Слайд 1Қожа Ахмет Ясауи атындағы Шымкент Медицина Институты
Тақырыбы: БЖА қатерлі
емес ісіктері және ісік тәрізді ақаулар
Орындаған: Жанұзақова А.
Қабылдаған : Аргинова
Қ.
СК - 606
Слайд 2Жалпы қабылданған жіктелу бойынша дененің басқа бөліктеріндегі ісіктер секілді мұнда
да қатерсіз және қатерлі ісіктер деп бөлінеді.
Қатерсіз, ісіктер қоршаған тіндерден
анық шекарамен оқшауланып, көлемі үлкейген сайын айналасындағы тіндерге кіріп, оларды ығыстырып өседі. Олар баяу өсетіндіктен, көп жылдарға дейін байқалмауы мүмкін. Ығыстырылған тіндердің жаңа жағдайға қалыптасуының арқасында, өз қалпынан ығысқан көрші ағзалар қызметінде айтарлықтай өзгерістер болмайды. Қатерсіз ісіктер науқастың жалпы жағдайын өзгертпейді, әрі метастаздар бермейді. Олар түбегейлі отаның дұрыс жасалмаған жағдайда береді.
Қатерсіз ісіктерін одонтогенді және одонтогенді емес деп бөледі. Одонтогенді емес ісіктер остеогенді сияқты, туа біткен кисталар мен тератомалар деп бөлінеді
Слайд 3ОДОНТОГЕНДІ ІСІКТЕР
Пайда болуы тіс жүйесімен байланысты ісіктерді одонтогенді дейді. Олар:
жақ кисталары, амелобластома (адамантинома), одонтома, цементома. Кейбір мамандар бұл топқа
эпулистерді де қосады.
Слайд 4Жақ кисталары.
Киста дегеніміз сыртында қабығы бар сұйық немесе қоймалжың
заттан тұратын қуыс ісік. Жақ сүйектеріндегі қуыстардың қабығы екі қабаттан
тұрады, сыртқы қабаты тығыз дәнекер тіннен, ішкісі ауыз қуысының шырышты қабаты секілді көпқабатты жалпақ эпителийден құралады. Гаймор қуысына жақын жерлерінде цилиндр тәрізді эпителий де кездеседі. Дәнекер қабат пен эпителий қабатының арасында тамырлар мен лимфоидты элементгерге бай гранулденген тін қабаты кездеседі. Кистаның ішіндегі сұйықтық құрамы холестеринге бай сарысудан тұрады. Жақ кисталары дамуына қарай түбірлік (радикулярлық) сауыттық (фолликулярлық) деп бөлінеді.
Слайд 5Түбірлік кисталар. Көбінесе (94—94%) жағдайда жақтарда кездеседі. Түбірлік кисталардың
эпителий тіндерінен даму жолдарының бірнеше тұжырымдары бар: қабыну
процесінің салдарынан түзілген химиялық және механикалық тітіркендірулердің әсерінен периодонттағы эпителий элементтері үлкейіп көбейе бастайды. Осының әсерінен микроскопиялық қуыстар ішіне сарысу толып, біртіндеп үлкейіп кистаға айналады. Түбірлік кисталар тіс жегімен бұзылған тістердің немесе бұрын жарақат алған тістердің аймағында кездеседі (59-сурет). Жұлынған тістердің орнында өте сирек кездеседі.
Киста көптеген айлар немесе жылдар бойы баяу, ауруды мазаламай өседі. Сондықтан оның алғашқы сатыларын тек рентген суретіне түсіргенде ғана анықтаймыз.Онда көзге бірден сүйектің бұзылған ошағының көлеңкесі анық түседі. Уақыт өте келе жақ деформациясы науқастың өзінің де, тексерген дәрігердің де, қоршаған ортаның да назарына түсе бастайды. Альвеолды өсіндінің ісінуінен беттің асимметриясы пайда болады. Жалпы тексеру кезінде жақтың альвеолды өсіндісі мен деңесінде таңдай немесе сырт жақ бағытына қарай өскен дөңгелек пішінді артық зат байқалады.
