Слайд 1Патогенді қарапайымдылар. Амебиаз. Трипаносомоз. Трихомоноз. Токсоплазмоз. Безгек. Балантидиаз.
Слайд 2Жоспар:
Таксономиясы
Морфологиясы
Дақылдық қасиеттері
Эпидемиологиясы
Патогенезі және клиникалық белгілері
Иммунитеті
Лабораториялық диагностикасы
Алдын алу
Емдеу
Слайд 3Амебиаз қоздырғышы.
Амебиаз – қоздырғыш класы Саркодылар
фекальды–оральды жолмен беріледі
антропоноздық ауру.
Қоздырғыштар ішекте
паразиттік тіршілік етеді.
Тоқ ішекті зақымдайды
Түрлі ағзаларда абсцес дамиды (іріңдеп қалталану).
Созылмалы
қайталама өтуімен сипатталады.
Слайд 4Қоздырғыш таксономиясы.
Қоздырғышын 1875 жылы орыс ғалымы Ф.А. Лёш пен
Ф. Шаудин ашқан
Патшалықасты: Protozoa
Типі: Sarcomastigophorae
Класы: Sarcodora
Отряды: Ameobiada
Туыстастығы: Entamoeba
Түрі: Entamoeba
histolytica.
Слайд 6Морфологиясы.
Қоздырғыш дамуының екі сатысын ажыратады :
Вегетативтік сатысының түрлері:
үлкен вегетативтік (тіндік) –forma magna;
кіші вегетативтік (ішек ішілік) - forma
minuta;
Цисталық:
циста алдылық
цисталық.
Слайд 7
Циста (тыныштық жағдайда) – диаметрі 8-15 мкм. Жетілген цистаның 4
сақина тәрізді ядросы бар. Кейде жылтыр таяқша тәрізді немесе хроматоидты
денешіктер (РНК мен белоктардың жиналуы) көрінеді.
Ішек ішілік түрі –қозғалмайды, мөлшері 15-20 мкм; зиянсыз комменсал ретінде тоқ ішектің жоғарғы бөлімінде мекендейді, бактериялармен және детриттермен қоректенеді.
Слайд 8Үлкен вегетативтік түрі – кіші вегетативтік түрден пайда болады.
Өте ірі
(20-60 мкм),
Псевдоподиялар ( жалған аяқтар) түзіп әртүрлі қозғалыстар жасайды.
Эритроциттерді фагоциттейді (жұтып алады).
Жедел амебиаз кезінде жаңа ғана бөлінген нәжісте табылады.
Слайд 9Дақылдандыру
Қоздырғышты қоректік заттарға мол орталарда өсіруге болады.
Баламут, Павлова, Рис, Бек
және т.б қоректік орталарында.
Слайд 10Резистенттілігі .
Организмнен тыс жағдайда вегетативтік түрлері тез (30 мин) өледі.
Цисталары (цистотасымалдаушылар тәулігіне 8 млн-дай циста бөледі)
Қоршаған ортада төзімді,
20 С
Су мен нәжісте 1 айға дейін сақталады.
Тағамдық өнімдерде, көкөніс және жемістерде бірнеше күн сақталады.
Қайнатқанда жылдам қырылады.
Слайд 11Эпидемиологиясы
Амебиаз – антропонозды ауру;
инфекция көзі – адамдар.
Берілу
механизмі: фекальді – оральді.
Тағамдық заттар, әсіресе көкөніс және жемістер, сирек
жағдайда су, тұрмыстық заттар арқылы жұғады.
Слайд 12Жыныстық қатынас (оральдық, анальдық) кезінде де жұғуы мүмкін.
Шыбындар және таракандар
цисталарын таратуға әсер етеді.
Көбінесе 5 жастан асқан балалар ауырады.
Тропикалық және
субтропикалық елдерде ең көп науқастанушылық байқалады.
Слайд 13Патогенезі және клиникалық белгілері
Ішек жолына түскен цисталардан амебаның қуыстық
түрлері пайда болып, ауру қоздырмай тоқ ішекте мекендей алады.
