу арқылы жақаралық фиксация жүргізіледі. Жасалған операцияның кемістігі - сүйек фрагментінің жанасу алаңы тар және рецидив береді, жалған орын түзуі мүмкін.


Төменгі прогнатияны қалпына келтіру. Төменгі жақ денесіндегі операциялар. Кәзіргі кезде прогнатияда 18 түрлі операция жазылған. Кейін 1898

Слайд 16Төменгі прогнатияны қалпына келтіру
1927 жылы А. Э. Рауэр төменгі жақ

денесінде алтыншы және жетінші тістердің тұсында сүйекті алып баспалдақты остеотомия

жасауды ұсынған. Операцияда қан тамыр-нерв шоғыры сақталады. Бұл әдістің артықшылығы сүйек фрагменттерінің жанасуы үлкен аумақты, сондықтан рецидивтің алдын алады.
В. А. Богацкий 1965 жылы төменгі прогнатияны жою үшін төменгі жақ денесінде қан тамыр-нерв шоғырын сақтай отырып баспалдақты остеотомия жүргізген. Тиімділігі — сүйек жарақатымен ауыз қуысының қатынасы жоқ.

Төменгі прогнатияны қалпына келтіру1927 жылы А. Э. Рауэр төменгі жақ денесінде алтыншы және жетінші тістердің тұсында сүйекті

Слайд 17Төменгі жақ аймағындағы операциялар.
Owerggeizer мен dal-Ропі операциясын өзгертіп ұсынған

төменгі жақтағы симптомда ретромолярлы остеотомия операциясы кең қолдану тапты. Бұл

операцияда — тілік сыртқы қисық сызықпен ұзыннан шырышты қабатпен және сүйектің сыртқы қабымен, одан әрі қан тамыр — нерв шоғырын сақтай отырып жасалады. Кортикальды пластинка ажыратылады, төменгі жақ артқа жылжытылады. Тістерді дұрыс тістесуге әкеледі де құрсаумен және резина тартқышпен бекітеді. Сынықтарды сүйек жігімен біріктіреді.
Прогенияны емдеу. Прогенияны жоюдың В.Ф.Рудько екі әдісін ұсынған.
1. Төменгі жақ бұтағын қисық остеотомиялау.
2. Тік остеотомия — жарты ай тәрізді ойықтан жақтың бұрышына дейін. Фрагменттер екі сым жіппен бекітіледі.
В.А.Сукачев жылжымалы (сырғымалы) остеотомияны ұсынған. Мұның ерекшелігі бұтақты кесу жазықтыққа қиғаш жүргізіледі. Бұл барлық операциялар: екі жақтық құрсау салумен, жақаралық тартумен 3 7—45 күнге салынады.

Төменгі жақ аймағындағы операциялар. Owerggeizer мен dal-Ропі операциясын өзгертіп ұсынған төменгі жақтағы симптомда ретромолярлы остеотомия операциясы кең

Слайд 18Ашық тістемді емдеу.
Консервативті (ортодонтиялық), хирургиялық және аралас әдістер науқастың

жасына, сипатына, дәрежесіне, деформацияның айқындылығына байланысты. Бала кезде емделмеген немесе

дұрыс ем алмаған ересек адамдарды емдеуге қолданылатын хирургиялық әдістерді нақтырақ қарастырайық. Хирургиялық көмек ашық тістесудің 2—3 дәрежесіне қолданылады.
Ашық тістесудің әртүрлі деформациялармен бірігіп келуін емдеудің көптеген әдістері қазіргі уақытта белгілі.
Бұл операцияларды былайша топтастыруға болады.
1. Төменгі жақтың бұрышы мен денесіне жүргізілетін операциялар.
2. Төменгі жақтың бұтағы мен аймағындағы операциялар.
3. Жоғарғы жақтағы операциялар.
Ашық тістемді емдеу. Консервативті (ортодонтиялық), хирургиялық және аралас әдістер науқастың жасына, сипатына, дәрежесіне, деформацияның айқындылығына байланысты. Бала

Слайд 19Төменгі прогениямен біріккен ашық тістесуді емдеу әдісі
Н. Owerggeizer (1964) төменгі

прогениямен біріккен ашық тістесуді төменгі жақ аймағында сагитальды жазықтықта ажырату

арқылы кетірген.
Бұл операцияның маңызы былайша: Жақасты жолымен бұрыш аймағында төменгі жақтың бұрышы, денесі жалаңаштанады. Вестибуляр жағынан тік пластинканы кеуекті заттың бөлігінен 2-ші молярлар аралығында ажыратады. Сүйек фрагментін уақытша Рингер ерітіндісіне салып қояды. Жақтың бұрышы деңгейінде сына тәрізді аумағын бөліп алады. Үлкен фрагментті екіжақты остеоэктомиядан кейін жоғары және артқа жылжытылады. Остеоэктомия кезінде қан тамыр-нерв шоғыры жарақаттанбайды. Сүйек пластинкасы қойылғаннан кейін сүйек жігімен екі тесік арқылы бекітіледі.

Төменгі прогениямен біріккен ашық тістесуді емдеу әдісіН. Owerggeizer (1964) төменгі прогениямен біріккен ашық тістесуді төменгі жақ аймағында

Слайд 20В. С. Дмитриева мен В. И. Арцыбушев модификациясы
К. hardt үсынған

оперативті әдісті В. С. Дмитриева мен В. И. Арцыбушев (1967)