Киста бұршақ пен тауық жұмыртқасының көлеміне дейін кездеседі. Ол даму уақыты мен даму сатысына тікелей байланысты болады. Ісіктің үстіндегі шырышты қабықпен сүйектің беткі қабаты өзгермейді. Уақыт өте келе жұқарған сүйек қабырғасын басқанда сықырлаған (Рунге-Дюпюитрин белгісі) резеңке немесе пластмасса ойыншық (Ю.И.Бернадский белгісі) белгілері пайда болады. Біртіндеп өршіген сүйек семуінің әсерінен кистаның үстіндегі сүйек ақауларын, бетін шырышты қабықпен сүйектің беткі қабаты ғана жапқан терезе пайда болады. Осының салдарынан кистаның жаңа былқылдақ белгісі мәлім бола бастайды.
Слайд 6Түбірлік кисталардың емі хирургиялық. Егер кистаның диаметрі 1-1,5 см-ден аспаса
оларды отасыз-консервативті емдеуге болады.
1892 жылы және 1910 жылы Парч кисталарды
емдеудің екі жолын ұсынды: цистотомия (Парч I отасы) және цистоэктомия (Парч II отасы).
Цистотомия немесе пластикалық цистотомия отасы Парчқа дейін ұсынылған болатын. Ол бұл отаны одан әрі жетілдіріп, оның әр кезеңіне мән беріп суреттеп берді. Сондықтан бұл отаны Дюпюинтрин-Парч пластикалық цистотомиясы деп атаған дұрыс. Соңғы кезде бұл ота өте сирек жасалып жүр.
Цистотомия отасы кезінде кистаның алдыңғы қабырғасын ғана алып, оны ауыздың кіреберісімен немесе ауыз қуысымен бір қылып қояды. Ота кезінде қуыстың ішіндегі қысымды жойып, қуыстың біртіндеп тегістеліп одан әрі мүлдем жойылуына әкеліп соғады. Ота қарапайым, аз жарақатты, науқастар оңай көтереді. Бірақ одан кейінгі ақау сақталып, көпке дейін гигиеналық күтім керек етеді.
Слайд 7АМЕЛОБЛАСТОМА (АДАМАНТИНОМА)
Эмаль органы эпителийінен немесе Маляссе жасуша-клеткаларына ұқсас эмбирон эпителийі
қалдығынан пайда болатын тіске байланысты өсетін ең жиі кездесетін ісік.
Атауының болуы (көп камералы кистома, пролиферацияланушы жақ кистасы, орталық парадентарлы кистома, кистааденома, адамантинум т.б.) оның құрылысының күрделі клиникалық көріністерінің маңызды екендігін дәлелдейді.
Нәрестелер мен қарттарда да кездесуі мүмкін, бірақ, ол негізінен
21 мен 40 жас аралығындағы адамдарда кездеседі. Әйелдер көп ауырады. Ісік төменгі жақтың бұрышы мен бұтағында, төменгі ақыл тістер төңірегінде жиірек, жақ денесінде сирегірек кездеседі.
Слайд 8Амелобластомалардың емі хирургиялық.
Оларға киста тәрізді ота жасау, айтарлықтай нәтиже
бермейді. Ісікті сау сүйекті қамти мұқият қырнап сылып алу кейбір
адамантиномаларды емдегенде тәуір нәтиже беруі мүмкін. Ісік қайта шығып малигнезация қаупі орын алмас үшін, ісікті оның айналасындағы сау тіндермен қоса алып тастау керек. Әдетте жақ сүйегіне резекция жасалынады. Бірақ кесіп алу-резекция қатерлі ісіктерге қарағанда сәл азырақ жасалынады. Егер адамантинома жақ айналасындағы тіндерге өткен болса, онда субпериостал резекция жасаумен шектелу жеткіліксіз. Зақымдалған жақ айналасындағы тіндерді де қоса алып тастау керек.
Слайд 9ОДОНТОГЕНДІ ФИБРОМА
Одонтогенді фибромалар жақтардың сүйек іші фибромаларының бір түрі болып
саналады. Бұл фибромалардың тағы бір белгісі дәнекер тінді ісіктің ортасында
тіс өсіп шығатын эпителийдің майда қалдықтарының кездесуі. Егер миксомалы өзгерген жерлері кездессе, онда нақтама фибромиксома деп қойылады.