Организмнің
резистентілігі төмендегенде амебаның тіндік түрлері ішек қабырғасына еніп көбейе бастайды да, ішек амебиазы дамиды.
Слайд 14Олардың өсіп -өніп көбеюіне ішек микрофлорасының кейбір өкілдері әсер етеді
Амебалар қанмен бірге айналып бауырға, өкпеге, бас миына түседі, нәтижесінде
ішектен тыс амебиаз дамиды.
Терілік амебиаз кезінде анус айналасында, бұтаралық аймақта эрозиялар және шамалы ауыратын жаралар пайда болады.
Амебиаздың клиникалық көріністері айқын емес, симптомсыз түрлері жиі кездеседі.
Слайд 15Иммунитеті
тұрақсыз
жасушалық иммунитет дамиды.
Слайд 16Микробиологиялық диагноз қою
Науқастан зерттеу үшін алынатын заттар:
жаңадан алынған нәжіс
қақырық
абсцесс бөлінділері
анус айналасындағы және бұтаралық аймақтағы жаралардан қырынды
қан сарысуы
патологиялық
материалдар
Слайд 17Дақылдық (паразитологиялық) әдіс бойынша тиісті қоректік орталарға сеуіп таза дақылын
бөліп алады (сирек қолданады).
Биологиялық әдіс – биоматериалдармен 2-3 апталық егеуқұйрықтарға,
теңіз шошқасына, мысықтарға жұқтырады.
Слайд 18Серологиялық әдіс –негізінде қос (парные) сарысулармен ПР, ЖГАР, ИФТ, ИФР,
ПЦР реакцияларын қолданады. Серологиялық реакциялармен ішектік амебиаздың 75-80%, ол ішектен
тыс амебиаздың 95% -ын дәлелдейді
Слайд 19Алдын алу
амеба тасымалдаушыларды
циста бөлушілерді дер кезінде анықтау
нәтижелі емдеу
жалпы
санитарлық шаралар
Слайд 20Емдеуі.
Амебиаздың клиникалық түрлеріне қарай
этиотропты
патогенетикалық (симптоматикалық) емдеу қолданады.
метронидазол,
мексаформ, осарсол, тетрациклин+хлорохин, мономицин, эметин, энтеросептол.
Слайд 21Трипаносомоздардың қоздырғыштары
Трипаносомалар лейшманияларға қарағанда мөлшері үлкенірек, яғни ірілеу болады.
Trypаnosoma
туыстастығына жататын қарапайымдылар трипаносомоз деп аталатын, трансмиссивті-тропикалық аурулар қоздырғышы.
Слайд 22Қоздырғыштарын 1902ж Д.Даттон (T.gambiense),
1909 ж. –Ш.Шагас (T.cruzi)
1910ж Г. Фантем
(T.rhodesiense) ашқан.
Таксономиясы:
Трипаносомоз қоздырғыштары Sarcomastigophorae типіне,
типшесі, класы, туыстастығы Mastigo
Слайд 24Африкалық трипаносомозда – созылмалы түрінде өтеді, ұзақ мерзімді ретсіз қызбамен,
экзантема, ісіну, лимфаденит, орталық жүйке жүйесінің зақымдалуы, жиі өліммен аяқталады.
Америкалық
трипаносомозда – улану, аллергиялық реакция, лимфаденит, жүрек қантамыр және ас қорыту жүйелерінің зақымдалуы.
Слайд 26Қоздырғыштың негізгі сипаттамалары.
Қоздырғышы:
Африкалық трипаносомоздың этиологиялық агенті (Шығыс және Батыс
–Африкалық ұйқы аурулары)
-Tryponosoma gambiense
-Tr. Rhodesiense
Америкалық трипаносомоздың этиологиялық агенті
(Круз –Шагас ауруы)
-Tryponosoma cruzi
Слайд 27Tryponosoma (грек. trypason – бұрғылайды, soma –дене) жіңішке созылған, ұзындығы
15-30 мкм
Толқындалған талшығы және денесі мен талшықтар арасында мембранасы бар.
Тек жыныссыз жолмен (шизогония) көбейеді.
Полиморфизммен байланысты, иелерін ауыстырған сайын күрделі даму циклінен өтеді.
