Разделы презентаций


Презентация

Дәрістің жоспары:1.Ұлттық психология ұғымы2. Ұлттық мінездің нышандары3. Ұлттық мүдде және оны сезіну4.Ұлттық өзіндік сана5. Ұлттық психологияны қалыптастыратын факторлар

Слайды и текст этой презентации

Слайд 1Тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық психологиясының ерекшеліктері

Тақырыбы:  Қазақ халқының ұлттық психологиясының ерекшеліктері

Слайд 2Дәрістің жоспары:
1.Ұлттық психология ұғымы
2. Ұлттық мінездің нышандары
3. Ұлттық мүдде және

оны сезіну
4.Ұлттық өзіндік сана
5. Ұлттық психологияны қалыптастыратын факторлар

Дәрістің жоспары:1.Ұлттық психология ұғымы2. Ұлттық мінездің нышандары3. Ұлттық мүдде және оны сезіну4.Ұлттық өзіндік сана5. Ұлттық психологияны қалыптастыратын

Слайд 31. Ұлттық психология ұғымы
Ұлттық психология  философиялық және социологиялық  әдебиетте көп талқыланып, зерттеліп

келе жатқан категориялардың бірі. Біз ұлттық психология ұғымының мәнін түсіну

үшін, оны төмендегідей бірнеше қырынан қарастырып көрейік.
Біріншіден, ұлттық психология  қоғамдық психологияны құрайтын элементтердің бірі, оның құрамдас бөлігі болып табылады. Мұны түсіну қиын емес: қоғам түрлі әлеуметтік топтардан құралады. Ал әр әлеуметтік топтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері болады. Ұлтта қоғамды құрайтын әлеуметтік топтың бірі.
Екіншіден, ұлттың психология ұлтаралық қатынастар идеологиясымен, ұлттың құндылықтарға қатысымен бірге қоғамдық сананың маңызды құрауышы болып табылады. Қоғамдық сана - қоғамның рухани дамуының барлық жақтарын көрсетеді.
Үшіншілен, ұлттық психология - ұлттың негізгі белгілерінің бірі болып табылады.
1. Ұлттық психология ұғымы  Ұлттық психология  философиялық және социологиялық  әдебиетте көп талқыланып, зерттеліп келе жатқан категориялардың бірі. Біз

Слайд 42.Ұлттық мінездің нышандары
Сөздің жалпылама мағынасын алып қарағанда, адамның мінезі дегенді - адамның тәртібі

мен қылықтарына әсер ететін, оның тек өзіне тән, айқын көрініс

беретін психологиялық нышандары деп түсіну керек.
Жеке адамның мінезі ол өмір сүріп отырған әлеуметтік топтың мінезіне ұқсас болады, немесе керісінше, жеке адамның мінездерінен әлеуметтік топтың мінезі көрініс береді.
Қазақтарға тән ұлттық мінездің кейбір нышандары:
Жауынгерлік мінез. Тарихтың әр кезеңінде казіргі Қазақстан жерін мекендеген тайпалар мен халықтардың бәрінің де қызуқанды, қырағы жауынгер болғаны белгілі. Сондықтан олар орасан мол аумақты иемденіп, ғасырлар бойы ұстап тұрды. Қазақ халқының арғы тегі - түркі тектес тайпалардың тарихта Еуразияның ұлан-ғайыр даласын бағындырып, мұхиттан мұхитқа дейінгі аралықта азулы мемлекеттер құрғаны белгілі. Қазақ халқы өзгеге бағынбайтын жауынгерлік мінезін Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде де көрсетті.
Кеңпейілділік (бауырмалдық, мейірбандық) - қазақтарда туған жерінің кеңдігі, оның табиғатының қаталдығы және малшылық кәсіппен айналысу факторларының әсерінен пайда болған мінез.

2.Ұлттық мінездің нышандары Сөздің жалпылама мағынасын алып қарағанда, адамның мінезі дегенді - адамның тәртібі мен қылықтарына әсер ететін, оның тек

Слайд 73.Ұлттық мүдде және оны сезіну
Мүдде деп (лат. interest)

- дара адам, отбасы, ұлт немесе қоғам үшін қажетті маңыздылықты, адамдардың еркі мен әрекет бағыттарының

объективтік және әлеуметтік жағдайларға сай айқындалуын айтамыз. Мысалы, адамдар өздерінің материалдық кажеттіліктерін өтеу үшін белгілі бір әрекет жасауға, еңбек етуге мүдделі. Адамның рухани дүниесіне де қатысты мүдделері көп болады. Өмірлік қызметте адамдар тобына ортақ мүдденің болу құбылысы да жиі ұшырасып отырады. Ортақ мүдде белгілі бір әлеуметтік топқа енетін жеке адамдардың мүддесінен және олардың қоғамдық өмірдегі орны мен атқаратын рөлінің әртүрлілігіне орай қалыптаскан өрекеттері мен істерінің шынайы себептерінен түрады. Ұлттық мүдде  деп белгілі бір ұлт өкілдерінің бәрі үшін ортақ қоғамдық мүдделерін айтамыз.
3.Ұлттық мүдде және оны сезіну     Мүдде деп (лат. interest) - дара адам, отбасы, ұлт немесе қоғам үшін қажетті маңыздылықты, адамдардың

