Слайд 1ҚР Денсаулық Сақтау Министрлігі
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Балалар жасындағы
стоматология, стоматологиялық аурулардың алдын-алу, ортодонтия кафедрасы
С Ө Ж
Тақырыбы: “Тіс доғасының
аномалиялары, клиникасы патогенезі, этиологиясы.’’
Орындаған: Дуйсенов А Б
Факультет: Стоматология
Курс: 5
Топ: 12-003-01
Тексерген: Оспан Омар Б.
Слайд 2Кіріспе бөлім:
Бет – жақ жүйесінде кездесетін жалпы ақаулар;
Негізгі бөлім:
Тіс -
жақ жүйесінде кездесетін ауытқулар, этиологиясы, емі;
Тіс – жақ жүйесінде кездесетін
ауытқулардың орналасуы;
Қорытынды бөлім.
Жоспары:
Слайд 3Бет - жақ жүйесінде кездесетін жалпы ақаулар
Жақтың
дұрыс
дамымауы,
жақтың
қозғалысының
шектелуі
Тістемнің дұрыс
қалыптаспауы,
тістердің
уақытылы
шықпауы,
мезгілінен
бұрын тістердің
түсуі
Бет – жақ
жүйесіндегі
тұқым
қуалайтын
аурулар
Слайд 4
Жаңа туған нәрестелердің жақтарының дұрыс өсіп, қалыптасуы ана
сүтімен табиғи қоректенуіне, сонымен қатар емізікшенің дұрыс таңдалуына байланысты дамиды.
Өйткені нәрестелердің төменгі жағы жоғарғы жағына қарағанда көлемі бойынша кіші болады. Ал бала сору арқылы жақтың толық қозғалуына мүмкіндік жасайды. Бұл кезде баланың шайнау және тіл бұлшық еттері жақсы дамиды. Ал қосымша тағамдарды көп қолдану салдарынан жақтың өспеуі, қозғалысының шектелуі сияқты ақаулары дамиды.
Слайд 5
Баланың зиянды әдеттеріне байланысты тістемнің дұрыс қалыптаспауы мүмкін.
Мысалы: саусақ, ерін, ұртын сору, тырнағын, ернін тістеу, жағына таянып
отыру немесе ұйықтау.
Тістердің уақытылы шықпауының себебі жүктілік кезіндегі анасының жұқпалы аурулармен ауруы, құнарлы тамақтанбауы, зиянды әдеттерге үйір болуы, мысалы: шылым шегу, арақ ішу, наркотик қабылдау т.б.
Слайд 6
Бет – жақ жүйесіндегі тұқым қуалайтын ақаулардың бірі
– “қоян жырық”- яғни еріннің бір жақты немесе екі жақты
жырығы; “қатты таңдай жырығы”. Бұндай ауытқулары бар нәрестелердің сору қызметі шектеледі және ішкен тамағының тыныс жолдары арқылы шығуы кездеседі
Слайд 7Тіс - жақ жүйесінде кездесетін ауытқулар
Тіс
ақауларын былайша жіктеуге болады:
- жеке тістер ақаулары (олардың биіктігі, пішіні,
саны, орналасуы);
- тіс қатарының ақаулары;
- тістем ақаулары.
Слайд 8
Жеке тістер ақаулары.
Гигант тістер
Тістердің биіктігінің ақауларының
бірі – гигант тістері. Гигант тістері – бұл тістердің сауыттары
шамадан тыс үлкен. Гигант тістері тұрақты тістерде көп, ал уақытша тістерде аз кездеседі. Көбінесе гигант тістері жоғарғы немесе төменгі жақтың күрек тістері жатады, ал сирек жағдайда басқа да тістерде кездесуы мүмкін.
Слайд 9Этиологиясы. Гигант тістері эндокринді жүйелердің бұзылысымен, сонымен қатар, даму үрдісі
кезінде өзгерістердің болуымен сипатталады. Кейде гигант тістері тіс қатарынан тыс
орналасады.
Гигант тістерінің кемшілігі – олардың ерекше түрі , эстетикалық талапқа сәйкессіздігі, айналадағы адамдардың назарын аударады.