Слайд 28 Паразит дамуының үш сатысы бар:
трипаносомалар эпимастиготтар (криптидиалдық саты) түрінде
тасымалдаушы жәндіктердің ішегінде өмір сүреді. Қоректік ортада өседі. Ересек түрлеріне
ұқсайды.
трипомастиготтар (трипаносомдық сатысы) адамның және басқа сезімтал жануарлардың қанында өтеді.
амастиготтар (лейшманиялы түрлері), жасушалары сопақша тәрізді, кішкене, талшығы жоқ. Бұл сатыдағы трипаносомалар (тек қана Tr.сruzi-де болады) ересек лейшманиялардан үлкенірек болады.
Слайд 29Омыртқалы иелерінің қанында трипаносомалардың плиморфты сатылары (трипомастиготтар және эпимастиготтар) дамиды.
Трипомастиготты түрі өте жұқа ұзындығы 14-39 (орташа 27) мкм, айқын
толқынды мембранасы және ұзын бос бөлігі бар талшығы болады. Артқы шеті үшкірлеу, кинетопласты денесінің артқы шетінен шамамен 4 мкм қашықтықта орналасады.
Трипомастиготтардың қысқа түрі де кездеседі –ұзындығы 11-27 (орташа -18)мкм, артқы шеті жұмырланған және талшықтың бос бөлігі өте қысқа болады, кинетопласты қызғылт түске, ал протоплазмасы –ашық көк түске боялады.
Слайд 30Эпидемиологиясы.
Трипаносомоздар – трансмиссивті аурулар. Инфекция көзі жабайы (антилоптар, түлкілер, маймылдар
т.б) және үй (шошқалар, ірі қара малдар, мысықтар) жануарлары
Трипаносомоздың тасымалдаушысы
–қан сорғыш це-це шыбыны,
Америкалық трипаносомоздікі –тритомдық (ұшқыш) қандалалар. Қоздырғыш қанға түскенне кейін жасырын кезең (індеттің клиникалық түрлеріне байланысты) 1-3 аптадан бірнеше айларға, кейде ондаған жылдарға созылуы мүмкін.
Слайд 31Патогенезі және клиникалық белгілері
Трипаносоманың адамға енген жерінде шиқан тәрізді қабыну,
инфильтраттың қалыптасуы (африкалық «трипаносомалық шанкр») және көздің шырышты қабатының іріңсіз
қабынуы, конъюнктивит болады.
Круз-Шагас ауруына шалдыққандарда (америалық) бүкіл лимфа түйіндерінің үлкеюі, дене қызуы, кейде менингоэнцефалит байқалады. Аурулар жүрек-қан тамыр жүйесінің жеткіліксіздігінен өледі. Арудың созылмалы түрінде жүректің, ішектің зақымдануы байқалады.
Слайд 32Иммунитеті
Инвазиялық процестің әсеріне қарсы жеткілікті мөлшерде IgМ түзіледі;
Спецификалық протектативті
және бейспецификалық антиденелер пайда болады.
Созылмалы түрлерінде IgG-ң әсері іске
асады.
Трипаносомалардың көптеген антигендік варианттар түзу қабілеті болады, нәтижесінде иммундық жауап өзгергіштікке ұшырайды.
Аутоиммунды механизмдер дамиды.
Слайд 33Микробиологиялық диагноз қою.
Зерттеу материалдары: ұлғайған лимфа бездерінен, қатайған жарадан
(шанкрден) алынған пунктат, қан, қан сарысуы, жұлын сұйықтығы т.б.
Слайд 34Микроскопиялық әдіс
Жағындыларды және биопсиялық материалдарды «Езілген» немесе «ілінген тамшы» Романовский
–Гимзе немесе Райт әдісімен бояғанда өзіне тән түске боялған ядросы,
цитоплазмасы, талшықтары т.б. бар трипаносоманың түрін табу үшін.
ОЖЖ зақымдалғанда, қан мен лимфа тамырларында трипаносомалар жойылады.
Микроскопиялық заттарды зерттеуге мүмкіндік болмаса, оларды ақ тышқандарға немесе егеуқұйрықтарға бұлшықетке не тері астына енгізеді.