өзгерткен. Оның негізі: бір сәттегі остеотомия және жоғарғы жақтың кіреберісі мен таңдай жағынан горизонтальды резекция жасайды, ал остеотомиялық сызығы жоғарғы жақ бүрышымен шектеліп қана қоймай, негізгі қанатша өсінділерін де қамтиды.
Вестибуляр жағынан 3—4-ші тістер аралығынан вертикальды бағытта 2—2,5 см ұзындықта шырышты қабатпен, сүйектің сыртқы қабатына тілік жасалады. Тіліктің жоғарғы жиегінен көлденең тілікті өтпелі қатпардың бойымен 7-ші тіс деңгейіне дейін жасайды. Жұмсақ тіндер жарақатының жиегі мобилизацияланады. Жоғарғы жақ бұдыры жанынан және қанатша өсіндіге қарай, жалпақ остеотоманың көмегімен тоннель жасайды. Осы-лайша ортаңғы сызықтан сәл 1 см алшақта таңдайдың шырышты қабатында тоннель жасайды, ол жұмсақ таңдай шекарасына дейін жеткізіледі. Остеотомия фисурлы бор, остеотомиялық фрездің көмегімен жүзеге асырылады. Кіреберіс жағынан кесілетін жазықтың үлкендігі распатор енетіндей болуы керек. Таңдай жағынан остеотомия тоннельде узын бордың көмегімен жүргізіледі. Қашау көмегімен вертикальды таңдай остеотомиясы жасалады. Вестибуляр жағынан қанатша өсінділер қиылады.
Аталған әдістерді қолданғаннан кейін жоғарғы жақтың дистальды бөліктерінің сүйек фрагменттері хирург қолымен сындырылады. Одан кейін бұл фрагменттер жоғары жылжытылады, ал егер қажет болса жоғарғы бөлшектерде қосымша резекция жасалады. Шырышты сүйек артқы қабаты қиындысына кетгутпен тігіс салынады. Сүйектер 1 айға бекітіледі.

В. С. Дмитриева мен В. И. Арцыбушев модификациясыК. hardt үсынған оперативті әдісті В. С. Дмитриева мен В.

Слайд 21ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ХИРУРГИЯСЫ
Қалыпқа келтіру хирургиясы ақаулар мен деформацияларды

жоюмен айналысатын хирургияның бір тармағы. Сонымен қатар қалпына келтіру хирургиясы

косметикалық хирургия деп те аталады.
Бет пен жақты қалпына келтіру хирургиясында жергілікті тіндермен жасалатын пластика, қоректік аяқшасы бар қиық, Филатов сабақшасымен және тіндерді еркін көшіру әдістері қолданылады.

ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ХИРУРГИЯСЫҚалыпқа келтіру хирургиясы ақаулар мен деформацияларды жоюмен айналысатын хирургияның бір тармағы. Сонымен қатар

Слайд 22Операция жасаудың басты шарты:
1) Операция әдістерін білу.
2) Ақау мен деформацияның

жағдайларын мұқият білу. Бұл кезде ақаудың орналасқан жерін, көлемі мен

пішінін (енін, ұзындығын, тереңдігін), қандай тіндерінің өлгенін және айналасындағы тіндердің жағдайларын ескеру керек. Жарақатты тексеру және ем жоспарын дұрыс жасау хирургтың бұл мәселені шешудегі басты әрекеті.
3) Операцияны ойластырып, жоспарын жасау. Пластикалық операцияларды жоспарлау оның неғұрлым тиімді түрін, анатомиялық, функционалдық және эстетикалық жетістіктерге жету сияқты шараларды өзіне біріктіреді. Бүл үшін 1) операция кезеңдерінің аздығы; 2) пластикалық материалдардың аз жүмсалуы; 3) ауруға қолайсыз жағдайлардың аздығы; 4) толық жазылу уақытының жылдамдығы ескеріледі.

Операция жасаудың басты шарты:1) Операция әдістерін білу.2) Ақау мен деформацияның жағдайларын мұқият білу. Бұл кезде ақаудың орналасқан

Слайд 23Қалпына келтіру операцияларын жоспарлау.
Беттің, жақтың және ауыз қуысы ағзаларының

ақаулары мен деформациялары әртурлі аурулардың әсерінен болады. Олардың ішінде ауыр

қабыну, жаралы-өлеттекген процестер, инфекциялы аурулар (сүзек, жегі) жарақаттары, әртурлі ісіктерге байланысты жасалған операциялардан кейін, туа пайда болған ақаулар. Қалпына келтіру операцияларын жоспарлау ақау мен деформацияның көлемі мен түріне байланысты.
Бұл операциялар медициналық көрсеткіштеріне байланысты алдын ала жасалған жоспар бойынша жасалуы тиіс. Дәрігер науқастың психикалық жағдайын бағалап, қажет болса психоневрологты көмекке шақыруы керек.

Қалпына келтіру операцияларын жоспарлау. Беттің, жақтың және ауыз қуысы ағзаларының ақаулары мен деформациялары әртурлі аурулардың әсерінен болады.

Слайд 24Қалпына келтіру операцияларын жоспарлау

Қалпына келтіру операцияларын жоспарлау

Слайд 25Қалпына келтіру операцияларын жоспарлау
Емдеу жоспарын жасау барысында ең алдымен қандай

пластикалық материалдың қанша мөлшерде керектігі, пластиканың қай түрі қолданылатындығы, шешіліп,

көп сатылы операцияның ең тиімді жолы таңдап алынады.
Дүрыс жоспар құру үшін дәрігер бет құрылысының ерекшеліктерін біліп, оның жетпеген жерін жобалай білуі керек. Беттің бүтін ағзаларын қалпына келтіру кезінде қолданылатын антропометрия негіздерін міндетті түрде білу қажет. Операцияны жоспарлау кезінде беттің фотосуреті маскасы, модельдері дайындалып, жоба суреттері салынады.
Сонымен қалпына келтіру операцияларын дүрыс жоспарлау хирургиялық емнің тиімді жасалуының ағзаның анатомиялық пішінінің, қызметінің, көріктілігін, бурынғы қалпына қайта келуінің тікелей себепшісі болып табылады.