Одонтогенді фиброманы жұмсақ одонтомадан ажырату керек. Жұмсақ одонтоманың өсіп шығатын екі компоненті де (эпителиальды, дәнекер тінді) жинақты біркелкі өсіп, тіс ұрығының өсу сатысының алғашқы көрінісіне ұқсайды. Одонтогенді фиброма, өзін қоршаған сүйектен ісіктің сыртын ала тығыз орналасқан коллаген талшықтарынан түзілген пердемен бөлініп тұрады. Ісіктің өсуіне байланысты жақ сүйегінің біркелкі сорылуы-резорбциясы байқалады.
Одонтогенді фибромалардың клиникалық, рентгенологиялық көріністері онша айқын емес.
Емі — хирургиялық жолмен ісікті мұқият сылып алу.
Слайд 10Цементома — жарып шыққан тістің перицементінен бастау алған шын ісік
пен диспластикалық процесстің (цементодисплазия) аралығындағы ісік. Гистологиялық тұрғыдан цементома құрамында
цементиклдер (клеткасыз цемент жиынтығы) мен одонтоцементобласттарға айналатын фибробласттардан тұратын дәнекер тіндерінің қабаттарының жиынтығы. Кейде ол остеоид тіндерін де қосып алады. Ісік сүйек ішінде орналасып баяу үлкейе береді. Үлкен цементомалар ісігі ауырып науқасты мазалай бастайды.
Цементомалардың екі түрі кездеседі. Бірі ошақтық — бір тістің төңірегінде өседі. Екіншісі жайылмалы — сүйектің едәуір жерін қамтиды. Олар әртүрлі жастағы адамдарда, жиірек әйелдердің төменгі жағында кездеседі. Әдетте жақтың орта бөлігінде күрек, сойдақ тістердің тұсында орналасады.
Слайд 11Емі — тек хирургиялық. Жақ ауырып, ісік жедел өсе бастаса,
патологиялық сынғанда маңында созылмалы қабыну процесі болса, бет пішіні мен
қызметі бұзылса ота жасалады.
Ота кезінде цементомамен байланысты тіс жұлынады. Жедел өсе бастаған, сан алуан элементтері көп ісік қайталамас-рецидив бермес үшін маңындағы тіндермен қоса алынады.
Түбір ұшын кесу тек біртүбірлі тісте түбегейлі-радикалды оңай алып тастау мүмкіндігі бар кезде ғана қолданылады.
Слайд 12Қызыл иек фиброматозы. Қызыл иек пен оның емізікшелерінің диффузды түрде
өсуі. Жастар мен орта жастағыларда кездеседі, жалпы сирек кездесетін ісік.
Клиникасы:
Қызыл иектің тіс сауытын жартылай, түгел жауып жұмырланып өседі. Көбінесе ауыздың кіреберісі жағынан зақымданады, бірақ бұл өзгеріс тіл, таңдай тұста да болуы мүмкін. Ісіктің беті бөлшекті, папиллома тәрізді, ал (көбіне тегіс жылтыр, түсі боз немесе қызарып көрінеді. Сипап тексергенде-пальпацияда фиброматоз ауырмайтын тығыз серпімді. Тіс сауыты мен ісік арасында қалталар пайда болып, оларға тамақ, тіс тасы жиналып қабынады, қызыл иекті зақымдап тістен ажыратады.
Рентгенде, ұзақ уақыт өскен фиброматозда түбір арасындағы перде мен ұяшық өсіндісінің қыры ыдырай бастайды. Үстіңгі жақ будырларына орналасып, көбірек таңдай тұстан көрінетін ісіктер үстіңгі жақ бұдырларының фиброматозы (ертеде симмертиялы фибромалар деген) деп аталады. Осындай фиброматоз төменгі жақ ұяшық өсіндісінің артқы бөліктерінде де кездеседі.
Микроскоппен қарағанда қызыл иек фиброматозы тығыз, талшықты қан тамырлары аз, дәнекер тінді болып көрінеді.