Слайд 8 Адамның әрекеті мен тәртібінің бағыттарын мүдденің өзі емес,

мүддені сезіну айқындайды. Ұлттық мүдде мен ұлттық қажеттілік мемлекеттік мүдде

мен мемлекеттік қажеттілікпен қатар тұрады. Мүдде мен кажеттілікті түсіну адамдардың қоғамдық қызметінің интеграциясындағы қозғаушы күш болып табылады. Мүдде адамды алға жетелейді. Ұлттық мүддені сезіну ұлты үшін жаны күйетін отаншылды жанталастырады, оны отқа да, суға да түсіреді, жеңіске жетелейді. Ұлттық мүдде мен қажеттілікті түсінудің ұлттық психологияның құрамдас құрауышы ретіндегі мәні осында. Ұлттық мүддені түсіну өзіндік сана категориясымен тікелей байланысты.

Адамның әрекеті мен тәртібінің бағыттарын мүдденің өзі емес, мүддені сезіну айқындайды. Ұлттық мүдде мен ұлттық

Слайд 94.Ұлттық өзіндік сана
Ұлттық психологияның құрамдас элементтерінің бірі-ұлттық өзіндік сана. Ұлттық

өзіндік сана дегеніміз - этностық сананың жоғары, күрделіленген, жетілдірілген формасы.

Ұлттық сезім үш элементтен тұрады.
Біріншісі - ұлттық қадір. Бұл ұғым адамның өз ұлтын қадірлеу, сыйлау, өзгелердің алдында оның беделін түсірмеу, ұлт өкілі ретіндегі адамның өзінің үнемі қадірінің болуын ойлап әрекет етуі сияқты сезімдердің жетегінде жүруін көрсетеді.
Ұлттық сезімнің екінші элементі - адамның белгілі бір ұлтқа тәнділікті сезінуі болып табылады. Ол әр адам мен азаматтың өзінің белгілі бір ұлттың өкілі екендігін сезінуін көрсетеді. Ұлтқа тәнділікті сезіну белгілі деңгейде оның әрекетіне әсер етеді
Ұлттың мақтаныш сезімі де әлеуметтік психологияда жиі ұшырасатын құбылыстардық бірі. Адам өзінің мемлекетінің жерімен, оның қазба байлықтарымен, бай мәдениетімен, қызықты тарихымен, ұлы адамдарымен мақтанады.
Ұлттық қадір, ұлттық мақтаныш, ұлтқа тәнділікті сезіну бәрі қосылып келіп, адамның өз ұлтына деген эмоциялық қатынасын білдіретін, оның ойы мен әрекетіне мұрындық болатын психологиялық күйдің жиынтығын құрайды.

4.Ұлттық өзіндік сана Ұлттық психологияның құрамдас элементтерінің бірі-ұлттық өзіндік сана. Ұлттық өзіндік сана дегеніміз - этностық сананың

Слайд 105.Ұлттық психологияны қалыптастыратын факторлар
Ұлттық психологияны қалыптастыратын факторларға мыналар жатады:
-халықтың басынан өткерген тарихы;
-ұзақ

жылдар бойы айналысқан шаруашылық түрі;
-төлтума мәдениеті;
-ақпарат алмасу тілі;
-салттары мен дәстүрлері;
-тұрған жерінің табиғаты және климаттық жағдайлары;
-діні;
-әлеуметтік-демографиялық

жағдайы.
Бұл аталғандардың соңғысынан басқалары ғасырлар бойы көп өзгеріске ұшырай бермейді, ұзақ уақыт сақталады. Соған сәйкес ұлттық психология да халықтың санасына әбден орныққан құбылыс болып табылады, оны өзгерту өте қиын және ұзаққа созылады.

5.Ұлттық психологияны қалыптастыратын факторлар Ұлттық психологияны қалыптастыратын факторларға мыналар жатады:-халықтың басынан өткерген тарихы;-ұзақ жылдар бойы айналысқан шаруашылық түрі;-төлтума мәдениеті;-ақпарат алмасу тілі;-салттары мен

Слайд 11Бақылау сұрақтары:
Ұлттық психология ұғымы
Қазақтың балажандық мінезі
Қазақтың қонақжайлық мінезі
Қазақтың жауынгерлік мінезі
Ұлттық

мүдде түсінігі
Ұлттық өзіндік сана
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер: 5 (20-27), 6 (18-25),

8(37-48), 22(33-41), 25(65-72)
Қосымша әдебиеттер: 2(1-8), 3(12-18), 4(4-12), 7(40-58), 9(18-2 7)

Бақылау сұрақтары:Ұлттық психология ұғымыҚазақтың балажандық мінезіҚазақтың қонақжайлық мінезіҚазақтың жауынгерлік мінезіҰлттық мүдде түсінігіҰлттық өзіндік санаПайдаланылатын әдебиеттер:Негізгі әдебиеттер: 5

Обратная связь

Если не удалось найти и скачать доклад-презентацию, Вы можете заказать его на нашем сайте. Мы постараемся найти нужный Вам материал и отправим по электронной почте. Не стесняйтесь обращаться к нам, если у вас возникли вопросы или пожелания:

Email: Нажмите что бы посмотреть 

Что такое TheSlide.ru?

Это сайт презентации, докладов, проектов в PowerPoint. Здесь удобно  хранить и делиться своими презентациями с другими пользователями.


Для правообладателей

Яндекс.Метрика