Қалпына келтіру операцияларын жоспарлауЕмдеу жоспарын жасау барысында ең алдымен қандай пластикалық материалдың қанша мөлшерде керектігі, пластиканың қай

Слайд 26Қалпына келтіру операцияларын жоспарлау

Қалпына келтіру операцияларын жоспарлау

Слайд 27Қалпына келтіру операцияларын жоспарлау

Қалпына келтіру операцияларын жоспарлау

Слайд 28Жергілікті тіндермен жасалатын пластика
Жергілікті жасалатын пластикалық операцияларды үш түрге бөлуге

болады:
1) тыртықты кесіп алып, тіндерді бір-біріне жақындату;
2) тіндерді

тіліп арасын ашу (сабақшаны тігу немесе теріні еркін көшіру);
3) тіндерді қарсы алмастыру (әртүрлі пішіндегі қиықтармен жасалатын пластика).
Қарсы орын ауыстыру тең қабырғалы үшбұрышты қиықтарды жылжытып пластика жасауға негізделген. Орын ауыстырған кезде жара шеттерінің үзындығы дәл келу керек. Егер қиықтардың пішіні әртүрлі болса орын ауыстыру кезінде жара түгел жабылмай қалады. Жергілікті пластика жасағанда сол жердегі тін созылады, қысқарады және орын ауыстырады. Мұндай нәрсе пластиканың кез келген түрінде болады. Тіндердің қысқарып, созылуы көп емес және ол эластикалық талшықтардың болуына байланысты. Сондықтан операциядан бұрын ақаудың айналасындағы тіндердің артықтығы мен оның созылмалылығы ескерілуі керек. Лимберг пластикалық операцияларды ойша қысқармайтын және созылмайтын екі беттің орын ауыстыруы — деп қарау керек деген қағиданы айтып, оны математикалық түрғыдан дәлелдеп берді.
Жергілікті тіндермен жасалатын пластикаЖергілікті жасалатын пластикалық операцияларды үш түрге бөлуге болады: 1) тыртықты кесіп алып, тіндерді бір-біріне

Слайд 29Жергілікті тіндермен жасалатын пластика

Жергілікті тіндермен жасалатын пластика

Слайд 30Үшбұрыш қарсы қиықтармен пластика жасау Лимберг А.А. әдісі
Үшбұрыш қарсы қиықтармен

пластика жасау үшін үш тілік жасау керек: Бір ортаңғы және

бүрыш тәрізді жанама екі тілік. Тіндердің физиологиялық тартылуы дурыс болу үшін үш тіліктің де үзын-дықтары бірдей болуы керек. Үшбұрыш қиықтарды орын ауыстырған кезде: 1) диагональдары орын ауыстырады; 2) бұрыштары ашылып — жабылады; 3) жараның шеттері орын ауыстырады.

Үшбұрыш қарсы қиықтармен пластика жасау Лимберг А.А. әдісіҮшбұрыш қарсы қиықтармен пластика жасау үшін үш тілік жасау керек:

Слайд 31Үшбұрыш қарсы қиықтармен пластика жасау Лимберг А.А. әдісі
Операция жасалған тіндерде

келесі өзгерістер болады:
1) Диагональдары ауысатын болғандықтан (қысқа диагональдың орны-на

узын диагональ келеді) ұзарту үшін ұзын диагональды неғүрлым қысқаратын бағытта тілу керек. Сол кезде ұзын диагональдың орын ауыстырып қысқаруынан қиықтың да көлемі кішірейеді.
2) Бұрыштары ашылып жабылғандықтан „жатқан" және „тұрған" конустар пайда болады. Бұрыштың көлемі үлкен болса құрылысының конус тәрізділігі айқындала түседі ("тұрған" және „жатқан" конустар). Диагональдардың өзара айырмашылығы көп болса, тіндердің өсуі соғұрлым көп болады.
Фигуралар симметриялы және асимметриялы деп бөлінеді. Егер фигураның бұрыштары бірдей болса (симметриялы фигуралар) ортаңғы сызықтың екі шетіне қарай тін біркелкі ұзарады. Бұрыштар бірдей болмаса (асимметриялы фигуралар) тін үлкен бұрыштың ұшына қарай көп ұзарып, кіші бұрыштың негізіне қарай ені кішірейеді.

Үшбұрыш қарсы қиықтармен пластика жасау Лимберг А.А. әдісіОперация жасалған тіндерде келесі өзгерістер болады: 1) Диагональдары ауысатын болғандықтан

Слайд 32Қоректік аяқшасы бар қиықпен пластика жасау
. Ақаудың айналасындағы тіндер жергілікті

пластика әдісіне жарамсыз болса, айналасынан немесе алшақ аймақтардан қоректі өзегі

бар қиықтар арқылы пластикалық операциялар жасалады. Бұл пластиканың екінші тәсілі. Біраяқшалы қайырылған, екіаяқшалы қайырылған, екіаяқшалы көпір тәрізді, қосқабатты артериялы, жасырын тамыр аяқшалары бар қиықтар деп бөлінеді. Қиық опе-рациядан кейін өліп қалмас үшін оның ұзындығының еніне қатынасы 3 : 1 тең болуы керек. Оның өмір сүруіне дүрыс сыдырып іреудің маңызы зор. Және ол тым қатты тартылуы не бос қалмауы керек. Пластика жасаған кезде физиологиялық тартылу болуы тиіс. Егер бұл жағдай тудырылмаса қоректік тамырлары тарылып, қан келуі нашарлап өлеттенуі мумкін.
В. Г. Вайнштейннің мәліметтері бойынша аяқшаны 16—2 1 күні кеседі.

Қоректік аяқшасы бар қиықпен пластика жасау. Ақаудың айналасындағы тіндер жергілікті пластика әдісіне жарамсыз болса, айналасынан немесе алшақ

Слайд 33Қоректік аяқшасы бар қиықпен пластика жасау

Қоректік аяқшасы бар қиықпен пластика жасау

Слайд 34Қоректік аяқшасы бар қиықпен пластика жасау
Аударылған қиықты іреп сыдырғаннан кейін

180°-қа артқа қайырып ақаудың ішкі жағына тігеді. Бул әдіс ұрттың

тесік ақауы кезінде оның ішкі бетін, мұрын мен тандайдың ішкі бетін қалыптастыру үшін қолданады.
Екі қоректік аяқшасы бар қиықтарды көпір тәрізді қиықтар деп атайды. Бүған А. Г. Лапчинскийдің иекасты аймағынан алып төменгі ерінді пішуге арналған қиығы мен Лексердің жоғарғы және төменгі еріндерді жасауға арналған, төбе аймағынан екі параллель тілік жасап алынатын қиық мысал бола алады.
Қосқабатты қиықтар екі бірқабатты қиықтан тұрады. Олар өзінің жаралы беттерімен біріне-бірі тиіп тұрады. Клапп бойынша иықтағы қиық көлденең, ал көкіректе тік. Ал, А. Э. Рауэр бойынша тілік иықта тік, көкіректе көлденең бағытта жасалады.
Артериялы қиықтар дегеніміз қоректендіретін ірі тамыры бар бірқабатты қиық. Ерін, ұрт қатпары аймағынан қиық дайындалса бұрыштың артериясы, самай аймағынан дайындалса беткей самай артериясы, желке аймағынан дайындалса желке артериясы болуы керек. Бұл жағдайда артерия арқылы қиық қанмен жақсы қамтамасыз етіліп, қиықты сыдырып тіреу кезінде оның қатынасын 4 : 1 етіп алуға болады. Артериялы қиықтың негізінде терілі аяқшасы болмай, тек тамырлары бар теріасты клетчаткасы болса да өміршең болады. Сондықтан бул қиық өте жылжымалы болып келеді.