Слайд 35Дақылдық әдіс. Зерттеу заттарынан қан қосылған күрделі қоректік орталарға (таза
дақылын бөліп алу үшін) себеді. Қойылған диагноздың сенімділігін арттыру үшін
сирек жағдайда қолданылады.
Серологиялық әдіспен. Антиденелер (IgМ) деңгейін анықтайды. Ол үшін ИФА, КБР, ЖИФР –ын пайдаланады. Антиденелерді және паразит аминқышқылдарының фрагменттерін (ПТР) табу диагнозды дәлелдейді.
Биологиялық әдіс. (биосынама) сирек жағдайда қолданылады.
Слайд 36Емдеуі;
Сурамин, пентамидион, меларсопрол.
Америкалық трипаносомозда нитрофурандық препараттар (лампит, нифуртимокс, фурациллин)
тиімді.
Этиотроптық емдеуді атқармаса трипаносомоз асқынады және өліммен аяқталады.
Мұндай жағдай аурудың
алғашқы белгілері байқалғаннан кейін 6 ай, тіпті бірнеше жылдан кейін де болуы мүмкін.
Слайд 37Профилактикасы.
Инсектицидтерді пайдаланып, це-це шыбынын құрту, үй –жайдың жағдайын дұрыстау.
Трипаносомаларды
жұқтырған жануарларды атып өлтіру.
Трипаносомоздың родезиялық түрі кездесетін кейбір ошақтарда
алдын-алудың химиялық (пентамдинді бұлшық ет ішіне айына бір рет егу арқылы) әдісін қолдану.
Иммундық алдын-алу әлі табылған жоқ.
Слайд 38Эпидемияға қарсы шаралар
ауруды анықтауға, емдеуге бағытталады. Қоздырғыштың трансмиссивтік, қан
құю және құрал –жабдықтар арқылы берілу механизмдері мен жолдарын болдырмау,
науқастан сау адамға жұқтырмаудың аса маңызды әрекеттері болып есептеледі.
Слайд 39Эпидемиологиялық қадағалау
Біздің елде қарастырылмаған.
Трипаносомоз індеті бойынша эндемиялық елдерден инвазияны
әкелу жолына тосқауыл қою және қатал тексеру.
Осы елдерде уақытша болған
азаматтарды инвазияны жұқтырудан сақтандыру шараларын атқару (химиялық препараттармен алдын-алу) эпидемиологиялық қадағалаудың басты бағыты деп санаған жөн.
Слайд 40Трихомоназ қоздырғыштары
Несеп –жыныстық трихомониаз –қоздырғышы жанасу механизмімен берілетін,
қарапайымдылар тудыратын,
несеп-жыныс жолдарының зақымдалуымен сипатталатын,
антропоноздық протозойлық ауру.
Слайд 42Таксономиясы .
Қоздырғышы:
Sarcomastigophorae класына,
Trichomonadida туыстастығына жатады.
Трихоманадалардың комменсалдық түрлері де
болады:
-ішек жолында - Trichomоnas hominis;
-ауыз қуысында – Trichomanas
tenax.
Слайд 43Морфологиясы :
Trichomanas vaginalis – облигаттық паразит, қоздырғышы талшықтылар класына жатады.
1837 ж. А. Донне тапқан.
Әйелдердің қынабында, еркектердің үрпегінің морган шұңқырларында
паразиттік өмір сүреді.
Денесі алмұрт тәрізді, ұзындығы 14-30 мкм. Ядросы созылған. Денесінің алдыңғы жағында 4 талшық орналасқан, бүкіл денесі бойынша белдік жібі (аксостиль) өтеді, оның жалғасы артқы жағында тікен сияқты көрініп тұрады.
Слайд 44Ішек трихомонадасы
Trichomanas hominis –ішек трихомонозының қоздырғышы. Тоқ ішектерде орналасады.
Өлшемі
5-15 мкм, сопақша, көпіршік тәріздес бір ядросы, 3-4 талшығы және
ундулярлы мембранасы бар. Денесінен тек тіректік өзек бөледі, оның бір шеті ұшталып келеді. Жасушалық аузы арқылы бактериялармен және осмостық процесс арқылы сұйықтықтармен қоректенеді. Цисталар түзуі әлі белгісіз.
Тrichomanas tenax –ауыз қуысында тіс тастарында не кариозды деффектерінде кездеседі.
Слайд 46 Эпидемиялық процестің сипаттамасы
Қоздырғыштың көзі: тек ауру немесе тасымалдаушы адам.
Берілу жолы: жыныстық қатынас.
Трихомониаз барлық жерде таралған.
Тұрмыстық қатынас арқылы жүғу
өте сирек. Бірақ төсек-орын және басқа бұйымдар, медицина аспаптары қатты ластанса, адамдарға жұғу қаупі арта түседі.
25% дейін белсенді жыныстық қатынаста болатын әйелдерде кездеседі.
Трихомонадалардың су арқылы берілу мүмкіндігі оның ионды тұздық құрамына байланысты.
Слайд 47
Патогенезі және клиникалық белгілері.
Қабыну реакциялары дамып, қоздырғыш несеп-жыныс жүйесінің бөліктеріне
өтеді.
Трихомонада шығаратын гиалуронидаза зат алмасудың токсикалық өнімдерінің микрофлораның жасуша
аралық кеңістікке өтуін жеңілдетеді.
Қышыну, дизуриялық өзгеріс, ауырсыну.
Симптомдар апта, айлар бойы байқалады.
75 % серозды-іріңді жағынды байқалады.
Слайд 48Әйелдерде вагиниттің ауыр түрі байқалады.
Ерлерде үрпектің, қуықасты безінің қабынуы, кейде
эпидидимит байқалады.
Созылмалы түрінде 100% дейін простатитке алып келеді.
Трихомонадалық инвазия өткінші
немесе симптомсыз паразит тасымалдаушылығы түрінде де өтуі мүмкін.
Трихомониаздың мұндай түрі 10-35%-да байқалады, ол эпидемиологиялық жағдайды қиындатады.
Слайд 49
Микробиологиялық диагноз қою.
Зерттеу материалдары: несеп жолдарының, қынаптың бөлінділері, қуықасты безінің
шырыны.
Клиникалық
Эпидемиологиялық
Лабораториялық әдістерге негізделеді.
Слайд 50Лабораториялық әдіс
Ең жиі қолданылатыны метилен көгімен не Романовский-Гимзе әдісімен боялған
жағындыларды микроскопиялық тексеру.
Негізгі белгілерінің бірі: ромбтәрізді ядро “алхор сүйегі”.
Теріс жауап
болса, 2-3 аптадан кейін қайталау керек.
Нақты жауап алу үшін алынған заттарды қоректік ортаға себу қажет.
Слайд 51Микроскопиялық әдіс
Науқастан алынған зерттеу заттарын физиологиялық ерітіндімен араластырып «ілінген тамшы»
препаратын дайындап түнек айдынында фазалы –контрасты микроскопта қарайды (обьектив x40,
окуляр x10).
Трихомонадалар мөлшері бойынша лейкоциттерге жақын, бірақ олардың үндірлеуші мембранасы мен талшықтарының әсерінен болатын қозғалысын байқауға болады.
Слайд 52Дақылдық әдіс
Созылмалы трихоманиаз кезінде таза дақылын бөліп алу үшін тиісті
қоректік орталарға, мысалы СКДС (казеин гидролизаты +ашытқы+ мальтоза+тұзды ерітінді) ортасына
сеуіп, өсіп -өндіреді.
Трихоманада штамдарының емдеу препараттарына сезімталдығын анықтау үшін қажет.
Слайд 53Емдеуі
Арнайы этиотропты препараттар қолданылады:
метронидазол, птинидазол.
Екі партнерларды (ері мен әйелін)
бір уақытта емдегенде нәтижесі тиімде болады.
Слайд 54Алдын –алу шаралары
Кездейсоқ жыныс қатынастарынан сақтану
Мүшеқап қолдану
Белгілер пайда болса,
ауруды ертерек анықтау және емдеу.
