Слайд 1 ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырып : Ұрықтың дұрыс
емес қалыпта жатуы.Ұрықтың жамбаспен жатуы. Асқынулары.
Орындаған: Врач-интерн Жетимова Р
Тексерген :Доцент
Факультет:ВОП
Курс;7
Алматы 2016
Слайд 2Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1) Ұрықтың дұрыс емес қалыпта жатуы
2)Ұрықтың жамбаспен жатуы
(босану механизмі)
3) Асқынулары
III.Қорытынды бөлім
Слайд 3 Нәрестенің орналасуы дұрыс деп нәресте осі жатыр
осімен сәйкес келгенде айтады.
Егер нәресте осі жатыр
осімен қандай да бір бұрыш жасап қиылысса,нәрестенің дұрыс емес орналасуы туады,ол кезде босанудың ағымы ана мен нәрестеге қауіпті болады.
Нәрестенің дұрыс емес орналасуына көлденең және қиғаш орналасу жатады.
Нәрестенің қиғаш орналасуы деп-тұлғаның ұзынша осі жатырдың ұзынша осімен үшкір бұрышты құрап орналасуын айтады.
Нәрестенің көлденең орналасуы деп -тұлғаның ұзынша осі жатырдың ұзынша осіне перпендикулярлы орналасуды айтады.
Слайд 4Тәжірибеде көлденең орналасуы кезінде нәрестенің ірі бөлігі жүкті әйелдің денесінің
орта сызығынан шетке қарай ығысқан және мықын сүйегінің қырынан жоғары
орналасады.
Нәрестенің позициясы бұл орналасуларда оның басының орналасуына байланысты.Егер де нәресте басы сол жақта орналасса-бірінші позиция,оң жақта орналасса-екінші позиция болады.
Нәрестенің түрі оның арқасының қараған жағына байланысты анықталады. Нәресте арқа-сы алға қараса-алдыңғы түрі,артқа қараса-артқы түрі деп саналады.
Слайд 5Көлденең және қиғаш орнласудың себептері
Көбінесе көп босанған әйелдерде кездеседі.
Әйелдің
іш перде бұлшық еттерінің әлсіздігінде
Қағанақ суының көптігі
Көпұрықты жүктілік
Плацентаның алда жатуы
немесе төмен орналасуы
екі мүйізді жатыр,тар жамбас
Ірі нәрестеде
Аз сулы жүктілікте
Жатыр миомасында
Слайд 6 Барлық босанулардың ішінде 0,5-0,7%кездеседі.
Диагнозы:Жукті әйелді қарағанда ,жатырдың
деңгейі төмен ,пішіні көлденең –домалақ.
Сыртқы акушерлік зерттеуде жамбастың кіре беріс
жазықтығында(ж.к.ж) нәрестенің ешқандай бөлігі анықталмайды.Ұрықтың ірі бөліктері жатыр қабырғасының оң және сол жағында орналасады.
Нәрестенің журек соғуы кіндік тұсында жақсы естіледі.
Қынаптық зерттеуде:ұрықтың ешқандай бөлігі анықталмайды.
Слайд 7Жүктілік пен босануды жүргізу.
Жүктіліктің 35-36аптасында нәресте қалпы тұрақты болғандықтан,көлденең орналасуы
диагнозы анықталса жүктілікті әрі қарай жүргізуіне шешім қабылдау және әйелді
ескерту керек.Жүкті әйелді перзентханаға жүктіліктің 35-36 аптасында жатқызу керек.Перзентханада әйелді тексеріп,босануға психо-профилакти-калық дайындықтан өткізеді.Толғақ басталған және қағанақ суы кеткен кезде кезекші дәрігерге айту керектігі жайлы жүкті әйелді ескерту керек.
Босануды жүргізген кезде келесі жағдайларды ескерту керек:
1) нәрестенің көлденең орналасуы кезінде жетілген нәрестемен табиғи босану жолдары-нан босану мүмкін емес.
2) босандырудың қынаптық әдістерінің(нәрестені бұрғаннан кейін аяғынан қолмен тартып алып шығару) техникасы өте қиын,әйелге қауіпті және өлі туумен асқынады.Сондықтан ең тиімді босандыру әдісі Кесар тілігі болып
Егер де босанатын әйел нәрестенің асқынған көлденең орналасуы мен өлі нәрестемен пер-зентханаға келіп түссе,эмбриотомия операциясы Кесар тілігі опера-циясы жасалса бұл жалпы ана мен нәрестеге де қауіпті емес.
Слайд 8Нәрестенің жамбаспен жатуы
Нәресте жамбаспен жатқан кезде босану барысы көбінесе асфикциямен
,жарақаттануымен,шетінеуімен асқынады.Кейде босану қалыпты жағдайда өтуі мүмкін.