Қоректік аяқшасы бар қиықпен пластика жасауАударылған қиықты іреп сыдырғаннан кейін 180°-қа артқа қайырып ақаудың ішкі жағына тігеді.

Слайд 35Қоректік аяқшасы бар қиықпен пластика жасау

Қоректік аяқшасы бар қиықпен пластика жасау

Слайд 36Филатовтың сабақшалы қиығымен пластика жасау
1916 жылы бет тіндерінің ақауын жамау

кезінде В. П. Филатов пластикалық хирургияда теріасты клетчаткасына қоса алынған

тері қиындысын түтік тәрізді орап теріні көшіру әдісін ұсынды.
Ақау аумағында бұл түтікшені жазып беттің ақауын қалыпқа келтіреді. Алғашқы рет В. П. Филатов мойында жоғарыда аталған тері түтігін жерілікті жансыздандыру арқылы бүгіп, қабақ ақауын жамау үшін қолданған.
Филатов сабақшысын жетілдіру үшін В. П. Филатовтың өзінің, Б. Е. Франкенбергтің, А. А Лимбергтің, М. П. Шефтельдің 20 жуық әртүрлі модификациялары ұсынылды. Сонымен қазір Филатов сабақшасының үш түрі бар:
1) Екі аяқшасы бар кәдімгі сабақша (чемодан тұтқасы секілді);
2) Жылдам орын ауыстыратын ақауға көшіру үшін бір аяқшасы бірден білекке немесе дененің басқа бөлігіне көшірілген сабақша;
3) Үшкір сабақша: Оның бір аяқшасы бірден жазылып ақаудың жара бетіне тігіледі.
Домалақ Филатов сабақшасы екіаяқты, үшаяқты төртаяқты және үзік аяқшалы болып, ал көлемі бойынша макросабақша, орташа және микросабақша деп бөлінеді.

Филатовтың сабақшалы қиығымен пластика жасау1916 жылы бет тіндерінің ақауын жамау кезінде В. П. Филатов пластикалық хирургияда теріасты

Слайд 38Филатов сабақшасымен пластика жасаудың көрсеткіштері
Филатов сабақшасымен пластика жасаудың қатаң көрсеткіштері

бар. Оны беттің көлемді ақаулары кезінде жергілікті тіндер аз болған

жағдайда жасайды. Сабақшаны пайдалану барысында операцияның кейбір екрешеліктерін ескерген жөн. Дұрыс анатомиялық диагноз қойылуы, анамнездің мәліметтері, жалпы жагдайы, операциялық әдістің жоспары, әртүрлі қосымша шаралар. Операциялық емдеу алдында мына жағдайларды ескеру керек: 1) Сабақшаның керек көлемі. Ол кішкентай да үлкен де болмауы керек. Үлкен сабақшаны ақаудың көлеміне сай келмесе, жараның шетіне тігу одан кейін ақауға сай пішіндеу қиынға соғады. 2) Сабақшаның одан кейінгі орын ауыстыруы. Кезеңдері және ортаңғы тыртықтың орналасуы. 3) Науқастың уақытша мәжбүр жағдайда болу мерзімі. 4) Сабақшаны көшіру барысында оны бекіту жағдайы. 5) Сабақшаның бір аяқшасын қабылдайтын орын. Бұл орынның беткі жеткілікті, тіндері патологиялық өзгеріссіз қалыпта болуы керек. 6. Сабақшаның өзін қалыптастыратын орын. Осы жердегі терінің сапасы, артық тіндер көлемінің жеткіліктілігі ескерілуі тиіс. Проф. А. И. Евдокимов „оны алатын орынды таңдау Филатов сабақшасын қалыптастыру барысында аурудың эстетикалық талаптарын ескеру керек. Де-ненің бір ақауын жабамыз деп киіммен жабылмайтын екінші жеріне тыртық қалдырмауымыз керек" деген. Сондықтан терісінің түсі терісіне ұқсас болса да мойыннан және көкіректің жоғарғы жағынан тері алуға болмайды. Осы аталған жерлерде келлоидты тыртықтар жиі пайда болатынын айтсақ проф. А. И. Евдокимовтың сөздері одан да сенімді болады.

Филатов сабақшасымен пластика жасаудың көрсеткіштеріФилатов сабақшасымен пластика жасаудың қатаң көрсеткіштері бар. Оны беттің көлемді ақаулары кезінде жергілікті

Слайд 39 Филатов сабақшасын көшіру кезеңі
Қазіргі уақытта Филатов сабақшалары іштің бүйір

бөлігінен, немесе көкіректің бүйір бетінің төменгі бөлігінен қалыптастырылады. Себебі бұл