Слайд 55Споралылар (Sporozoa)
Споралыларға жатады:
Безгек плазмодиялары
Токсоплазмалар
Саркоцисталар
Изоспоралар
Циклоспоралар
Криптоспоридиялар
Бабезиялар
Слайд 56Споралылардың 1350-ге жуық түрлері белгілі.
Олардың барлығы паразитті организмдер.
Ерекше
сипатына жетілген формаларында қозғалыс органоидтары болмайды.
Жынысты және жыныссыз көбею кезеңдері
иелерін ауыстыруына байланысты.
Көптеген споралыларға жыныссыз көбею –бүршеіктену тән (эндогония).
Слайд 57Токсоплазмоз қоздырғышы
Токсопалазмоз қоздырғышы бірнеше механизмдермен беріледі.
Клиникалық белгілері әр түрлі (полиморфты).
Жасырын
(латентті) және созылмалы түрде дамиды.
Зоонозды табиғи-ошақты антропургиялы протозойлы инвазия.
Слайд 59Таксономиясы
Қоздырығышы: Toxoplasma gondii
Типі: Apicomplexа
Типшесі: Coccidiea
Отряды: Eimeridae
Класы: Sporozoa
Туыстастығы: Toxoplasmа
Слайд 60Токсоплазманы алғаш 1908 ж. Тунисте француз ғалымдары Ш. Николь мен
А. Мансо африкалық Ctenodactylus gиndi дейтін кемірігшітен тапқан. Сол үшін
паразиттың аты - Toxoplasma gondii. Ол жасушаішілік паразит, ұзындығы 4-7 мкм. Апельсин бөлігіне ұқсайды.
Ф. Сплендоре Бразилияда қояндардың организмінен тапқан.
1930 ж. Д.Н. Засухин мен Н.А.Гайский тосоплазмаларды сарышұнақтардың организмінен тапқан.
Олар бірінші болып бұл инвазияның табиғи-ошақтылығы туралы болжам айтты, кейін оны дәлелдеді.
Слайд 61 Дақылдандыруы
Токсоплазмалар жасушаішілік паразит болғандықтан, жасанды қоректік орталарда өсіп-өнбейді.
Оларды дақылдандыру үшін тауық эмбрионына және жасуша дақылдарына жұқтыру тәсілдері
қолданылады
Ақ тышқандарға жұқтырып, көбейту әдісі қолданылады.
Слайд 63Эпидемиологиясы.
Ең негізгі инвазия көзі және резервуары – мысық тұқымдастықтарының
өкілдері.
Онда паразит толық даму циклін өтеді, сондықтан соңғы иесі деп
санаймыз.
Сонымен бірге сүтқоректілер (әсіресе тышқан тектес кеміргіштер) мен құстарда табылады (паразиттің аралық иесі).
Эпизоотия – қояндар кең тараған індет өте жиі зақымданады.
Слайд 64Иммунитеті
Ауру кезінде жасушалық және гуморалдық иммунитет дамиды.
Жоғарғы сезімталдықтың
баяу типі (ГЗТ) пайда болады.
Токсоплазмоздың туа біткен түрінде анасы
және нәрестенің қанында жоғарғы деңгейде спецификалық антиденелер табылады.
Слайд 65Микробиологиялық диагностикасы
Зерттелетін зат:
Қан
Жұлын сұйығы
Лимфа түйіндерінің пунктаты
Зақымдалған ағзалардың биоптаты
Әдістері:
Микроскопиялық –
(Романовский-Гимзе әдісімен бояу, ИФР)
Серологиялық – (КБР, ПГАР, ИФР, ИФА, латекс-агглютинация)
Биологиялық – (тышқандарға, қояндарға, атжалмандарға құрсақ ішіне, миға жұқтыру)
Терілік сынама – (токсоплазминмен)
Слайд 66Емдеуі.
Токсоплазмоздың жедел немесе созылмалы және де туа біткен немесе
жүре пайда болған түрлеріне қарай кешенді түрде стандартты нұсқа бойынша
кем дегенде 2 препаратты қолдану арқылы атқарылады.