Бөксемен (бугілген)
Аяқпен (жазылған)
Жіктелуі
Слайд 9Г)Жартылай турі жамбас қуысында нәрестенің тек бір аяғы жамбас сан
тізе буындарында бүгіліп ,екінші аяғы тұла бойында созылып жатады.
В)Толық түрі
жамбас қуысында нәрестенің екі аяғы да жамбас сан тізе буындарында сәл жазылып жатады.
Б)Жартылай турі жамбас қуысының кіреберіс жазықтығында нәрестенің тек бөксесі орналасады,екі аяғы тұла бойында созылып жатады.
А)Толық түрінде жамбастың кіреберіс жазықтығында нәрестенің бөксесі аяқтарымен бірге орнығады .
Нәрестенің аяқпен жатуы екі турі бар
Нәрестенің жамбаспен жатуы екі түрі бар
Слайд 10 Нәрестенің жамбаспен орнығуының себептері:
Органикалық
себептері:жамбас өлшемдерінің тарылуы және оның ауытқуы,жатырдың ақаулары ,қағанақ суының көптігі
,ұрық қимылының артуы,егіз жүктілік.
Функционалдық себептер:ретсіз толғақ.
Диагнозы:Сыртқы акушерлік зерттеуде Леопольд тәсілдерін қолданады
ж.к.ж на жақын,нәрестенің көлемді,жұмсақ ,шамалы қозғалмалы бөлігі анынқталады.Нәрестенің журек соғуы кіндік деңгейінде немесе одан сәл жоғарыда естіледі.
Қынаптық зертеу кезінде :жамбас куысында сегізкөз ,құйымшақ сүйектерін анықтауға болады.Егер бөксе аяқпен аралас жатса оның қасында жатқан өкшеніде анықтайды.
УДЗ зертеуде ұрықтың жамбаспен жатуымен катар ,оның салмағын ,плацентаның орнын ,қағанақ суының көлемін анықтаймыз.
Слайд 11Жамбаспен жатқан нәрестенің босану кезеңдері.
Бала жамбаспен жатқан кезде жүкті
әйелді босану үйіне босанар алдында 2 жұма бұрын жатқызады.
Босанудың 1-ші
кезеңінде қағанақ суының ерте кетуі, толғақтың әлсізденуі және нәресте кіндігінің қынапқа түсуі байқалады.
Жатырдың төменгі бөлігі нәресте жамбасын толық қысып ұстай алмаған жағдайда қағанақ суы алдыға ұмтылып, қысым артып, қағанақтың тез жарылуына әсер етеді. Қағанақ суының ерте кетуі (жатыр мойыны түгел ашылмай тұрып) нәресте кіндігінің, кейбір майда мүшелерінің қынапқа түсіп, босанудың асқынуына әкеледі. Сондықтан қағанақ суын бірінші кезеңде сақтаудың маңызы зор. Ол үшін жүкті әйелді нәрестенің арқасы жатқан жаққа қырынан жатқызып, дәрет кезінде төсектен тұрғызбай дәрет «ыдысына» отырғызады. Осы кезеңде нәресте жүрегінің соғуына және толғақ сипатына көңіл бөлу керек. Жатырдағы нәрестенің гипоксиясының алдын ала үшін оттегін, 40 % - 20,0 мл глюкозаны + 1,0 мл сигетинді уш сағат сайын , қолданады.
Босанудың 2-ші кезеңін әрбір толғақтан кейін (1-2 минуттан соң) нәрестенің жүрек соғысын және толғақтың қарқынын қадағалайды. Бұл кезеңің басында толғақтың әлсізденуін алдын ала ескерту үшін, окситоцин сұйықтығын венаға тамшылатып құяды (8-40 тамшыға дейін, тамшыны қатты қадағалайды). Нәресте құйрығы жыныс ернеуінен шыққан кезде жатыр мойнының өзегі тарылмау үшін, 2,0 мл 2 % но-шпа немесе 4 мл 2 % папаверин,1 мл атропин сұйықтығын бұлшық етке жібереді.
Слайд 12Жамбаспен жатуда босанудың төрт кезеңін ажыратады:
1) ұрықтың кіндікке дейін туылуы;
2)
ұрықтың кіндіктен жауырындардың ұштарына дейін туылуы;
3) қолдардың туылуы;
4) бастың туылуы;
Слайд 13Босану жолдарынан нәресте құйрығы көріне бастағанда әйел жамбасын кереуеттің қырына
келтіріп орналастырады.
Нәресте құйрығының екі бөлігі де жыныс ернеуін жарып өткеннен
кейін, дәрігердің өзі Цовьянов әдісі арқылы әйелді босандырып алады.