Емі. Гигант тістерін немесе жанындағы көршілес тістерді жұлу. Егерде тістерді жұлып, қалған тістердің орналасуын түзетсек, тіс аралықтары ашық қалады. Ашық қалған орындарды протездейді.
Слайд 10Майда тістер
Майда тістердің – сауыт өлшемдері кіші және пішіні қалыпты.
Майда тістер тұрақты тістерде кездеседі. Көбінесе жоғарғы бүйір күрек тістер
майда болады.
Этиологиясы. Анықталмаған, десе де мұндай тістер көп жағдайда тұқым қуалайды, яғни балаға әкесінің үлкен жағы, ал анасының майда тістері берілуі себебінен дамуы мүмкін. Майда тістердің аралықтары ашық келеді, соның әсерінен беттің келбетін бұзады.
Емі. Майда тістердің бетін пластмассадан сауыт жасап жабамыз, кейбір жағдайда тістерді жұлып, протездейміз.
Слайд 11Тістердің орналасуының ақаулары.
Вестибулярлы ауытқу – тістердің тіс қатарынан сыртқа қарай
ығысуы. Төменгі және жоғарғы жақтың бір немесе бірнеше тістері вестибулярлы
орналасуы мүмкін. Көп жағдайда күрек тістер ығысады.
Себебі: тістердің үстінен басып өскен қосымша тістер (ұры тістер), сүт тістердің алмасуының кешігуі, тіс қатарында орындардың жетіспеуі, зиянды әдеттер, тыныс алудың бұзылысы. Альвеолярлы өсіндінің дамымауы.
Емі. Тістердің жоғары немесе төмен орналасуы. Тістерді итеретін аппараттарды қолдану.
Слайд 12Диастема
Диастема - дегеніміз төменгі жаққа қарағанда жоғарғы жақта жиі кездесетін
күрек тістердің ортасында саңылаулардың пайда болуы.
Себебі: жоғарғы еріннің төмен, қатты
бекітілуі, орталық күрек тістердің аралығындағы сүйек пердесінің жалпақтығы, адентия, тістердің биіктігі және пішінінің ауытқулары, фронтальды тістердің дұрыс орналаспауы, фронтальды тістерді ерте жоғалту.
Емі. Ортодонтиялық, комплексті, хирургиялық.
Слайд 13 Тістердің мезио-дистальды ығысуы
Тістердің мезио-дистальды ығысуы. Тістердің тіс доғасының қалыпты
орнынан алға қарай немесе артқа қарай орналасуы. Фронтальды тістер тәрізді
бүйір тістердің ығысуы болады.
Себебі: Уақытша және тұрақты тістерді ерте жоғалту, зиянды әдеттер, адентия.
Емі. Тістерді қалыпты бағытта орналастыру. Бұл алмалы-салмалы немесе алынбайтын ортодонтиялық аппараттардың көмегімен жүргізіледі.
Слайд 14Тіс пішіндерінің ауытқулары
Тікенек тәрізді тістер – тістердің сауыттары тікенек пішінді.
Бұл тістер орталық және бүйір күрек тістерде жиі кездеседі.
Ұсқынсыз тістер
– жоғарғы жақтың фронтальды бөлігінде орналасқан әртүрлі пішінсіз тістер.
Тіс сандарының ауытқулары
Адентия – тістердің болмауы, тұқым қуалайды.
- Бірінің үстіне бірі шыққан тістер (ұры тістер) - фронтальды тістер аймағында орналасатын тістер, пішіні тікенек тәрізді немесе көршілес тістердің пішініне ұқсаас келеді.
Слайд 15Справочник по стоматологии под ред. проф. А. И. Рыбакова М:
“Медицина”- 1986г.
Руководство по ортопедической стоматологии под ред. проф. А. И.
Евдокимова М: “Медицина” – 1974г.
Стоматология Н. Н. Бажанов М: “Медицина” – 1990г.
Н. Г. Аболмасов, “Ортодонтия” , Москва <<МЕДпрессинформ>> 2008г.
www.google.ru
Қолданылған әдебиеттер: