“Оқушылардың өздігінен қазақ тілі сабағындағы жүргізілетін жұмысы”
Дайындаған:
Волошинка орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Кусаинова Асия Ибрагимовна
Слайд 2 Әдістемелік проблемам:
“Қазақ тілі
мен әдебиеті сабақтарында ауызекі тілді дамыту”
Слайд 3Қазіргі қазақстандағы білім беру саласының алдында оқыту және тәрбие жұмысын
жетілдіру жандандыра түсу міндеті тұр.
Слайд 4
Көп жылғы тәжірбиенің нәтижесінде өздік жұмыстар арқылы оқыту шәкірттерге білімді
саналы да терең меңгерудің,әр сабақтың сапасын арттыру тиімді жолы екендігі
дәлелденіп келеді.Оқушылардың өзіндік жұмысы-арнайы бөлінген уақыт ішінде мұғалімнің тапсыруымен, бірақ тікелей көмегінсіз орындалатын жұмыс.Оқушы тапсырмада қойылған мәселеге,ақыл-ой мен күш-жігерін саналы түрде жұмсай отырып шешеді,әр өз жұмысының нәтижесін көрсетеді.
Слайд 5Қазақ тілі сабағында өздік жұмыстарды төмендегідей мақсаттарға байланысты жүргізуге болады:
- оқушылардың өздігінен білімін толтыра,жетілдіре отырып,жаңа білім алу;
- оқушылардың
бір-бірімен білім алмасуына дағдыландыру;
- берілген білімді пысықтау;
- оқушының білімін тексеру,бақылау;
- шығармашылық қабілеттерін арттыру;
- сөздік қорын байыту,тіл дамыту;
Слайд 6Қазақ тілі сабағында оқушыларға өздігінен орындалуына берілетін жұмыстар ойлау қабілеттерін
арттыруға берілген тапсырмалар бойынша өз бетімен шешім қабылдауға талпындыратындай болуы
тиіс.
Слайд 7Академик В.П.Беспалко оқушылардың оқу материалын меңгеру төрт деңгейге бөліп қарастырады.
І-деңгей-
оқулық деңгейі.Қазақ тілі сабағында бұл деңгейге лингвистикалық ережелер,анықтамалар,оқушы жадында қалу
үшін берілетін тапсырмалар.
ІІ-деңгей-алгоритимдік деңгей.Бұл деңгейде берілетін тапсырмалардың мақсаты айқын болып,ал ол мақсатқа жету үшін тапсырмалардың орындалу жолдарын табу оқушылардан талап етіледі.
ІІІ-деңгей-эвристикалық деңгей.Мұндағы тапсырмалар оқушыдан ізденуді қажет етеді.
4-деңгей-шығармашылық деңгей. Қазақ тілі сабағында тіл дамыту жұмыстарымен-шығарма,әңгіме,ертегі құрастырып жазу
Слайд 8Өзін-өзі қадірлей білетін оқушы бойында мынандай қасиеттер орын алады:
сенімділік,нәтижелік,тәуелсіздік,еркіндік
Осы процесс
негізінде еңмаңызды қажеттілік-өзін-өзі дамыту.
Өзін-өзі дамыту,
Өзін-өзі қадірлеу.
Сүйіспеншілік,жақындық,
Қорғану,қорғалу
Физиологиялық қажеттілік!
Слайд 9Қазіргі заманда оқушының білімін,өздік жұмысын тексеруде тест қолданылуда.Тест, ағылшын тілінен
аударғанда “байқау” деген ұғымды білдіреді.Тест әдісі уакытты үнемдейді,әрбір тарауды немесе
бір тоқсандағы,болмаса бір жартыжылдықта алған білімі сарапталады,әрі оқушы қызығушылығы мен белсенділігін көтереді.
Қазіргі заманымыздың өзі талап етіп отырған бұл қажеттілікті іске асыру жолында мен көп ізденіп келемін.
Слайд 10“Сын тұрғысынан ойлау” (СТО)
бұл бағдарлама стратегиясын (әдістерін) өзімнің сабақ беру
жүйеме үздіксіз енгізіп келе жатырмын.Оқушы ұғымды әдістерді пайдалану арқылы өзінің
білімге деген ынтасын ұштайды,таным-білім көкжиегін кеңейтеді.Шәкірт жүрегіне жол табу үшін сабағымның әрбір сәтін қызықты,ұғымды өткізуге тырысамын.Оқушыларға еркін ойлауға,өз ойын дәлелдеуге мүмкіндік беремін.Терең ұғымды ойластырылған сабақ білім сапасын арттырады.
Слайд 11Өздік жұмыс оқушының білімін,көзқарасын тереңдетеді,өздік ойын,көзқарасын қалыптастырады.Оқушы тек білім алуға
ғана емес,ұжымдағы қарым-қатынас қалыптастырады.Осылайша ұйымдастырылған оқу әрекеті арқылы білім,білік дағдыларды
меңгере отырып,таным үдерістерін ойлау,қиялын дамытып,эмоция,сезім,ерік,жігер тәрізді құбылыстарын қалыптастырады.