Бұл әдісті нәресте таза құйрықпен жатқанда қолданады. Ол мүшелердің қалыпты жағдайда сақталуына негізделген. Нәресте мүшелерін қалыпты жағдайда сақтау үшін, босану сатысында оның аяқтарын дене тұлғасына жақындатып басып ұстау керек. Ол үшін нәресте құйрығымен түгел шыққаннан кейін, қолдың екі бас бармағын сан жағына, ал қалған төрт саусақты сегізкөздің үстіне қояды. Бұл нәрестенің физиологиялық туу заңдылығына жәрдемдеседі. Нәресте кеудесі туғанға дейін, бас бармақты жыныс ернеулеріне қарай жақындатып, аяғын ұстап оны түсірмеу керек
Слайд 14Ана жақсы күшенсе, нәресте кіндік түбіне және иық белдеуіне дейін
тез туады. Содан кейін оның құйрығын акушер өзіне қарай бағыттауы
керек, мұндайда адлыңғы қолы өзі шығады, ал артқы қолы шығу үшін нәрестенің тұлғасын жоғары көтереді. Осы жағдайда артқы қолының шығуымен бірге, аяқтары да шығады, содан кейін нәрестенің иегі, бет бөлігі туады. Егер де толғақ қатты болса, нәресте басы өзі шығады, ал ол үшін оның тұлғасын төмен, содан кейін жоғары бағыттау керек
Слайд 15Егер де баланың басы өз бетінше шықпаса, Морис-Левре әдісін қолданады.
Бір қолға нәрестені толық денесімен мінгізе отырып, қолдың екінші бармағын
иекке орналастырып, басты төмен қарай иеді. Ал екінші қолды тұтас нәрестенің мойын, жауырын жағына орналастырып, сәби мойнын шамалы басыңқырай отырып, оның тұлғасын төмен қарай біртендеп түсіреді. Шүйде ойығы қасағаға тірелген кезде, сәби тұлғасын түгел жоғары қарай көтереді, осы кезде жыныс ернеулерінен алдымен нәрестенің аузы, беті, басы туады. Сыртынан көмекші дәрігер нәрестенің басы шалқаймау үшін шамалы басыңқырап, оның тез жыныс ернеулерінен шығуына жағдай жасайды.
Слайд 16Нәресте жамбас қуысында аяқпен жатқан кезде, босану жиі асқынады.
Бұның негізгі
себебі - жамбас қуысындағы нәресте аяқтары босану жолдарын баспен, иық
тұлғасымен кедергісіз өтетіндей кеңейте алмайды, соның салдарынан оның қолдары жоғары көтеріліп бүгіліп, басы шалқайып, жатыр мойны қысып қалуы мүмкін. Осылай босану жолдары асқынбас үшін, жатыр мойны түгел ашылғанға дейін нәресте аяқтары қынап көлемінде жатуы керек. Ол үшін Цовьянов әдісін қолданады: қынапты тексеру арқылы нәрестенің аяқтарын анықтап, жатыр мойыны толық ашылғанша жыныс мүшелерін түгел таза салфетка арқылы алақанымен жауып тұрады.
Слайд 17Жатыр мойыны толық ашылған кезде, алақан астынан нәресте аяқтары тепкіленіп
өздері шыға бастайды. Ары қарай жамбаспен туған заңдылықтарға сәйкес сәби
туады. Қынаптан шыққан екі немесе бір аяқты екі қолмен бірдей ұстап, үлкен бармақты балтырдың артқы жағына, ал қалған төрт саусақты балтырдың алдыңғы жағына қойып, төмен қарай тартады. Аяқтар төмен түскен сайын, қолды жыныс ернеулеріне қарай жылжытады.
Алдымен алдыңғы жақтағы құйрық жыныс ернеуінен шығады, содан кейін артқысы туады. Осыдан кейін, ұлкен бармақты сегізкөзге қойып, қалған саусақтарды сәби ішінің төменгі жағына орналастырады, сөйтіп жайлап төмен қарай тартады - нәресте арқасымен алға қарап, кіндік, иық белдеуіне дейін туады, одан соң қолдары шығады.
Алдыңғы қолын босату үшін, оны артқа ауыстыру керек. Ол үшін сәбиді көкірек тұсынан ұстап (төрт саусақты көкіректің алдына, бас бармақты артына орналастырады), оны 180° бұрады, дене тұлғасын бұрғанда сәбидің арқасы мен желкесі тек шатқа қарап өту керек. Сонымен бұл қолды да артқы қолды босатқандай тудырып алады,сосын басы туылады. Ал нәресте басын Морис-Левре әдісімен тудырады.