жердегі тіндердің көлемі жеткілікті болғандықтан функциональды, эстети-калық өзгерістер болмайды (60-сурет).
Содан кейін операцияның кезеңдері, сонымен қатар жүргізілетін басқа ем жоспарлары жасалады, Сабақша көлденең немесе аздап тік бағытта орналасу керек. Сол кезде дайындалған жеріне жанаспайды.
Сабақшаны жергілікті жансыздандыру арқылы қалыптастырады. Тілік жасайтын сызықтарды метилен көгімен белгілейді. Алдымен тек тері ғана кесіліп одан ары теріасты клетчаткасының мөлшеріне қарай тереңделеді. Филатов сабақшасын тері мен теріасты клетчаткасынан параллель екі тілік тіліп, оның енін ішкі беттерімен, ал аналық бетінің жара шеттерін бірін-бірімен тігеді. Филатов сабақшасын қалыптастыру кезінде мына жағдайларды сақтау қажет. Сабақшаның қан айналымы жақсы болуы керек. Себебі чемодан тұтқасындай етіп тігу кезінде, теріасты клетчаткасы ісінуінің салдарынан немесе сабақшаның шектен тыс тартылуынан тамырлар қысылып қалса сабақша өлеттенеді. Егер тұтқа тәрізді етіп бүктегеннен кейін іші қуыс қалып, оған қан ұйып қалса сабақша іріңдеп кетеді. Филатов сабақшасының биологиялық өміршеңдігі қан тамырлар торы түзіліп, қанмен жақсы қамтамасыз етілуіне байланысты. Себебі оған қанның келуінің ғана емес кетуінің де маңызы зор.
Кейін авторлар сабақшаны қалыптастырғаннан кейін үш күн сабақшаға жергілікті гипотермия жүргізуді ұсынды. Үш аптадан кейін тамыр торлары біркелкі дамиды, ал қанталаған жерлер біртіндеп дәнекер тіндерге айналып, соңынан тыртықтанып, 26-28-күннен кейін сабақшаның қанмен қамтамасыз етілуі толық қалыптасып операцияның келесі кезеңіне дайын болады. Сабақшаны көшіру кезінде оның екінші ұшы теріасты клетчаткасымен терінің шекарасына тігілу керек. Себебі қан тамырлары дерма мен теріасты клетчаткасының жоғарғы қабатында көп орналасқан.


Филатов сабақшасын көшіру кезеңіҚазіргі уақытта Филатов сабақшалары іштің бүйір бөлігінен, немесе көкіректің бүйір бетінің төменгі бөлігінен

Слайд 40Хитров әдісімен жасалатын ринопластика операциясының кезеңдері
Ф. М. Хитров қосқабатты

жүмыр Филатов сабақшасынан дайындалған теріасты клетчаткасын түгел алып тастаған тері

таспасынан мұрын дайындау әдісін ұсынды.
Операция әдісі:
1) Көкіректің бүйір бетінен іштің алдыңғы бетіне өтетін көлемі 10x24 см тері таспасынан жүмыр сабақша дайындалады.
2) 3—4 аптадан кейін сабақшаның дистальды ұшын бірінші және екінші саусақтардың арасына немесе білектің төменгі бөлігіне көшіреді.
3) Екінші сатыдан үш апта өткен соң мұрынның түбінен тіл тәрізді қиық кесіліп, оған сабақшаның бір үшы тігіледі.
4) Мұрынның бар бөлігі бірден қалыптастырылады. Алдыңғы сатысынан 21 күн өткен соң қолдағы қоректенетін аяқшасы кесіліп, сабақша жоғары көтеріледі. Сабақшаның арт жағындағы және болашақ мүрын шекарасындағы тыртықтар кесіліп алынады. Сабақшаны таспа тәрізді жазады.
Хитров әдісімен жасалатын ринопластика операциясының кезеңдері Ф. М. Хитров қосқабатты жүмыр Филатов сабақшасынан дайындалған теріасты клетчаткасын түгел

Слайд 42Хитров әдісімен жасалатын ринопластика операциясының кезеңдері
Одан әрі таспадағы жал-жал

болып тұрған май клетчаткалары түбінен кесіліп алынады. Майдың орьшдарында көптеген

қанаған нүктелер мен қан тамырлары көрінеді. Одан әрі тері таспаны ортасынан көлденең бүктейді. Бүктелген жерде болашақ мұрынның ұшы мен қанаттары қалыптастырылады. Мұрын ақауының және жоғарғы ерінде мұрынның болашақ сыртқы қабырғалары, қанаты және орналасатын жерлердегі терілер тілінеді. Жоғарғы ерінде (перде орналасатын ұшы) төмен қарайтын үшбұрыш тілік тілініп, терісі көтеріледі. Бүктелген теріні екі қолдың саусақтарымен ұстап ішкі бетін ұзынынан бүктейді. Сол кезде онда көлденең қыртыс пайда болып, алдыңғы жағынан мұрынның ұшы мен екі қанатының контуры байқала бастайды. Бүктелген бойы оны алдын ала тіліп дайындалған жерге жақындатып терісі теріге тігіледі.
Бұл манипуляцияны міндетті түрде ішкі бетіне бүгілген қыртыстың мұрын ұшына өтетін жерден (1,5—2 см ішке) хирургиялық пинцетпен қысып алып, алға және жоғары тартудан бастайды. Осы кезде мұрын ұшының қанаттарына өтуі анықтала түседі. Пинцетпен ұстап мұрын, мұрынның ұшына, бүгілген бетінің ішкі және сыртқы қабырғаларына жіппен тұзақ тәрізді етіп ұстағыштар салады. Пинцетпен ұсталған жердің екі жағынан бір-бірден тігеді. Одан кейін салбырап тұрған төменгі бөлігін пинцетпен тартып тұрып жараның шеттеріне тігеді.

Хитров әдісімен жасалатын ринопластика операциясының кезеңдері Одан әрі таспадағы жал-жал болып тұрған май клетчаткалары түбінен кесіліп алынады.