Емі. Патологиялық тінді сүйекке дейін, сүйек қабығын қоса біртіндеп кеседі, сонымен бірге 8-6, 6-8 тістер тұсын үстіңгі немесе төменгі жақтан кесіп, жарақат бетіне йодоформ тампонын 7-8 күнге дейін қалдырады. Грануляция өсіп жара эпителиймен жабылғанда йодоформды тампонды алады. Кейде отадан кейін-соң қайталануы-рецидив болу да мүмкін.
Слайд 13Лимфангиомалардың жіктелуі
Ісіктердің халықаралық гистологиялық жіктеуі бойынша лимфа жүйесі ісіктерінің мынадай
түрлері бар:
Лимфа тамырларының ісік және ісікке ұқсас болып зақымдануы.
А) Қатерсіз:
Лимфангиома:
капиллярлы; қуысты; кисталы (гигрома)
Лимфангиомиома
Жүйелі лимфангиоматоз
Б) Қатерлі:
1. Қатерлі лимфангио-эндотелиома (лимфангиосаркома).
Клиникада жиірек капиллярлы (жай), қуысты және кисталы лимфангиомалар кездеседі. Өсу дәрежесіне байланысты шектелген, жайылмалы, беткей және терең лимфангиомалар бар.
Слайд 14Қуысты лимфангиомалар. Тері, ет, ауыздың кілегей қабығын түгел қамтиды. Көбіне
ұрт, тіл, ерін, шықшыт аймағына орналасып, мұндағы тіндер мен мүшелер
қызметіне нұқсан келтіреді. Ауыз қуысы кілегей қабығының майда шық немесе інжу сияқты іші ашық түсті, яғни қан аралас затқа толы бір не бірнеше тамшылардың пайда болуы лимфангиоманың өзіндік диагностикалық белгісі болып табылады. Олар шашырап, яғни топталып тістердің түйісу сызығын бойлай орналасады. Мұрын лимфангиомасында, ол бір жағына қарап, кейде симметриялы біркелкі үлкейеді. Гемангиомамен салыстырғанда мұрынның пішіні мен көлемін өзгертпейді.
Ауыз түбі мен мойынға тараған ісік сөйлеу, жұту, тыныс алу қызмет-теріне кедергі болады (64-сурет). Шықшыт аймағындағы лимфангиоманы анықтау қиын, әсіресе шықшыт безі фасциясының астында орналасқан ісікті анықтау оңайға соқпайды. Қиын жағдайда безге контрасты рентгенграфия, ісікке пункция-цитологиялық тексеру жасалады. Қуысты лимфангиоманы тілгенде дақтары бар қызғыш сұр түсті кеуек тін көрінеді. Каверналар ісік ортасында үлкен, шет жағында кішірек болып келеді. Ісік капсуласы айқын білінеді. Ұрттың көлемді каверналы лимфангиомалары тіс-жақ деформациясына әкеледі. Мұрын аймағындағы қуысты лимфан-гиомалар мұрынды деформациялайды.
Тілдің каверналы лимфангиомасын ерекше атап өту керек. Ісіктің ұласқан түрінде тіл еттері де зақымданып тез өсе бастайды. Мейлінше үлкен тіл ауызға симайтын халге жетеді. Ауызды жабу қиындайды. Ісіктің бүйір тұстарында тістердің батқан іздері көрінеді, олар жараланып қанайды. Сөз адам түсініксіз болып шығады.
Слайд 15Емі. Негізгі емі-хирургиялық. Лимфангиома қабынғанда антибактериялық ем жасап, ота қабыну
басылған соң шамамен, 3-4 аптадан соң жасалады. Бет пен мойынның
шектелген кисталы лимфангиомасымен, тілдің шектелген лимфангиомасында ісік түгел алынып тасталады. Көлемді, ұласқан лимфангиомаларды біртіндеп бөлектеп кесіп алады. Отадан кейін-соң қатаю- склероздау терапиясының нәтижелері қанағаттандырарлық емес.
Слайд 16Пайдаланған әдебиеттер
www.google.kz
“ Хирургиялық стоматология “ - Оразалин Ж.Б.
Төлеуов Қ.Т.
.