Емдеу үшін қолданылатын препараттар:
тиндурин (хлоридин, пириметамин, дараприм)
сульфаниламидтер (сульфадиазин, сульфанел, сульфалоксин)
бисептол, фолий қышқылы, лекворин, делагин, хиноцид, пирогенал,спленин, антибиотиктер (спирамицин, доксициклин) т.б.
Слайд 67Профилактикасы.
Инвазия көзі болып табылатын мысықтардан адамға, әсіресе балаларға жұғудың алдын-алуға
бағытталған.
Ммысық күтімінің ережелерін орындау.
Қолда бар әдістердің барлығын пайдалана
отырып, табиғатта токсоплазмалар сақтаушыларды –үй тышқандарын және синантропты кеміргіштерді жою.
Ауылшаруашылық жануарлары мен иттер токсоплазмалардың аралық иесі болатындықтан, кешенді зооветеринарлық шаралар жүргізу керек
Слайд 68Безгек қоздырғыштары.
Безгек (ауыспалы қызба, батпақ қызбасы) – безгек плазмодияларының қоздырғышы
трансмиссивтік механизммен беріледі
Қызба циклдік қайталанады
Ретикулды-гистоцитарлық жүйені зақымдайды
Анемия
Аурудың қайталануымен сипатталатын жедел
антропоноздық протозойлық инвазия.
Слайд 69Таксономиясы
Қоздырғыш типі: Apicomplexa
Класы: Sporozoa
Отряды: Ercoccidiida (меншікті кокцидиялар)
Отрядшасы: Haemosporina
Слайд 70Адам безгегін Plasmodium-ның 4 түрі тудырады:
P.vivax - 3 күндік
безгектің қоздырғышы;
P.ovale - 3 күндік безгектің ерекше түрінің
(овале-безгек) қоздырғышы;
P.palciрarum – тропикалық безгектің қоздырғышы;
P.malariae – 4 күндік безгектің қоздырғышы.
Слайд 71P.ovale-ні 1922 ж. Ж. Стивенсон ашқан.
Эритроциттерде шеңберлік сатыдағы P.ovale-нің
ядросы P.vivax-ке қарағанда ірілеу болады.
Эритроцитте ірі дәншелер (Джеймс дәндері) табылады.
Инфицерленген эритроциттердің мөлшері үлкейген, зақымдалған эритроциттердің кейбіреулері овал пішіндес болады.
Паразит 6-12 мерозоиттарға бөлінеді.
Слайд 72P.palciрarum –ды 1897 ж.У. Уэлч ашқан.
Оған эритроцитте майда шеңбер
тәріздес паразиттің жас түрінің болуы тән.
Бір жасушада көбінесе 2-3 –ден
болады.
Зақымдалған эритроциттерде бірлі жарым ірі қызғылт –күлгін түсті дақтар (Мауэр дағы) табылады.
Шеткейлік қанда шеңбер тәріздес трофозоиттардан басқа (трофозоиттардың басқа түрлері капилярдағы эритроциттерден табылады) жарты ай пішінді гамонттар пайда болады.
Слайд 74P.malariae –ны 1880ж. А.Лаверан ашқан.
Эритроцитте шеңберлік сатыдағы бір трофозоит
табылады.
Плазмодиялардың басқа түрлеріне қарағанда жартылай жетілген трофозоит эритроцит ішінде
лента (жолақ) сияқты болады.
Паразит 6-12 мерозоиттерге бөлінеді.
Әдетте олар пигмент айналасында ретімен тор (розетка) тәріздес орналасады.
Слайд 77Эпидемиологиясы
Бұл инвазияны адамдар арасындағы қабылдаушылық өте жоғары.
Тропикалық және
субтропикалық климаты бар елдерде миллиондаған адамдар безгекпен ауырады:
Тропикалық жерлерде
негізгі қоздырғыш - P.palcifarum, оқта –сонда P.ovale;
Қоңыржай климатты өңірлерде көбінесе P.vivax безгек қоздырады, сирек жағдайда P.malariae.
Сондықтан безгек ауруын біздің елге басқа мемлекеттерден әкелуіне жол бермеу мәселелесіне зор көңіл аудару керек.