Слайд 43Филатов сабақшасын қалыптастырғаннан кейін асқынулар
Филатов сабақшасы жағдайының негізгі көрсеткіші оның

түсі мен температурасы. Егер сабақшаның жылулығы мен түсінің айналасындағы теріден

айырмашылығы болмаса, онда оның трофикасы қалыптағыдай. Жылы, бірақ сабақша түсі бозғылт болса, артериясының кеңейіп веналарының тарылғаны. Сабақша бозғылт әрі салқын болса артериясы да, венасы да, капиллярлары да тарылғаны. Сабақша терісінің көкшіл тартуы артериясының тарылып, веналарының кеңеюін білдіреді. Оның қалыпты температурасы 29—3 1°С.
Филатов сабақшасын қалыптастырғаннан кейін келесі асқынулар кездесулері мүмкін. 1) Аналық бетіндегі сабақшадағы жара тігісінің ажырап кетуі. 2) Сабақшаның жартылай және толық өлеттенуі. 3) Сабақшаның тілме қабынуына шалдығуы.
Сабақшаның ұштары көшірілгеннен кейін сол орынға тығыз жанасып тұрмауынан гематомалар кездеседі. Сабақшаны түтік тәрізді етіп қайыру кезінде тіндердің мөлшері аз болса қуыстар пайда болады. Сондықтан астында жатқан шандыр да қоса алынуы керек.
Филатов сабақшасын қалыптастырғаннан кейін асқынуларФилатов сабақшасы жағдайының негізгі көрсеткіші оның түсі мен температурасы. Егер сабақшаның жылулығы мен

Слайд 44Филатов сабақшасын қалыптастырғаннан кейін асқынулар
Тігістің ажырап кетуі терінің шамадан тыс

тартылуынан, гематоманың іріңдеуінен, тігіс жіптерін ерте алудан болады. Сабақшаның өлеттенуі

оның трофикасының бұзылуынан болады. Көбінесе операция техникасын сақтамағандықтан болады. Тілме қабынуы стрептококк флорасының енуімен және терінің бактериоцидтік қарсыласуының төмендеуінен дамиды. 28—30 күннен кейін сабақша орын ауыстырып көшіруге дайын болады. Фотоплетизмографияның көмегімен сабақшаның қан айналымы 24 күнде толығымен қалыптасатындығы анықталды. Оның кесілетін аяғын күнде аз уақытқа қысу оның қан айналымын жақсартпайды және оны жасаудың керегі шамалы. Білектен сабақшаны көшіру кезінде оқыс қимылмен оны жұлып алмас үшін білек уақытша бекітіледі.

Филатов сабақшасын қалыптастырғаннан кейін асқынуларТігістің ажырап кетуі терінің шамадан тыс тартылуынан, гематоманың іріңдеуінен, тігіс жіптерін ерте алудан

Слайд 45Тіндерді еркін көшіру
Бет қаңқасы мен жумсақ тіндерінің ақауларын қалпына келтіру

үшін хирургиялық стоматологияда тіндерді еркін көшіру кеңінен қолданылады.
Еркін қөшірудің 5

түрі бар. 1)аутогенді өз тіндерінен; 2) синогенді генетикалық жағынан бір организмнен алынатын тін; 3) аллогенді осы тәрізді организмнен алынады; 4) ксеногенді — бөтен түрдегі организмнен алынған тіндер; 5) өлі материалдарды ендіру — имплантаттар егер олар тінге түгелдей енсе, тінге жартылай ендірілсе, эксплантаттар деп аталады.
Бітісіп кетуі жағынан ең тиімдісі — аутопластика. Себебі организмнен алынған тін бірден жойылып кетпей белгілі бір уақыт өзінің өмірін сақтайды. Жаңа орынға отырғызылғаннан кейін ол өзінің өмірін сақтап қана қоймай, отырғызылған жерге бітіп кетеді. Пластиканың бұл тәсілі аутопластикалық материалдың аздығына байланысты жиі қолданылмайды және оны алу кезінде науқасқа қосымша жарақат жасалады.
Генетикалық жағынан туыс адамдардан алынған тіндер көшіріп қондырғанда жақсы бітіседі. Мысалы, бір жұмыртқалы егіздерден алынған тіндер.

Тіндерді еркін көшіруБет қаңқасы мен жумсақ тіндерінің ақауларын қалпына келтіру үшін хирургиялық стоматологияда тіндерді еркін көшіру кеңінен

Слайд 46Пластика түрлері (транспланттар имплантат)
Алдогенді пластика — бір кісіден алынған тінді

немесе мүшені басқа кісіге салу. Антигенді қасиеттерді төмендету үшін қанша

әдістер қолданылғанымен тіндердің белоктық қайшылықтарына байланысты, оларды көшіріп қондыру сәтсіз аяқталады. Тірі организмдерден алғанға қарағанда, өліктен алынған материалдар тиімдірек болып саналады. Себебі өліктің антигенді қасиеті әлдеқайда төмендейді.
Ксеногенді пластика — жануардан алынған тіндермен адамның ақауына пластика жасау. Қазіргі уақытта пластиканың бұл әдісі қолданылмайды. Тек ақаудың айналасындағы тіндердің қайта жетілу процестеріне жағдай жасау үшін ғана қолданылады. Тірі емес заттармен пластика жасау — бұл пластмасса, металл, көмірсутекті қоспалар т. б. Отырғызылған тірі тін — транспланттар деп, өлі (жасанды) зат имплантат немесе эксплантат деп аталады. Биологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ кез келген отырғызылған тін бітісіп өмір сүріп кетуі керек.

Пластика түрлері (транспланттар имплантат)Алдогенді пластика — бір кісіден алынған тінді немесе мүшені басқа кісіге салу. Антигенді қасиеттерді

Слайд 47Теріні еркін көшірудің түрлері
Егер отырғызылған тін айналасындағы тіндермен тығыз байланысқа

түсіп оның бір бөлшегіне айналып, зат алмасу процесі жүрсе онда

оның бітісіп кеткені және оны трансплантат деп атайды.
Егер оны тек дәнекер тін қоршап өсіп айналасындағы ортамен қатынаста болмаса, кез келген бөгде денелер секілді қапшықпен қапталып қала береді.
Теріні, теріасты клетчаткасын, шандырды, байламдарды, шырышты қабықты, етті, шеміршекті, сүйекті, нервті, тамырды, аралас тіндерді көшіріп отырғызуға болады.
Теріні еркін көшіру пластикалық хирургияның ең тиімді әдістерінің бірі болып саналады. Қиықтың қалыңдығына байланысты теріні көшірудің 3 түрі белгілі.
1. Қалыңдығы 0,4 мм эпидермалық және терінің өзіңдік қабатының өсу қабатынан ғана тұратын жұқа тері қиығы. Мұнда эластикалық талшықтар аз. Сондықтан бүл қиықтар астындағы тіндердің тыртықтануына байланысты қыртыстанады.
2. Қалыңдығы 0,5—0,7 мм терінің екі ажыратылған қиық. Қиықтарда терінің торлы қабатының эластикалық талшықтары көп болады. Бұл қиықтарды әртүрлі арнайы дерматом аппараттарына (Педжет, Колокольцев, Драже) байланысты кеңінен қолданыла бастады.
3. Қалыңдығы 0,8 мм-ден қалың тері қиығы (Яценко, Лаусон, Краузе). Ол терінің бар қабатынан тұрады. Бүл қиықтар өзінің көрсеткіштеріне байланысты қолданылады. Теріні қондырған соң оның бітіп кетуі, оның қалыңдығына байланысты. Қалыңына қарағанда жұқа қабықтар жақсы бітіп кетеді.