Безгек ошағы сирек жағдайда Қазақстанның оңтүстік өңірінде кездесуі мүмкін.
Слайд 78Иммунитеті.
Ауру кезінде түр спецификалық. Сатылық спецификалық тұрақсыз стерилсіз иммунитет қалыптасады.
Қайталап ауруға шалдығуы мүмкін.
Пайда болған антиденелер зақымдалған эритроциттер және
мерозоиттардың фагоцитозделуіне әсер етеді.
Ауырып тұрғанан кейін безгекке қарсы G класындағы антиденелердің жоғары деңгейі бірнеше айлар, кейде жылдар бойы сақталады.
Слайд 79Емдеуі.
Плазмодиялардың жынысты және жыныссыз даму сатыларына қарай әр түрлі
әсер етеді.
Сондықтан препараттарды шизонтоцидты, гисто және гемактошизонтотропты деп бөледі.
Негізгі препараттар:
Хлорохин (делагил), гидроксихлорахин.
Хинин, примахин, мефлохин, фансидар, переметамин.
Сульфаниламидтер.
Слайд 80Балантидиаз қоздырғышы
Балантидиаз – Balantidium coli қоздырғыш фекальды-оральды механизммен беріледі.
Тоқ ішектің
зақымдалуымен және шигеллезға ұқсас белгілері бар.
Ұзақ және созылмалы түрде өтуімен
сипатталатын зооноздық антропургиялық инвазия.
Қазіргі спецификалық әдістермен емделмеген жедел түрлері көп жағдайда өлімге әкеледі.
Слайд 82Эпидемиологиясы.
Балантидиаз –ішек зоонозы.
Табиғи ошағы –үй шошқалары және жабайы доңыздар.
1857 ж. П. Мальмстен ашып, 1910 ж. Н.С. Соловьев этиологиялық
ролін дәлелдеді.
Шошқалардың организмдерінде 60-80% жағдайларда балантидиялар табылған.
Слайд 83Сирек жағдайларда балантидия егеуқұйрық, ит, маймыл организмін мекендейді.
Олар қоздырғыштардың қосымша
көздері бола алады.
Мұндай мүмкіндік (өте сирек) ауырған адамда да,
егер онымен тығыз байланысса, болуы мүмкін.
Бұл жағдайда балантидиялардың аурудан сау адамға берілуі (механизмнің іске асуы) жеке бас гигиенасын сақтамағанда және кеселдің ауыр кезінде болуы мүмкін.
Слайд 84Патогенезі және клиникалық белгілері:
Ас қорыту жолдарына түскен цисталар вегетативтік түрге
айналады.
Олар соқыр, сигма тәрізді, тоқ ішектерде өседі.
Олардың өткен
жерінде жара пайда болады.
Тін ішіне кірген балантидиялар қан құйылу және некроз ошақтарын тудырады.
Некрозға ұшыраған жерде ішек қуысымен байланысқан тесік (жара) қалады.
Қосылған екіншілік микрофлоралар перитониттің, аппендицинттің себебі болуы мүмкін.
Слайд 85Диагноз қою.
Эпидемиологиялық анамнездің деректеріне және клиникалық көріністеріне негізделеді.
Эндоскоп арқылы
жаралар табылуы маңызды.
Ректомоноскопиялық зерттегенде алынған нәжістен микроскоп арқылы вегетативтік түрлерін
табу маңызды.
Паразиттің үлкен мөлшерін, қозғалғыштығы мен белгілі түрін анықтаймыз.
Цисталарды өте сирек кездеседі.
Кейде оларды Люголь ертіндісімен боялған перпараттарда табуға болады.
Дақылдық әдістер де (Павлов ортасына жаңа нәжісті себу) қолданылады.
Слайд 86Профилактикасы.
қоздырғышының көзін
берілу жолдарын
факторларын (шошқа, жабайы қабан. Олардың нәжістерімен
ластанған тағам-су) уақытында табу.
Тұрғындарға жеке бас гигиенасын дұрыс ұстауды үйрету
және оны сақтауға ерекше көңіл бөлу керек.