Теріні еркін көшірудің түрлеріЕгер отырғызылған тін айналасындағы тіндермен тығыз байланысқа түсіп оның бір бөлшегіне айналып, зат алмасу

Слайд 48Тері пластикасы әдістері
Әрбір жағдайға байланысты хирург қай әдіс тиімді екенін

ескеруі керек. Бет жараларын жабу үшін көбінесе екі ажыратылған қиық

қолданылады. Ауыз қуысына жұқа қиық қолданған дұрыс.
Тері пластикасы алғашқы, екінші және теріні грануляцияға отырғызу деп бөлінеді. Алғашқы тері пластикасы жаңа жараға жедел жарақаттан кейін немесе терісі көп жоғалған операциядан кейінгі жараға жасалады.
Алғашқы тері пластикасы қалыпқа келтіру операциясының алғашқы кезеңі болып саналады. Ол тері пластикасының басқа да түрлерімен бірге жүргізілуі мүмкін.
Екінші жасалатын терінің еркін көшірілуі әртүрлі гранулденген жаралардың бетін кескеннен кейін жүргізіледі. Грануляция түгелімен алынып тасталуы керек.
Күйіктерді емдеу барысында теріні еркін көшіру жиі қолданылады. Бетте және мойында теріні тұтас қиық түрінде ақаудың көлеміне сай етіп отырғызады.

Тері пластикасы әдістеріӘрбір жағдайға байланысты хирург қай әдіс тиімді екенін ескеруі керек. Бет жараларын жабу үшін көбінесе

Слайд 49Жақтардың сүйек пластикасы
. Жақ сүйектері пластикасының әсіресе төменгі жақтың, өзінің

қиыншылығы бар.
Бұл келесі ерекшеліктерге байланысты:
1) Бұл қозғалмалы сүйек және әртүрлі

қызметтерге қатынасады. Мысалы: сөйлеу, тыныс алу, шайнау, ымдау.
2) Оның қозғалысы күрделі: шарнирлі және кері қайтарылушы.
3) Жақта тістер орналасқандықтан олар сыртқы ортамен қатынаста. Сондықтан осы жерлердегі патологиялық процестер (жарақаттар, қабыну, ісіктер) операциядан кейінгі ағымын ауырлатады. 4) Жақтардың эстетикалық орны.
Сүйек пластикасы негізінен төменгі жаққа жасалады. Жасалу уақытына байланысты алғашқы және екінші сүйек пластикасы деп белінеді.
Алғашқы сүйек пластикасының көмегімен жарақаттан немесе қатерсіз ісікті алғаннан кейінгі ақау бірден жамалады. Қазіргі кезде бұл әдіс кеңінен қолданылуда, себебі хирургияда антибиотиктердің қолданылуына байланысты хирургтер, бұрынғыдай ақаудың ауыз қуысымен аз уақыт қатынасынан сақтанбайды. Антибиотиктердің қолданылуы ақаудың тез жазылуына және сынықтардың тыртықтанып тартылуына септігін тигізеді.

Жақтардың сүйек пластикасы. Жақ сүйектері пластикасының әсіресе төменгі жақтың, өзінің қиыншылығы бар.Бұл келесі ерекшеліктерге байланысты:1) Бұл қозғалмалы

Слайд 50Жақтардың сүйек пластикасы

Жақтардың сүйек пластикасы

Слайд 51Жақтардың сүйек пластикасы
Екінші сүйек пластикасы зақымнан кейін белгілі бір уақыт

өткен соң, әдетте 6—8 айдан кейін жасалады. Трансплантат алуға ең

қолайлы екі жер аталған, олар қабырға (V, VI және VII), мықын сүйегінің айдаршасы. Қабырғаны толық немесе екі айырып алады. Егер иек аймағында бұрыш керек болса мықын сүйектің айдаршасы алынады.
Трансплантатты бекітудің басты мәселесі оны жақ сүйегі сынықтарының ұшына бекіту. Осы мақсатпен трансплантат пен жақ сүйегінің бөліктерінің бастарына әртүрлі құлыптар жасалады. Олардың бөліктері сыммен тігіліп, ошақтан тыс бекітілетін Рудько, Бернадский, ж. т. б. аппараттары қолданылады.
Трансплантат жақсы бітіп кетуі үшін төменгі жаққа тыныштық қажет. Ондай жағдайға ауыздың ішінен және сыртынан қолданатын аппараттардың көмегімен қол жеткізіледі (алюминий сым құрсауы, каппалар, Ванкевич құрсауы ж. т. б.).
Сүйек пластикасы кезінде алдын ала ақаудың көлемімен қолданылатын трансплантатты қай жерден алатындығы шешіледі.
Трансплантат бітіп жазылған соң, онда биологиялық қайта құрылу мен қайта қалыптасу процестері басталады. Егер отырғызылған сүйек ерте жүмысқа қатысса, онда аталған қайта құрылу мен қайта қалыптастыру процестері ерте басталады, 15 күннен кейін сүйекте деструкция басталып екінші айдың аяғында толығымен аяқталып, одан кейін регенерация процесі күш ала бастайды. Сүйек трансплантат қатайып қалыңдайды.

Жақтардың сүйек пластикасыЕкінші сүйек пластикасы зақымнан кейін белгілі бір уақыт өткен соң, әдетте 6—8 айдан кейін жасалады.

Слайд 52Аралас трансплантаттарды еркін көшіру

Аралас трансплантаттарды еркін көшіру

Слайд 53Аралас трансплантаттарды еркін көшіру
Аралас трансплантаттар дегеніміз тұтас күйінде бірге отырғызылатын

әртүрлі тіндерден тұратын трансплантат. Оған мұрынның қанаты мен ұшын, құлақ

қалқанының бір бөлігімен пластика жасау әдісі мысал бола алады. Алғашқы рет мұндай пластиканы 1 8 9 8 ж. К. П. Суслов жасады.
Беттің және жақтың ақаулары мен деформациялары өзінің себептеріне қарай әртүрлі болғанымен пішініне қарай бірдей болады. Сондықтан оларды пластиканың жалпы қағидаларына қарай: жергілікті тіндермен, аяқшасы бар қиықпен, Филатов сабақшасымен, теріні еркін көшіру, және толық қабатты аутотрансплантаттармен қалпына келтіреді
Аралас трансплантаттарды еркін көшіруАралас трансплантаттар дегеніміз тұтас күйінде бірге отырғызылатын әртүрлі тіндерден тұратын трансплантат. Оған мұрынның қанаты

Слайд 54Ауызмаңы аймағының пластикасы
Жоғарғы және төменгі еріннің ақаулары жартылай және түгелдей

деп бөлінеді. Қызыл жиегіндегі кішкене ақауларды шырышты қабықты жылжыту арқылы

орнына келтіруге болады.
Ауыз қуысының айналасындағы тыртықтану процестерінің салдарынан тарылып микростомия дамиды. Ондай деформацияның үш тәсілмен қалыпқа келтіреді.
1) И. Г. Лукомский әдісі. Ауыздың бұрыш аймағының зақымданбаған терісінен түбін ұрт аймағына қаратып төрт бұрыш қиықтар қиылады. Одан кейін осы қиылған тері қиықтары ауыздың ішіне қарай қайырылып, шырышты қабықпен тігіліп тасталады. Мұндай операциялар тек әйелдерге жасалады. Егер қиық қиған аймақта сақал немесе түк болмаса ерлерде де жасалады.
2 А. И. Евдокимов әдісі. Ауыздың айналасындағы тыртықарды ауыздың шетінен жартылай кесіп ішкі шырышты қабығын іреп босатып, сыртқы теріге қайырып тігеді. Ауыздың бұрышы мен қызыл жиегі қоса қалыпқа келтіріледі.
3) Г. А. Васильевтің әдісі. Жақсы сақталған еріннің қызыл жиегінің шетінен айналдыра тугелдей кесіледі. Одан кейін осы доға тәрізді қиықты кең түрде іреп босатады. Оны көлденең тіліп тыртық байламдарынан босатып, тартып тігеді. Ауыз қуысын неғүрлым кең етіп (6—7 см-ден көп) жасаған дұрыс. Себебі кейінгі тыртықтану процестерінің әсерінен ол аздап тарылады.

Ауызмаңы аймағының пластикасыЖоғарғы және төменгі еріннің ақаулары жартылай және түгелдей деп бөлінеді. Қызыл жиегіндегі кішкене ақауларды шырышты

Слайд 55Ауызмаңы аймағының пластикасы

Ауызмаңы аймағының пластикасы

Слайд 56Ауызмаңы аймағының пластикасы
Тыртықтану процесінің салдарынан кіреберісі мен өтпелі қатпары жойылып

кетеді. Сондықтан осы аталған жерлерге теріні еркін көшіріп пластина жасалады.

Қос ерін бұл көбінесе жоғарғы еріннің қызыл жиегінің астынан пайда болған шырышты қабықтың қосымша қатпары. Ол дұрыс сөйлеуге бөгет жасайды және науқастар оны көбіне тістеп ала береді. Ол шырышты қабық-асты клетчаткасы мен шырыш бездерінің шамадан тыс өсуінің сал-дарынан пайда болады. Сондықтан қыртысты алу кезінде клетчаткамен шырыш бездерін толық алып тастау керек.
Жоғарғы еріннің туа біткен, операциядан кейінгі жартылай ақауларынан кейін Эстландер және Абби үсынған әдістермен қайтадан операциялар жасалады. Операцияның маңызы төменгі еріннің ақауы үшін сына тәрізді қиық алу. 15— 16 күннен кейін оның аяқшасы аналық негізінен кесіледі.
Жоғарғы еріннің екіжақты жырығын қалпына келтіруден кейін қалған ақауларға сына тәрізді емес, қарлығаштың қүйрығы немесе латынның „V" әріпі секілді етіп алынады.
Жоғарғы жақтың толық ақауын қалыпқа келтіру үшін Браунстың ұрттан алынған төрт бұрышты тері ет қиықтарын біріне-бірін 90°-та бұрып тігу, Ю. К. Шимановскийдің ұрттан алынған төрт бұрыш жылжымалы қиығы, Иозефтің ерін ұрт қатпарынан алынатын сына тәрізді қиығы қолданылады. Кейде Брунс және Ю. К. Шимановскийдің әдістері Эстландер және Абби әдістерімен қосылып жасалады. Төменгі еріннің ақаулары Брунс, Ю. К. Шимановскйй, Иозеф, Седилло әдістерімен қалыпқа келтіріледі. Айта кететін нәрсе ер кісілердің жоғарғы және төменгі ерін ақаулары самай-төбе аймағынан және А. Г. Лапчинскийдің иекасты аймағынан алынатын қиықтарымен қалпына келтіріледі. Кейде еріннің толық ақауларын Филатов сабақшасы арқылы жамауға болады. Бірақ мұндай еріндер қозғалыссыз болғандықтан ауыз үнемі ашық жүреді және одан сілекей ағып тұрады.

Ауызмаңы аймағының пластикасыТыртықтану процесінің салдарынан кіреберісі мен өтпелі қатпары жойылып кетеді. Сондықтан осы аталған жерлерге теріні еркін

Слайд 57Пайдаланған әдебиеттер
www.google.kz
“ Хирургиялық стоматология “ - Оразалин Ж.Б.
Төлеуов Қ.Т.

Пайдаланған әдебиеттерwww.google.kz“ Хирургиялық стоматология “ - Оразалин Ж.Б.Төлеуов Қ.Т.

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика